Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзін оқып шығып, талдау жасау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атандағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзін оқып шығып, талдау жасау.

Тексерген: Бураханова А. Т.

Орындаған: Байдолдаева Б.

ПХ-315 топ

Семей 2015ж

Жоспар:

1. Бұқар жыраудың толғауынан үзінді.

2. Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесі.

3. Кенже бидің нақылдары.

4. Абайдың "он төртінші" қара сөзі.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға- Бұқар жырау. Жыраудың шығармаларын жинастырған Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың әкесі Қалқаман - батыр болған көрінеді. Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуірдегі көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан, Қазақтың ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты Бұқар өмірі хақында да біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында да нақты деректер жоқ. Оның қанша жасаған адам екені де белгісіз. Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет - жыраудың Абылайдан (1713-1781) бұрын туып, соң өлгендігі.

Толғаулары

Жыраудың “ Он екі айда жаз келер ”, “ Абылай ханның қасында ”, “ Ханға жауап айтпасам ” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “ Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек ”, “ Әлемді түгел көрсе де ”, т. б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі - жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “ Қилы заман ” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан. ”

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “ Қилы заман ” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” - деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “ Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек! ” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесі.

Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім - Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты - туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі, сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Басты мәселе - ар ілімі, моральдық төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің “ілімі” деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: “Әрине, жанның өлген соң тазарып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттық көп айырмасы жоқ болса керек. Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы - ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы”. (Үш анық. 44-45 бб. ) Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі “каллокагатия”, И. Канттың “Кесімді иператив” ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім.

Кенже бидің нақылдары.

Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті. Кенже би - заманында күллі Қарқаралы дуанына аты шыққан, сөзі өтімді, дәті берік жан болған екен. Қаракесектің бел баласы Тоғалақтан тараған, әйгілі Матақ батырдың ұрпағы. Қазіргі Томар ауылының маңайын жайлаған жан. Бұл кісі би бола тұра, дау-дамайға көп бара бермейді екен. Тек шешімі табылмаған күрмеуі қиын мәселелерге ғана араласып, өз байламын айтып кетіп отырған. Және үнемі әділеттілікті жақтаса керек. Зираты Доғалаң жаққа қарай қойылған. Бұл кісінің тапқырлығы, дәтінің берікті жөнінде ел арасында кеңінен тарап кеткен. Қазіргі Қ. Аманжолов атындағы округтің жерінде бір заманда Әйтімбет, Тілеубай деген рулар қыстаған екен. Бұл аумақ Қарқаралы мен Томардың жолында болғандықтан әрі-бері өткен жолаушылар Тілеубайлардың үйіне түндікке қонып қалып, таң ата жолға шығып кетіп отырады. Сол Тілеубайдың бір азаматына бақ қонып, дүниесі дөңгелеп, алдына мал бітіп, аз уақытта байып шыға келген екен. Бірақ малы қанша көбейгенімен әлгі байғұстың көңілі соншалықты тарыла береді. Тіпті жол аузындағы үйіне түскен жолаушыны, «Ырысымды ішіп кетер»-деп үйіне түсірмейтін дәрежеге жетеді. Бір сөзбен айтқанда Шық бермес Шығайбайдың дәл өзі болып шыға келеді. Тілеубайлық азаматтың бұл ісінен хабар алған Кенже би, сол елдің игі жақсыларының тентектерін жөнге салмағандарына ренжіп, өзі барып, ақыл айтып, тоқтау салмаққа қасына атқосшы ертіп жолға шығады. Түс ауа атқа отырған олар, ел орынға отырған шақта әлгі байдың үйіне келіп жетеді. Есігін тарс бекітіп алған екен. Сыртан қағып, қонақ келіп тұр деген белгі береді. Сонда үйде жатқан бай, есігін ашпастан: - Бұл қайсың ей?-деп ақырады. Жолаушылар: - Біз Тоғалақтың баласымыз, Мен сол елдің биі Кенжемін, -дейді Бай болса: - Кенже болсаң қайтейін, үйге өзіміз әрең сиамыз, қондыратын орын жоқ, анау іргедегі күлге жатыңдар, пештен жаңа шығарылған, астарыңнан сыз өтпесе болды емес пе? - деп жауап қатып жата береді. Сонда Кенже би ат қосшысына: - Сен Тілеубайдың игі-жақсыларына тарт, бардағы Кенше би, сендердің сараң байларыңның күресінінде "өлді" деп айт, - деп жөнелтіп жібереді де, өзі тұлыпқа оранып алып, күлдің үстіне жата кетеді. Ат қосшыдан аталмыш хабарды естіген Тілеубайлықтар, расмен де Кенже өліп қалса, ағайынға масқара болған екенбіз, десіп, Сараң байдың үйіне қарай ағылады. Келсе расымен де Кенже би күл үстінде жатыр дейді. Бірақ өлмеген тірі. Тұлыпқа оранып алып, сұлап жатыр. Түкке түсінбеген сол елдің ақсақалдары: - Кенжеке бұл не қылғаныңыз? Өлді деп сәлем айтып жібергеніңізді қалай түсінсек болады?- деген сауал тастайды. Сонда Кенже би:- Қазағым қашанда жолаушыға құшағын айқара ашып, қолындағы барынан дәм татқызуышы еді, болмаса қара су болса да беретін еді. Бірақ сол дәстүрді ағайынымыз Тілеубайлар бұзып отырса, сол елден, дәстүр бұзар тентекті жөнге салар бір ақсақал шықпаса Кенше өлмей кім өлді? Төренің салтанаты сарайына қаймықпай кіретін Кеншені ағайыны Тілеубайдың шала байыған тентегі күлге жат деп, қараша үйіне кіргізбесе, Кенже өлмей кім өлді? - деп жауап қатқан екен. Бұл жауапқа қарсы уәж айта алмаған Тілеубайдың игі- жақсылары Кенже биден кешірім сұрап, қысыр бастаған үш тоғыз айыбын алдына тартады. Сонда Кенше би: - Мен сіздерге хабаршы жібергенде, айыпқа мал алайын деп жібермеген едім. Тентектеріңді жөнге салып, ата-салтты бұздырмай сақтасаңдар болғаны, маған басқа еш нәрсенің де керегі жоқ, -деп аттанып кетеді. Осыдан соң, Тілеубайлықтар көз ұшында атты адам көрінсе болды, үйіне шақырып, бір қондырмай жібермейтін болған екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Доспамбет жыраудың толғаулары
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Қожаберген жырау
Шыңғыстауға қоныстануды тобықты жұртын
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Базар Жырау Оңдасұлының шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz