Сусыз карналлит, құрғатылған карналлит, скн пеші, карналлитті хлоратор, анодты хлоргаз, мұнайлы кокс, жылулық, материалдық байланстар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Жобадағы түсіндірме қағаз 98 бет, 25 кесте, сызбалар 7, әдебиеттер тізімі 25.

СУСЫЗ КАРНАЛЛИТ, ҚҰРҒАТЫЛҒАН КАРНАЛЛИТ, СКН ПЕШІ, КАРНАЛЛИТТІ ХЛОРАТОР, АНОДТЫ ХЛОРГАЗ, МҰНАЙЛЫ КОКС, ЖЫЛУЛЫҚ, МАТЕРИАЛДЫҚ БАЛАНСТАР.

Осы жұмыстың мақсаты сусыз карналлитті алатын цехті жобалау болып табылады.

«Негізгі түсіндірме қағаз» бөлігінде өндіріс орнының және өнімнің қысқаша сипаттамасы, жобаның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері берілген.

Одан ары құрылыс алаңын таңдау жүргізілді, жергілікті жер бедерінің қысқаша сипаттамасы, климаттың көрсеткіштерімен топырақ суларының сипатаммасы берілген.

Түсіндірме қағаздың келесі бөлімдерінде, әдебиеттерді және ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау негізінде, сусыз карналлит алу үшін негізгі қондырғылар мен технологиялық схеманы таңдау және негіздеу жүргізіледі.

Жобадағы тапсырма мен алғашқы көрсеткіштердің негізінде технологияның есептеулер жүргізіледі: карналлитті хлораторлардың өлшемдері анықталады, материалдық және жылулық баланстар құрылды, энерегтикалық есептеулер жүргізілді, сондай-ақ үрдісті автоматтандырудың функционалды сұлбасы құрылды.

Сонымен қатар түсіндірме қағазда еңбекті қорғау шаралары мен қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, сәулеттік-құрылыс шешімдері, құрылыс құрылымдарын химиялық және антикоррозиялық қорғау шаралары ұсынылған.

Түсіндірме хаттаманын соңғы бөлімдерінде, цех жұмысшыларының санын есепке араластырып жұмыс уақытының қоры анықталды, құрылысқа кететін шығындар сметасы және цех өнімінін өзіндік құн калькуциясы құрылды, жобаның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері есептелінді.

Мазмұны

Кіріспе 9

1 Жалпы түсіндірме хаттама 10

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және жобалау үшін бастапқы мәліметтер 10

1. 2 Өнімнің атаулары, сапасы және техникалық деңгейі 11

1. 3 Технологиялық және жобалық негізгі шешімдер 12

1. 4 Энергия қорына сұраныс 12

1. 5 Жұмысшылардың саны және кәсіби-біліктілік құрамы. Жұмыс орындарының саны және жабдықталуы 13

1. 6 Жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері 14

2 Бас жоспар және көлік 16

2. 1 Құрылыс алаңын таңдау және қысқаша сипаттамасы 16

2. 2 Жергілікті жердің, грунттың, грунттық сулар рельефтерінің

сипаттамасы 17

2. 3 Көлік 17

3 Технологиялық шешім 18

3. 1 Шикізат базасы, шикізат сипаттамасы 18

3. 2 Карналлитті түпкілікті ылғалсыздандыру үшін аппараттардың салыстырмалы сипаттамалары 18

3. 2. 1 Магнийді алу тәсілдері 18

3. 2. 2 СКН пеші және карналлиттік хлоратордың салыстырмалы

сипаттамасы 19

3. 2. 3 Хлораторда сусыз карналлитті алу технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттары 20

3. 3 Карналлитті ылғалсыздандырудың теориялық негізі 20

3. 4 Сусыз карналлитті алудың технологиялық сұлбасын таңдау және негіздеу 22

3. 4. 1 Құрал-жабдықтарды таңдау және технологиялық сұлбаны сипаттау 23

3. 5. Негізгі технологиялық үрдістердің сипаттамасы 24

3. 5. 1 Шикізаттың және негізгі технологиялық материалдардың

сипаттамасы 24

3. 5. 2 Карналлиттік хлоратордың қондырғысы және жұмыс принципі 25

3. 5. 3 Сусыз карналлитті өндіру 26

3. 5. 4 Негізгі технологиялық үрдістердің режимдік параметрлері 27

3. 6 Карналлитті хлоратордың негізгі өлшемдерін анықтау 28

3. 6. 1 Есептеу үшін бастапқы мәліметтер 28

3. 6. 2 Еріткіштің өлшемдерін анықтау 28

3. 6. 3 Хлорлаушы камералардың өлшемдерін анықтау 28

3. 6. 4 Миксер өлшемдерін анықтау 29

3. 6. 5 Хлораторлардың өлшемдерін анықтау 29

3. 7 Магний және хлор бойынша материалдық баланстың есептеулері 30

3. 7. 1 Бастапқы мәліметтер 30

3. 7. 2 Еріткіштегі балқыма құрамының есептелуі 31

3. 7. 3 Хлоркамералардағы балқыма құрамының есептелуі 32

3. 7. 4 Хлооратор миксеріндегі балқыма құрамын есептеу 33

3. 7. 5 Хлордың үлесті шығысын есептеу 34

3. 7. 6 Мұнай коксының шығысын есептеу 34

3. 7. 7 Технологиялық газдың санын және құрамын есептеу 35

3. 7. 8 Еркін материалдық баланс 38

3. 8 Жылу балансын есептеу 39

3. 8. 1 Бастапқы мәліметтер 39

3. 8. 2 Еріткіштің жылу есебі 41

3. 8. 3 Хлоркамералардың жылу есебі 46

3. 8. 4 Миксердің жылу есебі 49

3. 9 Электрлық қуаттылықты есептеу 51

3. 9. 1 Еріткішті есептеу 51

3. 9. 2 Хлорлау камерасын есептеу 52

3. 9. 3 Миксерді есептеу 52

3. 10. Технологиялық процестерді автоматтандыру 53

3. 10. 1 Технологиялық процесті реттеу нысаны ретінде талдау 53

3. 10. 2 Автоматтандырудың мақсаты 54

3. 10. 3 Автоматтандырудың техникалық құралдар кешенін таңдау және автоматтандыру сызбасын сипаттау 54

4 Жобаның қауіпсіздігі және экологиялылығы 56

4. 1 Қауіпті өндіріс факторларын талдау 56

4. 2 Ұйымдастыру шаралары 58

4. 3 Техникалық шаралар 59

4. 4 Жалпы алмастыру желдетуімен қамтамасыз ету 59

4. 5 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету 60

4. 6 Санитарлық-гигиеналық шаралар 60

4. 7 Жұмыс орындарының жарықтандыруын қамтамасыз ету 61

4. 7. 1 Табиғи жарықтандыруды жобалау 61

4. 7. 2 Жасанды жарықтандыруды жобалау. 63

4. 8 Өрт қауіпсіздігінің шаралары. 65

4. 9 Қоршаған ортаны қорғауға байланысты шаралар. 70

4. 9. 1 Ауаның ластануын азайту. 70

4. 9. 2 Карналлитті хлораторлар шламдарын (ШКХ) пайдаға асыру әдістері 72

4. 9. 3 Қышқылды тоқтау суларын пайдаға асыру 72

5 Еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі 73

5. 1 Жұмыс уақытының қорын есептеу 73

5. 2 Бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс уақытының балансы 75

5. 3 Жұмысш ауысымын есептеу 77

5. 4 Жылдық жалақы қорын есептеу 82

6 Құрылыстық шешімдер 87

6. 1 Құрылыс алаңдарының сипаттамасы 87

6. 2 Ауа алмасуды ұйымдастыру 87

6. 3 Жарықтандыру 88

6. 4 Коррозияға қарсы қорғаныс 88

7 Сметалы құжаттама 89

7. 1 Ғимаратқа, құрылымға және қондырғыларға кететін толық шығынды есептеу 89

7. 1. 1 Жоспарланатын цехтің құрылысына кететін шығындардың сілтемелі сметасы 91

7. 2 Тауарлы өнімнің өзіндік құнын есептеу 91

7. 2. 1 Шикізаттың және көмекші материалдардың шығынын есептеу 91

7. 2. 2 Электроэнергияның шығынын есептеу 92

7. 2. 3 Өзіндік құн калькуляциясы 93

7. 3 Жобаның экономикалық тиімділігін анықтау 94

Қорытынды 96

Әднбиеттер тізімі 97

КІРІСПЕ

Магнийді өндірістік көлемде өндіру ХІХ-шы ғасырдың аяғында басталған. Қазіргі кезде ол үлкен көлемді қамтыған. Өндірістің бірқатар жаңа салаларының пайда болуы және жаңа технологияны енгізудегі магнийдің қолдануының кеңеюі, бұл металды өндірудің көлемінің өсуіне және технологияның жетілуіне әкелді. Магний өндірісінің өсуі және іс жүзінде сарқылмайтын табиғи қорлар болуы осы металдың және оның балқымаларының қасиеттерін одан әрі зерттеу, оларды пайдаланудың жаңа салаларын табуға қызығушылық туғызады.

Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, «УКТМК» АҚ-да магнийді өндірудің негізгі әдісі болып табылады, яғни магнийді магний хлориді балқымасын электролиздеу арқылы алу.

Қазіргі таңда магнийлі өндіріс орындарының, соның ішінде УКТМК-нің негізгі мәселелері келесігідей:

- өнімнің өзіндік құнын төмендету;

- алынатын магнийдің және жартылай өнімдердің сапасын арттыру;

- өнімділікті арттыру;

- әрбір технологиялық бөліктегі үрдістерді басқарудың толық автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу.

- өндіріс қалдықтарын кешенді түрде өндеу және қолдану.

Жоғарыдағы мәселелерді шешу өндіріс жұмысшыларының, жобалаушылардың және ғылыми жұмыскерлердің негізгі мақсаты болып табылады. Осы мәселелердің шешілуі Қазақстан металлургиясының одан әрі дамытуға септігін тигізбек.

1 ЖАЛПЫ ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМА

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және жобалау үшін бастапқы мәліметтер

Технологиялық жобалау үшін бастапқы мәліметтер:

- жобалау нысанының атауы: сусыз карналлиттің өндірісі бойынша цех;

- жобалау нысанының сипаты - жаңа құрылыс;

- цехтың өндірістілігі - күніне 300 тонна сусыз карналлит;

- бастапқы шикізат ылғалсыздандырылған қос сулы карналлит болып табылады;

- карналлиттің құрамы (салмағы бойынша %) :

ΜgCl 2 -47, 9

ΜgО-2, 81

КСl-40, 6

ΝaСl-3, 8

СаСl 2 -0, 1

С - 0, 02

SiО 2 -0, 007

4 -2 -0, 037

Н 2 О жалпы-4, 0

Fе-0, 004

- сусыз карналлит СТП 3826-2. 1-105 талаптарына сәйкес болу керек.

Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

Сусыз карналлит өндіру бойынша цех ерітілген хлор магний электрыдырау арқылы магний алудың қолданыстағы технологиясымен «Өскемен ТМК» АҚ аумағында жобаланады. Сондықтан сусыз карналлитті алу осы кәсіпорындағы магнийді өндірудегі қажетті өзгертіліс болып табылады.

Сусыз карналлитті алудың негізгі технологиялық аппараты хлоратор болып табылады. Жобаланылатын цехтың шикізаты электрыдырау цехында «КС» пешінде алынатын ылғалсыздандырылған карналлит болып табылады.

Сонымен қатар, сатымдық ылғалсыздандырылған карналлитті пайдалануға болады, себебі «Өскемен ТМК» АҚ карналлитті қабылдап алу қоймасы және соңғыны сақтау үшін сүрлемелі мұнара бар. Сусыз карналлитті алу үшін негізгі технологиялық материалдар ретінде электрыдыраулық цехтан түсетін анодтық хлоргаз және титанның тетрахлоридін алу цехынан пневмокөлікпен жеткізілетін мұнай коксы пайдаланылады.

1. 2 Өнімнің атаулары, сапасы және техникалық деңгейі

Тауарлық өнімнің сипаты

Сусыз карналлит.

Химиялық формуласы - КСl · ΜgCl 2.

Молекулалық салмағы - 169, 8.

Сусыз карналлит - бұл магний, калий, натрийдың хлорлық тұздарының және ілеспе қоспалардың (магний оксиді, темір тұздары, кремния, алюминий, көміртегі) ерітіндісі.

Ерітілген сусыз карналлит 700 ден 750°С температурасында бір текті, әлсіз сарғылт жеңіл ағатын сұйық болып көрінеді. Сұйық сусыз карналлиттің 700°С температурасындағы тығыздығы 1, 62 г/см 3 .

Сусыз карналлиттің еру температурасы (430-460°С) онда калий, натрий, магний хлорлық тұздарының болуына байланысты.

Ерітілген карналлит суытылған кезде қатады және сарғылт ақ түсті қатты затқа айналады. Қатты сусыз карналлит ылғалданғыштық, сумен өзара қатынасқанда гидролизге ұшырайды, жанбайды, соққы кезінде жеңіл сынады.

Қатты карналлиттің тығыздығы - 1, 95 г/см 3 .

Сусыз карналлит магнийді электролитикалық тәсілмен алу үшін шикізат болып табылады.

Сусыз карналлитті бақылау және сынақтан өткізу

Сусыз карналлит СТП 3826-2. 1-105 сәйкес бақыланады. Сынамасы хлораторшымен шөмішке құю кезіңде алынады және ЦЛК жедел-лабораторияға ары қарай беру үшін ОТК жіберіледі. Алынған талдау нәтижелері шебердің ауысым рапортына жазылады.

Кесте 1 - Өнімді бақылау әдістері

Өнімнің түрі
Сапа көрсеткіші
Бақылау әдісі
Бақылау әдісіне нормативтік құжаттамалар
Өнімнің түрі: Сусыз карналлит
Сапа көрсеткіші:

Магния хлориді

Магний оксиді

Көміртегі

Бақылау әдісі: Химиялық
Бақылау әдісіне нормативтік құжаттамалар:

А 3826-52. 1

А 3826-24

А 3826-67

Дайын өнімді қабылдап алу

Сусыз карналлитті қабылдау өлшенгеннен кейін электрыдыратқышпен жүзеге асырылады. Электрыдыратқыштық бөлімге жіберілетін сусыз карналлиттің жалпы саны ауысым сайын шебермен технологиялық рапортқа жазылып отырылады.

Жіберілетін сусыз карналлиттің саны ауысым сайын келесілерді көрсетумен жөнелтпе құжатында ресімделеді:

- күні;

- ауысым нөмірі;

- еріту салмағы;

- ауысым шеберінің және аға хлораторшының қолдары.

Өнімді буып-түю, маркілеу, сақтау және жеткізілімі

Сусыз карналлит хлораторшымен хлораторлардың шөмішіне құйылады және электрыдыратқыштық бөлімшеге жіберіледі.

Дайын өнімді жеткізуге жауапкершілік және бақылау шеберлерге жүктеледі.

1. 3 Технологиялық және жобалық негізгі шешімдер

Сусыз карналлитті алу үшін жобаланған цехты электрыдыратқыштың қолданыстағы цехының тікелей жанына қоямын. Алынған сусыз карналлит электрыдыратқыш цехына цехты қосып тұрған цехаралық дәліз бойынша жіберіледі. Ылғалсыздандырылған карналлит және мұнай коксы тиесінше электрыдыратқыш цехының «КС» пеші бөлімшесінен және титанның тетрахлоридын алу цехынан пневмокөлікпен жеткізіледі. Анодтық хлоргаз электрыдыратқыш цехына хлорлық компрессорлар арқылы түседі. Сатылым ылғалсыздандырылған карналлитті пайдалану кезіңде карналлиттің электрыдыратқыш цехының құрамына кіретін қабылдау және силостық қоймаларын пайдаланамын.

1. 4 Энергия қорына сұраныс

Магний өндірісі жалпы сусыз карналлитті алу үлкен энерго-, жылу- және су-қорларын талап ететін өте энергиясыйымды өндіріс болып табылады. Сондықтан бұл көзқарас жағынан қарағанда «Өскемен ТМК» АҚ дұрыс жерде орналасқан. Жобаланатын цех мақсатты түрде Өскемен қаласының шет жағындағы екі өзеннің: Үлбі және Ертістің қосылу ауданында, су бастауының жанында орналастырылған. Құрылыс алаңы Үлбіден 1, 5 километрде орналасқан, бұл өндірісті сумен және қалдықтарды (құйылыс) төгу мүмкінідігін қамтамасыз етеді.

Өскеменнің шет жақтарында Бұқтырма ГЭС-ы, Өскемен ГЭС-ы, Өскемендік ЖЭЦ-ы, Согра ЖЭЦ-ы, Шүлбі ТЭЦ-ы орналасқан, бұлар бірыңғай энергетикалық жүйеге біріккен.

1. 5 Жұмысшылардың саны және кәсіби-біліктілік құрамы. Жұмыс орындарының саны және жабдықталуы

Жұмыс істейтіндердің есебі осы түсіндірме жазбахатының 5 бөлімінде келітірілген. Жобаланатын цехта жұмысшылардың жылпы саны - 77 адам. Олардың 35 негізгі жұмысшылар, 23 - қосымша және 19 адам ИТЖ (инженерлік-техникалық жұмыс), қызметкерлер және КҚКЖ (кіші қызмет көрсету жұмысшылары) . Бұл мәліметтер 1. 2 және 1. 3 кестелерінде көрсетілген.

Кесте 2 - Негізгі және қосымша қызметкерлердің саны және кәсіби-біліктілік құрамы.

Кәсіптер
Өндіріске қатыстылар
Разряд
Саны
Кәсіптер:

Хлорлаушы

Хлорлаушы

Жүк түсіруші

Кран машисті

Қайта тиеуші машинисті

Барлығы

Өндіріске қатыстылар:

Негізгі

Негізгі

Негізгі

Негізгі

Негізгі

Разряд:

5

4

4

4

4

Саны:

9

9

5

6

6

35

Кәсіптер:

Механика қызметі

Слесарь-жөндеуші

Слесарь-жөндеуші

Газо-электрмен балқытушы

Барлығы

Өндіріске қатыстылар:

Қосымша

Қосымша

Қосымша

Разряд:

6

5

5

Саны:

2

2

3

7

Кәсіптер:

Энергетика қызметі

Электромонтер

Электромонтер

Электромонтер

Барлығы

Өндіріске қатыстылар:

Қосымша

Қосымша

Қосымша

Разряд:

6

5

4

Саны:

1

1

6

8

Кәсіптер:

БӨҚжА қызметі

БӨҚжА слесарі

БӨҚжА слесарі

БӨҚжА слесарі

Барлығы

Өндіріске қатыстылар:

Қосымша

Қосымша

Қосымша

Разряд:

6

5

4

Саны:

1

1

6

8

Кәсіптер: Барлығы
Өндіріске қатыстылар:
Разряд:
Саны: 58

Кесте 3 - ИТЖ, қызметкерлердің және КҚКЖ саны және санаты

Лауазым
Санат
Саны
Лауазым: Цех басшысы
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Өндіріс бойынша цех бастығының орынбасары
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Техникалық басшы
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Аға шебер
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Аға механик
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Аға энергетик
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Аға экономисті
Санат: ИТЖ
Саны: 1
Лауазым: Өндіріс шебері
Санат: ИТЖ
Саны: 5
Лауазым: Нормалаушы
Санат: Қызметтік
Саны: 1
Лауазым: Тізімдеуші
Санат: Қызметтік
Саны: 1
Лауазым: Хатшы-машинист
Санат: Қызметтік
Саны: 1
Лауазым: Қоймашы
Санат: КҚКЖ
Саны: 1
Лауазым: Өндірістік бөлмелердің еден жуушысы
Санат: КҚКЖ
Саны: 3
Лауазым: Барлығы
Санат:
Саны: 19

1. 6 Жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

  1. Кәсіпорын қуаты: жылына 1095000 тонна сусыз карналлит, құны - 4838 млн. теңге.
  2. Өнімнің негізгі түрлерінің өз бағасы: сусыз карналлит - 40910, 2 теңге/т.
  3. Цех құрылысының жалпы құны - 232441753 теңге.
  4. Күрделі жұмсалымның өтелімділігі мерзімі - 0, 65 жыл.
  5. Негізгі қорлардың құны: ғимарат пен құрылыс - 24050610 теңге, жабдықтар - 165317352 теңге.
  6. Кәсіпорынның шикізатқа және материалдарға деген жылдық сұранысы:

Ылғалсыздандырылған карналлит

Хлоргаз

Мұнай коксы

Шынымата

Жапырақты талшықтас

Өнеркәсіптік су

Сығылулы ауа

Электроэнергия

- 121545 т

- 8739, 2 т

- 634 т

-

2190 п/м

- 328, 5 кг

- 19053 мың м 3

- 54, 75 мың м 3

-92, 2 млн. кВт/сағ

7) бір карналлиттік хлоратордың өндірістілігі - сусыз карналлиттің 150 т/күніне.

8) Хлораторлардың саны - 3.

2 БАС ЖОСПАР ЖӘНЕ КӨЛІК

2. 1 Құрылыс алаңын таңдау және қысқаша сипаттамасы

Сусыз карналлитті алудың жобаланатын бөлімшесі Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының «Өскемен ТМК» АҚ аумағында орналасқан. Комбинатқа Алматы темір жолының желісі келіп тұр, ол комбинаттан 1 км ара қашықтығында өтеді, жақсы жабдықталған автомобиль жолдары бар. Сонымен қатар қатынастың сулы және әуе жолдары бар.

Аудан 2. 01-82 нормативтер мен ережелер жинағына сәйкес 1 В климаттық белбеуге жатады. Климат жылдық және бір күндік температураларды үлкен аусымдарымен жедел континентальды болып келеді.

Алаңның табиғи жағдайлары келесі мәліметтермен сипатталады:

- ауаның орта жылдық температурасы 28°С-ге тең;

  • ең суық айдың (қаңтар) орта температурасы -10°С-нан -44°С-ге дейін өзгереді;
  • ең жылы айдың (шілде) орта температурасы +20°С-тан +35°С-ге дейін құбылады. ;
  • нормативтік қар жүктемесі - 1, 5 кПа;
  • нормативтік желді жүктеме - 0, 38 кПа;
  • сылақтың қату тереңдігі - 2 м;
  • ауданның сейсмологиясы - 6 балл.

Ауданның жел жағдайы шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы желдердің болуымен сипатталады.

Құрылыс ауданында жеткілікті шикізат базасы бар, электроэнергиямен, сумен, көлікпен, еңбек ресурстарымен қиындықтар жоқ. Сондықтан аудан жалпы комбинаттың құрылысы үшін келешегі мол және экологиялық қолайлы болып табылады. Құрылыс алаңы қарапайым ауа тазалауға, тікелей сәлелеуге қатысты санитарлық нормаларды қанағаттандырады, қатысты еңістік беті бар, ол су бетінің және су ағындысының ағып кетуін қамтамасыз етеді.

Сумен қамту бас тоған сорғы станциясынан жүзеге асырылады. Бас тоған құрылыс алаңынан үш километр жерде Үлбі өзенінде орналасқан.

Өнеркәсіптің қалдықтарының ластанған және қышқыл ағындысы көін құрту станциясына және комбинат аумағынан ары 500 метрде орналасқан тазалағыш имараттарына келіп түседі. Көзін құртқаннан және тазалағаннан кейін судың бір бөлігі өнеркәсіпке, ал енді бір бөлігі өзенге түсіріледі.

Цехтың өртке қарсы қауіпсіздігі, алдын алу іс-шараларын жүргізу және апат жағдайларында өрт сөндіру әрекеттегі өрт сөндіру депосымен қамтамасыз етіледі. (СВПЧ)

2. 2 Жергілікті жердің, грунттың, грунттық сулар рельефтерінің сипаттамасы

Қарастырылатын алаң инженерлік-геологиялық қатынасына қарай Үлбі өзенінің екінші жайылма үсті террасасына негізделген. Өсім грунты қабығының және сары топырақ түріндегі үлкен кеуекті саздың астында қойтасты-жұмыртасты және жұмыртасты грунттар жатады. Алаңның негізгі параметрлері және сипаттамалары ары қарай құрылыс бөлімінде көрсетілген.

Рельефті ұйымдастыру ойластырылған беті бойынша ғимараттан автожолдар астауларына арықарай сел құбырларына жауынды қабылдаушылар арқылы жіберумен су бетін бұруды есепке алу керек.

Тазалық жүргізу бойынша талаптарды қамтамасыз ету мақсатында көп жылғы шөптер мен бұталар отырғызу арқылы мүмкіндігінше көгалдандыру және көріктендіру қарастырылған.

2. 3 Көлік

Цех ғимаратына технологиялық талаптарды және өртке қарсы қызмет талаптарын орындауды ескерумен автожолдары жобаланған және жасалынған. Автожолдар асфальт жабылуымен қалалық типте қабылданған. Ішкі жолдар технологиялық ағымдармен байланысқан және цех аралық дәліздегі № 3 аралас цехымен байланысқан.

Хлораторлардың қызмет етуі жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейін электрокармен жүзеге асырылады, бұл үшін бөлімшенің жан-жағынан жолдар қалтырылған.

Комбинат аумағында және бөлімшелерде жұмыс істейтін адамдардың жүріп-тұруы тротуар бойынша жүзеге асырылады.

Тазалық жүргізу бойынша талаптарды қамтамасыз ету мақсатында көп жылғы шөптер мен бұталар отырғызу арқылы мүмкіндігінше көгалдандыру және көріктендіру қарастырылған.

Осы бөлімде пайдаланылған анықтамалық материал 2. 1 кестесінде көрсетілген.

Кесте 4 - Анықтамалық материал

Ережелердің, нормалардың, НжЕЖ атауы
Ережелердің, нормалардың, НжЕЖ атауы: НжЕЖ 11-89 өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспары
Ережелердің, нормалардың, НжЕЖ атауы: НЖ 242 өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары
Ережелердің, нормалардың, НжЕЖ атауы: НжЕЖ ІІІ-4 құрылыста қауіпсіздік техникасы
Ережелердің, нормалардың, НжЕЖ атауы: НжЕЖ 2. 05. 07 өнеркәсіп көлігі

3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМ

3. 1 Шикізат базасы, шикізат сипаттамасы

Магний көп тараған элементтер қатарына жатады: 2, 35 % жер қыртысында, магний санының 3, 7 % жуығы теңіз суында болады, ол еркін түрде кездеспейді. Магний силикаттар, карбонаттар, хлоридтер және сульфаттардың әр түрлі араласуы құрамында болады. Бұл араласулардың көбі минералдардың қайта жасалуы болып табылады. Магний үшін негізгі шикізат:

- Магнезит (MgCO 3 ) ;

- Доломит (MgCO 3 ·СаМО 3 ) ;

- Бишофит (MgCl 2 ·6Н 2 О) ;

- Карналлит (MgCl 2 ·КСl 2 ·6Н 2 О) ;

Карналлит - бар қоспаларға байланысты әр түрлі түсі бар табиғи кристалды түр - қарқынды қызылт-күлгіннен ашық күлгін-сарыға дейін; сонымен қатар карналлит түссуз немесе сәл бояумен де кездеседі. Карналлиттің қаттылығы 1-ден 2-ге (қаттылық шкаласы бойынша) дейін, тығыздылығы 1, 62 г/см 3 болады. Карналлит өте жоғары ылғалданғыштығымен ерекшеленеді.

Карналлит қазбалы магнийлік тұздар қатарына жатады. Ол әр түрлі материалдардың қоспасынан тұратын шоғырлар түрінде болады, оның қатарына әдетте галит (NaCl), ангидрит (CaSO 4 ) және сильвин (KCl) кіреді.

Ресейде (Орал) және Украинада карналлиттің ірі орындары бар, Қазақстанда табиғи қымбат тұздар орындарының Индерлік тобының аздаған учаскелерінде хлорид магнийлер бар (карналлит, бишофит) .

Қазбалы рудалар түріндегі магнийлік тұздардың ірі табиғи ресурстары жоқ елдерде (АҚШ, Норвегия, Жапония, Израиль және т. б. ) магнийді судан алу өте дамыған.

3. 2 Карналлитті түпкілікті ылғалсыздандыру үшін аппараттардың салыстырмалы сипаттамалары

3. 2. 1 Магнийді алу тәсілдері

Бүкіл әлемде магнийді алу үшін екі әртүрлі тәсілді қолданады - электролиттік және термикалық. Көп тарағаны электролиттік тәсіл. Магнийді алу үшін бастапқы шикізат теңіз суының, тұздықтардың MgCl 2 , сонымен қатар доломит, магнезит, карналлит және т. б. болады. Магнийді карналлиттен алу кезіңде шикізатты электролизге дайындау сусыз карналлитті концентрациялау кезеңдерін және алуды қосады.

Сусыз карналлитті алу екі кезеңнен тұрады:

1) салыстырмалы жоғары емес температурада (200-300°С), ылғалсыздандырылған карналлитті алумен қатты күйдегі алғашқы ылғалсыздандыру;

2) балқыту және 750-800°С температурасында сусыз карналлитті алумен түпкілікті ылғалсыздандыру.

3. 2. 2 СКН пеші және карналлиттік хлоратордың салыстырмалы сипаттамасы

Карналлиттің түпкілікті ылғалсыздандырылуын (екінші кезең) үздіксіз әрекеттегі стационар пешінде (СКН пеші) немесе хлораторда жүргізуге болады.

СКН пештерінде түпкілікті ылғасыздандыру үшін қондырғы өз пешінен, жүктеме қондырғысынан, екі электржылытқыш миксерінен және кететін газдарды шаю скрубберінен құралады.

СКН пеші футерленген тік бұрышты ваннасы тәрізді болады. Пешке жиынтық арқылы болатты электродтар енгізілген. Жылытқыш эелементі балқытылған карналлит болып табылады. Үрдісті 750-800°С температурасында жүргізеді. Ылғалсыздандырылған карналлит ағынды науаша бойынша миксерлерге үздіксіз құйлады, онда ол 780-850°С дейін жылытылады және оксид магний жүзгіндерден тұнып тұрады. Миксерлер кезекпен жұмыс істейді.

MgCl 2 -дің 50 % және Н 2 О-ның 0, 5-0, 9 % жуығы бар сусыз карналлиттің мөлдір балқымасын миксерді қиғаштау арқылы құяды және электрыдыратқышқа бағыттайды.

Хлораторлардағы түпкілікті ылғалсыздандыру сусыз карналлитті көміртегінің қатысуымен балқымада хлорлаумен алуға әкеледі. Карналлитті хлоратор бірегей аппаратты білдіреді, онда MgО балқыту, ылғалсыздандыру, хлорлау және қатты қосылулардың балқымасының тұнуы үрдістері қосылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магний шикізатын өндіру
Карналлитті сусыздандыру
Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
Магний өндіру
Алтын кендерін өңдеу жолдары тарау бойынша қорытынды
Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі
Галургияға кіріспе
Титан қожын хлорлау
Магний аса жеңіл метал
Табиғаттағы минералды тұздар және оларды өндіру тәсілдері. Дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz