Вирустар түсінігі мен түрлері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған : Амирова. А. Т.
Группа: БТ-407
Тексерген:Мирашева. Г. О.
Семей 2015ж
Жоспар:
- Вирус туралы түсінік
- Паповавирустар, парвовирустар, поксвирустар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
1. Вирус туралы түсінік
Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа) . Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді) ; негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0, 5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажѓа тњтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы) - вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді
2. 1. Паповавирустар
Паповавирустар - құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Сыртында липопротеид қабығы жоқ, пішіні шар тәріздес. Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Диаметрі 45- 55 нм икосаэдрлі капсидтің құрамында м. с. 3 000 000 - 5 000 000 болатын қос тізбекті, сақиналы ДНҚ бар. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады. Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты. Адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер қоздыруға себепкер болатын папилломавирустардың 100-ден астам генотиптері белгілі (ДНҚ - гибридизация бойынша) . Адамдардың папилломавирустары тері эпителиясын инфицирлейді және сол жерлерде өсін - өніп көбейеді. Эпителияның пролиферациялануын индуцирлеу нәтижесінде қатерлі емес сүйелдер, эпителиялық, ауызқуыстық және коньюнктивалық папиломаларқоздырады. Олардың онкогендік қасиеттері деболуы ықтимал (жатыр мойнының папиломасы, дисплазиясы, қатерлі ісіктер) . Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Таксономиясы. Тұқымдастығы:Papillomaviridae Туыстастығы:Papillomavirus (сүйкл, жатыр мойнының карциномасын және дисплазиясын, қатерлі ісігін қоздырады) . Құрылымы. Папилломавирустардың вирионының сыртқы қабаты болмайды, пішіні шар тәріздес. Икосаэдр типтес капсиді (диаметрі 55нм) 72 капсомерлер құрайтын 2 құрылымдық (капсидтік) ақуыздардан тұрады. Геномы - екіжіпшелі, сақиналы өте күшті ширатылған ДНҚ, 8 ертелік (ранние) және 2 кешеуілдік (поздние) немесе құрылымдық (капсидтік) гендері бар.
Вирустық шамамен 120-дай генотиптерін ажыратады. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады. Репродукциялануы иесінің жасушасына байланысты. Жасуша дақылдарында өспейді. Латентті вирус плазмида түрінде жасушалардың базальдық қабатында орналасады, бірақ тері немесе шырышты қабаттардың диффернцирленетін эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Ол үдемелі түрде жасушаның беткейлі қабаттарында өсіп - өніп көбейеді. Адсорбцияланып, базальдық жасушаларға еніп, вирион жасуша ядросына жетіп «шешінгеннен» (депротеинизациялану) кейін ертелік гендер мен ақуыздардың трансляциясы және ДНҚ-ның алғашқы репликациялануы жүре бастайды. Содан кейін бұл үрдіс вируспен инфицирленген супрабазальды эпителиялық жасушаларда жалғасады. Эпителиялық жасушалардың дифференциациялану кезеңінін аяқталуына қарай оның ядросында вирустық компоненттер жинақталып вириондар құрылады. Жаңадан пайда болған вириондар ядро бұзылған кезде шығады. Трансформацияға ұшыраған жасушалардағы вирустық геном жасуша геномына интеграцияланады. Резистенттілігі. Вирус 1сағат 〖50〗^0С-та ысытқанда тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды, эфирдің әсеріне сезімтал емес. Эпидемиологиясы. Папилломавирустар тері беткейлі жарақаттанғанда, жыныстық қатынас кезінде және паринатальды жолмен беріледі. Әлемнің 9-13% тұрғындары осындай вируспен инфицирленген. Папилломавирусты инфекция - ең жиі кездесетін жыныстық инфекция. Өмір сүру кезеңінде еркектер мен әйелдердің 70%-да кездеседі. Патогенезі, клиникалық көріністері: Бұл инфекциямен науқастанушылық 18-30 жастағылар арасында жиірек байқалады. Кесел көбінесе симптомсыз түрде өтеді. Клиникалық көріністері қоздырғышына, патологиялық процестің қандай жерде орналасуына және иесінің жауап беру реакциясының айқындығына байланысты болады. Папилломавирустар әйелдердің қынабында, жатырында, несепағарының сыртқы тесігінде гениталдық сүелдер дамуын қоздырады. Еркектерде - жыныс мүшесінің басы мен бүрікбасының, ұмасының және арқы өтісінің (анусының) зақымдануы дамиды. Онкогенез (папилломавирустардың) - жасушалардың қалыптан тыс пролиферациялануы. Жасушаның пролиферациясы реттеуші гендермен оны тежеу немесе стимульдеуші - гендермен жасушалардың бөлінуін белсендіру арқылы басқарылады. Папилломавирустардың онкогенділігі геном құрылысының ерекшелігімен баланысты (сақиналы екіжіпшелі ДНҚ) .
2. 2 . Парвовирустар
Парвовирусты инфекция
Негізгі қоздырғышы - Norualk вирусы, диаметрі 66 нм. 7 морфологиялық және 4 серологиялық типтері сипатталған. Инфекция көзі-ауру адам. Таралу жолы: ауа-тамшылы, фекальды-оральды, тұрмыстық-қатынас жолдарымен беріледі. Көбінесе қыс айларында өршиді. Инкубациялық кезеңі 2-3 күн, 24 сағаттан 7 күнге өтуі мүмкін. Басталуы жедел, дене қызуы жоғарлайды. Науқас шағымдары қатты әлсіздік, адинамия, жүрек айну және құсу, бас айналумен жүргізіледі. Көптеген науқастарда бұлшық еттері ауыратынына шағымданады. Ауырғандардың жартысында іш өтуі дамиды да, энтерит секілді өтеді. Ауыр жағдайда гиповолемиялық шок дамуымен тырысқақ тәрізді ағыммен сипатталады. Ішінде ауырсыну көп болмайды, бірақ ішінің жоғары бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Іші кепкен, пальпацияда қатты ішінің құрылдауы байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Гемопрограммада-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитопения. Аурудың ұзақтығы 12-24 сағаттан 2-3 күнге созылады. Жалпы науқастың жағдайы әлсіздік, қалтырау, 20-30% науқастарда температурасы жоғарлайды, кей кезде субфебрильді санға жетеді, бас айналу, талып қалуы болуы мүмкін. Қарап көргенде сұйықтық жоғалтқанда шырышты қабаттарының құрғақтығы байқалады. Іші жұмсақ, кіндік маңайын пальпациялағанда аздап ауырсыну болады, терең пальпацияда іш құрылы естіледі. Лабораторлы дәлелі: Гемограммада өзгерістер жоқ, СОЭ қалыпты. Науқастардың 1-ші тәулігінде кейбіреуінде лейкоцитоз және нейтрофинез, лейкопения салыстырмалы лимфо және моноцитоз, кейде эозинофилие болады. Ауру ағымы 5-7 күнге созылады.
- Поксвирустар
Поксвирустар - құрамында ДНҚ-лы бар шешек вирустарының тұқымдастығы. Көп вирустардан ірі, құрылысы күрделі. Цитоплазмада көбейеді. Сырт пішіні сопақша немесе тік бұрышты, ұзындығы 200-400 нм. Біліктерінің қатынасы 1, 2-1, 7. Поксвирустар геномы қос тізбекті сызықты ДНҚ, м. с. 16-2. Бұл тұқымдастық 2-ге бөлінеді: насекомдар және омыртқалылар вирустары; Кейінгілері 6 туыстасқа бөлінеді.
Ісік туғызушы вирустар , онкогенді вирустар (грек. onkos - масса, ісік, gennao - туғызушы және вирус) - қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы. Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғыл. тұрғыда француз ғалымы А. Боррель (1867 - 1936), т. б. зерттеген (1903) . Одан сәл кейінірек (1911) америкалық онколог Ф. Раус (1879 - 1970) тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйл., 1966) . 1932 - 33 ж. америка ғалымы Р. Шоуп (1901 - 66) үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер (1904 - 1961) тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л. Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л. А. Зильбердің (1894 - 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетик. теориясының ашылуы негіз болды (1949) . Қазіргі кезде табиғатта 600-ден астам ауру тудыратын вирустар анықталған. Бірақ олардың 1/4-і ғана жануарларда ісік тудыра алатыны белгілі. І. т. в-ды биол. іс-әрекеттеріне қарай: ДНҚ және РНҚ құрамдас деп екіге бөледі. Көбінесе табиғатта РНҚ-құрамдас вирустар кездеседі. Олар морфологиясына қарай: А, B, С және D деп бөлінеді. Мыс., С вирусы сүтқоректілер мен құстарда лейкоз және саркоманы тудырады. Осы күнге дейін РНҚ-құрамдас вирустар адам денесінде пайда болған ісіктердің құрамынан табылған жоқ. ДНҚ-құрамдас вирустардың үш тобы бар: 1) паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады) ; 2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады) және поксвирустар (шешек ауруы пайда болады) . Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды. І. т. в-дың қасиеттері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Кейінгі кездерде вирустардың бәрі емес, солардың ішінде онкогені бар вирустардың ісік туғызғыш қасиеті жоғары екені анықталды (америкалық ғалымдар Р. Хюбнер Г. Тодаро 1969) . Бұрын ғалымдар жасушаға ісік тудырушы онкогенді вирустарды жұқтырғаннан кейін, жасушаның өзінің қалыпты жағдайын өзгертпейтінін, ешқандай аурудың дамымағанын байқаған. Тіпті бұл кезде жасушаның құрамынан вирустардың жоғалып кететіні анықталған. Онкогенді РНҚ-құ-рамдас вирустардың құрамынан ДНҚ-ны РНҚ-ға синтездейтін арнайы фермент табылған. Соның нәтижесінде пайда болған ДНҚ-көшірме нағыз ДНҚ-мен бірігеді де, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Міне, осы ісік туғызғыш вирустарды провирус деп атайды. Провирустарды алғаш рет ғылымда дәлелдеген америкалық ғалым Х. М. Темин (1975) . Бұл ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Хим. канцерогендер, рентген, радий, ультракүлгін сәулелері, “мутация” жасайтын дәрілер немесе созылмалы аурулар провирусты тежейтін күштерді әлсіретеді. Соның нәтижесінде организмнің реттеуіне келмейтін дамылсыз өсіп-өнетін ісік жасушалары пайда болады. І. т. в. біріншіден көлденең, екіншіден төте (анадан балаға емшек сүті немесе жыныстық жасуша арқылы) жолдармен таралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz