Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы.

Орындаған: Өмірбек І. Ө.

Тексерген: Садуақасов М. С.

Семей қаласы - 2015 жыл

Жоспары:

1. Кіріспе бөлім;

2. Негізгі бөлім;

3. Қорытынды бөлім;

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлім

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т. б. ), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т. б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы) . Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.

Ауа-мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға-атмосфераның төменгі бөлігі-бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В. И. Вернадский «тірі зат-тіршілік ететін аймақ» деген анықтама берген.

Негізгі бөлім

Мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады.

Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері - температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады.

Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. Құрал қолданып жүргізілетін әдіс микроклиматты жүйелі зерттеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Микроклиматтың кейбір көрсеткіштерінің жағдайын бақылауды үнемі және қажетті талаптарды қатаң сақтап жүргізу керек.

Атмосфералық қысым

Атмосфералық қысымның шамасы теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0 С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін) мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі. Мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты.

Ауа ылғалдылығы және қозғалысы

Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Ылғалдылық деп ауа құрамындағы су буын айтамыз. Температура және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық факторлар. Ауадағы бу мөлшері белгілі кең аралықта ауытқиды. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2, 34 г су буы болады. Атмосферадаға бу негізінен су көздерінің, топырақ пен өсімдіктің булануы нәтижесінде пайда болады. Ауадағы ылғал мөлшері температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына, өсімдік сипатына және т. б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ауаның әр температурасына сәйкес оның су буымен қанығу шегі болады. Егер осы шектен асып кетсе ылғалдылық тұман, шық, қырау және т. б. түрінде бөлінеді. Ауа ылғалдылығының сипаттамасы ретінде метеорологиялық практикада және гигиена саласында мынадай гигрометриялық көрсеткіштер қолданылады: абсолюттік, нақты, максимальдық (ең жоғарғы) және салыстырмалы ылғалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі.

Абсолюттік (нақты) ылғалдылық (А) -1 м ауадағы будың белгілі бір температурадағы (г) мөлшері.

Максимальдық (ең жоғарғы) ылғалдылық (Е) -1 м ауада белгілі бір температурада бола алатын будың ең жоғарғы (шекті) мөлшері. Ол (мм сын. бағ. ) серпімділікті білдіреді.

Іс жүзінде зоогигиеналық мәні бар көрсеткіштер-салыстырмалы ылығалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі болып табылады.

Салыстырмалы ылғалдылық (R) -абсолюттік ылғалдылықтың максимальді ылғалдылыққа қатынасы, яғни ауаның бумен тотығу дәрежесін немесе пайызын сипаттайтын көрсеткіш (R=А:Ех*100) . Ол мал қораларында, көбінесе 50-85% аралығында кейде одан да жоғары шамада ауытқиды.

Мал қора ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты бақылап отырудың маңызы өте зор. Оның деңгейі ауаның су буымен (судың газ түрінде болуы) қанығу дәрежесімен мал терлегенде оның қаншалықты қосымша ылғалды қабылдай алатын мүмкіндігін көрсетеді.

Ылғал тапшылығы (Дф) белгілі бір температурада максимальдық және абсолюттік ылғалдылықтар арасындағы айырмашылықты көрсетеді және ауаның буды жұту немесе сіңіру қабілетін көрсетеді ( Дф=Е-А) . Ылғал тапшылығы артқан сайын булану жылдамдығы мен ауаның құрғату әсері де ұлғаяды. Мал қораларында бұл көрсеткіш 7, 2 мг/ м ең аз көрсеткішке дейін ауытқиды (ауадағы салыстырмалы ылғалдылық 99% кезінде) .

Шық нүктесі (Т) -ауадағы будың суға (шыққа) айналу температурасы. Ол абсолюттік ылғалдылықтың максимальдық ылғалдылыққа жақындауын көрсетеді.

Мал қоралары ауасының ылғалдылығы. Мал қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10-15% құрайды. Қора-жайлар ауасында будың негізгі мөлшері ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен пайда болады. Мал бөлетін бумен салыстырғанда оның үлесі небары 10-30% ғана тиеді. Қора-жай ауаысына мал организмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т. б. ) пайызы едәуір (60-80 %) .

Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері. Ауа ылғалдылығының гигиеналық мәні өте зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат жағдайын көрсетеді. Соған орай ауа, өсімдік, топырақ, қора кострукциясы мен заттардың жай-күйі және микроорганизмдер арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі температурада жылуды көптеп шығаруға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы ыстық кезде де, суық кезде кері әсер етеді. Мал организмінен ылғал тері және тыныс жолдары арқылы шығады. Ылғал тері арқылы тер түрінде және газ түрінде де шығады. Әдеттегі жағдайда жақсы күтіп-баққанда мал организмі ылғалдың булануына жалпы жылу шығынының 20-25% жұмсайды. Алайда ауа құрамында бу көп болса жылу организмнен булану жолымен шықпайды. Сондықтан да ылғал көп, температура ыстық кезде әрі ауа қозғалысының жылдамдығы төмен болса (қапырық, нашар желдетілген қораларда) организмнен жылу шықпай, қызады, ыстық өтеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауа сыйымдылығынан 10 есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса организм тез мұздайды.

Мал қораларының жоғары ылғалдылығына қарсы мынандай шаралар жүргізу қажет: мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабаннан төсеніш төсеу (сонда салыстырмалы ылғалдылық 8-12%-ға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10%-ға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтар мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс.

Ауа қозғалысы топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының салдарынан болатын құбылыс. Мәселен, ауаның жылырақ массалары жоғары көтеріледі де, ал олардың орнын температурасы төмен жылжыған тасқындары басуға тырысады. Жылжи отырып олар өздерінің жылдамдықтары мен бағытын өзгертеді. Мұндай қозғалыс ауаның турбалентті құйынды қозғалысы деп аталады. Оны құйын, жел кезінде бақылауға болады. Ауаның жер бетіне параллель тегістіктегі қозғалысын жел деп атайды. Сол желдің жылдамдығы секундына метрмен (м/с) өлшенеді. Ауаның жылдам қозғалысын, яғни желдің күшін сипаттайтын жылдамдық Бофорттың он екі баллдық шкалаыс бойынша анықталады. Бүкіл республика территориясына тән қасиет-желдің күштілігі. Қыс және күз айларында олар кейде дауылға айналады. Сондықтан қыста боран, жазы мен көктемде шаңды дауыл жиі кездеседі. Желдің күштілігі топырақты эрозияға шалдықтырып, егінді жояды. Қазақстанда желдің (жер бетінен 12 м биіктікте) жалпы энергиясы 1 млрд киловатт құрайтыны есептелген.

Ауа қозғалысының мал организміне ісері. Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді. Егер желдің жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоңазиды. Шамалы ғана жел өті бұқа терісін тым тәуір салқындатады. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде оның терісінің қызуы 3, 5°С төмендейді, жүнінің беткі қабатындағы қызуы 2, 9°С, ал қалыңдау терең тұсында-2, 8°С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0, 1-0, 4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 5°С суығына тең келеді (Н. М. Комаров, 1971) . Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да микроклиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.

Ауа қозғалысы жылдамдығының секундына 0, 1 м артуы оның суыту күшінің бір шаршы метрде секундына 0, 19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтанда да зоогигиеналық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы қыста төл үшін секундына 0, 02-0, 03 метр, сақа мал үшін-0, 2-0, 5 м/с ұстау қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұқалар ұсталатын жабық мал қоралары немесе құс қоралары ауасының қозғалу жылдамдығы секундына 0, 5 және 1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-35°С кезде малға салқын болу үшін секундына 1, 5 метрге дейін арттырылады. Кейбір авторлар ауа тасқынының бағытын малдың басына бағыттаған дұрыс деген пікір айтады. Ауа қозғалысының жылдамдығын арттырған кезде, әсіресе ауа температурасы мен ылғалдылығы тәрізді микроклимат факторларын қатаң түрде ескеру керек.

Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс) мынадай болуы керек: сиыр қорада-7, 2-9, 5 мкал/(см . с) ; бұзауханада-6, 6-8; ат қорада-8, 2-9, 5; шошқа қорасында-6, 5-8. Жас төлдерге арналған қораларда катаиндекс төмен болуы керек (4-5) .

Аэроиондау және ауаның газдық құрамы

Теріс аэроиондардың малға әсері . Ауаның теріс зарядталған жеңіл иондары оң заряталған ауыр иондарға қарағанда мал, құс, тіпті балық шабақтарының организміне қолайлы әсер етеді. Иондалған ауа организмнің арнайы емес төзімділігін ұлғайтады. Олар демалған ауамен тыныс жолдарының шырышты қабығы арқылы организмге, ал өкпе альвеолалар қабырғасынан өтіп қанға енеді. Сол кезде қандағы коллоидтардың зарядталуы ұлғаяды, ал керісінше, оң иондар жұтқан кезде-азаяды. Сондай-ақ иондардың организмге тері рецепторлары арқылы (мәселен, шошқада) тікелей, ал зат алмасу процестерінің нейроэндокриндік реттейтін жоғарғы тыныс жолдарының нерв ұштары арқылы жанама әсер етуі мүмкін. Сыртқы ауада (бір текше сантиметрінде) 250-450 мың жеңіл теріс ион болса, қора-жай ауасында олардың саны едәуір кемиді (50-100 мыңға дейін) .

Атмосфералық ауаның құрамы

Газдар
Көлемі бойынша, пайызы
Салмағы бойынша, пайызы
Газдар:

Азот

Оттегі

Көмірқышқыл газы

Аргон, гелий, неон, криптон және т. б. инертті газдар

Озон

Су булары

Көлемі бойынша, пайызы:

78, 08

20, 94

0, 03-0, 04

0, 94

0, 1

0, 01 . . . 4

Салмағы бойынша, пайызы:

75, 52

23, 16

0, 046

1, 28

0, 17

-

Ауадағы механикалық қоспалар

Ауада әруақытта шаң-тозаңның аздды-көпті мөлшері кездеседі. Ауа шаңының және басқа қоспалар ерекшелігі олардың бөліктерінің тез қонуға деген қабілеті бар тозаң болып табылады. Шаң негізінен жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0, 25-25 мг/м аралығында. Зерттеулер нәтижесінде мұхит үстінде әрбір см бетте 100 шаң бөлшегі кездессе, ал қалаларда 100 мың данаға дейін кездесетіні анықталған. Көп шаң ауада қатты желде, дауылда, орман өртенгенде, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар жұмысының салдарынан пайда болады. Өнеркәсіп орындарының шаң түріндегі қалдықтарында өте майда минералдық (кремний, барий, темір тотығы, күшәлә) және өсімдік бөлшектері мен тозаңы кездеседі. Мысалы, Арал теңізінің құрғауы бүкіл Орта Азияда құрғақ желдің және шаңды дауылдың пайда болуына себебі болып отыр.

Мал қораларының ауасындағы шаң жем-шөп тарату, төсеніш төсеу, оны жинау, малдың, әсіресе құстың орнын ауыстырғанда көптеп жиналады. Олар органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді. Минералды шаң қорадан тыс жерде (топырақ бөлшегі, кварцты, әкті және т. б. ) болады. Қора ауасында органикалық шаң көп (өсімдік талшықтары мен спорлары, дән, жем-шөп, төсеніш, қи, эпидермис, қауырсын, жүн бөлшектері, микроорганизмдер) кездеседі. Шошқа қораларында мөлшері 1 см ауада 80-95 шаң бөлшектеріне дейін кездеседі.

Шаңның мал организміне әсері . Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларымен және микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады. Соның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді.

Көздің кілегей қабығына түскен шаң конъюктивит, кератит (көз етінің қабынуы) тудырады. Шаңның кез-келген әсері тек оның мөлшеріне, шығу тегіне ғана емес, оның бөлшектерінің мөлшеріне де байланысты. Қазіргі уақытта шаң деп мөлшері 0, 1 мкм дейінгі бөлшектерді, ал одан кіші бөлшектерді түтін деп атайды. Оның бөлшектерінің мөлшері 0, 2-5 мкм аралығында болса өте қауіпті. Мұндай шаң бөлшектері өкпеге, тіпті альвеолаларына дейін оңай өтіп, тез қонады (60-80%) . Шаң бөлшектері тыныс жолдарына түсіп, танау, жұтқыншақ, кеңірдектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп жаралайды. Сөйтіп, инфекция қоздырғыштарының енуіне жағдай тууғызып, катаралды (қабыну) процестердің жіті және созылмалы түрлері пайда болып, өршуіне мүмкіндік береді.

Шаң-тозаң өкпе ауруларының көптеген түрлерінің өршуіне альвеолаларда шаң бөлшектері жинақталатын экссудаттардың жиналуы себепкер болады. Экссудат бірнеше мәрте пайда болып, өзінен өзі керісінше тарап тартылып кетіп отыруы мүмкін. Соның салдарынан альвеола қабырғалары қалыңдап, қанталап альвеолит, бронхиолит пен периобронхиолит сияқты процестер өршиді. Тыныс жолдарына терең енген майда шаң фагоцитозға ұшырайды.

Фагоциттер шаң бөлшектермен (кварц, көмір, әк және т. б. шаңы) қосылып, альвеолаларда, альвеолааралық қандарда, ұсақ лимфа түйіндері мен лимфа қан тамырларына өте мол жиналады. Олар жинақталып тіршілік ету қабілетінен айырылған жерлерде байланыстыру ұлпасы өседі. Сол ұлпа бірте-бірте қыржымдалып, тыртық тәрізденіп бітеді де қан тамырларын қыссады. Соның салдарынан бір орында ателектаза, екінші орында-эмфизема пайда болып, ақырында тыныс қызметі бұзылады. Осылайша пневмокониоз, өкпе фиброзы пайда болады.

Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы көп болғанда жиі кездеседі. Ал өкпе фиброзы құрамында асбест және кремний қос тотығы (диоксиді) бар шаңды мол жұтқаннан болады. Ол қойда кең тараған, ірі қара мен шошқада сирек кездеседі. Силикоз кезінде өкпе ұлпасының кейбір жерлері байланыстыру ұлпасымен ауыстырылып өз функцияларын жоғалтады.

Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту

Шаруашылықтардағы мал өсіретін қора-жай ауасын зерттеген кездегі көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді (қамыс, сабан, ағаш ұнтағы) пайдаланып ондағы канализация және желдетілу жүйесі жақсы жұмыс істесе, онда қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы болмайды. Мал қора-жайының ауасында үлкен көлемде көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары болуы осы мал қора-жайының тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.

Мал қора-жай ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру керек немесе қалың қамыс (сабан) немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану (малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай орналастыру) . Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңылауынан кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасынан 80 есе немесе одан да жоғары дәрежеде ластауы мүмкін (В. М. Печугин) . Ал малды байлап өсіретін қора-дайдағы ауада аммиак жиналуының алдын алу үшін төсенішке (1 кг суперфосфат-2, 5 кг төсеніш материалға) суперфосфат қосу ұсынылған, осының нәтижесінде ол ауадағы аммиакты қосып алып, байланыстырып қиды азотпен байытып, оның сапасын жақсартады.

Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын (қабылдайтын) орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатады.

Ал жылытылатын мал қора-жайы (құсхана) ауасында көміртегі тотығы кездесуі ол пеш және жылыту құралдарының жөндеу керектігін көрсетеді.

Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек.

Мал қора-жайының ауасында үлкен көлемде көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары болуы осы мал қора-жайының тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.

Мал қораларының ауасын улы газдардан тазарту үшін сыртқы ауаның тазалығын қамтамасыз ету, желдету жүйесінің жұмысын жақсарту (қажет болса улы газдарды олардың жиналған жерінен сорып шығару), сондай-ақ шаруашылықтардың гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық мәдениетін түзету, соның ішінде канализация жүйесінің жұмысын ретке келтіріп, қиды дер кезінде шығарып отыру керек. Сондай-ақ ылғал сіңіргіш төсеніш пайдалану, әсіресе зиянды газдар мен буда жақсы сіңіретін материалдарды қолдану тиімді.

Мал қорадағы аммиактың жиналу көзін азайту үшін ауаға формальдегид (аммиакқа қатынасы бойынша 50%) аэрозолін шашу керек. Формалиннің ауадағы аммиактың иісін азайтумен қатар дезинфекциялайтын да қасиеті де бар.

Аммиакты тағы басқа улы газдарды қора-жай ауасын озондау және иондау нәтижесінде азайтуға болады.

Ауа гигиенасын қаматамасыз ететін шараларды жүргізу кезінде, күкіртті сутегінің пайда болатын көздерін жоя отырып, барлық ауа ластайтын (төсеніш, желдеткіш жабдықтарын жаңарту, т. б. ) орындар жаппай зоогигиеналық талаптарға сай қалыпқа келтірілуі қажет.

Ауаның әруақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және санитариялық жағдайын бақылау аса қажет. Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т. б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әртүрлі дисперстік қоспалар да кездеседі: күкіррті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр қораларын жобалау
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Шошқаның гигиенасы туралы
Қораны жарықтандыру
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Ірі қара малының гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаларды ұстау жүйелері
Шошқаларды ірілендірілген комплекстерде ұстау жүйесі
Аналық шошқа қоралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz