Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті.

Тақырыбы: Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2, UNIX, Windows, оның түрлері)

Орындаған:Парасат Қ.

Тобы:ФН-505

Тексерген:Қайсанов С. Б.

Семей 2015ж.

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Оперияциялық жүйе.

2. Даму тарихы.

3. Қызметтері.

4. Сервистік программалар.

5. Желілік операциялық жүйелер.

6. MS-DOC

7. NC

8. OS/2

9. UNIX

10. Windows.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиет.

Кіріспе.

Амалдық жүйе (АЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарлаиаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.

Амалдық жүйе бомаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық апараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

  1. Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
  2. Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе.

Операциялық жүйе ( Операционная система; operating system ) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICKнемесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік(вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Даму тарихы.

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

Қызметтері.

Үдіріс басқару

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Сервистік программалар.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Жүйелік үзілісті ұйымдастыру

Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды. BIOS - тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO. COM (IBMIO. COM) - BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS. COM (IBMDOS. COM) - ның жұмысы - пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т. б. . Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. COMMAND. COM - ның негізгі жұмысы - пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND. COM - ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т. б. . )

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік операциялық жүйелер.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
  • ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
  • желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
  • ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
  • ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
  • ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Windows объектілі - бағытталған платформасы

Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады.

Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
  • Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
  • Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. *Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
  • Хабар беру - әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
  • Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
  • Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
  • Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
  • объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
  • объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

MS-DOC

MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) - дербес компьютердің аппараттық жасақтамаларын - процессорды, оның жедел жадын, дискілерді және шалғай құрылғыларды автоматты басқаруға арналған, Microsoft фирмасы жасаған дискідегі операциялық жүйе. Ол құрылғылар мен қолданбалы программалардың өзара байланысын, сондай-ақ осылармен жұмыс істеушінің оларды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін программа болып табылады. 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялык жүйе ретінде белгілі. MS DOS жүйесін осы күнгі кең таралған UNIX, Windows операциялық жүйелерінің негізі деп атауға да болады.

NC

Norton Commander - қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды «операциялық қабыршық» деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
•Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
•Диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
•Бір каталогтан екіншісіне көшуге;
•Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;
•Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге;
•Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге;
•Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Norton Commander-ді іске қосу.

NC. EXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теру керек:
C:NCNC
бұндағы C: - NC. EXE файлы жазылған диск аты, ал NC - каталог аты.
NC - Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінен құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC-каталог атын, екінші NC-программа атын (nc. exe) көрсетеді.
Norton Commander-ден шығу
Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: F10 пернесін басу қажет. Экранға сұхбаттық терезе шығады:
Онда «Шынымен Norton Commander - де жұмыс бітті ме» деген сұрақ бар, егер «Yes» (yes -иә) немесе «Enter» (енгізу) пернелерін бассаңыз, экраннан терезелер мен меню жоғалады.
F10 пернесі кездейсоқ басылса сұхбаттық терезеде курсорды
«No» («жоқ») деген сөзге апарып, «Enter» (енгізу) пернесін басу қажет.
Ескерту!
Егер бірнеше пернені қатар басу керек болса, ол әрекетті «+» символы арқылы белгілейміз. Мысалы, Ctrl + Q деп жазсақ, ол Ctrl және Q пернелерін қатар басу керек екенін көрсетеді. (Ctrl пернесін басып тұрып, Q пернесін басу керек.
Жұмыс істеп жатқан каталог (курсор тұрған) немесе диск ағымдық деп аталады.

UNIX

UNIX ОЖ негізгі компонентері. UNIX операциалық жүйесінде пайдаланушының жұмысымен байланысты негізгі түсініктер. Каталог және файлдар. Файлдың иесі және файлды қорғау. Мәтіндік файлдармен жұмыс. Стандартты файлдар. Программаны өңдеудің тәсілдері. Жүйелік администрациялау. Файлдық жүелер.

UNIX ОЖ ядросы. Құрылғылармен басқару. Процесстермен басқару. Көппайдаланушылық режимді ұйымдастыру принциптері.

UNIX ОЖ тарихы. 40-50-ші жылдары барлық компьютерлер дербек көмпьютерлер болатын, яғни ол кезде пайдаланушы компьбтермен жұмыс жасауда белгілі сағаттарға ғана жазылатын және маши осы уақытта пайдаланушының мүмкіндігінде болатын. Осы компьютерлердің физикалық өлшемдеріүлкен болатын, бірақ, осындай компьютерде жұмыс жасау әр уақытта бір ғана пайдаланушы болатын. 60-ші жылы осы машиналардың орнына пакетті жүйелер келді, мұнда, программист машиналық бөлмеге перфакарта түрінде тапсырмаларды әкеле бастада. Егер жеткілікті түрде тапсырмалар жиналса, онда оператор оларды бір пакетке магнитті лентаға көшіретін. Перфокарталарды өткізуден бастап баспаға шығыруға дейін бір немесе бірнеше сағат өтетін.

Осы бар схеманы барлығы өнімсіз және көнілдерінен шықпағаннан кейін, оны ары қарай іске асыруда, Дартмуттік колледжде және Массачусетском технологиялық институтта уақытты бөлу жүйесін ойлап шығарған.

Дартмуттік жүйеде тек BASIC - ғана жұмыс істейтін, бірақ ұзаққа созылмай жойылып кетті. Аз уақыттың ішінде Массачусеттік технологиялық институтінің зерттеушілері Bell Labs лабораториясында екінші поколениядағы MULTICS (мультиприкациялық ақпараттық және есептеуіш службаны) жүйені өңдей бастады. Кейінрекосы лобораторияның зерттеушісі кен Томпсон жаңа қызықтыратын мәселелерді іздеумен шұғылдана бастады.

80-ші жылдардың ортасында UNIX операциялық жүйесі мини-компьютерлерде және инженерлі жұмыс станцияларында қолданылды.

UNIX дербес жүйе. UNIX жүйесі С жоғарғы деңгейдегі тілге жазылғаннан кейін, жаңа машинаға көшіру мәселесі жеңіл процесс бола бастады. Жүйені көшіруде алдымен С тілінен жаңа машина үшін компилятор жазу қажет болды. Содан кейін жаңа машинаның еңгізу-шығару құрылғысы үшін, яғни терминалдар, принтерлер және дискілер үшін құрылғылар драйверін жазу қажет болды.

UNIX операциялық жүйесі PDP - 11 машинадан ауыстырылған алғашқы компьютер -Interdate 8/32 мини-компьютері болыды. Мұнда, UNIX жүйесінда бүтін сандар 16-разрядты, адресі 16- битті, және негізгі айнымалыларды сақтау үшін үш регистр болды деген тұжырым пайда болды. Бірақ бұл тұжырымның біреуіде ақиқатты болғанжақ. UNIX жүйені ақиқатты етіп жасау үшін біраз еңбектену керек болды.

UNIX жүйесінде желімен жұмыс істеудің барлық жұмыстары екі машинаны қосудан басталды. Interdate - кейін UNIX жүйесі VAX-қа ауыстырылды, ал содан кейін басқа компьютерлерге ауыстырылды.

1984 жылы АҚШ басшылары AT&T корпарациясын бөлгеннен кейін компания қаржылық инвестицияны компьютерлік өндіріске заңды салуды жүзеге асырды. Ұзамай осыдан кейін AT&T компаниясы UNIX жүйесінің бірінші коммерциялық вариантын нарыққа шығарды. Оның нарыққа шығуы аса сәтті болмады, сондықтан бір жылдан кейін ол жаңа версиясына ауыстырылды.

UNIX жүйесінің негізгісі - процесстер болып табылады. UNIX процесстері классикалық процесстерге ұқсайды. Әр процесс бір программаны жүктейді және басқарудың бір ағымын алады. Басқа сөзбен айиқанда процессте бір командалар счетчигі бар.

Linux - UNIX ұясына кіретін амалдық жүйе.

Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.

Терминология

GNU/Linux-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады. Төменде ыңғайлатылған түрінде бірнешеуін түсіндіруге тырысамын. Көбірек білу үшін осы ұғымдар туралы Интернетте (Википедияда) оқып, танысуға болады.

Free Software - еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.

Open Source - бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық - тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз.

GNU/Linux - Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы - ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.

Дистрибутив - бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т. б.

Консоль (командалық жол) - негізі, ол - операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді.

Root (суперпайдаланушы) - GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер (ms-doc, nc, os 2,unix, windows, оның түрлері)
Каталогтың ішіндегі файлдың жазылуы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Әр түрлі операциялық жүйелерде шифрлеудің программалық құралдары
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
ЭЕМ-нің қызметі,құрамы және жіктелуі
Сан жүйесінің аты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz