Жүк түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СРО
Тақырыбы: Жүк түрлері
Орындаған: Кубентаев Е
Тексерген:Жумадилова Г. А
2015ж
Жоспар :
- Кіріспе
- Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеті
- Тасымалдау шарттары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе . . . 4-5 бет
Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеті . . . 6-7 бет
Тасымалдау шарттары . . . 8-10 бет
Қорытынды . . . 11-12бет
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12 бет
Кіріспе
Көліктің материалдық өндіріс саласында үлкен маңызы бар және адамға басты қажеттіліктердің бірін - өндіріс құралдары мен адамдардың орын ауыстыруын қанағаттандыруға арналған.
Халық шаруашылығын өркендетудің негізін қалаушы факторлар көлік жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, жүк және жолаушыларды тасымалдау қажеттігін уақытылы, сапалы және толық қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін табыспен шешу болып табылады.
Негізгі міндеттерінің бірі шығынға қарсы механизм жасау және өндіріс пен көлік шығындарын, оның ішінде жүктер мен адамдарды тасымалдаудың мақсатты нұсқаларын таңдау бойынша қысқартуға түрткі болатын экономикалық есептер дайындау болып табылады.
Көлік кешенінің анық, үздіксіз жұмысына тасымалдауды оңтайландыру негізінде біртұтас кешен ретінде оны ұйымдастырудың біршама ыңғайлы және біршама жедел жүйесі қоса әрекет етуі тиіс, оған өнеркәсіп пен көлікті біртұтас тізбекте өндіруден бастап тұтынғанға дейін қарқындату, өнім өндірушілер мен көлік кәсіпорындары арасында тұтыну заттарын тасымалдау шығындарын сәйкес төмендетіп, өзара байланысты оңтайландыру, өндіруші процестерінің өзін көлікті жоспарлау және басқару әдістерін жетілдіру негізінде ғылыми-техникалық процесті енгізуді оңтайландыру енеді.
Халық шаруашылығының күрделі саласында көлік жетекші роль атқарады, осы кезде практикалық түрде көліктің бірде-бір түрі көлік процесінің толық циклін өз бетінше қамтамасыз ете алмайды, сондықтан көлік құралдары өзара байланыста, жүктер мен адамдардың «есіктен есікке» жылжуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Көбінесе көлік түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге жататындығына қарамастан көліктің барлық түрлері бір-біріне белгілі тәуелділікте болады және тасымалдау процесіне өзара әсер етеді. Көліктің барлық түрлерін белгілеу бірлігі, сондай-ақ олардың арасындағы өзара байланыс оларды белгілі бір аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет аралық білімнің тұтас көлік жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік көлік - өнеркәсіптік өндірістің айтарлықтай бөлігін құрайтын көліктің маңызды құрамды бөліктерінің бірі. Өнеркәсіптік көлік атқаратын барлық жұмыс кешенін екі басты элемент ретінде жіктеуге болады: материалды қайта өңдеу бойынша тиеу-түсіру жұмыстары, кәсіпорын ішіндегі дайындамалар және жүктің, яғни осы сөздің дәлме-дәл мағынасында көліктің орнын ауыстыру.
Сондықтан курстың негізгі мақсаты көліктің өзара әрекеттесуі кезінде қолданыстағы түрлерін зерттеу және өнеркәсіптік кәсіпорынның оңтайлы қызметін қамтамасыз ететін көлік құралының өзара әрекеттесетін және өзара алмасатын құралдары параметрлерін анықтау болып табылады.
Бұл үшін «Өзара әрекеттесу негіздері» пәнін зерттеу кезінде келесі мәселелер қарастырылады:
- ел экономикасын дамытуда көлік ролі және оның жеке түрлерінің тұтас жүйеде өзара әрекеттесу негізінде қызмет етуі;
- пайдалану шарты және көлік құралдарына қойылатын талаптар;
- көліктің әр түрінің өзара әрекеттесу принциптері және өзара әрекеттесуші жүйелерге әсер ететін негізгі көрсеткіштер;
- көлік құралы сенімділігінің және сенімділікке әсер ететін істен шығу сипаттамаларының ұғымы;
- көлік машиналары сапасын салыстыру әдістемесі және олардың техникалық деңгейлерін бағалау;
- өнеркәсіптік көліктің негізгі түрлерінің өзара әрекеттесу режимдерін есептеу негіздері;
- көлік құралдарының дамуын болжау.
Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеттері
Жүктер ретінде тасымалдауға қабылдау моментінен бастап қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі заттар мен материалдарды есептейді. Көлік құралдарына түсетін жүктер дайындауға, тиеуге, тасымалдауға, түсіруге, ал ейде көліктік сақтауға жатқызылады. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің сипаты мен олардың санына байланысты.
Жүктерді дайындау ораумен, бағыты бойынша сұрыптаумен, таңбалаумен, өлшеумен, пакеттеумен, тиеумен және тасымалдау құжаттарын құрастырумен шектеледі.
Жүкті тиеу мен түсіруді түрлі, оның ішінде механикаландырылған тәсілдермен, жүктердің физикалық қасиеттеріне және оларды орау түрлеріне байланысты жүргізеді. Тиеу және түсіру кезінде көлік құралы (үздіксізден басқа) тұрып қалады, бұл көбінесе тасымалдау құнын анықтайды.
Жүктерді тасымалдау оларды белгіленген орнына толық сақталған күйінде және мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс, бұл тасымалдаудың маңызды шартының бірі болып табылады.
Жүктерді сақтау қоймаларда жүргізіледі. Қоймалар типі мен өлшемдері, қоймаларда орналастыру тәсілдері және сақтау режимі жүктердің физикалық қасиеттеріне, оларды орауға, сақтау мерзіміне, жүктер санына және климаттық жағдайларына байланысты.
Физика-механикалық қасиеттері бойынша жүктерді келесі түрлері бойынша жіктеуге болады: үймелі (пайдалы қазбалар, тау жынысы, төгілмелі ауыл шаруашылық жүктері - қант, бидай және т. б. ), даналанған (машина, жабдық, өнеркәсіп тауарлары және басқалары), құйылатын (су, жанар-жағармай материалдары, эмульсия, сұйылтылған және сығылған газдар) және газ тәріздес (табиғи газ, оттегі және т. б. ) .
Үймелі жүктер кесектілігімен (гранулометрлік құрамымен), үйінді массасымен, табиғи қиябет бұрышымен, жемірлігімен, ылғалдығымен, жабысқақтығымен, өздігінен тұтануға бейімдігімен, күмбез түзумен, жабысқыштығымен және т. б. сипатталады.
Үймелі масса (тығыздық) у т/м 3 - үймелі жүк көлемі бірлігінің массасы, ол физикалық қасиеттеріне, ұсақтау және тығыздау дәрежесіне байланысты. Үймелі тығыздығы әрқашан ұсақталмаған табиғи түрдегі материал тығыздығынан аз. Үймелі тығыздығына байланысты жүктер жеңіл (0, 6 т/м 3 дейін), орташа (0, 6 - 1, 1 т/м 3 ), ауыр (1, 1-2 т/м 3 ) және анағұрлым ауыр (2, 0 т/м 3 жоғары) болып бөлінеді.
Табиғи қиябет бұрышын горизонталь беті бар еркін үйілген материалдың бүйір бетінен түзілетін бұрыш бейнелейді. Ол бөлшектер арасындағы үйкеліс күшіне, ылғалдылыққа, жабысқақтыққа және өлшемдеріне байланысты, сондықтан да тұрақты шама болып табылмайды. Табиғи қиябет бұрышы тыныштықта және қозғалыста болып бөлінеді. Ол көлденең қима ауданына және өнімділігіне (жүк айналымына) әсер етеді. Үймелі жүктер бойынша кейбір деректер 1-кестеде келтірілген.
1-кесте - Кейбір жүктердің үйме тығыздығы және табиғи қиябет бұрышы



Тасымалдау шарттары
Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерi тасымалдаудың басқа да шарттары сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 701-бабының әрекетiне негiзделедi. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған кезде басқа да шарттық мiндеттемелердi бұзғаны үшiн тараптар Азаматтық кодекспен, көлiк туралы заңды актiлермен, өзге де заңды актiлермен, сондай-ақ тiкелей жүктердi тасымалдау шартымен тiкелей көзделетiн жауапкершiлiкке тартылады.
1. Осы шартта пайдаланатын «билет» термині жолаушы билетін және жолжүк түбіртегін немесе электрондық билет қолданылған жағдайда, басып шығарылған бағдар түбіртегін білдіреді, талаптары мен ескертпелері оның бөлігі болып табылады, «тасымал» термині «жеткізу» терминіне баламалы; «тасымалдаушы» жолаушыны немесе оның жолжүгін тасымалдайтын немесе тасымалдауды жауапкершілікке алатын немесе осындай әуе тасымалы бойынша кез-келген қосымша қызметті көрсететін барлық тасымалдаушыларды білдіреді; «электрондық билет» тасымалдаушы немесе оның атынан берілген басып шығарылған бағдар түбіртегін, электрондық купон қолданылған жағдайда отырғызу құжаттарын білдреді. «ВАРШАВА КОНВЕНЦИЯСЫ» 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол қойылған Халықаралық әуе тасымалына жататын белгілі бір ережелері бірегейлендірілген Конвенцияны немесе қолданылуына қарай Гаага қаласында 1955 жылғы 28 қыркүйекте өзгерістері ескеріліп, енгізілген Конвенцияны білдіреді.
2. Конвенцияда белгіленгендей «халықаралық тасымал» болып табылмайтын кезден басқа барлық жағдайларда, осы құжат бойынша жүргізілетін тасымалдау Варшава Конвенциясында белгіленген ережелер мен жауапкершілік шектеулеріне бағынышты болады.
3. Қайшылықтарды болдырмас үшін, жоғарыда аталған тасымал және әрбір тасымалдаушы орындайтын басқа қызметтер: а) билетте жазылған ережелермен; б) қолданыстағы тарифтермен; в) тасымалдаушының тасымал жөніндегі талаптарымен және Құрама Штаттар немесе Канада және олардан тыс кез келген жерлер арасындағы, осы елдерде қолданылатын тарифтер, тасымалдау жағдайларын қоспағанда, құжаттың бөлігін құрайтын тиісті ережелермен (тасымалдаушы кеңсесінің өтініші бойынша қол жеткізілетін) реттеледі.
4. Билетте тасымалдаушы атауының аббревиатурасы, оның толық атауы және тасымалдаушының тарифтерінде көрсетілген аббревиатурасы, тасымал шарттары, ережелер мен кестелер көрсетіледі; тасымалдаушының мекен-жайы билеттегі тасымалдаушы атауының бірінші аббревиатурасына қарсы жағында көрсетілген ұшып кету әуежайы болып көрсетілуі тиіс; келісілген тоқтау жерлері - бұл аталған билетте көрсетілген немесе жолаушының бағытында жоспарлы тоқтайтын жерлері ретінде, тасымалдаушының кестелерінде көрсетілген жерлер; бұл құжат бойынша тасымалды бірінің артынан бірі жүретін тасымалдаушылар жүзеге асырады және ол бірегей процесс ретінде қарастырылады.
5. Басқа әуе тасмалдаушы желісі арқылы тасымалдауға билет беретін әуе тасымалдаушысы оны тек Агент ретінде ғана жүзеге асырады.
6. Тасымалдаушының кез келген жауапкершілігін жою немесе шектеу, агенттердің, тасымалдаушының қызметшілірі мен өкілдерінің және тасымалдау үшін ұшағын пайдаланатын өзге тұлғаның және агенттерінің, қызметшілері мен өкілдерінің игілігі үшін қолданылуы және орындалуы тиіс.
7. Жолжүк биркасын ұсынған адамға тіркелген жолжүк беріледі. Халықаралық тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген жағдайда бүлінуді анықтағанннан кейін тез арада, жолжүкті алғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей тасымалдаушыға жазбаша хабарлама берілуі тиіс, ал кешіктірілген жағдайда хабарлама жолжүк берілгеннен күннен бастап 21 күннен дейін берілуі тиіс. Ішкі тасымалдаулар бойынша тарифтерді немесе шарттарды қараңыз.
8. Бұл билет, егер осы билетте тасымалдаушының тарифтер бойынша, тасымалдау шарттары немесе тиісті ережелерге сәйкес тасымалдар жөнінде өзгертулер көзделмеген жағдайда, берілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды болады. Осы құжат бойынша тасымал үшін төлем тасымал басталмас бұрын алдын ала жүзеге асырылуы тиіс. Тасымалдаушы, егер жол жүрудің қолданыстағы құны төленбеген жағдайда, тасымалдаудан бас тартады.
9. Тасымалдаушы жолаушыларды және жолжүкті тасымалдауды сапалы орындау үшін өзіне байланыстының барлығын жасауға міндеттеме алады. Кестеде немесе басқа жерде көрсетілген уақыт кепілдік объектісі немесе осы келісім-шарт бөлігі болып табылмайды. Тасымалдаушы қосарланушы тасымалдаушыларды немесе ұшақтарды ауыстыруы, сондай-ақ билете көрсетілген аралық аялдамалар орындарын өзгертуі немесе өткізуі мүмкін. Кесте алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін. Тасымалдаушы рейстердің түйісуін қамтамасыз ету үшін жауап бермейді.
10. Жолаушы сапапарларға арналған үкімет талаптарын ұстануға, талап етілетін шығу, кіру және басқа да құжаттарды беруге және әуежайға тасымалдаушы белгілеген уақытта келуге, егер уақыт белгіленбесе, кету жөніндегі рәсімдерін уақытында өту мақсатында барынша ерте келуге тиіс.
11. Тиісті мемлекеттік және басқа да құзыретті басқару орындарымен берілген құжаттардың нақтылығы мен дұрыстылығын тасымалдаушы өз жауапкершілігіне алмайы.
12. Тасымалдаушының агенті, қызметшісі немесе өкілі осы шарттың талаптарын өзгертуге, түзетуге немесе шарттарды орындаудан бас тартуға құқылы емес.
13. Ұшу және авиациялық қауіпсіздік мақсатында жолаушы өз денсаулығына немесе әуекеменің ішіндегі жолаушыларға және мүлікке зиян келтіретін, сонымен қатар басқа жолаушылар мен әуе қызметкерлерін жәбірлейтін, дене зақымын келтіретін жағдайларды туғызбауы тиіс.
Болмаса, жолаушыға қатысты келесі санкциялар қолданылады:
- Тасымалдау келісім-шартын бұзу және жолаушыға барып/қайту жолын іске асырудан бас тарту
- Халықаралық хұқық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту
14. Купондарды қолдану дәйектілігі. Халықаралық әуе көлігі ассоцияциясы (IATA Passenger Services Conference Manual) ережелеріне сәйкес ұшу купондары жолаушы купонында көрсетілгендей, ал электрондық купон болған жағдайда, электрондық билеттерді сақтау жүйесінде сақталғанындай дәйекті қолданылуы қажет. Егер купондардың қолданылу дәйектілігі бұзылса, онда жолаушы бұндай әуебилетпен тасымалдануға алынбайды және билет ауыстыруға немесе қайтаруға келмейді.
Қорытыңды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz