Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту


ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАӨЖ
Тақырыбы : Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Факультет: Аграрлық
Группа: АГ-313
Орындаған : Әбдікәрімова Р. А
Тексерген: Сагандыков С. Н.
Семей 2015 жыл
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлімТүбегейлі жақсарту қысқаша жақсарту әдісін қолданғанға ыңғайлы жер телімдерін таңдауЖақсартқыш дақылдарды таңдауЖақсартқыш шөптерЖақсатқыш шөптер агротехникасы
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту туралы және оның маңыздылығы мен қажеттілігі туралы бастамас бұрын, кіріспе ретінде өзіміздің Республикамыздағы шабындықтар мен жайылымдар туралы және оларды түбегейлі жақсарту туралы қысқаша айта кетсем.
Елімізде табиғи мал азықтық жерлер, барлық жеріміздің 70% дан астам жерін алып жатыр екен. Бірақта, бір өкінетін жағдай, осы аймақтардан алынатын азық көп емес. Оның бірден бір негізгі себебі болып шабындықтар мен жайылымдардың өнімінің төмендеуінде болып отыр. Табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардағы түсімінің төмендігін байқатқан болатын, міне осындай талдау нәтижелерінен де көз жеткізуге болады. Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көптеген жерлер эрозияға ұшыраған, сонымен қатар ауылды жерлердің маңайларындағы шөптері мал тұяғынан тозып, ал топырағы шаңданып кеткенін байқаймыз.
Ғылыми мәләметтер бойынша еліміздегі тозып кеткен жайылымдар көлемі орташа есеппен 48 млн гектарға жетеді екен, ал оның ішінде 2 млн га жері өте қатты тозып кеткен, эрозияға ұшыраған жерлер болып танылған. Осыған сәйкес ғылыми зерттеу тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып, өнімді 3-5 есеге дейін көтеруге болады деп көрсеткен екен.
Негізгі бөлім
Түбегейлі жақсарту - жайылымдағы табиғи өсімдіктерді жерді жырту, не фрезерлеу жолымен құртып, орнына малазықтық тұрғыдан бағалы көпжылдық өсімдіктер егу тәсілі.
Еліміздегі шаруашылықтарда екі тәсіл де табысты қолданылып келеді.
Жалпы шабындықпен жайылым жасау үшін мезофильді шөптерді пайдаланады, сондықтан да табиғи малазықтық жерлерді жақсарту ең бірінші ылғалдылығы жоғары, жазғы уақытта шөптердің ылғалымен қамтамассыз етілуі нашар бедердің төменгі бөлігінде суармалы жерлерде және т. б. жүргізіледі.
Түбегейлі жақсарту тәсілін қолданудың ең басты маңыздылығы деп, біз бірден бір өнімді аз беретін ескі жайылым болсын, шабындықтар болсын олардың орнына жаңа шөп шүйгіндерін өсіріп шығара аламыз, яғни оны толықтай жойып орнына қайтадан жаңа жайылымдар мен шабындық шөптерді өсіре алатындығымыз. Екінші бір атап өтетінім ол, пайдалану мақсатына қарай, бір жылдары шабындық ретінде қолданып, пайдалансақ, келесі бір жылдары жайылым ретінде де пайалануға болады.
Жалпы түбегейлі жақсарту әдісін шөп оты нашар шабындықтарда және жайылымдарда жүргізу қажет. Үстіртін жақсарту әдісін қолдансақ жоғары тиімділік бере қоймайды, себебі үстіртін жақсартуды өнімділігі жоғары малазықтық жерлерде, шөп отынды 45% кем емес құнды азықтар сақталғанда, сиреген шөп отында, арамшөптер 30% кем болмаған жағдайда жүргізген әлде қайда тиімдірек болмақ.
Шөп отының жағдайына байланысты түгендеу жұмыстары қорытындысы негізінде қандай контурда түбегейлі, қайсысында үстіртін жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталады.
Жер телімдерін таңдау
Қазақстанның ең жақсы жерлер егіндік ауыспалы егіске арналып игерілген далалық және қуаң далалық аймақтарындағы толық құнарсызданған және қуаң далалық аймақтарындағы толық құнарсызданған және шаруашылықтық пайдаланудан шығып қалған өнімді аз беретін мынадай малазықтық алқаптары түбегейлі жақсарту үшін қажетті үлкен қор болып табылады:
- Механикалық құрамы орташа және ауыр, сортаңданбаған, толыққұрлымды топырақты жазық және 2-3° -тай ғана еңістігі бар жерлер;
- Жазықтар мен еңістігі 3°-тан асатын беткейлердегі аз жетілген, шайылған, механикалық құрамы орташа және ауыр, қиыршықтасты, не қиыршықтассыз топырақтар, сондай -ақ 30-40см-ден кем емес тереңдікте қатты жынысты төсеніші бар жерлер;
- Құмды, құмайт және жеңіл саздақты топырақтар және де жазықтармен өңдеуге болатын беткейлердегі қиыршықтассыз және қиыршықтасы аз жерлер.
Жалпы шөл аймақтарда түбегейлі жақсарту үшін жусанды-раңтәріздесті өсімдіктерді өсірген жөн. Бірінші кезекте тау етегіндегі жер телімдері жарамды болмақ. Ал саздақты сортаң шөлдер мен қиыршықтасты беткейлерде жатқан жер телімдері көбінде мұндайға жарамсыз болып келеді. Керісінше мұндай топырақтарға малазықтық жабайы өсімдіктерді қолданған дұрыс.
Жақсартқыш дақылдарды таңдау
Түбегейлі жақсарту әдісі үшін маңызды бір шаралардың бірі ол осы жер телімдеріне егілетін дақылдар болып табылмақ, сол үшін де осы жақсартқыш дақылдар туралы бір - екі ауыз сөз айта кетсем.
Көбінде далалық аймақтардағы сай-салаларда екпе шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін қажетті негізгі шөптердің бірі көпжылдық шөптер, оларға мысалға атап өтейік, көкгүлді және сарыбас жаңышқалар, құм эспарцеті сонымен қатар ақбас және сарыбас түйежоңышқа және де құм еркекшөбі. Маңызды бір нарсе оларды бірге аралас еккен жөн.
Шөлейт аймақтағы егін шаруашылығында іс жүзінде кеңінен қолданылатын үйреніскен көпжылдық шөптер, бұршақтұқымдас шөптер, астықтұқымдастардың өнімді аз беретіні байқалды. Сонымен, шөлейттік жайылымдарда екпе шабындықтар мен мәдени жайылымдарға айналдыру мақсатында кеңінен игеру үшін, қажетті малазықтық негізгі дақыл еркекшөп, шөлейт аймақтың солтүстік бөлігіндегі саздақты топырақтарда тарақша еркекшөп, ал құмайт және құмды жерлерде құм еркекшөбі мен шөл еркекшөбі болып табылады.
Жақсартқыш шөптер агротехникасы
Осы жақсартқыш шөптердің агротехникасының өзі бірнеше сатылардан тұрады олар :
- Топырақты дайындау
Шөптерді айдалап, жақсылап дайындалған топыраққа егу керек. Бұл кейін шөп шүйгінінің ұзақ жылдар бойы өмір сүруін қамтамассыз ететін жаппай шығатын өскіндер алудың кепілі болмақ. Жер айдалған кезде табиғи шөп шүйгіні жойылады, көпжылдық шөптер мен өсімдіктердің дұрыс өсуі мен қоректенуі үшін қолайлы ылғалдылық жағдайлар жасалады.
- Егу мерзімі
Барлығы бірден және тығыз шыққан өскін алудың, олай болса, шөптердің көк балаусасынан жоғары өнім алудың шешуші себепкері. Дұрыс таңдап алынбаған мерзім егудің толық сәтсәздәкке ұшырауына, не көпжылдық шөптер өнімінің едәуір төмендеуіне әкеп соғады.
- Тұқым сіңіру тереңдігі
Шаруашылықтар жақсы игерген еркекшөп сияқты дақылды өте терең сіңіру егіннің сирек болуына және бірдей тегіс шықпауына, кей жағдайларда тіпті де сәтсіздікке әкеп соғуыда мүмкін . Еркекшөп өскіндері көбіне трактор мен сепкіштердің дөңгелектері өткен жерлерде ғана көрінеді де, танаптың қалған жерлерінде болмайды, болса да сирек шығады. Ондай телімдерге қайта себуге тура келеді.
- Себу тәсілдері
- Жаппай себу
Еліміздің далалық аймағында жоңышқа, түйежоңышқа эспарцес сияқты бұршақтұқымдастарды осы әдіс бойынша егеді.
- Кеңқатарлап себу
Ал еліміздің батыс өңірінде шөлді аймақтарында қатараралығы 45-60см болатындай етіп кеңқатарлап себу әдісін басым қолданады екен.
- Шөп қоспаларын егу құралдары
Шөптерді егу үшін, дәнді дақылдар мен шөптерге арналған арнайы СЗТ-47 сепкішін, не дәнді дақылдарға арналған кәдімгі СУ-24, СУБ-48 және басқа да сепкіштерді пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz