Картаның номенклатурасы жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

ОӨЖ

Тақырыбы: Картаның номенклатурасы

Орындаған: ГК-407 тобының студенті

Қуаныш Аслан.

Тексерген: Аубакирова С. М.

Семей 2015-2016 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Карта номенклатурасы
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі) . Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т. б. анықтауға болады. Масштаб ойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылыммен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады.

Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.

Картаны басып шығару - картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән.

Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы - салалық экономикалық пән.

Негізгі бөлім.

Картаның номенклатурасы.

Топографиялық карталарды пайдалану ыңғайына қарай жер бетінің үлкен территориясын парақтау мен номенклатураның бірыңғай жүйесі біріктіретін жеке беттерді басып шығарады. Көпбеттік карталарды беттерге бөлу белгілі бір жүйеде парақтау деп аталады. Көпбеттік карталардың беттерін көрсететін жүйесі номенклатура деп аталады. Жер бетін меридиан және паралель сызықтары арқылы карталардың жеке трапецияларына бөлуді жіктелу дейді. Олардың географиялық орнын белгілеуді (нөмерлеуді) номенклатура дейді. Номенклатура кез келген ауданның кез келген масштабтағы картасын оңай және тез табуға көмектеседі. 1891 жылы Берн қаласында өткен Халыкаралық географиялық конгресте бүкіл жер шарына 1:1 000 000 масштабтағы карталар жасау туралы шешім кабылданып, картаның жеке бір табағының мөлшері ендік бойынша 4° жөне бойлық бойынша 6° болып тағайындалды.

Миллиондық карта болғандыктан бүл жіктелуді халыкаралық жіктелу деп атайды (8-сурет) . Халыкаралық парактау бойынша жер шары 6° сайын жүргізілген меридиандармен колонналарға, ал 4° сайын жүргізілген параллелдермен қатарларға немесе белдеулерге бөлінеді. Колонналардың саны 60 (360°:6°-60), әрбір жеке колонна 1-ден 60-қа дейін араб цифрларымен белгіленеді. Колонналардың есебі батыс бойлықтың 180° меридианынан басталып шығыска карай, яғни сағат тілінің айналасына қарсы бағытпен жүргізіледі, сонда 180° меридианнан шығыска карай бастапқы меридианға дейін 1-30 колонналар, бас меридианнан сол бағытпен 180° меридианға дейін 31-60 колонналар орналасады. 1:1000 000 карталардың рамка меридиандары Гаусс-Крюгердің 60 зоналар меридиандарымен сәйкес келеді.

Қатарлардың саны экватордың солтүстік және оңтүстік жарты шардың әркайсысында 22-ден небәрі 44. Өйткені 90°: 4° 22 және полюс мандарында 2 градустық сегменттер калады. Карталардың есебі экватордан басталып, солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай жүргізіледі. Әрбір жеке қатар латын алфавиттің бас әрпімен белгіленеді. Мысалы 1-қатар А, 2-қатар В, 3-қатар С, . . . , 22-қатар У (9-сурет) . Колонналар мен қатарлар қосылып, жер бетін сфералық трапецияларға бөліп, әрбір трапеция миллиондық картаның табағын құрайды, Трапецияның көлемі экватордан полюске барған сайын біртіндеп кішірейеді. Олай болса бүкіл жер бетін жабу үшін 1:1000 000 масштабындағы картасы неше трапеция құрайтынын табудың онша қиындығы жоқ. Ол үшін колоннаның санын қатардың санына көбейту жеткілікті: 60x44=2640.

Миллиондық картаның номенклатурасы сол карта орналаскан колоннаның нөмері мен қатардың әрпінен құралады. Мысалы, Алматы каласы (λ=76 о 45 / ШБ, φ=43°10/СЕ) 43 колоннада, К қатарында жатыр. Сондықтан Алматы орналаскан миллиондық карта табағының номенклатурасы К-43 деп белгіленеді. Кейде карта табағы экватордың қай жағында орналасқанын көрсету үшін, қатар әріпінің кукук.png алдына солтүстік немесе оңтүстік деген белгі қойылады. Өйткені К-43 трапециясы оңтүстік және солтүстік жарты шарлардың екеуінде де кездеседі.

1:500 000 масштабтағы карта қағазының номенклатурасын табу үшін 1: 1000 000 масштабындағы табылған трапециясы теңдей төртке бөлінеді, бойлық бойынша екіге, ендік бойынша екіге, мұнда бойлықтар айырмашылығы әрбір үш градустан, ендіктер әрбір екі градустан келеді, олар А, Б, В, Г орыстың бас әріптерімен белгіленеді. Алғашқы екі белгі (К-43) 1:1000 000 масштабтағы номенклатурасы болса соңғысы 1:500 000 масштабтағы картаның номенклатура белгісі. Мысалы: К-43-Г (9-сурет) .

ппвпвп.png

1:000 000 масштабтағы картаның бір трапециясы 1:200 000 масштабтағы картаның 36 трапециясына, яғни ендік бойынша теңдей алтыға және бойлық бойынша теңдей алтыға бөлінеді, мұнда ендіктер әрбір 40 минуттан, бойлықтар бір градустан жүргізіледі. Олар рим цифрларымен белгіленеді, оның номенклатурасы үш орыннан тұрады: алдыңғы екеуі миллиондық 23 картаның номенклатурасы, соңғы үшіншісі 1: 200 000 масштабтағы карта номенклатурасы.

Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртында қабырғасының ортасында орналасады.

Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6, ал ендікте 4. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен жәнереттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 1 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

М-41бет 1 : 1 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, . . . , 144цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.

1 : 1 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1 : 5 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетіннің номенклатурасы М-41-60-Б болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабта5ы картаның ең соңғы бетінің номенклатурсы М-41-60-Б-Г-4 болады.

1 : 5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып

1: 1 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1 :5000 масштабтағыкартаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

1 : 2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1 :5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1 : 2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.

Топогрфиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 3-ші кестеде беоілген.

Карталардың номенклатурасы.

Масштаб
Беттің өлшемі
Номенклатура үлгілері
Ендікте
Бойлықта
Масштаб: 1 : 1
Беттің өлшемі: 4
Номенклатура үлгілері: 6
М-41
Масштаб: 1 : 5
Беттің өлшемі: 2
Номенклатура үлгілері: 3
М-41-А
Масштаб: 1 : 2
Беттің өлшемі: 40
Номенклатура үлгілері: 1
М-41-ХХХ
Масштаб: 1 : 1
Беттің өлшемі: 20
Номенклатура үлгілері: 30
М-41-60
Масштаб: 1 : 5000
Беттің өлшемі: 10
Номенклатура үлгілері: 15
М-41-60-Б
Масштаб: 1 : 25000
Беттің өлшемі: 5
Номенклатура үлгілері: 7 30”
М-41-60-Б-г
Масштаб: 1 :1
Беттің өлшемі: 2”30
Номенклатура үлгілері: 3”45”
М-41-60-А-а-1
Масштаб: 1 : 5000
Беттің өлшемі: 1”15”
Номенклатура үлгілері: 1”52”, 5
М-41-60(256)
Масштаб: 1 : 2000
Беттің өлшемі: 25”
Номенклатура үлгілері: 37”, 5
М-41-60(256-и)
Масштаб:
Беттің өлшемі:
Номенклатура үлгілері:

1 :5000, 1 :2000, 1 :1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының өлшемі

clip_image002

17-ші сурет1:1 000 карта номенклатура беті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Тахеометр.Электронды тахеометрлер
Растрлық бейнелерді Photoshop бағдарламасында өңдеу
Географиялық карталарды топтастыру
Картаның номенклатурасы жайлы ақпарат
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Картаның номенклатурасы
Тауарлық-материалдық қорлар
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz