Жүн өңдеу



1. Жүн
2. Жүн өңдеу
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүн өңдеу – жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау), бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әр түрлі бұйымдар дайындау.
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.
3. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет

БАӨЖ
Тақырып: Жүн өңдеу

Орындаған: Баймұханбетова А.Е.
Топ: ТК-223
Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей қ. 2015
Жоспар:
1. Жүн
2. Жүн өңдеу
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жүн - қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 - 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 - 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүн өңдеу - жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау), бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әр түрлі бұйымдар дайындау.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды халық бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны "жабағы" дейді. Әлгі жабағының астынан "боздақ" деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күпі тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер иіреді.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. "Шуда" деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқауылдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда жіп шертер, т.б. ән-күй аспаптарына ішек есебінде де тағылған.
Қойдың жүнін "жабағы", "күзем жүні", "қозы жүні", "өлі жүн" және "шет-пұшпақ" деп бес түрге бөліп айтады. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жұмыс жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де жасалады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің тысының арасына салуға да жарамсыз. Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектер де қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді өтетін-ді. Жүн сабалып болған соң "тулақ шашу" деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді. Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым-шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығы 1 м 20 см-дей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі 2 см-дей, бас аяғы бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді. Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады (қ. Киіз басу). Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді "өлі жүн" деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді "шет-пұшпақ жүн" деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды қайта өңдеу. Жүн мен қылшықты өңдеу. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу
ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ
Түкті жүн маталарының қасиеттері
Мақтадан жасалған жіптер
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Табиғи талшықтар мен маталар классификациясы
Бояғыштар
Табиғи талшықтар
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Былғары және мех шикізатының тағайындалуы
Пәндер