Сүтке арналған пастеризациялы-суытқыш қондырғылар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: «Сүтке арналған пастеризациялы-суытқыш қондырғылар»
Орындаған: ТО-207 тобы
Рахова Е.
Тексерген: Ә. Ғ. Джилкишева
Семей - 2015ж.
Жоспар:
- Сүтті алғашқы өңдеу машиналары мен аппараттары
- Салқындатқыш қондырғылар жұмысы
- Сүт және сүт өнімдерін пастерлеуіштер
- Пастерлеуіш түрлері
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сүтті алғашқы өңдеу машиналары мен аппараттары
Сүт көптеген микроорганизмдердің көбеюінің қолайлы қоректік ортасы десек, олардың сауу кезінде тарайтынын ескеру керек. Желіннің кірлеуі, дұрыс жуылмаған сүт шлангылары мен шүмектері, сауу стакандары, сүтөткізгіштер, сондай-ақ сауын аппаратындағы коллектор мен пульсатордың тұрақты атмосфералық қысым камерасымен келіп тұратын, сиыр қораның ауасы арқылы сүтте бактериялар тарауы мүмкін.
Алайда, жаңа сауылған сүтте бактерия бірден көбейіп кете қоймайды. Себебі, сүт құрамында бактерияның өсіп-жетілуіне кедергі жасайтын заттар болады. Сүттегі антибактериалды заттар неғұрлым белсенді (активті) болса, соғұрлым бактерия көбеймейді. Бұл кезең
бактерицидті кезең
деп (ол 2-3 сағатқа созылады, мұнан кейін микрофлоралар аса тез өсіп-жетіледі) аталады. 4-6оС температурада бактерияның өмір сүруі тоқтайды да, сүттің ұзақ сақталуына мүмкіндік туады.
Әрине, бұл ерекшеліктердің (қасиеттердің) барлығы да өнімнің сапасын арттыруға бағытталған, сүтті алғашқы өңдеу технологиясы кезінде ескерілуі тиіс.
Сонымен,
сүтті алғашқы өңдеу
дегеніміз
-
сауылған сүттің бастапқы қасиеттерін өзгертпей, оның санитарлық-гигиеналық сапасын арттыруға бағытталған операциялардың кешені.
Сүтті алғашқы өңдеуге қабылдау (есепке алу), тазарту, салқындату, пастерлеу, стерилдеу, сақтау және тасымалдау сияқты операциялар кіреді.
Жеке тұрған сиыр қораларында, жазғы лагерьлерде және жайылымдарда, әдетте, сүтті ферма жанындағы сүтханаға немесе сүт өнеркәсібі кәсіпорындары жүйесіне жөнелтерден бұрын, оны қабылдап, алдын-ала салқындататын, есепке алып, уақытша сақтайтын орындар салынады.
Ал жеке орналасқан фермалар жанынан салынған сүтханада барлық сиыр қораларынан келіп түскен сүт қабылданып, алғашқы өңдеуден өткізіледі, бүкіл шаруашылықтағы сүт құятын ыдыстарды дезинфекция-лау ұйымдастырылады. Тауарлы-сүт фермаларында сауылған сүтті қабылдағанда (есепке алу), өнімнің бастапқы сапа көрсеткіштері еске алынады. Бұл көрсеткіштердің ең негізгілері - сауылған
сүттің мөлшері
мен
оның
майлылық дәрежесі
болып табылады.
Шаруашылықтарда сауылған сүтке жеке және жалпы (топтық) есеп жүргізіледі. Сауын қондырғылары жоқ жерлерде, сүтті арнайы ыдыстарға жинап, таразыға тартады немесе өлшейді. Машинамен сауғанда және сүтті арнайы ыдыстарда сақтаған кезде, соңғысында жалпы және топтық сүт мөлшерін анықтайтын сезгі болады. Кейбір шаруашылықтар сүт автоцистерналарына орнатылған арнайы есепте-гіштерді пайдаланады. Бұл есептегіштер қотарылған сүттің (литр есебімен) мөлшерін көрсетеді.
Сүтті алғашқы өңдеуден өткізген соң, оны
кілегей
,
қаймақ
,
ірімшік
,
сүзбе
,
қышқылсүт
,
т. б.
өнімдерге ұқсатады. Ол технологиялардың сұлбасы алынатын өнімнің түріне (пастерленген сүт, қаймақ, сүзбе, сары май және т. б. ) және қаптама типіне (фляга, полиэтилен пакеттер, полистерол стакандар және т. б. ) қарай анықталады.
Сүтті ұқсату үшін технологиялық жабдықтардың әмбебап жиынтығы бар. Тұтынушыға сүтті жеткізудің екі түрі болады. Бірінші жағдайда, сүт фермада алғашқы өңдеуден толық өткізіліп, сүт өнімдері бірден тұтынушыларға жеткізіледі.
Соңғы кезде автоматтандырылған сауын модулі кеңінен қолданылатындықтан, сүтті алғашқы өңдеу және ұқсату процесінде өнімді ыдысқа қаптап, қолдануға даяр ететін жабдықтар мен механизмдерді пайдаланған нарық жағдайында тиімді болып келеді.
Сүт сапасын арттыру үшін, оны механикалық қоспалардан тазартады, салқындатады және сүт зауыттарына жөнелткенге дейін 6-8 оС температурада сақтайды.
Қолданылатын сауын қондырғыларына байланысты фермада сүт сүзгілер және ортадан тепкіш тазартқыштармен тазартады. Сүтті ірі механикалық қоспалардан тазарту үшін, оны сауын қондырғыларының сүт түтіктерінде орнатылатын жабық сүзгілерден өткізеді.
Салқындатқыш қондырғылар жұмысы
Төменде жаңа салқындатқыштар жұмысы баяндалған.
УКМ-6 конструкциялы автоматтандырылған қондырғы
сүтті сүзгіден өткізіп, салқындатып және ағымдағы сүтті өлшей алады; сүт қабылдау пункттері, сүт зауыттарында және сауын сиыр фермаларында пайдаланылады. Оны «Агроживмаштехнология» акционерлік қоғамы үш комплектацияда өндіреді:
-құрамында сүт қабылдайтын бак, сүт сорабы, сүтті есепке алатын құрылғысы бар сүзгіш, пластиналы салқындатқыш, электронды басқару блогы мен басып шығаратын құрылғысы бар толықжинақты;
-пластиналы салқындатқышсыз;
-басып шығаратын құрылғысыз.
Қондырғы автономдық режімде немесе басқа да сүт өңдейтін жабдықтар (пастерлеуіш, сүт сепараторы және басқалар) кешенінде бірге жұмыс істей алады. Қондырғының отандық практикада аналогы жоқ жаңа элементтері - сүтті есептеуіш, басып шығаратын құрылғысы мен сүттің ағындағы мөлшерін дәл есепке алып, нақты партиясының мөлшерін принтерге жазып, белгілі мерзімде сауылған сүттің жалпы көлемін анықтап, тіркеу қағаз (накладная) басып береді; сонымен қатар пластиналы салқындатқыштан өткен өнімнің температурасын да, өлшейді.
Қондырғыдағы сүтті өлшеп есепке алу жүйесінің негізгі элементі - турбиналы сұйық шығынын түрлендіргіш, мұнда турбинаның айналу жылдамдығы (сүттің ағынына байланысты) электр сигналына түрленіп, электронды басқару блогына түседі. Есептеу нәтижелері принтерге жазылумен қатар, таблодан (монитордан) жарқырап көрінеді. УКМ-6 қондырғысының өнімділігі - 6000 кг/сағ; өңдеуге түскен сүт температурасы 10-30оС, ал салқындатылған сүттікі - 3-5оС мұздай су температурасынан төмен; қондырғы 1, 5 м2 алаңға орналасады; габариті 1100х800х1700 мм; массасы 170 кг; сүтті өлшеп есепке алуда дәлдіктен ауытқу шегі 0, 01%.
УКМ-6 қондырғысы
ПРМ типтес сүт пастерлеуіштерімен
бірыңғайландырылған. Сүтті тазалау сапасы - 1 тазалық тобы. Жетістігі - қондырғы көпфункциональді (үш технологиялық операция атқарады) және өнімді есепке алу дәлдігі. Өнеркәсіптен шығатын кейбір жекелеген машиналар мен агрегаттармен салыстырғанда, УКМ-6 принтерлі қондырғысы еңбек өнімділігін 1, 5 есе арттырып, материал-сыйымдылығын 2 есе және энергия шығынын 1, 8 есе азайтады, салқындату температурасын көзбен бақылап, сүтті есепке алу және техникалық құжаттарды автоматтандырылған жолмен жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қондырғыны басқа да сұйық заттарды (шырын, сыра, шарап және т. б. ) өңдеу үшін де пайдалануға болады.
ФОМ-1, 25 жабдықтар жиынтығы
(комплекті) мал фермалары мен фермерлік шаруашылықтар жағдайында сүт сүзгілеу және салқындатуға арналған. Сүт және көксүтті қыздыру үшін де пайдалануға болады. Ол сүт деңгейін көрсететін, сигнал бергіші бар, сүт қабылдайтын бактен, ортадан тепкіш сораптан, өтпелі сүзгіш, пластиналық жылуалмастырғыш, жалғастыру құбырлары мен басқару жәшігінен тұрады.
Сүтпен жанасатын бөлшектері мен түйіндері қышқылға төзімді болаттан жасалған, өздері май бөліп шығармайды.
МКЦ сериялы резервуар-салқындатқыштар
(«Кургансельмаш» ашық акционерлік қоғамы жасаған) мал фермалары мен фермерлік шаруашылықтарда сүтті жинауға, салқындатуға және сақтауға арналған.
МКЦ сериялы резервуары цилиндрлі пішінде, тоттанбайтын болаттан, үш қалыпта - сыйымдылығы 150, 200, 250 дм3 жасалады.
Флягалы сүт салқындатқыш (1. 5-сурет) фермерлік және шаруа қожалықтарында сүтті флягада салқындатуға арналған. «Фемакс» ғылыми-өндірістік кәсіпорыны (Мәскеу қаласы) жасаған конструкцияда фляганың сыртқы қабырғасын салқын сумен шомылдыру және бір- мезгілде сүтті араластыру арқылы салқындатылады. Араластырғыш турбинаның су ағыны әсерінен айналу арқылы қозғалады.
1. 5-сурет.
Флягалы сүт салқындатқыштың көрінісі
Флягаға құйылған сүтті салқындату үшін
ПОМ-2-2-0 флягалық батырғыш сүт салқындатқышы
жасалған. Сүтті 35оС-тан 4оС-қа салқындату ұзақтығы 0, 5 сағаттан көп емес.
Сүт және сүт өнімдерін пастерлеуіштер
Пастерлеу
- ауру таратқыш микробтар жою мақсатымен сүтті 85-90оС температураға дейін жасанды қыздыру. Патогенді микро-ағзаларды сүтті қайнату арқылы да жоюға болады. Бірақ, қайнатқан кезде сүттің қасиеті (дәмі және иісі) кемиді, витаминдері күшін жойып, оның химиялық құрамы да өзгеріске ұшырайды. Ал пастерлеу сүттің дәмдік, биологиялық және физикалық-химиялық құрамына онша әсер ете қоймайды.
Стерилдеу
дегеніміз сүтті 110оС-тан жоғары температурада жылумен өңдеу. Стерилдеуді ұзақ уақыт сақталатын, қаймағы алын-баған сүт пен сүт консервілерін өндіру кезінде қолданады.
Сүт өнеркәсібінде сүтті пастерлеудің үш режімі қолданылады:
ұзақ мерзімді
,
қысқа мерзімді
және
лездік пастерлеу
.
Ұзақ мерзімді пастерлеу кезінде сүтті 63оС температурада 30 минут қыздырады.
Қысқа мерзімді пастерлеуде сүт 73-75оС температура аралығында 20-30 минут қыздырылады.
Лездік режімді пастерлеуде сүтті 85-90оС температураға дейін қыздырады.
Сүт пастерлеуіштерге мынадай зоотехникалық талаптар қойылады:
-микробтардың барлық түрін толық жоюды қамтамасыз етуі;
-әртүрлі өнімдерді өңдеу мүмкіндігіне байланысты әмбебап болуы;
-аппараттың жұмысы өнімдердің иммунобиологиялық, физикалық
және химиялық қасиеттерін төмендетпеуі;
-жоғары өнімділікте буды барынша аз шығындауы;
-құрылысының қарапайымдылығы және пайдалануда сенімділігі;
-аппараттың өніммен түйісетін жұмыс органдары өнімнің және
жуушы сұйықтардың химиялық әсеріне қарсы төзімді болуы;
-пастерлеу кезінде сүт және сүт өнімдерінің шығынына жол
берілмеуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Пастерлеу кезінде қыздырғыштың типіне байланысты
жылумен қыздыру
,
ультракүлгін сәулелендіру
мен
жоғары жиілікті дірілдеткішті
қолдану
арқылы салқын залалсыздандыру және электрмен (индукциялық және омдық) қыздыруды қолданады.
Пастерлеуіштердің жіктелімі
. Мал шаруашылығында кеңінен қолданылатын сүтті пастерлейтін аппараттардың жіктелімі мынадай:
-құрылысы бойынша -
ашық
(ауа қатынасуымен) және
жабық
(ауа қатысуынсыз) типті;
құбырлы
және
ығыстырғыш барабаны бар
пластиналы
;
вакуумды
және
бумен түйісетін
пастерлеуіштер;
-жұмыс процесін атқару сипатына байланысты -
үздіксіз
және
периодты әрекеттегі
пастерлеуіштер;
-энергияны пайдалануға байланысты -
жылу
және
электр
пастерлеуіштер;
-жұмыс режиміне байланысты -
ұзақ мерзімді
,
қысқа мерзімді
және
лездік
пастерлеуіштер.
Сүт және сүт өнімлерін пастерлеу үшін жеке пастерлеуіштермен қатар, автоматты режимде жұмыс істейтін пастерлеуіш пен салқындатқыштан тұратын жүйелерді де қолданады.
ВДП типті пастерлеуіштер
сүтті ұзақ мерзімді режимде пастерлеу үшін қолданылады. Олар - жылу изоляциясы бар, су-бу жейдесімен қоршалған, түбі құю-ағызу шүмегіне қарай иілген тоттанбайтын болаттан жасалған цилиндрлі резервуар. Жейдеде бумен жылытылатын су болады. Астау сүтке толтырылғанннан кейін, араластырғышты іске қосады, қабырғааралық кеңістікке су ағызып, бу жібереді. Сүт белгіленген температураға дейін жылығанда, бу беруді азайтып, өнімді бабына келтіреді. Пастерлеуден кейін сүтті салқындату қажет болса, су жейдесіне суық су жібереді. Өнеркәсіп сыйымдылығы 300, 600, 1000 л, будың орташа шығыны - 690-700 кг/сағ. болатын ВДП-300, ВДП-600 және ВДП-1000 пастерлеуіштерін шығарады.
Жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіруде пастерлеу міндетті технологиялық операция болып есептелетінін қайта атап өтейік. Оның ролі қазіргі фермалардағы ветеринарлық тәртіптің өте төмендеп кеткен кезінде, артып отырғаны белгілі. Егер, мал бруцеллез және туберкулезбен ауырған жағдайда ҚР «Ветеринария туралы» заңы сүтті 70оС температурада 30 минут ұстап, немесе 90оС температурада 5 минут, ал ящурмен ауырған сиырдан алынған сүт 85оС-қа қыздырылып, 30 минут ұсталуы тиіс.
Жоғары температуралы энергияүнемдегіш ПМР типтес
өнімділігі 500, 1000 және 1600 л/сағ
роторлы қыздырғыштар
микроэлектронды басқару жүйесімен жабдықталған және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жоғары техникалық деңгейде жасалған.
Өңделетін өнім сүт бөлшектерінің ішкі молекулалық үйкелісі арқылы арнайы конструкциялы қыздырғышта (НОУ-ХАУ) қызады.
ПМР типтес қондырғыларды
кез-келген сүт фермаларында, фермерлік шаруашылықтардың шағын кәсіпорындарында қолдануға болады. Әрбір пастерлеуіш 1, 5 м2 алаңда орналасады. Роторлы қыздырғыштың сонылық (оригинал) конструкциясын пайдалану нәтижесінде, өнімді пастерлеу барысында, энергия регенерациялауда жоғары нәтижеге қол жеткізілген, бу немесе ыстық су өндіретін арнайы қазандық (котельная) қажет емес, ал энергия шығыны 100 л сүтке 1, 1 кВт ғана.
Пастереленетін өнімнің түріне қарай пастерлеу температурасын 0, 5-1, 0оС дәлдікпен реттеуге болады. Пастерлеуіш «Молокопровод», «Тандем», «Елочка» сауын қондырғылары желісіне немесе автономды (дара) түрде жұмыс істейді. Аппаратты және коммуникацияны жуып-шаю үшін қосымша жылу көзі қажет емес.
Пастерлеуіш технологиялық және айналымдағы ыдыстарды дезинфекциялау және стерилдеу үшін
ОП-1М озонаторымен
жабдықталған.
ПМР-0, 2 қондырғысын жетілдіру нәтижесінде
ПМР-0, 2ВТ
(жоғары температуралы) пайдаланып, соңғысының техника-экономикалық көрсеткіштерін арттыруға қол жетті. Жетілдірілген ПМР-0, 2ВТ қондырғысының (1. 6-сурет) өнеркәсіптен шығатын Б6-ОП2-Ф-1 пастерлеуіш-салқындатқышынан көп артықшылығы бар. Ол пастерлеу режімін тіркейтін ықшамды (портатив) компьютермен қосымша жабдықталуы мүмкін. 7-кестеде келтірілген көрсеткіштерге қоса ПМР-0, 2ВТ мынадай сипаттамаға ие: жұмыс бастаудан бұрын жылыту ұзақтығы 10 минуттан аз; қызмет ету ғұмыры (срок службы) 6 жыл; мүдірмей жұмыс атқаруы (бір мүдіріске) 1500 сағат.
1. 6-сурет. ПМР-0, 2ВТ жоғары температуралы әмбебап сүт пастерлеуіш қондырғы: 1- қаңқа; 2- роторлы қыздырғыш (жинаулы түрде электрқозғауышымен) ; 3- құрастыратын құбыржелісі және арматура; 4- сүт рекуператор-салқындатқышы; 5- НМУ-6 сүт сорабы; 6- өтпелі шүмек; 7- кедергі термометрі; 8- ауыстырғыш (перепускной) клапан жинаулы түрде; 9- сүт қабылдайтын бак; 10- басқару пульті; 11- тұрақтандырғыш (выдерживатель) ; 12- манометр; 13- реттеуіш кран; 14- сүт қабылдайтын бак тіреуі; 15- сүтті бакке беретін өңеш; 16- бактің төменгі деңгейі сезгісі (датчик) .
А1-ОПЭ-1000 электрпастерлеуіш қондырғысы
инфрақызыл қыздырғышты пайдалану арқылы сүт, шырын, шарап және басқа да тағамдық өнімдерді пастерлеу және залалсыздандыру үшін арналған.
Электрпастерлеуіш қондырғысы құрамына:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz