Суық және ыстық басып емдеу әдістері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: «Суық және ыстық басып емдеу әдістері »

Орындаған :Балықпаева Л. Е.

Тексерген : Ахметжанов О. Н.

2015ж

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Суық және ыстық басып емдеу әдістері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ауруларды емдеуде ыстықтық пен суықтықты пайдалану өте көп тараған, ертеден келе жатқан әдістердің қатарына жатады. Бұл әдістің негізгі мақсаты - мал организмінде олар ауырған кезде болатын ауытқуларды қалпына келтіру.

Ыстықтық-суықтық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына әсер етеді де, ол әсер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай туғызады.

Емдік ретінде су мен жылулықтың табиғи және жасанды түрлерін пайдаланады. Суды пар, мұз, қар ретінде де қолдануға болады. Міне сондықтан да, сумен емдеу әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану әдісі. Кей кезде бұл әдіс механикалық және химиялық тітіркендіру әдістерімен қабаттаса жүргізілгенде жоғарғы нәтиже алуға болады.

Ыстықтық-суық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына әсер етеді де, ол әсер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай туғызады.

Сумен және ыстықпен емдеудің биологиялық маңызы.

  • Тері астында жинаған сұйықтардың және ісіктің таралуын жақсарту.

Жүрек пен қан тамырлаының жұмыстарына әсері : суықтық жүрек соғысын сиреиеді және күшін жақсартады, ал жылулық керісінше әсер етеді.

  • Рефлекс арқылы жылулықты реттеу

Жүйке жүйесінің жұмысына әсері: аз уақыт әсер еткенде қоздырады, көбірек әсер еткенде керісінше әлсіретеді.

Бұлшық еттерге әсері : аз уақыт әсер еткенде еттің жиырылуы күшейеді, көп уақыт ісер еткенде әлсірейді.

Қанның құрамына әсері : қан элементтерімен гемоглобиннің мөлшері ұлғаяды, жылулықтың әсерінен қарсы денелер жақсы түзіледі. ал суық ісерінен нашарлайды.

Тыныс алу жүйесіне әсері : суықтың әсерінен аз уақытта дем алу сирек және толығырақ болады, ал жылулық ұзақ уақыт әсер еткенде дем алу жиі және үстіртін болады.

Зат алмасу процесіне әсері: қалыпты жағдайда әсер еткенде суықтық энергия түзілу процесін үдетеді, газдың алмасуы жақсарады.

Терінің шығару мен зәрдің бөлінуіне әсері: тер су ванналарында 40° та, су буында одан жоғары температурада, жарықта- 50°-60° та, құрғақ ауада - 60°-70° та жақсы шығады.

Малдәрігерлік тәжірбиеде жиі қолданылатын әдістер: сумен жуу, ылғалданған затпен денеге әсер ету, дармтампонаторларды қолдана отырып клизма қою, кампресс қою ж. т. б

Компресстің түрлері: Құрғақ компресс - Стерилденген дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, үстіне мақта салып, бинтпен ұстатады, содан соң оны зақымданған жерге, күйікке, жараға жапсырады.

Қыздырғыш компресс . Компресті қою барысы:

  1. бірнеше қабаттап бүктелген дәкені немесе матаны бөлме температурасындағы суға малып, жақсылап сығады да ауру жерге басады;
  2. матаның үстіне оның шетінен 1-2 см асып тұратындай етіп балауыз қағаз жабады;
  3. оның үстіне қалың етіп мақта төсейді;
  4. сосын компресті орнынан қозғалмайтын, науқастың да мазасын алмайтындай етіп бинтпен таңып тастайды.
  5. Қыздырғыш компресс қабынуға қарсы әсер етеді;
  6. қан тамырларын ұзақ уақыт кеңейтеді;
  7. дененің белгелі бір жеріне қанның келуін молайтады.

Қыздырғыш компрестің әсерін күшейту үшін үстіне грелка қоюға болады, ал матаны сумен емес, жартылай су қосылған арақпен немесе спиртпен дымқылдау керек.

Дәрілі компресс - қыздырғыш компресс сияқты, бірақ оның әсерін күшейту үшін суға дәрігер ұсынған әр түрлідәрілік препараттар (ас содасы (стақан суға 1 шай қасық), бура сұйығын (стақан суға 1 ас қасық) ) қосады.

Ыстық компресс . Ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т. б. уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды.

Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады.

Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай.

Суық компресс . Дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады;

  • дене терісін суытады;
  • соғылған жердің ауырғанын басады;
  • ауырған жерге қан ұюын азайтады.

Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.

Компресс (фр compresse-қысу) 4 қабаттан тұрады:

  1. Сіңіргіш немесе сорғыш қабаты.
  2. Су өткізбейтін қабат.
  3. Жылулық қабаты.
  4. Денеге бекіту, ұстап тұратын қабат.

Қорытынды

Қазіргі кезде ыстықтық-суықтықпен емдеу тек медицинада ғана емес, сонымен қатар малдәрігерлік тәжірибеде де кең өрісін тапқан, көбінде ауыл шаруашылығы малдарын ыстықтық-суықтықпен емдеу кезінде санитарлық баға беру ветеринария саласындағы ең басты профилактикалық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады. . балшықпен емдеу кезінде санитарлық-топографиялық бағалау жүргізу үшін мынадай негізгі сұрақтарға көңіл аударған жөн. Малдардың сыртқы тері рецепторлары мен ішкі кілегейлі қабықтарына ыстықтық-суықтықтың термикалық, мехникалық және химиялық қасиеттері әсер ету арқылы пайда болған тітіркену жартылай миға берілуге негізделген табиғи емдік әдіс болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. К. Кожанов Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде Алматы 2006
  2. Мүрәлінов К. Қ. Ветеринариялық терапия. - Алматы: Нур Принт. 2009. - 416 б.
  3. http://www. veterinars. ru/top/
  4. Қазақ энциклопедиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: «Емдік балшықтар және емдеу әдістері»

Орындаған :Балықпаева Л. Е.

Тексерген : Ахметжанов О. Н.

2015ж

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

Шипалы балшықпен емдеу әдістері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл емдеу әдісі ертеден келе жатқан су, минералды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдісі. Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға. гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың юолуы да мүмкін. Шипалы балшықтардың емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін әсерлерімен сипатталады. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т. б. ) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады.

Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған.

Денені бұлай тазарту балшықпен жұмсақ материал ретінде жұмыс істеу барысында жүзеге асырылған. Өнер жан үшін ең үздік ем. Сондықтан да балшықпен емдеу барған сайын кең тарап бара жатыр.

Балшықтың құрамы мен түрлері

Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұр және қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.

Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жасыл балшықта - мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.

Сары балшық - темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.

Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.

Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.

Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.

Балшықтың басты емдік қасиеті - оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады.

Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Бұл радиоактивті элементтің үлкен күшке ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус және микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады.

Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады. Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Емдік құрал ретінде балшықтың өзін де, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады.

Ішуге арналған балшық ерітіндісін дайындау. Балшық ерітіндісін дайындау қиын емес. Бір стакан су мен бір ас қасық балшық алып, балшықты суға сеуіп, ағаш қасықпен араластыру керек. Қасық металл емес, ағаш болуы керек. Өйткені метал емдік балшықтың құрылымы мен оның емдік қасиеттерін бұзады. Ерітінді дайын, енді оны ішуге болады. Қабылданатын сұйықтықтың мөлшері әр адам үшін жеке анықталуы керек.

Сұйықтықты ішіп болғаннан кейін, түбіндегі шөгіндіні төгіп тастау керек, оның ем үшін қажеті жоқ. Ерітіндіні қабылдап бастағаннан кейін шамамен бір апта өткесін, ағзаңыздан қалдықтардың шығып жатқанын өзіңіз де байқайсыз. Бұл бүйректегі және зәр шығару қабындағы еріп, сыртқа шығып жатқан тастар.

Балшықты сыртқа пайдалану. Құрғақ балшықты ұнтап, бөтен қоспалардан тазарту керек, сосын аузы кең ағаш немесе қыш ыдысқа саласыз. Сұйықтық негізгі массадан екі сантиметрге асып тұратындай етіп, су құю керек. Енді балшықты біраз уақытқа қоя тұрыңыз, бұл оның суды сіңіруі үшін қажет. Бұл процесті балшықты үнемі араластыра отырып, ішіндегі қатты түйіршіктерді езу арқылы жеделдетуге болады. Масса біркелкі болып, ақпайтын болған кезде, оны теріге жағу үшін пайдалан беруге болады. Егер емнен кейін біраз балшық қалатын болса, оны тастаудың қажеті жоқ. Қыш ыдысқа салып, аздап су құйып қойып қойыңыз, осылай ол біраз уақытқа дейін сақталып тұра береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. емдік балшықтар және емдеу әдістері жайлы
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Суық пен ыстық басып емдеу әдістері
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Емдік балшықтар және емдеу әдістері. Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Қансырауды тоқтату
Дәстүрлі емдеу әдістері
Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган Инь-ЯН, сыртқы және ішкі, суық және ыстық, толық және бос кеңістіктің негізгі қағидалары
Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz