Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі »
Орындаған:Турсумбекова З.
Топ: БТ-201
Тексерген: Төлеубекова С. С.
Семей-2015ж
Мазмұны
Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. 1. Сапаны басқарудың жапондық әдісі
1. 2. Жапонияның сапаны басқарудағы «7 инструменті»
1. 3. «Бес нөлдік» жоспары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды[1] .
1. Негізгі бөлім
- Сапаны басқарудың жапондық әдісі
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
- тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
-өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
- жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
- өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу[2] .
Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды.
Сапаны басқарудың жапондық әдісінің негізгі принциптері келесі:
1. тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау;
2. тұтынушылардың қандай зат сатып алатындығын анықтау;
3. жоғары сапаға жету жолындағы шығындарды анықтау;
4. мүмкінболатын кемшіліктерді анықтап, олардың алдын алу;
5. түзету шараларын алдын-ала ойластыру;
6. тексеру қажеттілігін болдырмау.
1967 жылғы сапаны басқаруға арналған 7-нші Симпозиумде сапаны басқарудың жапон моделінің 6 ерекшелігі аталды:
1. сапаны басқаруға барлық билік тармақтарының қатысуы;
2. мамандарды дайындау мен сапа әдістерін үйрету;
3. сапа үйірмелерінің қызметі;
4. басқару қызметін инспектірлеу;
5. статистикалық әдістерді қолдану;
6. сапаны басқарудың жалпыұлттық бағдарламалары.
Жапон мамандарының көзқарастарына сәйкес сапа басқарудың әдісін практикада қолдануға келесі мәселелер кедергі туғызуда:
жоғарғы биліктегі басшылардың пассивтілігі мен олардың жауапкершіліктен қашуы белгілі қадамдардың жаңа инновацияларға қарағанда тиімді деген теріс көзқарастары басқалардың жаңа көзқарасын есепке алмау көпшіліктің байырғы феодалды көзқарастан арылмауы[3] .
- Жапонияның сапаны басқарудағы «7 инструменті»
Жапония сапаны басқаруда жеке инструменттерді ойлап тауып қолдана бастады. Қазіргі кезде олардың «7 инструменті» танымал:
1. Сапаны қамтамасыз ету процесіне фирманың әрбір қызметкерін енгізу;
2. Сапаны бағалауда статистикалық әдісті қолдану;
3. Мотивация жүйесін құру;
4. Мамандардың жетілдірілуін мадақтау;
5. Төменгі иерархиялық басқару сатысында сапа үйірмелерін ұйымдастыру;
6. Белгілі проблеманы шешуге қызығушылық танытқан мамандардан құралған (уақытша коллектив) құру;
7. Сапаны қамтамасыз ету мәселесін жалпыұлттық мақсатқа айналдыру[1] .
Жапондық сапа басқару жүйесінде 4 деңгейлік сапа иерархиясы алғаш рет орын алды. Онда TQM концепциясының келешектегі негізгі принціпі шешімін тапты - тұтынушылардың ағымдағы және потенциалды сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған ориентация. Ол жүйе келесі түрде көрініс тапты:
- Әлі белгіленбеген қажеттіліктерге толыққанды сәйкестілік
- Нарық сұраныстарына сәйкестілік
- Эксплуатацияның қажетін өтейтін
- Стандарттың қажетіне сай келетін
Сапаны басқаруда жапондық үлгілердің түрі:
- сапа үйірмесі
- «бес нөлдік» жоспары
- JIT (Just-in-time) жүйесі
- Канбан жүйесі
Атақты Демингтің коллегасы профессор Коару Исикава сапа үйірмесін (QC) құру идеясын ұсынды. Мұндай үйірменің алғашқы мақсаты жапон компаниясының қызметкерлерін статистикалық бақылау үлгісінде оқыту. Бұл оқыту 60-шы жылдары жүргізілді.
Жапонияда қазіргі сапа үйірмесі - әртүрлі бағыттағы, әртүрлі деңгейдегі организациялардың сапаны жоғарлату мақсатында, бос уақытында ізденуге негізделген. Ондай үйірмелердің өздерінің ұраны болады («сапа туралы әр минут сайын ойлан», «сапа фирманың тағдырын шешеді») және мынадай принциптерге негізделген:
- ерікті қатысу
- жиналыстардың жиілігі
- мәселені тыңғылықты шешу
- талқылау кезінде сапа мәселесін бағалауды мәлімдеу.
Сапа үйірмесі Жапонияда кең тараған. Ең алғашқы үйірме 1962 ж болды. 1965 жылдың басында 3700 үйірме болды, ал қазіргі кезде 3.
Үйірме сапасы ұйым қызметкерлерін марапаттау мен оқытуға байланысты. Қарапайым статистикалық «құралды» пайдалана отырып, адамдар топпен жұмыс істейді және негізгі мақсаттары бағасы, қауіпсіздігі, өлшемділігі туралы мәселелерді талқылайды, шешеді, сараптайды. Сонымен қатар жұмысы өнімнің және компанияның қызметін жетілдіру болады[2] .
- «Бес нөлдік» жоспары
«Бес нөлдік» жоспарды адамның ресурстарын пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес. Мұны «Тойота» фирмасының вице-президенті Таичи Охно өндірісте «Just-in-time» (JIT) - «бәрін дер кезінде» концепциясын құрған кезде «бес нөлді» пайдаланып, өндіруші тапсырыс алған уақытынан дайын өнімді тұтынушыға жеткізген уақыт аралығын қысқартады.
Өнімнің пайдасы өндірістің берілген нормадағы жоғарғы көрсеткішін айқындайды. JIT жүйесі тек қана қажетті тауарды белгілі бір мөлшерде, белгілі бір уақытта және белгілі бір жерге апарады. JIT жүйесінде керекті бір бөлшек бір сағат бұрын керек болса, онда сол бөлшек дәл сол уақытында жасалынады. Бүкіл қолданылмайтын қорда тұрған заттар өндірістен шықпайды да, өнімді тоқтатып қояды. Сондықтан да «Тойотаның» принципі жинақталған ақшаның босқа кетуі болып есептеледі. JIT-дің мағынасы - ол белгілі бір мөлшерде және сапалығымен керекті уақытта жеткізу.
Жапон өндірісінде «бес нөлдік» жоспары үлкен маңызға ие, оның негізі мынада, әр жұмысшы мынаны істемеу керек:
- алдыңғы операциядан алынған ақаулы өнімді қабылдау
- ақау шығатын жағдай жасау
- ақауы бар өнімді келесі операияға жіберу
- технологияға өзгеріс енгізу
- қателерді қайталау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz