Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары


Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тарихнамада ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы қуғын - сүргін тарихын зерттеу 80-ші жылдардың соңына қарай қолға алына бастады. Дегенмен қуғын - сүргін кеңес үкіметінің арнайы нұсқауымен, Компартияның идеологиялық органдарының тікелей басшылығымен орындалғандықтан республикамыздағы қуғын - сүргін саясатының басты мақсат міндеттерді анықтауда сол кездерде өткен Қазақстан Коммунистік партиясы съездерінің, конференция және пленумдардың қарарларымен шешімдерінің маңызы айтарлықтай болып табылады. (5)
1989 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Коммитетінің 30 - 40 және 50 -ші жылдардағы әдебиет пен өнер ісіне қатысты арнайы құрылған коммиссия жұмысынан кейін 20 - 50 -ші жылдардағы қуғынға ұшырағандарды ақтау мәселесіне байланысты «ақтаңдақ» жылдарында жалған жала жабылып, айыпталған қазақ зиялыларының тағдырын зерртеу қолға алына бастады. КСРО ыдырап, оған одақтас болған республикалар егемендігін алғаннан кейінгі жылдары тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан жазуға талпыныс жасалып, ғалымдар кеңес үкіметі орнағаннан бергі жүргізген саясатын бүкпесіз ашып көрсетуге тырысты. Әсіресе, кеңес билеушілерінің сорақы саясаты соңғы кездерде жан - жақты, нақты дәлелді фактілермен көрсетіледі.
Тарихымызда Сталинизм дәуірінде түскен қара дақтардың әсерінен 37 - ші жылдан басталып, 53 -ші жылға дейін созылған. Жеке басқа табыну ұлт зиялыларын жаппай қуғын - сүргінге ұшырату науқанының зардаптары мен жазықсыз жапа шеккендердің тағдыры туралы еңбектер. «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» жинақтарына жинақталып ашщы шындықтың бет пердесін ашады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың 20 - 50 -ші жылдары.
деректік негізі. жұмысты жазу барысында Оңтүстік Қазақстан Облысы Мемлекеттік мұрағат қорларының құжаттары мен қол жазбалары және пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі әдебиеттер кеңінен қолданылды.
Жұмыстың практикалық мәні. Сталиндік репрессия, тоталитарлық жүйе, қуғын - сүргін тарихын қазақ қағамына тигізген зардаптарының және ұлт зиялылырының қоғамдағы орны спец курстарға оқу орындарымен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барысында қосымша материал ретінде пайдаланылуға болады.
Жұмысқа қолданылған әдіс тәсілдер. жазуда тарихи даму, кезеңдендіру объективті жағдайларға байланысты салыстырмалы сәйкестендіру, статистикалық сараптау және т. б. әдіс тәсілдер қолданылды.
құрылымы. Жұмыс кіріспеден негізгі үш тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. көлемі _79_ бет.
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Жоспары:
Кіріспе . . . 3-6
I Тоталитарлық жүйенің мәні, мақсаты қойылған қоғамға міндеттері
1. 1. Тотолитарлық жүйенің мәні қалыптасуы . . . 7-19
1. 2. Тоталитарлық жүйенің мақсаты мен міндеттері . . . 19-22
1. 3. Тотолитарлық қуғын - сүргін тарихы . . . 22-27
II Ұлт зиялыларының қоғамдағы орны
2. 1. Оқу ағарту ісімен мәдениетте ұлт зиялыларының алған орны . . . 28-37
2. 2. Қазақ зиялыларынң тағдары . . . 38-47
2. 3. Қалыптасқан қоғамдық - саяси өмірге деген ұлт зиялыларынң көз-
қарастарымен ізденістері . . . 47-64
ІІІ Ұлт зиялылары Сталиндік Голощекиндік саясатта
3. 1. Ұлт зиялыларының Сталиндік саясатқа күресі . . . 65-67
3. 2. Голощекин және қазақ қасіреті . . . 67-75
IV Қорытынды . . . 76-77
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78-79
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тарихта «ақтаңдағы» басым 20-50 жылдардағы жүргізілген қуғындау науқаны соңғы кездерде ғана әділ бағасын алып, Сталинизм саясатының мәні ашылып көрсетілуде.
20 - шы жылдары тотолитарлық жүйе билік орнағаннан кейін қоғам өмірінде орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдары халықтың рухани саласына қайғы - қасірет әкелді. 20 - шы жылдардың аяғында тарихта «Социализмнің» «Сталиндік моделі» деген атпен белгілі тарихи кезең басталып, бұл тоталитарлық қуғын - сүргінді бастап берді.
И. В. Сталиннің үкімет басына келуі саяси террорды өршіте түсті. Ал, 30-шы жылдардың басы мен аяғында жүргізілген саяси қуғын - сүргін ұлттық интелегенция қатарын ойсыратып жіберді. Қазақ зиялыларының алды болған, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов сынды азаматтар «Ұлтшылдар» деген жаламен қуғын - сүргін құрбанына айналды. Сталиндік солақай саясат қазақ қоғамын идеологиялық қыспаққа алып, халық санасын бір уыста ұстауға тырысты.
«Ұлтшылдық» деген термин патша үкіметі кезінде қалыптасты. Академик М. Қозыбаев бұл жөнінде: «Патша үкіметі ұлтшылдықты оппозияция есебінде таныды, оның тамырына балта шабуды саясатқа арна етті. Кенес үкіметі сол империялық саясатты шын мәнінде жалғады, өйткені ол да аз ұлттар тым - тырақай бөлініп, бөлшектеніп кетеді деп түсінді. Оларды ашс алақанында, жұмсақ жұдырығында ұстаудың жолы Бонопартизм деп түсінген И. Сталин ұлттардың ойшыл, жасампаз топтарын тұқырту деп білді», деп жазған еді. (0) Сталиннің тікелей қолдауымен жүріп өткен бұл қуғын - сүргін сол кезде ұлттық сананы енді ғана қалыптастырып келе жатқан халқымыздың өзіндік психологиялық мінез - құлқын қатты жасытты. 80 - ші жылдардың соңында тарихшы Р. Сүлейменов бұл жайында былай деп жазған еді: «30 - шы, 50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллегенцияны зәразап қылғандығы сонша үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан екінешіге жалғасып келеді. »
негізгі мәселесі қазақ ұлтынан шыққан бір туар азаматтарымыздың қазақ еліне, ұлтына, республикаға қосқан үлесіне тоқталу.
Жұмыстың методологиясы мақсатымен міндеттері. Еліміздің тарихында орын алатын ұлт зиялыларының 20-50 -ші жылдардағы партиялық мемлекеттік және қоғамдық қызметін жаңаша тарихи методология арқылы қарастыру.
Жұмыстың басты мақсаты Қазақстанда өткен ғасырдың 20 -50 - ші жылдарында ғылым мен мәдениет салаларында «Буржуазиялық ұлтшылдыққа» қарсы жүргізілген саяси науқан тарихын тұтас бір мәселе ретінде кешінді түрде зерттеу болып табылады. Осы басты мақсатты жүзеге асыру үшін мыңадай нақтылы міндеттер қойылды.
ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым өкілдеріне қарсы жүргізілген Сталин саясатының негізгі ұстанымдарын ашып көрсету:
- ХХ ғ 20-50 жылдарындағы қазақстандағы тотолитаризм мен авторитаризмнің саяси мәнін ашып, осыған байланысты құжаттарды талдау:
Қазақстандағы орын алған саяси қуғын - сүргін тарихын кезеңдерге бөліп көрсету және қазақ қоғамына тигізген зардаптарын ашып көрсету.
Жұмыстың жаңашылдығы Нақты деректер негізінде ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстанда тотолитаризмнің әміршіл-әкімшіл жүйесінің мәнін ашып көрсету, ұлтшылдыққа қарсы жүргізілген науқан барысын қазіргі заман талабына сай және тарихи шындықпен объективті тұрғыдан жан - жақты талданды. Оның зардаптары айқындалды. Баспа сөз материалдарындағы Сталиндік террор және Голощекиндик Генецит саясаты айқындалып көрсетілді. Ұлт зиялыларының тоталитаризмға қарсы көзқарастары айқындалды. Қазақ ұлттық интелегентциясының ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы қуғын-сүргін тарихы нақты тарихи деректер негізінде зерделеніп отыр.
Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі әкімшіл-әміршіл жүйе ықпалымен калыптасқан тарих ғылымын қайта қарап, төл тарихымызда бұрындары бұрмаланып келген мәселелерді жаңа қырынан ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды. Бұл жөнінде президентіміз Н. Назарбаев былай деп қадап айтқан болатын: « . . . өткенімізді тұтас күйінде ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресі үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенін жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін кажет 1.
Ел боламын десең алдымен тарихынды таны деген Президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Біздің тарихта біз ұялатын, не жасыратын тұстар жоқ, біздің тарих тәуелсіздік жолында аянбай күрескен ел мен ер тарихы, біздің тарих бабаларымыздың қанына, аналардың жасына толы», - деп жазды 2.
Бүгінде казақ халқының басынан кешірген қилы да, қиын тарихын қалт жібермей, келешек ұрпаққа жеткізу тарихшылардың басты міндеті - болып табылады. Кеңес үкіметі өзіне балама ретінде шыққан 1917 жылы құрылған Алаш Орда үкіметін ата жауы деп таныды. Алашшылар ұлтшылдықпен ұлтжандылық танытып, ұлт мүддесін қорғады. 1918 жылы 4 қарашадағы Колчак үкіметінің жарлығымен Алаш автономиясы таратылды деп жарияланды, яғни мойындалмады. Бірақ Алаш Орда үкіметі ұлт мүддесі үшін күресін тоқтатқан жоқ. Осының нәтижесінде Алаш Орда қызметкерлері тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргініне айналды. Кеңес өкіметі кезінде қалыптаскан әкімішіл-әмірішіл жүйенің билігі, оның көптеген қырлары жете зерттеліп, көпшілік талқысына ұсыныла қойған жоқ. Тарихта «ақтаңдағы» басым 20-50-ші жылдардағы жүргізілген қуғындау науқаны соңғы кездерде ғана әділ бағасын алып, сталинизм саясатының мәні ашылып көрсетілуде.
20-шы жылдары тоталитарлық жүйе билік орнаганнан кейін қоғам өмірінде орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдары халықтың рухани санасына қайғы-қасірет әкелді. 20-шы жылдардың аяғында тарихта «социализмнің сталиндік моделі» деген атпен белгілі тарихи кезең басталып, бұл тоталитарлық қуғын-сүргінді
есебінде жазаланды. Осылайша, әр халықты ұлт ететін қасиетінен еріксіз ажыратып, жасанды идеологиямен әрекет ететін жүйемен алмастырыдды.
Казақстан тарихында 20-50-ші жылдар өте күрделі, кайшылыққа толы кезең болып табылады. 1930 - 1933 жылдары Сталиннің жебеті Ф. И. Голощекиннің геноцид саясаты қазақ ұлтының құрып кетуіне дейін алып келді, себебі Голощекиндік геноцид саясатынан қазақ ұлтының 2 млн 340 мың адамы көз жұмды.
Осы жылдардың түйісу аралығында біздің еліміздін экономика саласында және коғамдық саяси өмірінде жаппай орныққан «қысым көрсету» саясаты ұзақ уақыт бойы өктемдік етті. Бұл саясаттың, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы зардаптары айрықша ауыр болды. Үкімет тарапынан көрсетілген күштеу, зорлық-зомбылық әдістері жүзеге асырылып, сан мыңдаған адамдарға саяси айыптар тағу негізінде қуғындау орын алды. 100 мыңнан астам адам «кеңес өкіметіне жат, қас» адамдар деген саяси айыптармен түрмеге жабылды, атылды, лагерьге айдалды.
«Ұлтшылдықпен» күресу келе-келе кеңес мемлекетінің айнымас белгілерінің біріне айналды. Казақ халкының жендеті атанған Ф. Голощекин, Қазақстанға «шылдықты, шілдікті» әкеліп, зобалаңды жандандыра түсті. Казақ зиялыларын жік-жікке бөліп, олардың өзара бір-бірімен күрес жүргізуіне жағдай жасап отырды. «Жікшілдік» пен «ұлтшылдыққа» қарсы айыптау ашық түрде сипат алды. Әсіресе осы екі ұранмен айыптау 1925-1933 жылдары қатты ұшықты.Бұл қуғын-сүргін 40-50-ші жылдары да жалғасын тапты. Осы жылдары социализм принциптері барынша бұрмаланып, еліміздің дамуында күрделі мәселелер туғызды.
Саяси қуғын-сүргінді жасаушылар 40-50-ші жылдары «буржуазияшыл» терминіне «космополитшылдықты» әкеліп қосып берді. «Космополитшылдық» буржуазияның букіл дүние жүзіне үстемдік жүргізуге тырысқан агрессиялық саясатының көрінісі ретінде танылды.
1937-38-шы жылдары қуғыннан «аман» қалған зиялылар 40-50-ші жылдары сталиндік жүйенің тырнағына ілікті. 1937 жылы басталған жаппай тұтқындау 1953 жылдың наурызына дейін толастамады. Ұлы Отан соғысы кезінде де жазықсыз жапа шеккендер де болды.
Ғылым саласындағы қазақтың көрнекті өкілдері Е. Бекмаханов, Х. Бекхожин, Е. Исмайылов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, Б. Сүлейменов және тағы басқалар саяси түрде айыпталды. Нақтырақ айтқанда, зиялыларымыз «буржуазияшыл-ұлтшылдар» «космополит-шылдар» ретінде айыпталып, қызметтен қуылды, түрмеге қамалды.
Сталиннің тікелей қолдауымен жүріп өткен бұл қуғын-сүргін сол кезде ұлттық сананы енді ғана қалыптастырып келе жатқан халқымыздың өзіндік психологиялық мінез-құлқын қатты жасытты. 80-ші жылдардың соңында тарихшы Р. Сүлейменов бұл жайында былай деп жазған еді: «30-шы, 50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллигенцияны зәрезап қылғандығы сонша үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан, екіншіге жалғасып келеді». Міне, сондықтан да тарихшылар алдында 20-50-ші жылдардағы қуғын-сүргін тарихын жан-жақты жаңа теориялық-тұғырнамалық және зерттеушілік көзқарас негізінде талдап көрсету міндеті тұр.
I. Тоталитарлық жүйенің мәні, мақсаты қойылған қоғамға міндеттері
1. 1. Тотолитарлық жүйенің мәні қалыптасуы
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Бұл ел ішіндегі үлкен бір толқумен арандатушылықтан тұратын «халық жауы »айыбы тағылып қаншама азаматтарымызды құрбан етті. Қоғамымыздың бетке ұстар азаматтардың қаймағын алып кетті.
Жалпы Автолитаризм мен Тоталитаризмді түсініп өтетін болсақ.
Автолитаризм дегеніміз әміршіл жүйе. Ал тоталитаризм бұл әміршіл жүйе бұл екеуі бірге әміршіл, әкімшіл жүйені іске асырды айта кететін болсақ әміршіл жүйе жоғарыдан бұйрық берілетін болса, әкімші жүйе ол бұйрықты орындау. Яғни елге оның маңызды пайда барма жоқпа ол жағы ескерусіз қалып отырды. Оған мысал келтіретін болсақ: Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және оның зардаптары 1932 - 1933 жылдардағы ашаршылық.
Әміршіл әкімшіл жүйенің нұсқауы мен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылығындада қандай қарқынмен жүргізілсе мал өсіретін шаруашылықтарындада ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзінін көп куттірген жоқ.
Ұжымдастыру мақсатымен жайылымда жүрген барлық малдарды бір жерге қалхоз сафхоз мал фермаларын құрамыз деп бір сызықтың бойына (бір көшенің бойына) қаз-қатар етіп киіз үйлерді орналастыруы малдарды бір жереге қамады. Ақыраяғы келіп жем шөбі жоқ малдар қорада қырыла бастады . Бұл қазақтар осы мал арқылы күнелткен болса енідігі кезекте малы жоқ қазақтарда аштықтың құрбаны болды. Бұл әміршіл әкімшіл жүйенің құрбандары еді. Бұл қырғынғы (Рессей укіметі) Ф. И. Голощокинның Рессей үкіметіне жолдаған хатында (қазақтардың бір бірімен яғни қазақтардың бізге жақтастары тірі қалып қалғандары осы қырғынның құрбандарының деп мәлімдеді. Бұл астыртын отарлаудың мақсатында жүзеге асырғандықтан осы арқылы бұған көз жұма қарады. Қазақ халқы ашаршылықтан қырылып жатқанда кеңес үкіметі Америкаға миллион тонналап астық сатып жатып. 1723 жылы Ақырақай шайқасында қазақтар соғысып қырылған болса, бұл жолы соғыссыз аң ашаршылық соғыстан көп қырғынға ұшырады. Дәл осы тұста Ф. И. Голощекиннің партия клмитетінің бірінші қатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршілік-әкімшілік басқару жүйесін артқа орап небір сумдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды. Халық жауы деп жала жауып мыңдаған қазақ азаматтарын қанын төкті.
Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929-31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен онмыңға тарта қазақтың бетке ұстар азаматтары қамауға алында.
Кеңес қоғамы 30- шы жылдардың екінші жартысында дүние жүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әкімшіл - әміршіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауырда зардапты қиыншылқтарға кездесті. Одан Қазақстанда тыс қалмады. Қазақстанның саяси әлеуметтік өміріндегі өзгерісткр оның одақтас Республикаға айналуы. Қазақ кеңес Социалистік Республикасының конститутсиясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай орталық Атқару Комитеті құрған конститутциялық коммисия жасаған заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынылды. Баспасөз бетінде ұжымдарда кеңінен талқылағнан конституция жобасын 1937-ші жылы наурыздың 21-26 аралығында болған Қазақстан кеңестерінің оныншы съезі қарап бітті .
Конститутция барлық азаматтардың демократиялық құқықтарын, бас бостандығымен міндеттерімен Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілді. Онда Қазақстанның одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні жерінің тұтастығымен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР азаматтарының КСРО азаматтары болып табылатыны тұралы айтылды. Конститутцияда тұрғылықты өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде, мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетіледі.
Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндікпен құқықтар мойындалған мен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрмалануы демократияны бұзушылық пен заңсыздылықтың осы жылдарда белен алғаны қазіргі күнднр де белгілі болып отыр. Жергілікті партия, Кеңес Комсомол, Кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды және адамды дәріптерді, жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктермен жөнсіздіктер тыйюсыз етек алды.
Партия Кеңес қыметкерлері оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп қасыретті екінші кезеңі 1932-ші жылдан басталды. Бұл жылы Халық жауы деген айып тағылып Л. И Мирзаян, О. Исаев, І. Құлымбетов, С. Мендешов, Н. Нұрмақов, Т. Рұсқылов, С. Қожанов, О. Жандосав, С. Есқараев, Т. Жүргенов ақын - жазушылар С. Сейфулин, І. Жансугіров, Р. Тоғжанов А. Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды.
Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-нің шеңгеліне ілігіп, оның 22-мың атылып кетті. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басты қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың от басындағы әйел балаларға дейін құдаланып, олар да тұған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының керегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға дұшар етті.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы 1917 жылдың соңынан 1918 жылдың наурыз уақытында жүзеге асырылады. Бұған бірнеше объективтік жағдайлар себеп болды. Әсіресе орталық пен отарланған ауданының әлеуметтік-әкономикалық және саяси дамуында еді, соның ішінде жұмысшы табының аздығы, социалистік партиялардың әлсіздігі, бірінші орында -большевиктердің және ұлттық мәселенің маңыздылығы шиелінісі.
1917 жылы Ресейде жағдайдың шиеленісуі және қоғамдық әртүрлі қоғамдық - саяси лагерлеріне бөлінуі қазақ халқына әсер етпеуі мүмкін емес еді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда бірқатар социалистік даму жолына жақын ұйымдар кұрылды. Мысалы: Көлбай Тоғысовтың жетекшілігімен «Үш-жүз», С. Сейфулиннің «Жас қазақ», Т. Рысқұловтың басшылығымен «Қазақ жастарының одағы» және т. б. Айта кететін бір жайт осылардың барлығының негізін әртүрлі дәрежедегі зиялылар құрады және олардың әлеуметтік жағдайы мен саяси көзқарастары казақ шаруасымен, саны жағынан аз жұмысшы мұсылмандарға жақ болатын.
Кеңес өкіметі Қазастанның ірі өперкәсіп орталықтарында орыс жұ-мысшылары мен шаруалар арқасында жеңіске жетті3.
Бейбіт түрде жаңа үкімет Акмола, Сырдария облыстарында және Бөкей ордасында орнады. В. И. Ленин және басқа да большевиктік басшылар Ресейде өз ұлттардың зиялыларын Кеңес Өкіметімен бірге жұмыс істеуге және өздеріне өткізуге ұмтылды. Түркістан, Башқұртстан, Татарстан сияқты ұлттық мемлекеттік автономиясын кұруға қолдау етілді. Мәскеу Қазақстанда ұлттық мемлекеттік құрылым даярлайтын орган ашуға барды және оған большевиктік қайраткерлермен қоса «Алаш орда» өкілдері бірікті.
Осындай саяси тактика Қазақстанда Азамат соғысын өте қысқа мерзімде аяқталуына және Кеңестендіру саясатын үлкен қарқынымен жүргізді.
1919 жылы Түркістан майданының Революциялық Әскери Кеңесі «тікелей және жанама түрде Кеңес өкіметіне қарсы күрескен бүкіл қырғыз (қазақ) халқына кешірім беру» деген хабарлама таратты. 1920 жылдың 26-шы тамызында Қырғыз (қазақ) Автономия республикасы құрылды. Астанасы -Орынбор. Орталық Атқарушы комитет құрылып және оның басшысы С. Меңдешев тағайындалды.
Оңтүстік Қазақстанның (Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан АСКР кұрамында болған) саяси жағдайы өте күрделі жағдайға түсті. Орынборды Атаман Дутов басып алғаны үшін 1919 жылдың күзіне дейін Түркістан іс жүзінде Ресейден кесіліп калды.
XX ғасырдың 20-шы жалдарында ұлт зиялылардың алдында негізгі үлкен бір мәселе тұрды. Ол барлық жерге орнығып жатқан Кеңес өкіметіне ашық түрде қарсылық көрсету ме, немесе болған іс болды деп жаңа үкімет арқылы қалың бұқараның, елдің, ұлттың жағдайын жасау ма? Нәзір Төреқүлов, Тұрар Рыскұлов, Санжар Асфандияров, Сұлтанбек Қожанов және тағы басқа зиялылар қауымының өкілдері екінші жолды таңдады. Солайша осы азаматтар Отан тағдырын ойлай отырып және өздерін соған жауапты екенін сезініп, елдің амандығына, халықтың тоқтығына, соғыстың жоқтығына барынша көп үлес қосты. Алайда, Кеңес өкіметінде жұмыс істей отырып олар моральдық - этикасын, өздерінің көзқарастарын әрдайым анық айта жүрді 4.
1920 жылы V-ші аймақтың конференциясында Түрік халықтар коммунистік партияның құрылганын жариялады. Осымен бірқатар, мұсылман комунистерінің ІІІ-ші аймақтық конференциясында «Түрік Кеңес Республикасының» құрылғанын жариялайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz