Тышқантектес кеміргіштер: биологиясы, есептеу әдістемесі



І.Тышқантектес кеміргіштердің түрлері, биологиялық ерекшеліктері
ІІ. Кеміргіштермен күресу шаралары
ІІІ. Кеміргіштерді есептеу . болжау әдістері мен тәсілдері
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Тышқанның 7 түрі кездеседі. Олардың ішінде Қазақстанда тараған 4 түрінің үшеуі ауыл шаруашылығына зиян тигізеді. Олар: қаптесер, дала және орман тышқандары. Бұлардың тіршілік ету жағдайы да, дене құрылысы да бір – біріне ұқсас. Құйрығы, артқы саусағы, құлақ қалқаны үлкендеу және тұмсығы да аздап сүйірлеу келеді, жақсы жүгіреді және секіреді.

Қаптесер – Mus Musculus L. Бұл түрді үй тышқаны деп атайды. Дене тұрқы 10-11 см, құйрығы 9см жетеді. Арқа жүнінің түсі күл тәрізді сұрғылт, кейде қызғылт сары, ал бауыр жағы ақ немесе жылтыр сұр. Жоғарғы күрек тісінің артқы жағы шошақтау келеді. Осы белгісі арқылы оны басқа тышқандардан оңай ажыратуға болады.
Қаптесер Қазақстанның барлық жерінде тараған. Ол теңіз деңгейінен 1500-2000 метрге дейінгі биіктікте де кездеседі. Далалық аймақтарда тереңдігі 25-40см келетін ін қазып алып сонда тұрады. Ескі құрылыстарды мекендейтін қаптесерлердің азық қорын жинайтын қоймасы да болады.
Тышқан негізінен дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдас жәнекүрделігүлділер сияқты өсімдіктердің дәндері және жапырақтарымен қоректенеді. Қорегінің құрамында насекомдардың қалдығы жиі кездесіп отырады. Өсімдіктердің дәнімен олар жыл бойы қоектенетін болса, жапырағымен көбінесе күзде, ал қабығы және тамырымен қараша – желтоқсан айларында да қоректенеді.
Қаптесерлер көбінесе қараңғы түскен кезде әрекет етеді. Күннің жылы кездерінде жарықта да жер бетіне шығып жүреді. Олар қыста ұйқыға кетпейді. Ауа райы жағдайына байланысты жылына 1 – 5 рет балалайды. Әр жолы 5 – 11, орта есеппен 6 – 7 бала табады. Баласын 20 күндей көтереді. Үйлерде және шөп маяларында тіршілік ететін қаптесерлер жыл бойы көбейе береді.
1. www.Agroflora.ru «Основные методы учета вредителей растений»
2. Фито-методика
3. «Энтомология»
4. Ашықбаев Н., Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р., «Өсімдік қорғау» Астана 2011

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ Тақырып: Тышқантектес кеміргіштер: биологиясы, есептеу әдістемесі

Орындаған:Қабылханова М.Т
Тексерген: Сагандыков С.Н
Топ: АГ-213
2015жыл
Жоспар
І.Тышқантектес кеміргіштердің түрлері, биологиялық ерекшеліктері
ІІ. Кеміргіштермен күресу шаралары
ІІІ. Кеміргіштерді есептеу - болжау әдістері мен тәсілдері
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Тышқанның 7 түрі кездеседі. Олардың ішінде Қазақстанда тараған 4 түрінің үшеуі ауыл шаруашылығына зиян тигізеді. Олар: қаптесер, дала және орман тышқандары. Бұлардың тіршілік ету жағдайы да, дене құрылысы да бір - біріне ұқсас. Құйрығы, артқы саусағы, құлақ қалқаны үлкендеу және тұмсығы да аздап сүйірлеу келеді, жақсы жүгіреді және секіреді.

Қаптесер - Mus Musculus L. Бұл түрді үй тышқаны деп атайды. Дене тұрқы 10-11 см, құйрығы 9см жетеді. Арқа жүнінің түсі күл тәрізді сұрғылт, кейде қызғылт сары, ал бауыр жағы ақ немесе жылтыр сұр. Жоғарғы күрек тісінің артқы жағы шошақтау келеді. Осы белгісі арқылы оны басқа тышқандардан оңай ажыратуға болады.
Қаптесер Қазақстанның барлық жерінде тараған. Ол теңіз деңгейінен 1500-2000 метрге дейінгі биіктікте де кездеседі. Далалық аймақтарда тереңдігі 25-40см келетін ін қазып алып сонда тұрады. Ескі құрылыстарды мекендейтін қаптесерлердің азық қорын жинайтын қоймасы да болады.
Тышқан негізінен дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдас жәнекүрделігүлділер сияқты өсімдіктердің дәндері және жапырақтарымен қоректенеді. Қорегінің құрамында насекомдардың қалдығы жиі кездесіп отырады. Өсімдіктердің дәнімен олар жыл бойы қоектенетін болса, жапырағымен көбінесе күзде, ал қабығы және тамырымен қараша - желтоқсан айларында да қоректенеді.
Қаптесерлер көбінесе қараңғы түскен кезде әрекет етеді. Күннің жылы кездерінде жарықта да жер бетіне шығып жүреді. Олар қыста ұйқыға кетпейді. Ауа райы жағдайына байланысты жылына 1 - 5 рет балалайды. Әр жолы 5 - 11, орта есеппен 6 - 7 бала табады. Баласын 20 күндей көтереді. Үйлерде және шөп маяларында тіршілік ететін қаптесерлер жыл бойы көбейе береді.
Қаптесер тек азық-түлік өнімдерін ғана емес, тіпті жеуге жарамайтын әр түрлі заттарды, материалдарды да кеміріп, көп зиянын тигізеді. Ол көбінесе дәнді дақылдарға, пішенге, сабанға әуес келеді. Сондай-ақ бақша мен көкөніс дақылдарын және теплица мен парниктерде өсірілетін өсімдіктерді зақымдайды.

Дала тышқаны - Apodemus agrarius Pall. Дене тұрқы 11-12, құйрығы 9-10 см. Арқасының жүні ұзын бойына созылған қара жолағы бар қызғылт түсті болады. Бауыр жағы сұрғылт ақ , құлағы қысқалау, көзі орман тышқанына қарағанда кішілеу келеді.
Тышқанның бұл түрі Қазақстанның солтүстік - шығыс және оңтүстік - шығыс бөлігінде кең таралған. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Талдықорған және Алматы облыстарының таулы аймақтарында көбірек кездеседі. Іле Алатауының төменгі етектерінде ол бидай, жүгері, күнбағыс, беде егілген жерлерді мекендейді. Шалғынды жерлерде пішен шөмелелерінде, ал далалық жерлерде тал, итмұрын, сора сияқты өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Сонымен қатар ол жеміс бақтарында және екпе ағаштардың арасында да кездеседі.
Дала тышқаны қаптесер сияқты тереңдігі 30-40см келетін індерде тіршілік етеді. Інінде жататын ұясы және сыртқа шығатын 2-3 жолы болады. Ұясының ұзындығы 12-16, ені мен биіктігі 10-15 см, ал індегі жолдарының ұзындығы 70 см жетеді. Іні көбінесе өзеннің немесе арықтың баурайынан, ағаш бұталардың түбінен қазады. Көбінесе түнде әрекет етеді. Қаптесер сияқты бұл да жақсы қысқы ұзақ ұйқыға кетпейді. Ауа райы жағдайларына байланысты жылына 3-5 рет балалайды. Әр жолы 4-10, көбінесе 6-7 баладан туады.
Дала тышқаны әр түрлі өсімдіктердің, солардың ішінде бидай, тары, арпа, жүгері дәндері және де басқа да мүшелерімен қоректеніп, едәуір зиян келтіреді. Көкөніс және бақша дақылдарынан қияр, сәбіз, памидор, картопты және қарбыз бен қауынды көбірек ұнатады.

Орман тышқаны - Apodemus sulvaticus L. Кішілеу келген ұзын құйрықты кеміргіш. Дене тұрқы 12-14 см, ал құйрығы 9-11 см. Арқа жүні қара немесе сұрғылт-бурыл, ал бауыр жағы бірыңғай ақ түсті болады. Дала тышқанына қарағанда құлағы ұзындау және көзі үлкендеу.
Орман тышқаны Қазақстанда кең таралған. Республиканың орталық және оңтүстік бөлігіндегі шөлді аймақтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Көбінесе ормандарда, егіс қорғау алқаптарында, бақтарда, және бұталы жерлерде мекендейді. Сонымен қатар биік шөптердің арасында, егістік және шабындық жерлерде, бау-бақшаларда тіршілік етеді.
Тышқандар інін бұталар мен ағаштардың түбінен, тастардың арасынан қазады. Кейде басқа ұсақ кеміргіштердің ескі інін де пайдаланады. Іннің тереңдігі 30-50 см аспайды. Ішінде бір-екі ұясы және сыртқа шығатын екі-үш жолы болады. Осы жолдардың ұзындығы 3,5 метрге жетеді.
Орман тышқаны қоректену үшін қараңғы түсе өреді де, таңсәріде қайтадан ішіне кіреді. Негізінен түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлғынның биологиясы
Тышқантектес кеміргіштердің биалогиялық зиянды фазасы таралуы есептеу әдістері
Зияанды бақашық қандаланың биологиясы зияанды фазасы, таралуы, есептеу әдістері
Айқышты саяқ шегіртке.Биологиясы,зияны,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Демографиялық құрылысы,популяция саны және оның табиғаттағы айналымы
Зиянды бақашық
Гессен шыбыны биологиясы есептеу әдістемесі зиянды фазассы және таралуы
Адам популяциясы туралы жалпы түсінік
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Пәндер