Аңшылық иттердің шығу тегі және жіктелуі



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Тазылар
2.2 Төбеттер
3.Әдебиеттер тізімі
Аңшы иттер — терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады.Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек.Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады
Құмай тазылардың тұқымы, түріҚұмай тазылардың тұқымы, түрі Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға болады. Шамамен 2000-2500 жылдар бұрын болса керек. Кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан да ертерек замандарда да болған ба деп болжам жасауға да болады. Дегенмен тақыр тазылар осыдан бес-алты мың жыл бұрын перғауындар заманында өмір сүрген. Әйгілі Тутанхамон қабірінің ішінде ажал құдайы Анубис - қара түсті тазы бейнесінде бейнеленген."Қазақ тазысының түп атасы арабтың салюкиі, ол қазақ даласына ислам дінін таратқан араб жауынгерлерімен бірге келді",— деген нұсқаны ұсынады. Шынымен, салюки Орталық Азия мен Кавказға, Таяу Шығыс пен Иран арқылы таралған. Қазіргі салюки тұқымдары қазақ тазысына өте жақын тек, тұрқы сәл ұзын, бойы сәл сұңғақ, бірақ пошымы мен сымбаты өте жақын келуі олардың туыстығын қуаттайтындай. Төрт мың жылдай тарихы бар ол иттердің атауы құм астында қалған Арабтың Салюк қаласының атымен байланысты туған атау. Дегенмен ол тұста шумерлерге, ассириялықтарға да таралып үлгергенге ұқсайды.
1.Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков.
2.Гусев В.Г., Популярный охотминимум, М., 1977.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Аңшылық иттердің шығу тегі және жіктелуі

Орындаған: Қанапьянова А.Ж
Тексерген: Туманбаев В.М

Семей 2015

ЖОСПАР

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Тазылар
2.2 Төбеттер
3.Әдебиеттер тізімі

Аңшы иттер -- терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады. Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек. Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады
Құмай тазылардың тұқымы, түріҚұмай тазылардың тұқымы, түрі Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға болады. Шамамен 2000-2500 жылдар бұрын болса керек. Кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан да ертерек замандарда да болған ба деп болжам жасауға да болады. Дегенмен тақыр тазылар осыдан бес-алты мың жыл бұрын перғауындар заманында өмір сүрген. Әйгілі Тутанхамон қабірінің ішінде ажал құдайы Анубис - қара түсті тазы бейнесінде бейнеленген. "Қазақ тазысының түп атасы арабтың салюкиі, ол қазақ даласына ислам дінін таратқан араб жауынгерлерімен бірге келді", -- деген нұсқаны ұсынады. Шынымен, салюки Орталық Азия мен Кавказға, Таяу Шығыс пен Иран арқылы таралған. Қазіргі салюки тұқымдары қазақ тазысына өте жақын тек, тұрқы сәл ұзын, бойы сәл сұңғақ, бірақ пошымы мен сымбаты өте жақын келуі олардың туыстығын қуаттайтындай. Төрт мың жылдай тарихы бар ол иттердің атауы құм астында қалған Арабтың Салюк қаласының атымен байланысты туған атау. Дегенмен ол тұста шумерлерге, ассириялықтарға да таралып үлгергенге ұқсайды.

Аң қағатын итін қазақтар "тазы" атауының мәні парсының "таза, алғыр, жүйрік" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Бәлкім тазы - таза - таза қанды деген мағынадағы сөзінен туған, ықшамдалу заңдылығына байланысты тазыға ауысуы мүмкін деп жорамалдайтындар да бар. Қазақ тазысы мен ауған тазысы Орталық Азияға парсы тазысымен бір дәуірде келіп, оны сақтар мен ауғандар жергілікті табиғи жағдайдың ерекшеліктеріне сай жетілдіріп, қолдан сұрыптап өткізгенге ұқсайды. Дегенмен соңғы кездегі зерттеулер Орта Азияда таралған тазыларды арабтың слюгги (слугги) аңшы иттерімен будандасудан пайда болған жергілікті тұқым деп есептейді. Тазының отаны Қазақстан және Түркменстан (әредік Өзбекстан жерінде де өсіріледі) деп есептеледі. Түркмен тазысы қазақ тазысына қарағанда бітімі үсақтау келеді. Тазы итті Орта Азияның көз жетпес кең даласының тұрғындары арабы иттерді жергілікті тұқыммен будандастыра отырып, сұрыптау нәтижесінде шыққан ат үстінде аң аулайтын бекзадалар мен дегдарлардың ермегіне және малшы-бақташылардың күн көрісі үшін қызмет еткен тұқым деп есептейді. Қалай дегенмен VII-VIII ғасырларда қазақ жеріне дін тарата келген арабтармен келген тазы тұқымынан аңшы иттер тарихы басталады. Сонымен бірге жергілікті жерде қалыптасқан тұқым деген тазының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Кезінде орыс отаршылдары көптеп келе бастаған замандағы зерттеу нәтижелеріне қарасақ (Я.Полферов пікірінше) қазақ жерінде Орта Азия тазысының өзіндік бір тармағы көбірек таралған. Оның бойында таулық және қырымдық тазыларға жақындығы басым болған. Қолдану жағдайына байланысты тазыларды далалық және таулық деп бөлген: далалығы бойы сұңғақ, жазықта алғыр болса, таулық тазы бітімі кішкене, қия жартастарда жақсы жүгірген. Қазақ тазысына өте жақын туыс болып есептелетін ауған тазысының да тақыр жүндісі жазық аумақта, ал үлпілдек жүндісі суықтау солтүстік аймақта таралған. Ал қазақ тазысы орыстың аңшы тазысының пайда болуына септігін тигізген. Алайда, қазақ жеріне тазы тұқымы онан да бұрын, дәлірек айтқанда сақ заманында келген. Оның дәлелі тазы пошымды иттердің жартасқа салынған бейнелері, атаудың өзінің көнепарсы тіл інен ту ын д ау ы тегін емес, оның таралуы перғау ын иті - салюки - парсы тазысы ауған тазысы және қазақ (сақ) тазысы деген болжамды ұсынады. Қазақтар тазыны жарғақ құлақ тазы және шашақ құлақ тазы деп екіге бөледі. Оның бірін салюкиден, екіншісін слюггиден таралған тұқым дейтіндіктен біріыің құлағының жарғағы үлкен, екіншісінің құлағында көп жүн өскен. Шынымен-ақ жарғақ құлақ тазының құлағында ешқандай жүн болмайды, ал шашақ құлақ тазының құлағының жүні үзын, шашақ тәрізді болады. Ал бұған қоса "дүрек" (дүрегей тазы) деп аталатын тазы мен қазақы иттердің будандасуынан шыққан терісі қалың, суыққа шыдамды, денесі кесек, қасқырды алатын батыл тұқымы да кездеседі. (Дүрек немесе дүрегей тазы қасқырдың аяқ тарамысын қиып жібереді.) Тазы - орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл, әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік, әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады. Қоян, түлкі сияқты үсақ аңдарды олар құтқармайды. Айлаға икемділігі сондай, тазылар аяғын сындыру, қайыру, мойнын шығару деген кінаратқа ұрынбайды. Тазыларды тұқымына қарай қазақтар кумай, кумай тазы, таза қандылығы мен түгіне қарай; құны, құны тазы, будандасқан болса; дурегей, дурегей тазы, қайын, қайын қаптал деп бөледі. Мұның соңғылары қасқыр алатын күшті иттер. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, "ұтылап" аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сүйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді.
Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар.Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар. Мысалы, самарқанның тазысы - аласа бойлы, бірақ мүше-мүшесі әсем де сүйкімді болған. Жем бойы мен Aтыpay бойындағы қазақтардың тазылары - табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзындығымен ерекшеленеді. Ең соңында, Оңтүстік Сібір тазыларына келер болсақ, олар табанының сүйірленіп бітісімен, сондай-ақ өздерінің өте күштілігімен дараланады. бұлар Ертіс бойында таралған. Ал орыс деректерінде Түркістан тазысы аталған тазылар қазақжерінің оңтүстік пен солтүстік батыс өңірлерінде көптеп таралған. Сібір тазылары қазақ жерінде ғана емес, батысқа дейін жеткен таңдаулы аң алғыш тұқым. 1889 ж. Сібірде самоед тайпалары арасында үш ай болған британ зоологы Ернст Килбурн, онан кейін Орал бойына және Батыс Сібірден әкелген ит тұқымын лайкаға ұқсас самоед тазысы атаған тұқым осы атпен Еуропада таралған. Қазақ жерінде тазының құмай, қайың қаптал, ауған, орыс, түрікмен деген түрлері ұшырасқан. Қазақы тазыны тау тазысы және дала тазысы деп бөлген. Шоқтығының биіктігі 80-85 см аралығында. Ал қазақ-тазысына ең жақын деп айтып өткен ауған тазысы әлемдегі ең дегдар тұқымға саналады, бойы 70-74 см, мінезі қатаңдау болғанымен иесіне шексіз берілген, тамаққа талғампаз, жеке емес, иесімен бірге үйде тұрғанды сүйетін тұқым. Ол өз олжасын көзімен торуылдап, жіті бақылау арқылы алады. Тіпті иесінің көмегінсіз өз бетімен аң аулайтын тұқым. Оның әлемге кеңінен таралып, үлкен қызығушылыққа ие болуы - батыс елдерінің әскери жорықтарымен тура байланысты. XIX ғ. екіншіжартысынан батыс әлеміне белгілі болған ауғантазысын британ әскерилері алып келген, 1907 ж.-дан тіптен көптеп келіп тазының түрлі линияларын Еуропада дүниеге әкелген. Дегенмен онан сәл бүрын 1809 ж. салынған сурет 1813 ж. Лондонда жарық көрген болатын. 1920 ж. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Балукыстаннан апарған тазы Шотландияда, солтүстіктен апарғаны Англияда онан әрі Америка құрлығына таралып, дербес линияны дүниеге әкелген. Теңдесі жоқ сұлу бітімге ие ауған тазысы мен араб салюкиін өсіретіндер арасында I960 жылдардан бастап Dog World кәсіби журналының бетінде басталған дау әлі бір мәмілеге жеткен жоқ. Бір тобы (Waters бастаған) тазыны салюкиден шыққан дейді де ежелгі Мысыр мен Месопотамия, парсы жерінде табылған б.з.д. 4 мың жыл бұрынғы ит қаңқалары Ауғанстан жерінен ұшыраспайтындығын алға тартады. Сауда-саттық арқасында ауған жеріне әкелінген иттер жергілікті ортаға бейімделген дейді. Оған қоса салюкидің иығы мен санына, кейде басына қарай үлпілдек, мақта тәрізді жүн ұшырасуы сирек кездеспейді деген уәжді алға тартады. Ауған жеріне жеткен салюки биік таулы өңірге бейімделуден жүні қалың, жүндес болып, ұзара түскен, тіптен жағы, арқа жота, құйрығына дейін түк біткен. Ауған тазысының 6 бірдей сүрпы бар болғанымен климаттық негізінен екі түрге бөледі: күңгей, батыс өңірдегілері жүндері сұйықтау әрі ашық түсті болса, солтүстіктегілері баран түсті, қою жүндес. Кезінде қазақ жерінде кең таралған тазы иттердің Кеңес өкіметі жылдарында санының күрт кемуіне алаңдаған осы тақырыпты арнайы зерттеген А.А.Слудский дабыл қағып, оларды қорғауға алу қажеттігін ескерткен еді. Алайда Кеңес өкіметі кезіндегі отарлаушылық саясат жергілікті жердегі елдің бет бейнесі мен жердің экологиясына ғана зардабын тигізіп қойған жоқ, тіптен ит пен тазының тұқымына да салқынын тигізді. "Әр кезеңде қазақ жеріне келген бөгде ұлт-ұлыс өкілдерінің өздерімен бірге ала келген иттерімен араласып, будандасқан соң небір түрлі дүрегей тұқымдар пайда болып, тазы мен төбеттің тұқымы азып кетті",- дейді кинолог мамандар. Қолда қалай болса солай ұсталған тазылар осылай дүрегейленді, мылтықтың көбірек қолданылуы олардың аңға пайдалану парқын азайтты. Осы мәселе дер кезінде көтеріліп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Бәйдібек ауданы, тазыларын көптеп әкеліп қан жаңғырту, тазы тұқымын сақтап қалу шаралары жүрілген-ді. Тазылардың түр-түсіне тоқталар болсақ, қазақ жерінде кездескен тазылар туралы деректерде оның қара, сары, көкшіл сұры болады. Көк тазылар өте жоғары бағаланады.
Егемендіктен соңғы жылдардағы кәсібилер мен әуесқойлардың тізе қосып қимылдап, ұлттың дәстүрлі мәдениетін замана талабына сай хоббиына айналдырған азаматтардың қолдауымен қазір тазы тұқымын сақтап қалу, санын өсіру, асылдандыру, түрлі кәсіптік шаралар ұйымдастыру арқасында қазір Қазақстанда таза тұқымды тазылардың саны жарты мыңнан ғана асты...

Қасқыр мен түлкіні қатар алатын қазақ (қыпшақ) тазыларымен будандастырып, тұқымын асылдандыра отырып Орталық Россияда аң қағатын орыс тазысының (борзая) кейінгі орта ғасырда дүниеге келгендігі тарихтан белгілі. XI ғ. француз Генрик I үйленген орыстың Мудрый Ярославтың қызы некесі кезінде орыс тазысы борзая туралы алғашқы дерек жазылған. Олар аң қаққыш, әрі суыққа төзімді, ұзақта суыт жүріске шыдамды жүріске мықты келетін борзаямен аң аулау 1861 ж. басыбайлылықты жойғанға дейін жақсы дамыды. Өздерімен бірге батысқа қарай алып жеткен ит тұқымдарын сақтап қалған Анадолы түріктерінде қаңғал (қаңлы), ақбас, қарабас деп аталатын, ал мадьярларда (венгрлерде) кубас, комондор (құмандұр) аталатын иттің тамаша тұқымдары бүгіндері әлемге әйгілі.
Тазы бітімінің стато-динамикалық негізі.Тазы бітімінің стато-динамикалық негізі Тазының екі аяғы дене тұрқымен салыстырғанда ұзын болуы, оның қозғалысына қолайлылық тудырады. Оған қоса артқы аяқтары мен ондағы бұлшық еттер өте жақсы дамығаны, ал құрсағы жіңішке болып қазақтар "қаншырдай" қатқан деп атайтын іші жотасына қарай жақын бітуі тазының қозғалысын өте қолайлы етеді. Биіктігі сиырдың бұзауындай, көсілгенде есік пен төрдей жерге жететін келісті қазақ тазысыньщ адымы ұзын, қимылы ширақ, ұмтылған жерден шабан-шалағай аңды құтқармайтын алғыр келеді. Тазының жылдам, ширақ қозғалуына оның сүйек қаң- қаларының берік жетілгендігі, шеміршек, жұлын-тұтасының, сүйектер мен сіңір-тарамысының бір-бірінің қимыл- қозғалысын икемдей, шапшаңдыққа келтіре алатындығымен тура байланысты. Мойын омыртқа жетеу, ауыз омыртқасы қанаты жұқа, жалпақ, артқа қарай көсіле жатқан, үстінде шүйделі төмпегі болмайды. Арқа омыртқа он үш, олардың жоталық өсінділері жуан, алдыңғы омыртқалар да иіле келген. Оған ұштасқан он үш жүп қабырғаның тоғызы дөңгеленіп иіліп тұрады. Олардың ұшы бір-бірімен біте қайнасып кеткендіктен төстің етегінде бар болғаны сегіз (!) ғана өскін байқалады. Қабырғаның ұзындығынан көкірек қуысының терең дігібірден- бір байланысты болады. Шоқтығы денесінің артқы жағынан биіктеу келеді. Иттің бел омыртқасы жетеу, қанаттары алға сүйірлене жантайған, ұштары жуандау. Арқа жон тұсы төмен қарай ойысып, қайқыбелденіп келеді де, бел тұсынан жоғары қарай томпайып кетеді. Тұрық тұтасының ең қозғалмалы бөлігі болып саналатын құйрық омыртқалар саны итте 18-22, артқа қарай кішірейе береді. Дегенмен бұл шық еттің омыртқалы басы ал ғашқы құйрық омыртқаларынан басталады. Төс сүйегі бір-бірімен шеміршек арқылы байланысқан, пішіні төрт қырлы сегіз сегменттен тұрады. Оның дөңгелек жиектігі тұтқасы мен семсерше шеміршегі мөлшері жағынан кішілеу және жалпақ болып келеді. Итте жауырын қыры буын ойысына дейін созылған, құстұмсық өсіндісі шодырайып шыққан оған сіңір еттер берік отырған. Иттің ортан жілігі жіңішке, асықты жілігі иіліп келген, ал тоқпақ жілігі жіңішке, төменгі басы сәл иіліңкіреп тұрады, бас жағында тесігі көрінеді. Ит тізесінің төменгі қатарында кәрі жілік және ортаңғы сүйектер қосылып кеткен, әрі сәл ғана иіліңкі келеді (кән дек иттерде ол өте иілген). Ал жіл іншік сүйектері жақсы дамыған. Олардың шеткісі қысқа, ортасындағы екеуі ұзын болғандықтан, ортадағысының (үшінші, төртіншісінің) ізі анық түседі. Бірінші башпайы (ол көп иттерде болмайды немесе екінші башпаймен ұстасып кеткен) қысқа болғандықтан ізі жерге басылмайды. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті алдыңғы асықты жілік бұлшық етін жауып жатады және екінші және шеткі бақайларға бекиді. Иттің бөксесі мен саны өте күшті, қуатты тек денені алға лақтыратын, тазылардың қозғалысына екпін беретін, алға итермелейтін міндеті бар. Сонымен бірге, әсіресе, тазыда мойын, арқа және жамбастың жалпақ еті, мықынды бүгетін, құйымшақ еттері, құрсақ қабырғасының айқыш-ұйқыш келген еттері, төс бұлшықтары жақсы дамығандығы шапшаң қозғалысының бірден-бір кепілі. Бұлшық еттегі талшықтары басқа жануарларға қарағанда салыстырмалы түрде көп. Итте өкше бұлшық еті болмайды, тек тобық сүйегінің сыртқы байламымен асықты жіліктің айдаршығынан басталады. Иттің басындағы ми сауыты мен бет көлемі бір-біріне пара-пар, яғни 1:1 шамасында. Бас сүйегі екі-үш қабат қабыр- шақшадан түрады, орталары ауаға толы келеді. Итте сүт тісі 28, ересектерінде 42 тіс болады, ол қысқасауытты тістерге жатады. Түрақты тістердің жанасу беттерінде үш-үштен өткір тісшелер болады. Сойдақ тістер конус тәрізді, бір ғана тісшесі бар көлемі кішілеу тісті "ит тіс" дейді. Тістер қабу, қорғану, ұсату міндетін атқарады. Жақсы тазылардың астыңғы, үстіңгі тіс қатары бір- бірімен жымдасып тұрады, яғни жоғарғы маңдай тіс сыртынан 13 бөлігіне дейін айқасып келеді. Ондайда артқы азу тістер бір-бірімен беттесіп келеді. Аң алатын иттің жотасы, жоны кейін толық бұлшық етті нығыз болып келеді. Терең келген төс жағынан құрсағы артқа қарай дөңгеленіп келіп құймышақтың тұсына неғұрлым жақын орналасқан. Ондай кейіпті қазақтар арыстанның ұрғашысының құрсағына теңеп, "қаншырдай қатқан" құрсақ деп есептейді. Қарын мен ішектердің сыртынан шарбы жауып тұратындықтан, құрсақты суық тиюден сақтайды. Сондықтан иттер суық сазды жерлерде бауырын төсеп жата береді. Ит бауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарларға қарағанда көлемді келеді. Итте жүрек 3-ші қабырға мен 7-ші қабырға аралығында жантая орналасқан.

Иттің еріндері жұқа және нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері үшінші-төртінші азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Төменгі ерні алға салпиып озып шығып тұрады. Иттің өңеші орасан үлкен болып кеңи алады, оның асқазанға ұласқан тұсында жауып тұратын "қақпақ" тәрізді өскіні болмайды. Сондықтан да ит өте оңай құсып тастайды. Саятта итті тамақтандырмай шығуға тырысатындығы соған байланысты. құрсақ пен кеуде екі қуыс арасындағы көк ет тыныс алуда қосалқы міндет атқарады. Итте күрек тістері жақсы жетілген, сойдақ тістері жіңішке әрі иіліп келген, ал азу тістері доғал, әрі шайнауға бейімделген. Иттің астыңғы үстіңгі тіс қатары жақсы жымдасып, үстіңгі жағы астыңғы қатарының 13-ін жауып тұрса жақсылықтың нышаны дейді. Tic қатары жымдаспаған, озық шыққан немесе кемиек болып жетпей тұрса, ондай иттер тазы бола алмайды. Иттің үш қабаттан тұратын терісінің арасында май шығаратын бездер терінің түгін майлап тұратындықтан түгі жылтырап тұрады, суықта дене жылуынан айырылмай аязға төзімді келетін себебі сондықтан. Қазақтар "есті жануар" деп қасиет тұтатын иттің миы мен сезім қабілетін зерттеу нәтижелері оның миында әрбір әрекетті басқаратын (есту, көру, сезу, қимыл, тепе-теңдік, дәм сезу, сипау және т.б.) орталықтары өте күрделі байланыста екендігін айтады. Әсіресе, өте жақсы дамыған иіс сезу мүшесінің көмегімен он литр суға еріген бір шөкім тұздың иісін де сезе алады дейді. Неміс қойшы итіне жүргізілген зерттеулер оның өн бойы мен миындағы иіс сезу аумағы 1,5x1,5 метрлік (үлкен кілемдей) аумақты алатындығын анықтаған. Бұл көрсеткіш адамда 5x5 см. Иттер "танауымен" ұйықтайды,яғни ұйықтап жатқан кезде не болғандығын, иіске қатысты оқиға болса ол дереу ажыратып, іске кіріседі екен. Иттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік иттер
Такса (ит)
Неміс овчаркасы
Аңшылық иттердің тұқымдастары
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
Етқоректілер эхинококкозын балау
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Антигельминттік препараттар
Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері
Пәндер