Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың дамуы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Депозит туралы түсінік
2.2. Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы
2.3.Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің түрлері
3.Қорытынды
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны, банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне сенімділігінің артуынан байқалады. Екінші деңгейлі банктер үшін тартылған қаражаттар, өз меншікті қаражаттарына қарағанда орасан зор орын алады, себебі тартылған қаражаттар есебінен банктердің активті операцияларының басым көпшілігі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет» - деп, елбасымыз, нақтылап Үкімет пен Ұлттық банктің алдына бірқатар міндеттер жүктеді
Осы орайда, қаржы тұрақтылығын сақтауда көптеген іс-шаралар, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депозит нарығының дамуы қаржы нарығының дамуына тікелей әсерін тигізетінін атап өткен жөн. Өйткені, депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі. Қазақстан Республикасының депозиттік қызметінің құрылуына да көп уақыт болмаса да, нарықта белгілі тұрақтылығымен сипатталуда.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың дамуы

Орындаған:Буркутбаева С
Тобы: ФН-305
Тексерген:Акишева Д.М.

Семей 2015ж
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Депозит туралы түсінік
2.2. Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы
2.3.Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің түрлері
3.Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны, банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне сенімділігінің артуынан байқалады. Екінші деңгейлі банктер үшін тартылған қаражаттар, өз меншікті қаражаттарына қарағанда орасан зор орын алады, себебі тартылған қаражаттар есебінен банктердің активті операцияларының басым көпшілігі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарындағы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет - деп, елбасымыз, нақтылап Үкімет пен Ұлттық банктің алдына бірқатар міндеттер жүктеді
Осы орайда, қаржы тұрақтылығын сақтауда көптеген іс-шаралар, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депозит нарығының дамуы қаржы нарығының дамуына тікелей әсерін тигізетінін атап өткен жөн. Өйткені, депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі. Қазақстан Республикасының депозиттік қызметінің құрылуына да көп уақыт болмаса да, нарықта белгілі тұрақтылығымен сипатталуда.

2.1. Депозит туралы түсінік
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
-- депозтттік қаражаттар;
- депозиттік емес қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит -- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар -- банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде , яғни жалпы активтердің өте аз бәлігін алады .Пассивті депозиттік операциялар -- бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциалар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .

2.2. Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы
ҚР-дағы депозиттік нарығы еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған сегментіне жатады. Депозиттік нарық заңды және жеке тұлғалардың банктік салымдарының жиынтығын құрайды. Депозиттік нарығының ажырамас бөлігі-депозит, яғни бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Еліміздің депозит нарығының тұрақты дамуы және бүгінгі Әлемдік қаржы дағдарысқа төтеп беретіндей шараларды іздестіру үшін алдыменен оның қазіргі жағдайына талдау жасау керек.2009 жылдың ақпан айында қаржы нарығы мен қаржылық қызмет көрсету-дің сандық мәліметтері анықталды.Ұлттық валютаның девальвациясы мен валюталық активтер курсының қайта бағалануына байланысты депозиттік салымдардың өсуіне алып келді.Банк жүйесіндегі депозиттер мөлшері ақпан айы қаңтар айымен салыстырғанда 15,6 %-ға немесе 822,9 млрд. теңгеге өсті. Екі айдың аралығында депозиттердің көлемі 12,4%-ке өсті және 6079,2 млрд.теңгені құрады. Оған қоса, Ұлттық Банктің 2009 жылынан бастап жасаған қорытындысы бойынша заңды тұлғалардың салымдары 4486,3 млрд. теңгеге немесе 14%-ке; ал жеке тұлғалардың салымдары 8,1%-ке немесе 1592,9 млрд. теңгеге дейін жетті.
Депозиттер мөлшерінің өсіміне келесі жағдайлар әсер етті:
1) Валюталық депозиттерінің қайта бағалануы;
2) Мемлекеттің қаржы нарығына аралысуы.
Екі ай ішінде валюталық депозиттерінің мөлшері 1 трлн. теңгені, олардың жалпы депозит мөлшеріндегі үлес салмағы 48,2 %-ды құрайды.Банк жүйесін-дегі депозиттер көлемінің және ақша базасының өсуі ақша массасының көбеюіне әкеледі.Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, оның мөлшері 6,8 трлн.теңге.
2009 жылы қаржы секторының жағдайын нығайту жолында көптеген оңды іс-әрекеттер орындалды. Мемлекет экономиканың нақты секторын, яғни қаржы секторын тұрақтандыру және қолдау көрсету мақсатында қосымша қаржылық құралдар бөлді.Бұл өз кезегінде бөлінген 700 млрд. теңге екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Банк жүйесінің депозиттеріне әсер етуші барлық факторларды ескерген жөн. Заңды тұлғалардың депозиттер көлемі әлемдік тауар нарығында баға конъюктурасының өзгерісіне,ал жеке тұлғалардың депозитке деген сұранысы халықтың өмір сүру деңгейіне , азаматтардың қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкте депозиттік нарықты анықтаудың алғы шарттары
Депозит – банкке қаржы тартудың ерекше көзі ретінде
Қазақстандағы депозиттік нарық
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Барлық ұлттық банктер
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
ТЕМІРБАНК АҚ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Пәндер