Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматика және электротехника кафедрасы
С. Ө. Ж №4
Тақырыбы: Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар
Орындаған: Тоқтарғазин Ә. А
АУ-401
Тексерген: Готман Л. А
Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақша айналысы заңы
- құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына ) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма - қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер) .
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу нысаны, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн нысандарының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Ақша айналысының заңы - тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.
Ата = Тауар бағаларының сомасы /Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
Aқ = (Стб - Нтб + Мтс - Өтс) / Aoc
мұнда,
Ак - айналысқа қажетті ақша саны;
Стб - сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб - несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс - міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос - айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналысынын жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz