Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II.Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
1.3 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.4 Студенттерге оқытуды ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Студенттердің әлеуметтік.саяси
әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді [1, 18-19 бб.].
Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.
Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы – заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады...» – деп атап көрсетті [2, 3 б.].
Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше.
Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт [3, 24-26 бб.].
Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.
Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: КСРО тұсында республика шеңберінде Р.Б. Абсаттаров пен Б.К. Байлярованың «Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе» [4], В.В. Трошихинның «Политическое развитие личности» [5], М.М. Сужиковтың «Политическая культура студентов» [6], О.Н. Белоус пен К.Г. Ахметовтың «Формирование политической культуры у студенческой молодежи» [7], Т.Т. Мустафиннің «Политическая культура и социально-политические ценности студенческой молодежи» [8] еңбектері студенттердің саяси-идеялық тәрбиесіне, саяси мәдениетінің қалыптасуына, тұлғаның саяси өсуіне бағытталған.
Отандық ғалымдарымыз арасынан Ж.Б. Қоянбаев еңбегін ерекше атаған жөн [9].
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің ертеңгі маман ретінде болашақ өмірге бағдар алуына жол ашу болып табылады.
Зерттеу міндеті: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу объектісі: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: Педагогика мен психологиядағы студенттердің өзіндік ерекшелігі.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005. – 47 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 ж. – 19 наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004. – 20 наурыз.
3. Шешукова Г.В. Роль и место системы образования в политической социализации населения современной России // Credo. – 1998. – № 4. – С. 24-26.
4. Абсаттаров Р.Б., Байлярова Б.К. Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе. – Алма-Ата: КазГУ, 1989. – 32 с.
5. Трошихин В.В. Политическое развитие личности. – Алматы: Наука, 1990. – 158 с.
6. Сужиков М.М. Политическая культура студентов. – Алма-Ата. - 1986.
7. Белоус О.Н., Ахметов К.Г. Формирование политической культуры у студенческой молодежи. – Алма-Ата. - 1987. – 37 с.
8. Мустафин Т.Т. Политическая культура и социально-политические ценности студенческой молодежи // Культура и социальные ценности личности в социалистическом обществе. – Караганда. - 1978.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2002. – 384 б.
10. Возрастная и педагогическая психология: раскрыть, понять, поддержать: Пособие для воспитателей и родителей. М. Москва психолого-социальный инст. Флинта, 1998.
11. Дружинин В.Н. Психология общих способностей - СПб: Издательство "Питер", 2000.
12. Жұмабаев М. Педагогика. А., Жалын, 1982.
13. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982.
14. « Қазақстан – 2030 » Назарбаев Н. Білім. 1998. 13б.
15. Педагогика. Дәріс курсы. А., «Нұрлы әлем» 2003.
16. Философский словарь (Под. Ред. Москва) Политиздат, 1986. И.Т.Фролова.
17. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1966.
18. Ильинский И.М. (рук.), Алешенок С.В., Володин И.А., Голубева Т.Л., Елизаров В.В., Луков В.А., Саградов А.С., Юртаев В.И. Молодёжь планеты: глобальная ситуация в 90-годах, тенденции и перспективы. – М.: Наука, 2001. – 54 с.
19. Қазақстан жастарының Конгресі. - Ақтау. – 2001. – 6 қыркүйек.
20. Ануфриев В.А. Социальный стасус и активность личности. – М. Политиздат, 1983. – 137 с.
21. Бестужев-Лада И.В. Молодость и зрелость: Размышления о некоторых социальных проблемах молодежи. – М.: Политиздат, 1984. – 207 с.
22. Кон И.С. Психология старшеклассника. - М.: Просвещение, 1980. – 191 с.
23. Титма М.Х., Саар Э.А. Молодое поколение. - М.: Мысль, 1986. – 254 с.
24. Козлов А.А., Лисовский А.В. Молодой человек: Становление, образ жизни. – М.: Политиздат, 1986.
25. Сабитов Н. Мектеби и медресе у казахов. - А-Ата: ҚКӘБ. – 1950. - 20 б.
26. Нұрмағамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования. - Алматы, 2002. - 35 с.
27. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: Егемен Қазастан, 2004. – 16 қазан. - 3-4 бб.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҒЫЛЫМИ
ЖЕТЕКШІ:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
I-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын
ұйымдастырудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...11
II-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
4. Студенттерге оқытуды ұйымдастырудың
түрлері ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси
әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... .49
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...53
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып
табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы
халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы
18-ақпандағы халыққа жолдауында: ((( ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми
қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы
білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы
заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз – деді
[1, 18-19 бб.].
Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік
сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-
намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам
болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін
мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.
Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-
міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы –
заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: Ұлттың
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады... – деп атап көрсетті [2, 3 б.].
Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының
аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік
мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі
тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани
құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде,
олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше.
Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған
күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі
педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу
қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік
дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт
[3, 24-26 бб.].
Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын
тұлғаны дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім
беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге
байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті
елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке
басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент,
ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.
Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,
санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің
қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты.
Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып
өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге
тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: КСРО тұсында республика шеңберінде Р.Б.
Абсаттаров пен Б.К. Байлярованың Идейно-политическое воспитание в
студенческом коллективе [4], В.В. Трошихинның Политическое развитие
личности [5], М.М. Сужиковтың Политическая культура студентов [6], О.Н.
Белоус пен К.Г. Ахметовтың Формирование политической культуры у
студенческой молодежи [7], Т.Т. Мустафиннің Политическая культура и
социально-политические ценности студенческой молодежи [8] еңбектері
студенттердің саяси-идеялық тәрбиесіне, саяси мәдениетінің қалыптасуына,
тұлғаның саяси өсуіне бағытталған.
Отандық ғалымдарымыз арасынан Ж.Б. Қоянбаев еңбегін ерекше атаған жөн
[9].
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің ертеңгі маман ретінде болашақ өмірге
бағдар алуына жол ашу болып табылады.
Зерттеу міндеті: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен
жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу объектісі: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшлігімен
жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: Педагогика мен психологиядағы студенттердің өзіндік
ерекшелігі.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері
Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін
болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы
аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік
жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне
әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы
студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі
семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі
үлгермеушілікке және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған
байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік
құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма
беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары
болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының
дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі
мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес,
студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру
функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен
тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін
құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және
өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
әдістемелік қамтамасыз ету,
бақылау және орындалу бағасы,
талдау және жетілдіру.
Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау кезінде, студенттердің өздік
жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (СМЖӨЖ) да сағат
бөлу керек,, яғни СМЖӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика,
студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек.
Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін
комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс. Студенттердің оқытушының
жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне
енгізілуі тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда өткені жөн.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің
өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек
сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-
графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі
керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің
мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына
бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және
қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы
баяндама немесе деректі мәсеені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде
ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары
қажет. Мысалы, студенттердің жазған мазмұндамасын, жасаған семестрлік,
курстық жұмыстарын әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас
ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Барлық инженерлік қызметтің негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық және
жобалық-технологиялық құралымнан тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық
жоба сияқты жобалық-конструкторлық және оқу ісінің синтезін құрайтындықтан,
болашақ маман үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет курстық
жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық
жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға
болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс
істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін
арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер
таңдау еркіндігін алады.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже
береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру
– оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді
тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне
сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін
қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының
анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу
үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-
нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Әрбір студенттің өсуі мен жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін,
оқытушы олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген және
ерекшеліктеріне сай болуға тиісті, яғни бұл жерде жеке студентке тең
құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор. Қайталап айтатын
болсақ, жоғары мүддеде үлкен қарқынмен оқыту талабына сай студенттердің
өздік жұмыстарына көбірек уақыт беру арқылы оқушының өздігінен ойлау
қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыратын деп сөз жүзінде айтып қана қоймай,
сонымен қатар, білім беру ісінің сапасын арттыру үшін оқыту үстінде оң
қабақ танытып, ұнамды көңіл қоюдың да мәні зор.
Білім беру барысында мұғалім пәнге деген қызығушылықты тудырып, оқушы
содан қанағат алатындай жағдай жасауы керек. Өйткені оқу материалын саналы
түрде меңгеру, оның қажеттілігін түсініп, мәнін ұғынуға көп байланысты.
Сабақ өткізу кезінде іскер ойын ұйымдастыру да үлкен жетістікке
жеткізетіндігі жаңалық емес. Ойынның мақсаты оқу жоспарының мағынасына,
студент-ойыншылардың құрамына, олардың дайындығына, ойынға кететін уақытқа
және сабақтың тақырыбы мен мәніне байланысты шешіледі. Ойын пікірталасқа
негізделген мағыналы, ақпаратты және берілген сабақтың тақырыбын ашатын
нақтылы болуға тиісті. Ойынға қатысушы студенттер нақтылы жағдайды өз
беттерімен қарастырып, ойынның мақсатына өз жетістіктерімен жетулері тиіс.
Ең бастысы – оқытушы ойынды ойыншы қауымның өздері ұйымдастыруына ерік
беріп, оларды қанағаттандырып отыруы керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатын тиімді шешудің және
бір түрі – үйренген оқыту әдісінен алшақ, қазіргі кезге сай ғылыми
дәйектелген және жете зерттелген оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарын
оқыту үрдісіне енгізу. Студент оқулықты жете түсініп, жеңіл қабылдауы үшін,
сабаққа өздігінен дайындалу барысында қолданатын әр пәннің лекциялық
курстары, оқулықтары және оқу құралдары міндетті түрде оқу жоспарына сәйкес
болғаны жөн. Сонымен қатар барлық қажетті оқу-әдістемелік және анықтама
материалдары баспа түрінде де, электронды түрде де жеткілікті және қол
жеткізерліктей болуы міндетті.
Дербес танымдық қызметте оқытушы және студент жүйесінің іс-әрекетіндегі
жетістікті анықтайтын маңызды факторлардың бірі педагогикалық қарым-қатынас
болып табылады. Ол мұндай жағдайда хабар алмасу ретінде емес, адамның басқа
адамдармен өзара байланысының тұрмыстық тәсілі ретінде қарастырылады.
Егер студенттерге білім беру және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі
педагогикалық қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі
және ұйымдастырушылығы ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің
мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, әдіс-тәмсілдер мен құралдарды іріктеп
алу да қамтамасыз ете алмайды. Сабақта қарым-қатынас кезінде сезімталдық
пен тілектестік, табиғилық пен еркіндік, адамгершілік жағдайын жасау
студенттің тілдік қызметін және белсенділігін жандандырады. Әдеттегідей,
оқытушы сабақтарда студенттермен іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға
тырысады, онда шет тілінде сөйлеу қолдайтындығын, ынталандыратындығын,
қуаттайтындығын және тағы басқа танысу үшін қолданылады.
Өкінішке қарай, іс жүзінде оқутышалардың студенттермен қарым-қатынасының
мынадай түрлері таралған: педагог талап етеді – студенттер оны бұлжытпай
орындайды, педагог сұрақ қояды – студенттер оған жауап қайтарады және тағы
басқалары.
Мұндай жағдайда ынтымақтастық жайында, адамгершілік қарым-қатынасын
тәрбиелеу туралы, әрқайсысын белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау
бекер. Тек адамгершілік, тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық
жағдайында студенттер өздерін іштей еркін сезінеді, педагогикалық ықпалына
қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді. Студенттер бәрінен бұрын
талап қойғыш және әділетті педагогтарды ұнатады және бағалайды. Алайда
бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік,
жаны ашығандық, жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында танытатын
ұстаздарды сыйлайды.
Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту
процесі кезіндегі педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және
әдептілік қағидасы. Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол
тілде сөйлейтін халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерде
көрініс тапқан едәуір ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен
сипатталады. Бірақта жалпыға бірдей қағидалар да бар. Егер адамдар өзара
түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол жолға бірдей қағидаларды
басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас жасаудың, тіл табысудың анық
та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді.
1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын
ұйымдастырудың әдістері
Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындары білім берудің
кредиттік жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі -
әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып
елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан
қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар, студенттің ізденуіне,
жаңаша көзқарас тұрғысынан келіп, сапалы білім алуына жағдай туғызу. Кредит
сөзінің мағынасы – сенім, яғни студентке сенім білдіру арқылы оның білімін
көтеруіне, өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығармашылықпен
меңгеруіне жол ашу. Оқытушы әрбір өтілетін тақырыпты жіктеп, жіліктеп
түсіндіріп, студенттен сол материалдарды қалай меңгергенін сұрау арқылы
оның білімін бағалауды мақсат етпейді. Әрбір өтетін тақырып төңірегінде сол
тақырыптың ерекшелігі жайлы, студент аталған тақырыптан қандай мәселелерді
меңгеруі керектігі жөнінде бағыт-бағдар береді. Ал студент сол ұсынылған
бағыт, түсінік негізінде қажетті, білуге тиісті материалдарды өзі ізденіп,
алынатын білімді толық меңгеруі қажет. Оқытушы өзі дайындаған силлабуста
студентке берілетін білім мазмұнын, әрбір модульдік бақылау барысында
студенттің нені білу қажеттілігін және көрсетілген тақырыптар бойынша
пайдаланылатын әдебиеттің тізімдерін жан-жақты көрсетеді. Бір сөзбен
айтқанда,студент үшін силлабус білім алудың, ізденіс жұмыстарын жүргізудің
басты бағдарламасы болмақ.
Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері өзіне тән
қиыншылықтары болады. Студенттің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын
міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін, әр пән
оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың
принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін топтарда
қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын,
дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық
құрылысын игеруге, ойын еркін жүргізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге,
жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге
жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Тыңдаушыны мұндай
дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары
бар. Басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілін оқитын адамның
ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, оны үйретудің тиімді жолдарын
көрсетудің маңызы зор. Бұл ана тілді оқыту әдістемесінен екінші тілді оқыту
әдістемесінің өзіне тән ерекшеліктері болатынын дәлелдейді. Алайда орыс
тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемесімен, орыс тілін басқа ұлт
өкілдеріне үйрету әдістемесімен шет тілдерін оқыту әдістемесімен тығыз
байланысты жақтары да күшті. Сондықтан олар бір-бірінен нәр алып, толығып
отырады. Тілдерді оқыту әдістемесінің байланыстылығы, жалпы ортақ
мәселелердің көптігі соңғы кезде лингводидактика ғылымын туғызды. Қазақ
тілін орыс аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу
тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет
тілдерді оқыту, орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып, үйренеріміз көп.
Қазақ тілін басқа тілді аудиторияларда оқыту барысында қазақ тілінің
өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз қажет. Қазақ тілі сөз жасау
жағынан жалғанбалы (агглюнативті) тілдер тобына жататындығы бәрімізге
белгілі. Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады,
сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы, сөзге жалғану
кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге
жету үшін, біздіңше мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген
тиімді. Ең бастысы, студенттің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін
сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және
синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын
ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету студенттің тілдік қорын
байытуда оң нәтижелер береді.
Екінші, қазақ тілінде сөйлемде сөздердің орын тәртібі тұрақты екенін
ескеріп, берілген сөздер арқылы сөйлем құрап үйренуге баулу қажет.
Үшіншіден, жалғау түрлерін, олардың сөзге беретін мағынасын меңгеру
арқылы сауатты түрде өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе алу дағдыларын
қалыптастыру.
Төртінші, қазақ тілінде сөйлемді тиянақтап, айтылған, ойды тұжырымдап
тұратын сөйлем мүшесі – баяндауыш. Баяндауыш негізінен етістіктен болады.
Сондықтан студенттерге етістіктің шақтарын, оның жасалу жолдарын меңгерту
олардың өз ойын жүйелі түрде жеткізе алуына негіз болады.
Басқа тілді студенттерге қазақ тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін
студенттің өзіндік ізденіс жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білудің де маңызы
зор. Қазақ тілінен ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру студенттің білімін
тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық
сезімін оятуға көмектеседі, олардың жан-жақты қабілеттігі мен шығармашылық
күшін дамытады және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жәрдемін
тигізеді.
Тіл үйренуші аудиториядағы сабақ үстінде ғана білім алып қоймайды,
өзіндік ізденіс жұмыстарын орындау арқылы да қазақ тілінен білім деңгейін
кеңейтіп отырады. Студенттің өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру мынадай
мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді.
Біріншіден, студенттердің қазақ тілінен алған теориялық және практикалық
білімдерін бағдарламадан тыс материалдармен толықтыра, жетілдіре түсу.
Екіншіден, қазақтың әдеби тілі туралы, оны жасаған халықтың тарихы
туралы қосымша әдебиеттермен таныстыру.
Үшіншіден, қазақ тілі пәнінен түрлі үйірме, пән апталығы, конкурстар
ұйымдастыру және студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндамалар жасату арқылы олардың тілді үйренуге деген белсенділігін
арттыру.
Студенттердің өздік жұмысын жүргізу барысында мынадай білімділік
дағдылар іске асады:
1. Қазақ тілінен өткен материалдарды бекіту, нығайту;
2. Студенттердің қазақ тілінен білімін кеңейту және тереңдету;
3. Студенттердің логикалық ойлауын дамыту, жазбаша және ауызша сөйлеу
тілін қоса дамыту;
4. Орфоэпиялық, орфографиялық және пунктуациялық білімдерін
қалыптастыру, тілді үйрену қабілетін дамыту;
5. Орыс тілді студенттерге тілдік орта жасау, тілдік ситуациялар туғызу,
олардың қазақша сөйлеуіне толық жағдай жасау;
6. Студенттердің қазақша тілін дамыту, сөйлеу белсенділігін арттыру,
қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде берілетін
тапсырмалардың тәрбиелік мәні де күшті болуы қажет. Онда мынадай міндеттер
қарастырылады:
1. Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі, әдебиеті жайлы берілетін
тапсырмалар арқылы, олардың қазақ халқына сүйіспеншілігін ояту,
қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу;
2. Қазақ тілінің байлығын таныстыру арқылы тілге деген қызығушылығын
арттыру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, оны
қалыптастыру.
Қазақ тілі пәні оқытушысының тілді үйрету ынтасы, тапқырлығы студенттің
өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Студенттерге өздік
жұмыстарының тақырыптарын іріктеп беруде оны сөйлесіп үйренуге қажетті
тілдік материалдармен байланыстыруға ұмтылу қажет. Сонымен бірге
студенттердің сұранысын, қабілетін есепке алып отыруға тиіс.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай жұмыс түрлерін
жүргіземіз.
Оқу жылының басында, студенттердің тілдің білу деңгейін анықтаған соң,
олардың тілді меңгеру дәрежесіне қарай әр түрлі тапсырмалар ұсынылды.
Өзіміз дайындаған силлабуста аудиториядан тыс жүргізілетін студенттердің
өзіндік жұмыстарының тақырыптары берілді. Бұл тақырыптарда қазақ халқының
ұлы тұлғалары, олардың өмірі мен шығармашылық, қазақтың салт-дәстүрлері,
қазіргі қоғамымыздың даму бағытындағы өзгешеліктері жайлы бағыт ұсталынды.
Алайда бұл тақырыптарды тілді бастауыш деңгейде білетін студенттердің
орындауы қиындық келтіретіні даусыз еді. Сондықтан бұл тақырыптар тілді
біршама меңгерген, бірақ сөйлеу және жазбаша тілінде кемшіліктер кездесетін
студенттерге берілді. Тапсырма тақырыптарын таңдауда студенттердің өз
қалауында болды. Бұл жұмыс түрін ұсынудағы негізгі нысана: белгілі бір
тақырыптарды зерттеу, саралау барасында студенттердің қосымша әдебиеттермен
жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын тиянақты, тұжырымды
жеткізе білуге үйрету. Мұнда тапсырманы міндетті түрде реферат, шығарма
түрінде жазу көзделген жоқ, тіпті болмаған жағдайда сол тақырып бойынша
әдебиеттерден конспект жазу, тезис жаза білуге үйрету мақсатты басты нысана
болды. Бұл жұмыстың нәтижесі көрсеткендей студенттер күрделі, көркем
шығарма жаза алмағанмен, сол тақырып туралы түсінігі қалыптасты, қазақ
тілінің сөз оралымдарына көзі үйреніп, сөйлемдегі сөздердің қолдану
мағынасы жайлы білімдері кеңейді. Қазақ тілін біршама меңгерген студенттер
берілген тақырыпты жақсы аша біліп, өздерінің әдебиетпен жұмыс істей алу
қабілеттерінің қалыптасқанын көрсете білді.
Студенттерге әр түрлі тақырыпта қазақ мақал-мәтелдерін жаттатып, оның
орыс тіліндегі ұқсас нұсқасын тапқызып үйрету олардың тіл байлығының
қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Бәрімізге белгілі бір тілдегі
фразеологизмдер басқа тілге сөзбе-сөз аударылмайды. Сөзбе-сөз аударылған
тұрақты тіркестер мән-мағынасынан айрылады. Оның басқа тілдегі (орысша,
ағылшынша) баламасын дұрыс таба білген студенттің есінде сол тіркестер
сақталады да және оны өз сөзінде орынды қолдана алады.
Тілді нашар білетін студенттерге арнап оқу жылының басында қосымша
түрлерінің орнына көп нүкте қойылған мәтін түрлері берілді. Бұл тапсырманы
орындау барысында студент мәтін мазмұнын түсінуге ұмтылады, мәтін мазмұнын
түсінбей сөздерді байланыстыратын қосымшаларды көп нүктенің орнына қоя білу
мүмкін емес. Мәтінді түсіну үшін, оны өзі білетін тілге аудару қажет. Бұл
жағдайда студент білімін екі жақты жетілдіреді. Біріншіден, қазақ тіліндегі
сөздің өзі білетін тілдегі баламасымен танысса, екіншіден қандай қосымшаның
қандай мақсатта қолданылатына көзі жетеді.
Студенттің жазбаша сөйлеу тілін дамытуда екі тілге аударылған мәтін
түрлерін салыстыра отырып, оны өз сөзімен қазақ тілінде жеткізуге
дағдыландыру әдісін де қолданамыз. Бұл орайда студенттерге Абайдың қара
сөздерін ұсынамыз. Абай шығармаларының жинағында бұл қара сөздер қазақ
тілінде де, орыс тілінде де берілген. Екі тілде бұл сөздерді салыстыра
оқыған студент, сол сөзден алған түсінігін өз сөзімен беруге ұмтылады.
Әрине, жазбаша ойын жеткізуде қателіктер болады, оқытушы бұл қателіктерді
түзетуге дер кезінде ақыл-кеңес беріп отырса, студент келесіде ондай
қателіктерді қайталамайды.
Студенттің өзіндік ізденуіне викториналық сұрақтар ойынын ұйымдастыру да
өз әсерін тигізеді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің көп оқуы,
ізденуі қажет. Себебі бұл – жарыс.
Викториналарды әр түрлі өткізуге болады.
1. Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған студенттердің жазбаша түрде
жауап беруі.
2. Сұрақтар ауызша қойылады да, студенттер сол арада жауап береді.
3. Сұрақтар жазбаша беріледі де, сол арада жазбаша жауап береді.
Мазмұнына қарай викториналық сұрақтар екі түрлі болуы мүмкін.
1. Пән бағдарламасы бойынша, өтілген материалдар бойынша сұрақтар.
2. Оқу бағдарламасынан тыс танымдық сұрақтар.
Мұнда студенттің логикалық ойлау қабілеті шыңдалады әрі өз ойын шапшаң
жеткізу үшін сөздерді, сөз тіркестерін тиімді пайдалану дағдысы дамиды.
Студенттердің өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда басқа да жұмыс
түрлерін, білім берудің көптеген әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Бұл үшін
қазақ тілін өзге тілді аудиторияда жүргізетін оқытушының шеберлігі,
ізденімпаздығы, ең бастысы, өз тіліне деген сүйіспеншілігі басты орында
тұруы қажет.

2.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту
жолдары
Оқытушының, студенттердің өздік жұмыстарына (СӨЖ-на) басшылық жасаудағы
басты құралдарының бірі – нысанды тапсырмалар жүйесінің кешені.
Ол студенттің барлық танымдық іс-әрекеттерін бағыттап және реттеп
отыруға ықпал жасайды. Бұл бағдарламада жұмыс жоспары, оқу мақсаты,
түсіндіру, түсініктеме, баяндау және қойылған қызметке жалпы келістің
жолдары, өздік жұмыстары, жауаптар және өзін-өзі бақылау үшін бағдар, тағы
басқа тұжырымдалған. Басқаша айтқанда, бұл НТЖ-да психология курсының әрбір
тақырыбы бойынша әр студентті белсенді өздік танымдық қызметке тарту үшін
алдын-ала жоспарланған және студент біртіндеп алатын нәтижелер қамтылған.
Бұл НТЖ құрастырудың психологиялық діңгегі әуелі студенттің дидактикалық
міндетті шешуге үлгі бойынша репродуктивтік әдістерді ұғынуы мен игеруі,
сонан соң бұрын белгісіз нәтижеге қол жеткізудің жаңа жолдарын іздестіру
және ең ақырында психология мазмұнын құрайтын іс-әрекеттердің әдістері мен
білімді меңгеру негізінде жаңа тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылық
қызмет тәжірибесін жинақтау болып табылады.
Өздік жұмыс НТЖ құрастыру процесінде біз кәсіби біліктің баянды
қалыптасуы факторларын эксперимент арқылы дәлелдедік, көрсетілген кәсіби
білікке баулу ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан оны мүмкіндігінше ерте
бастаған жөн. Төменгі курс студенттерінде кәсіби міндеттерді шешу үшін
жеткілікті білім базасы жоқ, олардың танымдық белсенділігі енді ғана орнығу
сатысында болады. Осыған байланысты басты міндет оқыту процесін
ұйымдастырушы оқытушыларға жүктеледі. Студенттің әрі қарай маман ретінде
толысуы, олармен жұмыс істеудің әу баста қалай қойылғанына байланысты
болады. Өкінішке орай, студентке тапсырма қалай болса, солай берілетін
жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, бір типтегі тапсырмалар немесе сабақтар.
Бұл жағдайдың жетекшілері сол тапсырмаларды орындағанда студенттерде қандай
білік жүйесі қалыптасу керектігіне онша мән бермейді. Кейде студенттерге
жоғары кәсіби білім талап ететін күрделі тапсырмалардың бірден беріле
салатындығы жасырын емес. Бұл жерде мынадай ой бой көтереді: студент аз
уақыт ішінде неғұрлым көп тапсырманы өз бетінше орындаса, жаңа материалды
көбірек оқып үйренсе, одан жақсы маман шығады. Кері жағдайда оған уақыт
шығын қылудың қажеті жоқ. Бұл екі келіс те теріс нәтижеге алып келеді.
Бірінші жағдайда студенттің танымдық қызығушылығы күрт төмендейді, ал
екінші жағдайда тапсырманы орындай алмаған студент өз күшіне деген
сенімділікті жоғалтады. Нәтижесінде оқу процесіне, кейде тіпті таңдаған
мамандығына қызығушылық жоғалады. Ең бастысы, екі жағдайда да танымдық
белсенділік төмендейді. Сондықтан НТЖ-сін құрастырғанда студенттің білік
пен дағдысының даму деңгейіне орай қарапайымнан-күрделіге қағидасын
ұстану қажет. Жоғары сапалы әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру
студенттің оқу материалын толық игеруіне жеткіліксіз болады. Себебі
танымдық іс-әрекет тәжірибесі, назар аудару деңгейі, жауапкершілікті сезіну
студенттердің тапсырмаларды, нұсқауларды, басшылық құралдарда көрсетілген
бағдарларды орындамауы жиі байқалады. Көп жағдайда студенттер мәтінді
атүсті қарап өтеді, оны шала қабылдайды, мәтінді сөзбе-сөз көшіріп алады.
Демек, өздік жұмысты орындауды олар осылайша түсінеді. Былайша әрекет жасау
білім мен білік мазмұнын және оны игеру бойынша жұмысты өз бетінше белсенді
оқып үйренуге ұласпайды, керексіз жүк болып қалады.
Міне, осы тұста студенттің оқу құралы және мәтінімен жұмыс істеуде
жағымсыз ауытқуларын көре білетін тәжірибелі, білгір оқытушы керек болады.
Ол жұмыс мақсатын дұрыс түсінбеген және өз жұмысын тиімсіз ұйымдастыратын
студенттердің өздік жұмыс істеу процесіне дер кезінде араласуы тиіс. Ол
үшін оқытушы қолында студенттерді өздік танымдық іс-әрекетке тарту
құралдары, көрнекіліктің қосымша топтамалары болу керек. Оқытушының негізгі
әдістері НТЖ нұсқаулары бойынша тиімді жұмыс істеу тәсілдерін өзі көрсете
отырып, студенттерді соған баулуы қажет. Онымен қоса, оқу құралдарында
көрсетілмеген, бірақ студенттерге түсінікті және қабылдауы онша қиындық
келтірмейтін іс-әрекеттерге тарту тәсілдерін де пайдалануға болады. Сабақ
үстіндегі студенттер жұмысын басқаруға көмектесетін қажетті құрал, оқу
құралы мәтіні мен студенттің тиімді жұмыс істеу мысалдары, ережелері бар
қосымша бағыттамалар болып табылады. Ондай көрнекі құралдар студент
санасына әсер ету арқылы СӨТҚ-ның тиімді болуына ықпал етеді, ол басқа да
арнайы білім және біліктерімен бірге психология курсының мақсатына енуі
қажет.
СӨТЖ тікелей басқару бойынша жүргізілетін оқыушының түзетуші-реттеу
қызметі әр студент оқу материалын қабылдау, ұғыну және игеруге, оны өзінің
болашақ кәсіптік қызметінде қолдана алу білігі деңгейіне дейін өз бетімен
және саналы ұмтылыс жасай алатындай етіп бағытталуы керек.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық басшылық термині оқытушының
оқу-тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерді орындауы, сонымен қоса
студенттердің барлық саладағы танымдық жұмыстарын жоспарлау, бақылау,
ынталандыру және басқару жүйесі деп түсініледі.
СӨТЖ-на педагогикалық басшылық психологиялық циклдегі пәндерге оқып
үйренгенде, сонымен бірге студенттердің белсенділігі мен өздік
ізденімпаздығын, танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал
жасайтын белсенділігі түрлі психологиялық және логикалық жаттығуларды
орындағанда, педагогикалық практика кезінде, оқу-зерттеу жұмыстарын (ӨЗЖ)
және ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) орындауда жүзеге асырылуы мүмкін. СТҚ-
ні педагогикалық басшылық жасауға барлық курс студенттері, әсіресе 1-2 курс
студенттері керек ететіндігін атап өту керек. Осыған байланысты оқытушы
дәрістерге және зертханалық-практикалық сабақтарға қалай дайындалу керек,
әдебиеттерді қалай таңдау керек, конспектіні қалай жазу керек, күн режимін
қалай ойластыру керек және тағы басқа нұсқаулар беруі тиіс. Онымен қоса
СОТҚ-ін жетілдіру үшін оң және теріс факторлар терең зерттелуі қажет. Осы
себепті психология курсын оқып-үйрену процесінде СӨТҚ-не басшылық жасаудың
тиімділігіне әсер ететін кейбір аспектілерді қарастырайық.
Кез-келген еңбек процесін тиімді ұйымдастырудағы басты міндет – оған аз
шығын жұмсай отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізу екендігі көпке мәлім.
Осындай міндет СӨЖ-ын ұйымдастыруға да қойылады: СӨТҚ-не аз шығын шығара
отырып, оның қалыптасуының жоғары нәтижесіне қол жеткізу. Шығындар ішінде
оқытушы үшін де, студент үшін де уақыт шығыны да ерекше орын алады.
Студенттің оқып-үйренуде мейлінше мүмкін нәтижелер алуға деген ұмтылысы,
белгілі бір уақыт жұмсаумен байланысты болады. Ол уақытты үнемдеу өз
кезегінде оқыту нәтижесінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Сонымен СӨТҚ-ін ұйымдастыру әдістемесінің проблемалары студенттік өздік
жұмысқа жұмсалған уақыт мөлшерімен байланысты болады. Уақыт шығынын
ескермей СӨТҚ-не талаптарға барабар ұйымдастыру мүмкін емес. Осыдан бірінші
орынға оңтайландыру тәсілі көтеріледі. Қажетті нәтижеге жету үшін керекті
оқыту нәтижелері мен уақыт шығыны оңтайландыру параметрі болып табылады.
Әңгіме ЖОО психология курсын оқытудағы оқу процесін
жандандыруда(интенсификациялауда) болып отыр. Бұл жерде оқытуды
интенсификациялау оқыту процесіндегі көп күш жұмсау, оның даму қарқынының
артуы ретінде түсіндіріледі. Ол өз кезегінде аз уақыт ішінде оқытуға жоғары
нәтижеге жетуге деген ұмтылысқа байланысты болады. Оқытуды
интенсификациялау әдетте, алынатын оқу нәтижелерінен мейлінше жоғары баға
алуға бағдарланады.
Оқыту процесінің интенсивті формасы оқу пәні бойынша бағдарламалық
материалға студент өте аз уақыт жұмсаумен және жоғары нәтижеге жетуге
бағытталған құралдардың аз санын пайдаланумен сипатталады. Оқытуда
интенсификациялау студенттердің өздік қызметін оңтайландыру міндетін шешуге
ықпал етеді.
Басқарудың дидактикалық категория ретіндегі тиімділік маңызы оқытушы мен
студент арасындағы дидактикалық қатыстары жүйесінде тамыр алады.
Оқытушы мен студент арасындағы дидактикалық өзара қатысты қарастырайық.
Оқып үйренушінің жемісті танымдық қызметіндегі ойлау операцияларының келесі
кезеңдері ажыратылады:
1) проблемалық ахуалдың туындалуы,
2) қиындықтың мағынасын мойындау және проблема қою,
3) шешу тәсілін табу немесе ұйғарым жасау және болжамды негіздеу,
4) болжамды дәлелдеу,
5) проблеманы шешудің дұрыстығын тексеру.
Осы тұрғыдан проблемалық ахуал жағдайында өздік танымдық іс-әрекетті
белсендіру тетігін студенттің оқу проблемасын шешудің негізгі немесе барлық
кезеңдерін өз бетімен жүріп өтуі ретінде көрсетуге болады.
1 - кесте
Оқытушы қызметі Студент қызметі
1.Проблемалық ахуал туғызады. 1. Қиындықты қабылдайды және
2. Студенттердің қойылған проблема түсінеді.
бойынша ойлануын ұйымдастырады. 2. Проблемалық ахуалды ажыратып
3. Қойылған проблема шешімінің көрсетеді және оны тұжырымдайды
ақиқаттығын дәлелдеуді ұсынады. (мүмкіндігінше кәсіби тілде)
4. Қажет болған жағдайда нақтылаушы 3. Шешудің болжамын көрсетеді.
міндет қояды. Студент тапқан 4. Проблеманы шешудің болжамын
проблема шешімін нақтылайды немесе дәлелдейді немесе теріске шығарады.
жалпылайды. 5. Проблеманың табылған шешімінің
5. Жаңа білімді бекіту мақсатында ақиқаттығын тексереді.
сұрақтар қояды, білімді практикада
қолдану бойынша тапсырмалар ұсынады.
Бұл өз кезегінде өздік оқу қызметіне басқаша қарауға мүмкіндік туғызады,
себебі бұл жағдайдағы оқыту барынша толықтылықпен сипатталады (оқытудағы
проблемалық деңгей жоғары болады).
Оқытушы қызметі мен студент іс-әрекеті өзара қатысты кестесінен
студенттің оқып үйренудегі ӨТҚ-ің қалыптасу деңгейінен оқыту қандай
проблемалық деңгейде жүргізілетіндігіне тәуелді болатындығы көрінеді. Оқып
үйренудегі ӨТҚ қалыптасуының ең жоғары деңгейіне сәйкес келеді.
Болашақ маманды дайындауда үзіліс және сәйкессіздік болмауы керектігін
практика дәлелдеп отыр, әсіресе мұның болашақ психологтарды дайындауда мәні
зор. Бұл жерде бәрі де, оқыту әдістері мен оқытушының реттеуші
қызметтерінен бастап, оқытудың сәйкес формалары мен құралдарына дейін
ескерілуі қажет.
Оқытудың белсенді формалары мен әдістерінің арасындағы, біздің ойымызша,
ең тиімділері: инновациялық дәрістер топтамасы, практикалық сабақтар, іскер
ойындар (мәні нақты және шартты ахуалдарды имитациялау болатын) болып
табылады.
Имитацияланған сабақтардың кейбір белгілерін қарастырайық. Ол нақты
жағдайды имитациялайтын ахуалдардың бар болуымен ерекшеленеді және келесі
белгілермен сипатталады: күрделі міндет немесе проблеманың болуы; қойылған
міндетті (проблеманы) ескере отырып, нақты сұрақтарды мөлшерлеу.
Имитациялық жаттығулар үшін имитацияланған сабақтар жүйесі
пайдаланылады. Оқытушы студенттің танымдық іс-әрекетінің барасын қадағалап
отырады, жауаптың дұрыстығын талдайды және т.б.
Мұндай сабақтардың нәтижесінде студент тек білім ғана емес, сонымен
қатар білік пен дағды да жинақтайды. Танымдық қызмет имитациялық модельдеу,
проблемалық міндет (тапсырма, жаттығу) болуымен сипатталады және оны
студенттерге оқытушы хабарлайды. Оқып үйренушілер топтарға бөлінеді, ғылыми
кеңес отырысында олар проблеманы шешу жолдарын жұрт алдында қорғайды. СӨТҚ-
ін ұйымдастырудың негізінде бір іргелі ұғым, заң немесе құбылыс жататын
оқытудың модульдік технологиясы үлкен роль атқарады. Әрбір жекелеген модуль
басқа модульдермен (пәнішілік немесе пәнаралық) өзара байланыста болады.
Бір модульді игермей, курсты толығымен оқып үйренуде табысты алға жылжу
мүмкін емес. Әр модульдің материалы алдыңғы модульге негізделеді, оны
жүйелейді және бекітеді.
Дәріс кезіндегі СӨЖ-ң тиімділігі бірнеше факторға тәуелді болатыны
мәлім: уәждер жүйесі, әр студенттің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі,
оқытушының кәсіби біліктілігі және тағы басқалары. Дегенмен бірінші орынға
ұтымды ұйымдастыру факторы қойылады. Басқаша айтқанда дәріс оқыту процесі
барлық кезеңде студенттердің жаңа білімге қызығушылығын оятатын танымдық
тапсырмаларға (міндеттерге), проблемаларға бай болуы керек.
Осы міндеттерді шешу мақсатында біз инновациялық будандастырылған
дәрістер топтамасын пайдалануды ұсынамыз:
- проблемалық дәріс. Оның барысында оқытушы СТҚ-ін белсендіретін
проблемалық ахуалдар қояды;
- визуалдық дәріс. СТҚ-ін графиктер, схемалар, суреттер, т.б. арқылы
белсендіру;
- жұптық дәріс – екі оқытушы бір дәрісханада, бір тақырыпқа бірлесе
оқитын дәріс;
- дәріс-конференция – дәрісханада бірнеше оқытушы студенттер
сұрақтарына жауап береді,
- ақыл-кеңес түріндегі дәріс оқытушы студенттерді консультация кезінде
белсендіруге мүмкіндік туғызады;
- арандатушы дәріс алынған білімді таңдай алу біліктілігін
қалыптастыруға, жаңа материалға бағдарлануға, алдын-ала жопарланған
қателіктерді бағалауға мүмкіндік туғызады.
- ауызекі дәріс оның барысында сұрақтар қойылып тыңдаушының
белсенділігін арттыра отырып жауап беруі тиіс;
- имитациялық дәріс (іскер ойындар) барысында оқытушы нақты шындықты
имитациялайтын ахуал туғызады, миға шабуылдау тәсілімен студенттердің
қойылған тапсырманы (міндетті) шешуіне қол жеткізеді.
Жан-жақты дамытылған маманды даярлау мақсатында дәрісханадағы сабақтарда
проблемалықты қолдану (оқытудың репродуктивтік әдісімен қатар) қажет. Оған
жартылай ізденіс, эвристикалық және зерттеушілік сабақтары жатқызылады. Біз
психология курсын оқып үйрету процесінде осы әдістерге басымдылық береміз.
Дәрісханалық сабақтарда СӨТҚ-ін ұйымдастыру процесіндегі оқытушының
алдына қойылатын негізгі міндеттерді анықтайық:
- оқу тәрбие жұмысының бүкіл жүйесін тиянақты ойластыру қажет;
- студенттердің ӨТҚ-не басшылық ету процесіне білімді сапалы және
толыққанды игерудің ішкі шарты болып табылатын студенттердің ойлау
қызметін дамыту қажет;
- болашақ педагогтарды өздік шығармашыл қызметке, рухани және
материалдық құндылықтарды тануға (тұлғаға бағдарланған оқыту)
белсенді атсалысуға даярлау қажет;
- СӨТҚ-ін педагогикалық басқаруды олардың жаңашылдық және белсенділігін
дамытумен үйлестіре білу; дәрісханалық сабақтарда даралап оқытудың
да, топпен оқытудың да формаларын қолдану.
Дәстүрлі емес дәрістердің имитациялық моделі (іскерлік ойындар) дәстүрлі
дәрістерге бәсекелестік туғызатындығын айта кету керек (соңғысы оқытудың
белсенді формасына жол береді). Оқыту формасының қайсысының болмасын
өзіндік ерекшелігі бар екендігі мәлім (2 - кесте).
2 - кесте
Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістердің басты ерекшеліктері
Дәстүрлі Дәстүрлі емес
Оқу материалы дайын күйде беріледі, Материалды әрі қарай тыңдаушы
оны оқытушы жүйелейді. жүйелейтіндей түрде беру.
Оқып үйрену жүйесіне қарағанда Оқыту жүйесіне қарағанда оқып
оқытудың басым болуы. үйренудің басым болуы.
Тыңдаушылармен кері байланыстың Кәсіби ойлаудың, практикалық
болмауы. іс-әрекет дағдыларының дамуы.
Ойлау қызметінің әлсіз болуы немесе Тыңдаушылармен тығыз байланыс
тіптен болмауы. орнатылған іс-әрекет.
Оқытушының СТҚ-не жартылай бақылау Кезеңмен бағалау және оқу материалын
жасауы. игеруді толық бақылау.
Жай-күй формальді, академиялық Жай-күй формальді емес, студентердің
түрде. ойлау қызметіне ықпал жасайды.
СӨТҚ-н белсендіру бойынша жұмыс процесінде оқытудың бірізділігі мен
жүйелілігі ескерілуі тиіс, яғни дәрістік сабақтарда алынған деректер
кәсіптік біліктің дамуына ықпал етуі қажет. Оларды қалыптастыру міндеті
практикалық және зертханалық сабақтарда, топтық және дербес ӨЖ-р процесінде
ерекше орын алуы керек.
2. Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар:
лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар,
арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс,
студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика
және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық
міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде
түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды
ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен
әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-
әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан
тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу
жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу
пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.
3 - кесте
Оқу процесін ұйымдастыру түрлері
Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған
лекция, практикалық оқулар,
семинар, курстық жобалау,
өз бетінше жұмыс, дипломдық жобалау,
конференция, практика,
кеңес беру іскерлік ойындар
Лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен
бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы
болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады,
ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің
негізін қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты
буыны. Лекция сөзінің негізінде латынша lektio оқу деген сөзі жатыр.
Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта
ғасырларда әрі қарай дамыған.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық
қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық
тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте
жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер
қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция
білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте
үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.
Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда
оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда
ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының
дәріскер ойына ерісіп отыруы.
Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің
лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен
байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің
танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік
мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау
жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.
Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі
формасы:
- оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;
- жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;
- санаткерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz