Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты

Орындаған: Мұхаметқалиева Г. А.

Тобы: ВС - 403

Тексерген: Қуантхан Биболат

Семей қаласы, 2015ж

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Экономикалық жүйе мәні

2. 2. Экономикалық жүйе элементтері

2. 3. Экономикалық жүйенің даму сипаты

III. Қорытынды

Кіріспе

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

- меншік құрылымы;

- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) - өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.

Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші (типке) тұрпатқа өзгереді.

Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы - А. Смит. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы» (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д. Рикардо (1817ж. ), Ф. Лист (1841ж. ), Дж. С. Милль (1848ж. ), К. Маркс (1867ж. ), К. Менгер (1871ж. ), А. Маршалл (1890ж. ), Дж. М. Кейнс (1936ж. ), П. Самуэлсон (1951ж. ) еңбектерінде орын алды.

Экономикалық жүйенің даму беталысы туралы қарама-қарсы көзқарастардың тұжырымы бойынша:

1. Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді, бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас.

2. Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігіп, жаңа экономикалық жүйені туындатады.

Мұндай қарама-қайшы көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру - мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау - одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.

Экономикалық жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы.

Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; және т. б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық - рыноктың және мемлекеттік өндірістің сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» - деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі) .

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1. 1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

1. 2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

1. 3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

1. 4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

2. 1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

2. 2. Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

2. 3. Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы - материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі - нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі - бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

4. Қытайлық үлгі - бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ МЕН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Әлеуметтанулық зерттеулер
Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным
Ұйымның ішкі ортасына сипаттама
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Саяси жүйе жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz