Негізгі өндірісті ұйымдастыру жайлы мәлімет



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1Кәсіпорын қызметіндегі тәуекел және оның алдын алу тәсілдері ... ... ... ... 4
2Өндірісті ұйымдастыру, негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні, негізгі өндіріс процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері және әдістері ... ... ... ... ... ... .9
4Негізгі өндіріс процесіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері ... ... ... ..11
5Өндіріс қуаты және оны есептеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды
1.Рогов М.А. Риск – менеджмент.Москва: Финансы и статистика, 2001г.
2.Балабанов И.Т. Риск – менеджмент. Москва. : Финансы и статистика, 1996г.
3.Банковское дело. Учебник / Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой. – М.:Финансы и статистика, 1995г.
4.Вальравен К.Д. Управление рисками в коммерческом банке: Учеб пособие 2-ое изд.-Вашингтон: Институт экон. Развития Мирового Банка 1997г.
5.Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер. Алматы.:Қазақ Университеті,2004 жыл.
6.Филин С.А. Финансовый риск и его составляющие для обеспечения процесса оценки и эффективного управления финансовыми рисками при принятии финансовых управленческих решений. \ Финансы и кредит 2002\ 3(93)
7.Курсабаева А.Т. Вопросы управления финансовыми рисками.\Вестник КазНУ 2005
8.Недужий А. Основные виды рисков на рынке ценных бумаг и способы их устранения.\РЦБК 1998\2
9.Редхед К.Хьюс. Управление финансовыми рисками, Москва, Инфра-М,1996

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және Құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні

СРО №3

Тақырыбы : Негізгі өндірісті ұйымдастыру

Орындаған: Байғалиева Ж.

СТ – 217

Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Семей
2015

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1Кәсіпорын қызметіндегі тәуекел және оның алдын алу
тәсілдері ... ... ... ... 4
2Өндірісті ұйымдастыру, негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні, негізгі өндіріс
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 8
3Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері және
әдістері ... ... ... ... ... ... .9
4Негізгі өндіріс процесіндегі еңбек заттарының қозғалыс
түрлері ... ... ... ..11
5Өндіріс қуаты және оны есептеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен
қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру
қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және
тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет
көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік
ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат,
энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады.
Капитал  өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс
процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және
еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды

1 Тәуекел мәні,мазмұны және функциялары
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің
ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе
болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан
келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян,
шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік іс туралы
заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның
ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне
негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:
кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге
сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі;
сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің
жалпы концептуалды моделі.
Тәуекел мәні және функциялары
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық
функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық
бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы
тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің
икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше
менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік
қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген
басқарудың ерекше жүйесі қажет.
Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті
зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі
ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он
жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды,
ал экономикалық реформалардың басталуы – біздің зерттеу объектімізге.Әдетте
тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық
жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері
мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге
болады.Егер шаруашылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса,
онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде
кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті
ынталандырғыш бар – жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс.
Тәуекелге тән сипаттың қатарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
—қайшылықтылық;
—баламалылық;
—белгісіздік.
Қайшылықтылық бір жағынан, тәуекел қоғамдық техникалық
прогресті жеделдететіндіктен, қоғадық ой пікірге және қоғамның рухани
жағдайына позитивті әсер ететіндіктен маңызды экономикалық, саяси және
рухани-өнегелік салдарға ие болуында көрінеді. Екінші жағынан, егер толық
емес бастапқы ақпарат, тәуекелділік жағдайы шартында балама шешім
қабылдауға қатысты құбылыстың дамуының объективті заңдылығын есепке алмай
таңдаса, тәуекел авантюризмге, валютаризмге, субъективизмге әкеліп соғады,
әлеуметтік прогресті тежейді, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және
моральдық шығындарды тудырады.
Баламалық шешімнің екі немесе бірнеше мүмкін нұсқаларын таңдаудың
қажеттілігін болжайды. Таңдау мүмкіншілігінің жоқтығы тәуекелділік жайлы
алып тастайды. Таңдау жоқ жерде тәуекелділік жағдай да туындамайды, яғни
тәуекел де болмайды.
Тәуекелдіктің болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол пайда болу
формасы бойынша және мазмұны бойынша біржақты емес. Тәуекел анықты
білмеуді, бір мағыналықтың жоқтығын білдіретін белгісіздікті шешу
тәсілдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің осы қасиетіне екпінді назар
аударылуы тәжірибеде белгісіздіктің объективті және субъективті көздерін
елемей басқару мен реттеуді іске асырудың келешегі жоқтығымен байланысты
маңызды болып табылады.
Тәуекел және белгісіздік
Бізді қоршаған орта мен экономикалық қатынастарда белгіссіздік және
тәуекел категориялары үлкен рольге ие. Шаруашылық қызмет құрамды бөлігі
бола отырып, белгіссіздік күрделі және маңызды экономикалық құбылыс
массаларының негізінде жатыр. Олардың әрекеттестігі бөлек экономикалық
агенттер, яғни тұтыну мен өндірудің қатысушыларының, сонымен қатар жалпы
қоғамның тиісті тәртібін көрсетеді. Әсіресе бұл экономикаларда,яғни қатаң
детерминиралды толықтырудың жоқтығы шаруашылық жүргізу нарығының жүйесі мен
әкімшілк жүйеге тән. Белгісіздік өзінің шоғырлану мәнін тәуекелде
көрсетеді. Франк Найт (1921) алғаш рет экономикалық тәуекелге өз назарын
аударып, келесідей ережені шығарды: Барлық нағыз пайда белгіссіздікпен
байланысты. П.Самуэльсон келесіні түсіндіреді: Белгіссіздік адамдардың
бір нәрсені болашақта болуын күтумен қазіргі уақытта болып жатқандықтың
арасындағы келіспеушілікті тудырады. Осы сапалық шығын пайда (шығын) болып
саналады.
Белгіссіздіктен шығатын тәуекел, әр түрлі авторларда түрліше анықталады.
С.И.Ожеговтың сөздігінде тәуекел мүмкін қауіп секілді,ол тиімді нәтижеге
жетуде сәттілікке негізделіп әрекерт етеді.Влек пен Сталленнің
әдебиеттерінде тәуекел туралы келесі анықтамаларды көрсетті:
•Тәуекел – бұл шығынның ықтималдығы;
•Тәуекел – бұл мүмкін шығын мөлшері;
• Тәуекел – бұл функция, ол негізінен ықтималдық пен шығын мөлшерінің
нәтижесі;
• Тәуекел – бұл тәуекелді жұмыстардың барлық мүмкін салдарының ықтималдығын
үлестіру вариацияларына баламалы;
• Тәуекел – бұл баламалықтың өлшенген сызықтық комбинация мен барлық мүмкін
нәтижелерінің болжалды мөлшері.
Тәуекел түрлері мен тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар
мен төмендету әдістері
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі
бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар
қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің
сыныптамасына тәуелді. Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың
нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және
спекулятивтік. Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға
мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи,
экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі
(мүліктік, өндірістік, саудалық).
• Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен
байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі
және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы.
Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей
ықпал жасайды.
• Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта
өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның
төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
• Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент
ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының
өзгеруімен байланысты.
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу
мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық
келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің
кемдігінен пайда болуы, т.б.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы
процесінде пайда болады
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1)ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2)капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге
тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
- Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу
қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез
құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады.
- Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді,
кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
- Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да
валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа
валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту
қаупімен түсіндіріледі.
- Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі
себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі
мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Тәуекелге ықпал ету әдістерінің жалпы сипаттамасы
Қазiргi кездегi экономикалық субъектiнiң тұрақты және табысты
даму талпынысы, тәуекелдi басқару жүйесi әлi тек қалыптасу кезеңiнде болып
жатқандықтан толық қолдау таба алмай жүр. Қаржылық тәуекелдi басқару керi
қаржылық салдарды болжау мен бейтараптандыру процесiн бiлдiрiп, оларды
ұқсастыру, бағалау, алдын алу мен сақтандыруға байланысты.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін
көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту
ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын
немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір
деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер
қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен
шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден
аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания
қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және
қаржылық тәуекел.
Кәсiпорынның қаржылық тәуекелi деп, белгiсiздiк жағдайда өз қаржылық
iс-әрекетiн жүзеге асырғандағы керi қаржылық салдардың, табыс пен капиталды
жоғалту формасында көрiнетiн, пайда болу ықтималдығы айтылады.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс
көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі,
қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым
сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен
қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу
көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының
жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым
шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату
қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

2 Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы
жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
•көпшiлiк
•сериялық
•жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың потокты әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп
көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi. 
Өндiрiстi ұйымдастырудың группалық әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр
түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен
кiшкене-кiшкене бөлiктермен шығарумен мiнезделедi.
Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде
қолдануға болады. 
Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен
және бөлек бiрлiктермен жеке дара жоба бойынша шығарылуын мiнездейдi.
Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi
өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл: 
•мамандандыру
•бiрлестiру
•қиыстыру
•шоғырландыру

Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда
алажаулы процестерден тұрады. Мысалы, скважина құрылысы ӨП келесiдей
процестерге бөлiнген: мұнара құрылысы; бұрғылау; сынау. Геологиялық
барлау ӨП екi этаптан құралған: iздеу және барлау (олар тағыда алажаулы
операцияларға бөлiнедi).
Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
•кезектi;
•параллельдi;
•параллельдi–кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция
аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты
неғурлым ұзақ болады.
Операциялардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық
бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып
және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан,
майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз
өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-
жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.

3 Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа
өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық
ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы
негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт
ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің
тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті
ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі
қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең
бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті
ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге
ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі
салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті
ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан
қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен
кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және
негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын
қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару туралы
Автоматтандырылған объектіні зерттеу
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Персоналды басқару жүйесінің негізгі элементі
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару («жайықмұнайгаз» мгөб мысалында)
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Персоналды кәсіби дамудың басқару
Пәндер