ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты



1. Семиотика туралы жалпы түсінік.
2. Синхронды және диахронды деңгейдің қызметі.
1. Семиотика туралы жалпы түсінік. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап әлемді суретке салу үдерісі семиотика шегінде қарастырылады. Бұл алдыңғы үлгінің тілін зерттеуге және екінші үлгіні бағамдауға бағыттайды. Бірінші үлгі – тіл, екінші үлгі – миф, дін, фольклор, поэзия, проза, кино, живопись, архитектура және т.б.
Антропология тұжырымдамасында адами мәнділік әртүрлі қарама-қайшылықтағы өмірсүрушілермен анықталады (жасанды интеллект, әл-Фарабише жүре келе дарыған интеллект). Әлемді суретке салу іс-әрекетінде оқушы жағдайын ескерсек, «семиотика» грек тілінде «белгі», «көрсеткіш» дегенді білдіреді. Олай болса, біздер жоғарыда талданған В. И. Постовалованың еңбегіндегі «семиотика» ұғымы үлкендерге қатысты зерделенсе, біздер оны оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуіндегі әлемді суретке түсіру қабілетінің өркендеуіне байланысты деген тұжырыммен ой түйеміз. Бұл жағдайда, оқушының ақпараттарды келесіге жеткізу үдерісінде зерделеу тәсілдері, белгі, көрсеткіштердің қасиеті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу барысында танылады. Сондықтан басымдық мәнде жаратылыс және жасанды тілдер болып, екіге жіктеліп, мәдени құбылыстардың кейбір тұстары, мифтік жүйе, дәстүрлер қоғамдық сипатқа ие болады. Табиғаттағы аңдар мен хайуанаттардың бір-бірімен қарым-қатынасын, немесе оқушының көру, есту қабылдау түйсігін анықтайды.
Көбінесе семиотика ұғымын мәтінге қатысты және оны іс-әрекетте қолданамыз.
Семиотика ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырда американдық философ Чарльз Сандерс Пирс анықтаған. Ал ХХ ғасырда семиотика лингвистикалық ұғымға бейімделіп кетеді. Лингвистикалық құрылым идеясының негізін қалаған – Ф. де Соссюр.
«Семиотика» ұғымы Ч. Морристің танымында зерттеу үшін белгілерден түсінетін тіл жасау, ол ғылыми зерттеуде, өнер мен техникаға қатысты қолданылатынын айқындаған.
Семиотиканы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде үш түрлі мәнде қолданады. 1) мазмұнды жеткізу функциясы; 2) тыңдаушы өзінің түсінгенін білдіру функциясы; 3) сезімдік әсерді байқату функциясы. Осы аталған функциялар белгі жүйесін ұйымдастыруды іштей анықтайды. Нәтижесінде, 1. семиотика: 1) Синтактика, белгі жүйесін іштей зерттеуді оның атқарар қызметіне қатысты емес тұрғыда қарастырады; 2) Семантика, мәнділікті, маңыздылықты айқындау құралы ретіндегі белгі жүйесін зерделеуші ретінде іске асырылады; 3) Прагматика, белгі жүйесін тәжірибеде қолданады.
Көрсетілген семиотиканың 3 функциясы мұғалім мен оқушылардың арасындағы жақсы қарым-қатынасты орнықтыруға айтарлықтай үлесі бар. Жақсы қарым-қатынас туғызудың бірден бір жолы – аталған семиотиканың 3 функциясын іс-әрекетте, білім мазмұнынынан туындату мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қатысты. «Білім мазмұны» ұғымы бұл орайда әдебиет, тарих, қоғамдық пәндер мен жаратылыстану және нақтылы айналымдағы мемлекеттік стандарт оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар. Міне, осы білім мазмұнынынан туындайтын адамгершілікке қатысты табиғатты, оқушының әлемді суретке ойша түсіру қабілетін білім мазмұны арқылы алғашқы үлгілі және екінші нұсқасында семиотикалық жолмен іске асыру көзделеді. Бұл оқушының білім мазмұнынынан алғашқы белгінің жүйесін адами-адамгершілік мәнде табуы, оның маңыздылығын ашу, алған тағылымын іс-әрекетте пайдалану.
В. Н. Топоров әлем жайлы сурет түсіру туралы былай дейді: Әлемнің ішкі дәстүрлерін жинақтап, оның жиынын сығылыстырып, қысқартып жалпы әлемді суретке түсіру үлгісі анықталады.
1. Б. Майтанов «Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік ағымдар» «Қазақ әдебиеті», 2004
2. Л.В. Сафронова «Постмодерническая литература и современное литературоведение Казахстана», 2006
3. Л.В. Сафронова «Автор и герой в постмодернистской литературе» 2006
4. Г. Шарипова «Интертекстуальное пространство литературы», 2007

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы

МӨЖ
(№ 13; 14; 15)

Тақырыбы: №14. XX ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты. (конспект)

Орындаған: Тубекбаева Б.Р.
Тексерген : Шаяхметұлы Қ.

Семей - 2015 ж.
ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты.
1. Семиотика туралы жалпы түсінік.
2. Синхронды және диахронды деңгейдің қызметі.
1. Семиотика туралы жалпы түсінік. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап әлемді суретке салу үдерісі семиотика шегінде қарастырылады. Бұл алдыңғы үлгінің тілін зерттеуге және екінші үлгіні бағамдауға бағыттайды. Бірінші үлгі - тіл, екінші үлгі - миф, дін, фольклор, поэзия, проза, кино, живопись, архитектура және т.б.
Антропология тұжырымдамасында адами мәнділік әртүрлі қарама-қайшылықтағы өмірсүрушілермен анықталады (жасанды интеллект, әл-Фарабише жүре келе дарыған интеллект). Әлемді суретке салу іс-әрекетінде оқушы жағдайын ескерсек, семиотика грек тілінде белгі, көрсеткіш дегенді білдіреді. Олай болса, біздер жоғарыда талданған В. И. Постовалованың еңбегіндегі семиотика ұғымы үлкендерге қатысты зерделенсе, біздер оны оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуіндегі әлемді суретке түсіру қабілетінің өркендеуіне байланысты деген тұжырыммен ой түйеміз. Бұл жағдайда, оқушының ақпараттарды келесіге жеткізу үдерісінде зерделеу тәсілдері, белгі, көрсеткіштердің қасиеті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу барысында танылады. Сондықтан басымдық мәнде жаратылыс және жасанды тілдер болып, екіге жіктеліп, мәдени құбылыстардың кейбір тұстары, мифтік жүйе, дәстүрлер қоғамдық сипатқа ие болады. Табиғаттағы аңдар мен хайуанаттардың бір-бірімен қарым-қатынасын, немесе оқушының көру, есту қабылдау түйсігін анықтайды.
Көбінесе семиотика ұғымын мәтінге қатысты және оны іс-әрекетте қолданамыз.
Семиотика ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырда американдық философ Чарльз Сандерс Пирс анықтаған. Ал ХХ ғасырда семиотика лингвистикалық ұғымға бейімделіп кетеді. Лингвистикалық құрылым идеясының негізін қалаған - Ф. де Соссюр.
Семиотика ұғымы Ч. Морристің танымында зерттеу үшін белгілерден түсінетін тіл жасау, ол ғылыми зерттеуде, өнер мен техникаға қатысты қолданылатынын айқындаған.
Семиотиканы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде үш түрлі мәнде қолданады. 1) мазмұнды жеткізу функциясы; 2) тыңдаушы өзінің түсінгенін білдіру функциясы; 3) сезімдік әсерді байқату функциясы. Осы аталған функциялар белгі жүйесін ұйымдастыруды іштей анықтайды. Нәтижесінде, 1. семиотика: 1) Синтактика, белгі жүйесін іштей зерттеуді оның атқарар қызметіне қатысты емес тұрғыда қарастырады; 2) Семантика, мәнділікті, маңыздылықты айқындау құралы ретіндегі белгі жүйесін зерделеуші ретінде іске асырылады; 3) Прагматика, белгі жүйесін тәжірибеде қолданады.
Көрсетілген семиотиканың 3 функциясы мұғалім мен оқушылардың арасындағы жақсы қарым-қатынасты орнықтыруға айтарлықтай үлесі бар. Жақсы қарым-қатынас туғызудың бірден бір жолы - аталған семиотиканың 3 функциясын іс-әрекетте, білім мазмұнынынан туындату мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қатысты. Білім мазмұны ұғымы бұл орайда әдебиет, тарих, қоғамдық пәндер мен жаратылыстану және нақтылы айналымдағы мемлекеттік стандарт оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар. Міне, осы білім мазмұнынынан туындайтын адамгершілікке қатысты табиғатты, оқушының әлемді суретке ойша түсіру қабілетін білім мазмұны арқылы алғашқы үлгілі және екінші нұсқасында семиотикалық жолмен іске асыру көзделеді. Бұл оқушының білім мазмұнынынан алғашқы белгінің жүйесін адами-адамгершілік мәнде табуы, оның маңыздылығын ашу, алған тағылымын іс-әрекетте пайдалану.
В. Н. Топоров әлем жайлы сурет түсіру туралы былай дейді: Әлемнің ішкі дәстүрлерін жинақтап, оның жиынын сығылыстырып, қысқартып жалпы әлемді суретке түсіру үлгісі анықталады.
Әлем үлгісі эмпирикалық деңгейге қатысты емес.
2. Синхронды және диахронды деңгейдің қызметі. Әлемнің жүйесі және іс-әрекеттік характерінің мүмкіндігі синхрондық деңгейде нұсқалы және нұсқалы емес түрлері диахрондық деңгейде жүйе құрылымдарының бір-біріне тәуелділігі мен сабақтастығы ашылады және ол тарихи әлеуеттің өркендеуін көрсетеді.
Бұл орайда, зерттеуші әлемді суретке түсіру үдерісінде жинақтау, сығылыстыру, оның ауқымын қысқарту секілді жолдарды ғылыми тұрғыда синхронды және диахронды деңгейде іске асырылатынына мән береді.
Біздің зерттеуімізге қатысты синхрон білім мазмұнынынан мұғалім мен оқушылардың жағымды қарым-қатынасқа түсуіне бірден-бір ұтымды жол нұсқалы және нұсқалы емес тұжырымдарды анықтауға қатысты синхрон және диахрон екенін ескереміз.
А. Я. Гуревич әлем суретін Координат торшасы сапасында түсіндіреді, адамдар оны өзінің іс-әрекетінде қабылдап, әлем жайлы образ құрып, оны өздерінің түйсігінде сақтайды деген пікір айтады. Әмбебапты ұғымдар, қатегориялар деп мына жіктемені ұсынады:
- уақыт, кеңістік, өзгеру, себеп-салдар, тағдыр, сан, сезім мөлшерінен тыс құбылыстарға қатысы, бөлшек пен бүтінге қатысы және т.б.;
- сан категориясының барлық мәдени нысанға ортақ болып келуі, ол бірақ ұлттық негізге құрылмауы, көзге елестетуі әр индивидтің жеке ақыл-ойына, тіліне қатысты ұлттық тәсілде болуы.
Жоғарыдағы жіктемені А. Я. Гуревич белгілі бір әлеуметтік топтардың арнайы белгі-нышандарына қатысты екендігі ескеріледі, - деген түйін жасайды.
Біздің еңбегімізге байланысты А. Я. Гуревичтің рухани құндылығы әр оқушының жинаған біліми-тезаурустық бағдарындағы адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығын анықтайтын ақыл-ойы қаншалықты деңгейде болса, оның соншалықты дәрежеде көз алдына әлемді суретке салу тәсілі анықталады. Егер оқушы бұндай жолдың бар екенін сабақтан-сабаққа ескеретін әрекеттестік оқу үдерісін ырықтануы арқылы ұйымдастыра алса, оның әлемді суретке салу тәсілі күннен-күнге мәнді болмақ. Бұл жағдайда, мәнділік семиотиканың бір құрамы екендігін еске сақтап, оның мазмұны - білім, ал білім құндылығы адамгершілік екеніне бағдар жасау көзделеді. Біздер аталған педагогикалық негізден туындаған үдерісті мұғалім мен оқушының жағымды қарым-қатынас жасауының тағы бір жолы деп есептейміз.
Әлем жайлы суреттің үлгісін құраушыларды зерттейтін ғалымдар оның адам тәртібіне қатысты әсерін анықтап, өзара қарым-қатынас жасауға ықпалының бар екенін ашады. Ол әр тұлғаның тәртібіне қатысты бағдарлама сапасында іске асырылып, іс-әрекеттік жиынын анықтап, әлемге деген қатысын орнықтырып, оны тәжірибеде қолданудың және қажетіне жаратудың ережесін келтіреді.
Ғалымдар әлем жайлы суретті әртүрлі жіктеме тұрғысында қарастырады. Қанша байқаушы болса, сонша әлеммен қатысы бар адамның ойша суреті жаднамасында тұрақталып қалған. Әлем ұғымына синоним шынайы ақиқатты тұрмыста қолдану, табиғат және адам арасындағы қарым-қатынас деп түсіндіреді.
Әлемнің жеке ғылыми суреті жинақтық мәнде келіп, адамның рухани белсенді іс-әрекетінің нәтижесі ретінде көрінеді деген ой айтылады. Сол себепті ол ешбір адамның сезіміне, психикалық жайын, қабылдау әдістерін анықтайтын нысан еместігіне көңіл бөлінген.
Нақтылап айтсақ, В. С. Степин іргелі ғалымдардың ұғымдары мен қағидаларының көмегімен адамда әлем жайлы жалпы жүйе ғылыми негізде қабылданады деген тұжырым жасайды.

Әдебиеттер

1 Энштейн А. Влияние Максвелла на развитие представлений о физической реальности. - М., 1967. С. 136.
2 Постовалова В. И. Язык как деятельность. Опыт интерпретации В. Гулбольдта. - М., 1985., с. 21.
3 Гуревич А. Я. Исторический синтез и Школа Анналов. - М., 1993. - с. 26.
4 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы

МӨЖ
(№ 13; 14; 15)

Тақырыбы: №15. Модернистік және постмодернистік бағыт
(конспект)

Орындаған: Тубекбаева Б.Р.
Тексерген : Шаяхметұлы Қ.

Семей - 2015 ж.
Модернистік және постмодернистік бағыт
1. Модернизм, постмодернизмнің ерекшеліктері
2. Постмодернизмнің әдеби бағыт ретінде пайда болу жолдары
1. Модернизм, постмодернизмнің ерекшеліктері. Постмодернизм - ХХ ғасырдың ІІ жартысында модернизмнен кейін өнер, сәулет, кескін, әдебиетте, жалпы көркем мәдениет тенденциялары негізінде пайда болған ағым. Модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде ХХ ғасырдың ІІ жартысында оған қарсы бағытта - постмодернизм дәуірі тарих сахнасына шығады. Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың құбылысы ретінде тану үшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек. М.Эпштейннің ойынша постмодерн - модерннен кейін немесе модернизмнен соң пайда болады. "Это два нравно значных понятия "пост", одно из которых "постмодерность (соотносимая с "модерностью"), есть длительная эпоха, в начале который мы живем - второе же "постмодернизм" (соотносимый с "модернизмом") есть первый период, вход в эту большую эпоху. Если две большие эпохи, модерная и постмодерная зеркально отражаются друг в друге, то естественно что последний период эпохи модерности, а постмодернизм это первый период эпохи постмодерности″ М.Эпштейннің сенімі бойынша біз постмодерн мен постмодернизмнің арасында тұрмыз.
″Модернизм Батыста 1960 жылдарға дейін созылса, Ресейде одан да ерте 1920 жылдары постмодернизмге, коммуникациялы формацияға орын беруі тегіннен тегін емес″ дейді М.Эпштейн.
В.Рудневтің көрсетуінде: "Постмодернизм - қазіргі заманғы философия, өнер мен ғылымдағы негізгі ағым. Ол ең алдымен модернизмнен бойын бөлек салады."
Постмодернизмнің пайда болуымен теоретиктер мен сыншылардың арасында постмодернизмге байланысты ол модернизмнің орнын басқан тарихи мәдени дәуір ме? деген сияқты тақырыптар төңірегінде үлкен даулы меселе туды.

2. Постмодернизмнің әдеби бағыт ретінде пайда болу жолдары.
Постмодернизм әдеби бағыт ретінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Батыста пайда болды. Оның негізіне жаңа заманға лайық жаңа гуманизмге, бұрынғы классикалық антропологиядан енді жаңа дәуірде адамзат баласын ғана емес, тіршілік иесі атаулы, табиғат, ғарыш, әлем атаулының барлығын қамтитын жан-жақты гуманизмге көшу керек деген ұран алынды. Жаңа заман жаңа сана-сезім, жаңа философия пайда болып, өткен тарихқа, бүгінгі өмірге жаңаша көзқарастар туындады. Бұрын өмірді танып білуде бір ғана көзқарас, бір ғана бағыт үстемдік етіп келсе постмодерн философиясы осы уақытқа дейінгі бізді қоршаған орта туралы қалыптасқан көзқарастарымыздың барлығына күмәнмен қарайды. Постмодернизм бойынша, әлем қаншалықты шексіз болса,оны танып білу де шексіз, сондықтан да, осы уақытқа дейін өмір шындығы деп айтып келгендеріміз, білім-ғылым деп үйреніп жүргендеріміздің барлығы да - шындық емес, шындыққа жету жолындағы әрекеттер. Литературная газета ұйымдастырған пікір алысу барысында оған қатысушылардың көпшілігі постмодернизм ағы - мына қарсылық білдірді. Постмодер - низм: 20 жылдан соң айдарымен жүріп жатқан пікірталас кезінде постмодернизм бәрімізді әбден шаршатты, қысқасын айтқанда, постмодернизм - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Семиотикалық сын туралы түсінік
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Мәдениет таңбалар ретінде
Тілдік сана және прагматика
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Пәндер