Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері жайлы мәлімет



IКіріспе
1.1 . Авиация өнеркәсібі
II Негізгі бөлім
2.1 Әлем елдерінің ғарышты игеру қабілеті

2.2 Қазақстанның дүниежүзілік авиациядағы орны
2.3.Жаңа замандағы әуе көлігі түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым.Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917жылы Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №4

Тақырыбы: Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері.

Орындаған: Базарбай Т.С
Тобы: ОП-413
Тексерген: Жумадилова Г.А

Семей
2015

Жоспар:
I Кіріспе
1.1 . Авиация өнеркәсібі
II Негізгі бөлім
2.1 Әлем елдерінің ғарышты игеру қабілеті

2.2 Қазақстанның дүниежүзілік авиациядағы орны
2.3. Жаңа замандағы әуе көлігі түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Авиация -- Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым.Авиация өнеркәсібі - өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы Илья Муромец ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 - 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың Фраман, Вуазен, Ньюпор ұшақтары, ағылшынның Сопвич, немістің Фоккер ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917жылы Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 - 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 - 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскеменқалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше Боинг ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр.

Дүниежүзілік азаматтық авиация - бұл құрамына халқы әр түрлі тілдерде сөйлейтін 188 ел кіретін өте күрделі жүйе, 900-ден астам әуе компанияларын, 5000 пайдаланушыны, 16000 ұшақта ұшатын 150000 ұшқышты, 240000 техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ 1350 ірі және 10000 шағын әуежайларды қамтиды.
Жаңа ғасырдың басталуы қарсаңында әлемде шамамен 37 млн.км дүниежүзілік көлік жолы қызмет етіп тұрды, соңғы онжылдықта оның жыл сайын өсуі 4,5 % деңгейінде тұрақтанды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс 2010 жылға дейін сақталады. Мұның өзінде әуе жолдарының ұзындығы барынша тез қарқынмен өседі. Ол 1970 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есе артады.Кез келген уақыт сәтінде ғаламшардың әуе кеңістігінде 10 мыңға жуық әуе кемелері ұшып жүреді. 2004 жылы бүкіл әлемдегі 3000 коммерциялық әуе компанияларында 2 миллионнан астам адам еңбек етті, олар әуе тасымалын басқару, жоспарлау, ұшу, маркетинг, сату ісімен және басқа қызмет түрлерімен айналысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы - Northwest және United - ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.
Қазіргі күні әлем елдерінің бар - лығы дерлік ғарышты игеруді адамзат қиялын іске асыруға негізделген абыройлы жоба деп қана емес, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кез келген елге көл-көсір табыс әкеле алатын нағыз пайдалы іс деп қарап, оның тиімділігін әбден ұғып болды. Дүние дидарындағы 170 елдің 120-сының өздерінің ғарыштық бағдарламаларын жасап, соны жүзеге асыруға ұмтылыс танытуы осы сөзіміздің айқын айғағы. Дегенмен, сарапшылардың пікіріне қарағанда, алдағы күндеріне үкілеген үміттерін қосып отырған осы 120 елдің әзірге 8-інің ғана өзіндік зымырандық-ғарыштық технологиялар жүйесі бар. Бұл күндері әлемдік Ғарыш клубына мүше елдер деп ерекшелеп атайтын осынау елдердің қатарына Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Украина, Қытай, Үндістан, Жапония және Израиль кіреді. Сонымен қатар, сарапшылар таяудағы бес жылдың ішінде бұл клубқа Қазақстан, Оңтүстік Корея және Бразилия елдерінің де келіп қосылуы әбден мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Енді Ғарыш клубына мүше елдердің қандай бағдарламаларды жүзеге асырып жатқандығы туралы жеке-жеке тоқтала кетейік:

АҚШ. Ғарыштық бағдар - ла - ма - ларды игеруде әлемде бірінші орында тұрған Америка Құрама Штаттары аталған мақсатқа орасан зор қаржы жұмсауда. Мәселен, 2009 жылы ғарыштық державалар өз бағдарламаларын жүзеге асыруға жалпы жиыны 68 миллиард долларды бағыттаса, осы қаржының 48,8 миллиард доллары бір ғана АҚШ-тың үлесіне тиіпті. Ал Еуропалық одақ елдері (бұл елдер ғарыштық бағдарламаларды игеруде бір ұйым аясында бірігіп отыр) - 7,9 миллиард, Жапония - 3 миллиард, Ресей - 2,8 миллиард, Қытай 2 миллиард доллар жұмсаған екен.
АҚШ президенті Барак Оба - ма - ның берген тапсырмаларына сәйкес елдің НАСА агенттігі алдағы уақытта Күн жүйесін роботтар ар - қы - лы зерттеуді қолға алып, Күн ат - мосферасының сынамасын алмақ. Ал 30-ыншы жылдардың ортасына таман Марс орбитасына адамдарды жеткізіп, оларды Жерге қайта алып келуді жүзеге асыра бастайды. Мұнан кейін Марстың өзіне барып қонатын болады. Сондықтан 2011 жылдан бастап, елде осы планетаны алдын ала зерттей түсу үшін марсоходтардың жаңа түрлерін шығару ісі басталып кетті. Ал, үстіміздегі жылы НАСА Айға робот-аваторларды жібермек. Жерден басқарылатын бұл роботтар аталған елдің Айдағы базасын қалыптастыру ісімен шұғылданатын болады.
Ресей. Бұл елдің ғарыш жөніндегі таяудағы жылдардағы жоспары Жер планетасының айналасындағы кеңістікті зерттеуге негізделген. Мұның ішінде Айды игеру, Марсқа ұшу жоспарлары да бар. Нақтырақ айтатын болсақ, Айға ұшып бару 2025 жылы жүзеге асатын болады. 2035 жылға дейін сонда тиісті база қалыптастырылады. 2026 жылы Ресей Жерді астероидтардан қорғау жүйесін құрмақ. 2035 жылдан кейін Марсқа ұшпақ. Осы мақсатта биылғы жылы Марсқа спутник ұшырып, одан топырақ алу көзделіп отыр. Ал 2015 жылы Айдан топырақ әкелінетін болады.
Қытай. Іргедегі алып көршіміз 2011-2015 жылдар аралығында ғарышқа 12-14 спутник ұшыруды жоспарлаған. Сөйтіп, 2020 жылға таман Қытайдың өзіндік навигациялық спутниктік жүйесі пайда болады. 2025 жылға таман бұл ел ғарыш орбитасынан өзіндік жеке станса салуды жүзеге асырмақ. Сөйтіп, бірте-бірте Айды игеріп, оған тұру үшін адамдар апармақ.
Үндістан. Бұл елдің өз ғарыш айлағы бар. Бірақ ғарыштық технологиялары әлі толық жетілмегендіктен, негізінен алғанда Ресеймен тығыз әріптестікте жұмыс істегенді жөн көріп отыр. Биылғы жылы ғарышқа тағы бір спутник ұшырып, алыс болашақта Айға тұрақты жұмыс істей - тін луноход қондырмақ. Оны Ре - сей зерттеу аппараттарымен жаб - дық - тамақ.
Жапония. Жапондар Айға көп - теген робот-гуманоидтар жіберіп, оның игіліктерін пайдалану жө - нін - дегі жоспарын 2015 жылдан бас - та - мақ. Өзінің жетілдірілу қабілеті тұр - ғысынан алғанда адам баласына жақынырақ келетін адам бейнелі бұл машиналар Айда геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.
Еуропалық ғарыш агенттігі. Бірнеше елдің басын қосып отырған бұл ұйым 2018 жылға таман адам ұшатын көп мақсатты CSTS ғарыш кемесін жасап шығармақ. Сөйтіп, Айға экспедиция жіберіп, 2030 жылдан кейін Марсқа барып қонбақ.
Израиль. Бұл ел өзінің аза - мат - тық ғарыштық бағдарламасын қаржыландыру көлемін 10 есе арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатқа әр жыл сайын 6-10 млрд. доллардан жұмсай отырып, коммерциялық мақсаттағы бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Яғни осынау шағын ел ғарышты игеру ісіне үлкен мақсатпен, кең көлемді қаржымен кіріспек.
Украина. Бұл ел өзінің жаңа ғарыштық спутнигін жасау ісін аяқтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейлік Transaero әуе тасымалдау компаниясы
Халықаралық туризмдегі әуе көлігі
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері жайлы ақпарат
Халықаралық әуе тасымалдары
Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау
Қазақстан туризмінің дамуындағы «Эйр Астана» компаниясының ролі
Темiр жол саласы
Көлік географиясы
Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні
Пәндер