Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі


Баяндама
Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі
Жоспар:
- Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы
- Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі
- Демографиялық ахуалдар және оны шешу мәселелері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз - Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі - халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.
Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.
20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды. Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында - 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406, 6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108, 5 мың адамы кеміп қалды .
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбандану процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбандану негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті.
1-кестеде көрсетілгендей, еліміздің ең ірі мегаполисі - Алматыда 724202 мың қазақ тұрады, олардың үлесі 53, 0%, Астанада 425298 мың қазақ бар, үлесі - 69, 3%. Облыс орталықтары ішінде қазағы көп Қызылорда (95, 2%) мен Атырау (91, 1%) . Қазақтар едәуір басым қалалар: Ақтөбе - 68, 2%, Ақтау - 64, 4%, Талдықорған - 64, 2%, Семей - 62, 4%-і; қазақтары тұрғындардың жартысынан асатын қалалар: Тараз (59, 1%), Шымкент (57, 5%), Орал (53, 2%), Көкшетау (50, 9%) . Қазақтар үлесі өте төмен қалалар: Петропавловск (20, 8%), Өскемен (26, 5%), Қостанай (27, 7%), Павлодар (37, 8%), Қарағанды (35, 3%) . Бұларда орыстар қазақтардан едәуір басым: Өскеменде - 68, 1%, Петропавлда - 66, 8%, Қостанайда - 50, 9%, Павлодарда - 46, 4%, Қарағандыда - 46, 2%. Жоғарыда көрсетілген урбанданудағы екі бағыт та ауыл шаруашылығының, әсіресе қазақ ауылының қайта жаңғырып, кең даму жолына түскенше жалғана беруі мүмкін.
1-кесте Қазақтардың өсу динамикасы
Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 ж. санақ бойынша ауыл халқы 43, 3% болса, 2000 ж. - 44, 0%, 2014 ж. - 45, 9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз.
2-кесте Қазақстан Республикасының ауыл халқы
Қазақстанның демографиялық проблемаларын шешу үшін төмендегі ұсыныстар ескеріліп, тиісті заң актілері мен бағдарламаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе дұрыс болар еді:
1. Босанатын және босанған әйелдерге төленетін демалыс ақысын батыс елдеріндегі деңгейге жақындату (босанардан 3 ай бұрын және босанған соң 18 ай бойынша орташа жалақы мөлшерінде) .
2. Кейбір Еуропа елдерінде (мәселен, Германиядағыдай) босанған әйелдерге бір мәртелік көрімдік (сүйінші) ақысын төлеу.
3. Босануға байланысты барлық медициналық қызметтерді мемлекет есебінен жасау.
4. Туу мөлшерін көбейту үшін әр жанұядағы үшінші баланы мемлекет есебінен кәмелеттік жасқа дейін асырау, оқыту.
5. Көп балалы жанұяларға әлеуметтік және салықтық жеңілдіктерді беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz