Жердің ішкі қабықшалар құрылымы жайлы мәлімет



1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Геология – Жердің құрылымын, құрамын, пайда болуын және дамуын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Ол Жердің беті мен қойнауында өтетін құбылыстар мен процестерді зерттейді. Зерттеу барысында геология Жер туралы көп ғасырлық тәжірибелерге және әртүрлі арнайы әдістерге сүйенеді. Басқа Жерді зерттейтін ғылымдардан айырмашылығы геология Жердің қойнауын зерттейді. Сондай-ақ, жердің тас қабаты – жер қыртысын және ішкі (мантия мен ядро), сыртқы (атмосфера, биосфера, гидросфера) қабаттарын зерттейді. Геологияның зерттеу объектілеріне минералдар, тау жыныстары, органикалық қалдықтар қазындысы, геологиялық процестер жатады.
Геология Жер мен байланысты басқа ғылым салаларымен де, мысалы, астрономиямен, геодезиямен, географиямен, биологиямен тығыз байланысты. Геология, сондай-ақ, дәл ғылымдар - математика, физика, химияға да сүйенеді. Геология өз ішінде көптеген ғылыми салаларға бөлінеді. Петрография – магмалық және метаморфтық тау жыныстарын зерттейтін ғылым. Литология – шөгінді тау жыныстарын зерттейді. Минералогия – табиғи қосылыстар, яғни минералдарды зерттесе, геохимия – жер қойнауында химиялық элементтердің таралу заңдылығын қарастырады. Динамикалық геология (геотектоника, сейсмология, вулканология) – жер бетінің бедерін түзуші геологиялық процестерді қарастырады.
1. . Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985
2. Құсайнов Б.Ж. Жалпы геоморфология. – Алматы: Рауан, 2005.
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии. – М.: Высшая школа, 1999.
4. Добровольский В.В Геология-М.: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Жердің ішкі қабықшалар құрылымы. Геотермалдық градиент және геотермалдық кезеңі. Жер қойнауындағы заттың агрегаттық қүйі.

Орындаған:Бейсенбаева Б.Р
Тексерген:Кудеринова Н.А

Семей 2015ж
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Геология - Жердің құрылымын, құрамын, пайда болуын және дамуын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Ол Жердің беті мен қойнауында өтетін құбылыстар мен процестерді зерттейді. Зерттеу барысында геология Жер туралы көп ғасырлық тәжірибелерге және әртүрлі арнайы әдістерге сүйенеді. Басқа Жерді зерттейтін ғылымдардан айырмашылығы геология Жердің қойнауын зерттейді. Сондай-ақ, жердің тас қабаты - жер қыртысын және ішкі (мантия мен ядро), сыртқы (атмосфера, биосфера, гидросфера) қабаттарын зерттейді. Геологияның зерттеу объектілеріне минералдар, тау жыныстары, органикалық қалдықтар қазындысы, геологиялық процестер жатады.
Геология Жер мен байланысты басқа ғылым салаларымен де, мысалы, астрономиямен, геодезиямен, географиямен, биологиямен тығыз байланысты. Геология, сондай-ақ, дәл ғылымдар - математика, физика, химияға да сүйенеді. Геология өз ішінде көптеген ғылыми салаларға бөлінеді. Петрография - магмалық және метаморфтық тау жыныстарын зерттейтін ғылым. Литология - шөгінді тау жыныстарын зерттейді. Минералогия - табиғи қосылыстар, яғни минералдарды зерттесе, геохимия - жер қойнауында химиялық элементтердің таралу заңдылығын қарастырады. Динамикалық геология (геотектоника, сейсмология, вулканология) - жер бетінің бедерін түзуші геологиялық процестерді қарастырады.

Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер -- жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер.
Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
-жерқыртысы,
-мантия,
-ядро.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа бөлінеді. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А - Жер қыртысы. В, С, D' және D˝ қабаттары - Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 - 220 км, мұхиттардың астында 60 - 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температура мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 - 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D' (900 - 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 - 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 кмс-тан 8,1 кмс-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 кмс-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Жер қыртысының орташа тығыздығы 2,8 тм3, шөгінді қабатындағы орташа тығыздығы 2,4 - 2,5 тм3, граниттік қабатта 2,7 тм3, базальттық қабатта 2,9 тм3, мантияда 3,6 - 4,5 тм3, ядро шекарасында 5,6 тм3, ядрода 10,0 тм3, Жер центрінде 12,5 тм3. 2500 км-ге дейінгі тереңдікте ауырлық күші үдеуінің шамасы 10 мс2-қа, ядро шекарасында 10,7 мс2-қа, Жер центрінде нөлге тең. Тығыздық пен ауырлық күші үдеуінің мәндері бойынша есептелген қабаттардың қысымы құрлықтық Жер қыртысы табанында 1 Гнм2-ге, В қабаты табанында 14 Гнм2-ге, С қабаты табанында 35 Гнм2-ге, ядро шекарасында 136 Гнм2-ге, Жер центрінде 361 Гнм2-ге тең. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т.б.) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады. Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер - Күн - Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді. Жер бетінің басым бөлігін (70,8%-ын) дүниежүзілік мұхит құрайды (361,1 млн. км²).

Жер қыртысы
Жер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты , жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера , жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар.Олар : Еуразия ,Африка , Солтүстік Америка , Оңтүстік Америка , Аустралия , Антрактида.Мұхиттардың саны 4:Тынық , Атлант , Үнді , Солтүстік Мұзды мұхиттары. Жер бетінен оның ядросының ортасына дейінгі орташа радиусы 6371 км. Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып (Кола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсшік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы -- жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 -- 10 км, материктерде 35 -- 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Жердің мантиясы
Жердің келесі қабаты -- мантия (гр. mantion -- жамылғы). Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы
Литосфера - жер қабығы
Аморфты алмазтектес көміртекті қабықшаның электронды қасиетінің модификациясы
Өріс туралы жалпы түсінік
ЖМҚ немесе полимерлер
Резерфорд тәжірибелері, Ритцтің комбинациялық принципі, Бор-Зоммерфольдтің квантталу ережелері туралы ақпарат
Қазіргі заманғы электрлік байланыс
Бағыттаушы тарату жүйесі
Жартылай қакталған шұжықтар
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
Пәндер