М. Мырзахметұлының абайтану ғылымдағы үлкен арнаны ашуы


Кіріспе бөлім
М.Мырзахметұлының «Абай мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде» атты еңбегі жайлы
1. М.Мырзахметұлының еңбегiндегі Абай дүниетанымы.
2. М.Мырзахметұлының еңбегіндегі Абайдың исламиятқа қатысы мәселесі.
3. Автордың Абай шығармаларындағы хауас жайлы мәселесі.
Қорытынды бөлім
М.Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты еңбегi жайлы. М.Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты атақты еңбегiнiң ең терең танымды тарауы – «Абай мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде» деп аталады. Ғалым өзi көтерiп отырған мәселенi мүмкiндiгiнше барлық қырын түгел қамтып, әрi терең тануға әрекет жасаған. Әрекетi сәттi де жемiстi дей аламыз. Ғалым әуелi ғұлама М.Әуезовтiң Абайдың Шығысқа қатысы туралы мәселеге қандай дайындықпен келгенiн нақты дәлелдермен айта алған. М.Мырзахметұлы Абай мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде төрт сала бойынша жүргiзiлгенiн анықтап, абайтану әлемiндегi iзденiсiмiзге бағыт-бағдар беретiн белеске сiлтеп жiбергендей болады. Сөйтiп Мұхтар Әуезов зерттеуiндегi Абай мұрасының Шығысқа қатысын тиянақты тану М.Мырзахметұлы анықтап берген мынадай төрт сала бойынша iске асар болса, табысты болары анық:
1. Абайдың ақындық кiтапханасының көлемi мен жайы.
2. Абай және Шығыс классиктерi.
3. Абайдың исламиятқа қатысы.
4. Абай және мораль философиясы.
Мәселе осы төрт салаға қатысты ой-пiкiрлер Мұхтар Әуезов тарапынан «жеке-дара өз алдына дербес зерттелмей, көбiнесе, Абай шығармаларын хронологиялық жүйе тұрғысынан қарастырылуында» ғой. Бiздiң М.Әуезов зерттеуiндегi Абай мұрасының Шығысқа қатысын тиянақты тану М.Мырзахметұлының еңбегiнiң iзiмен iзденiс танытқанда ғана табысты болмақ деуiмiз осыдан. Мұны ғалымның кiшiпейiлдiлiкпен айтқан мына сөзiнен де байқауға болады: «М.Әуезов зерттеулерiндегi Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы зерттеулерiнiң тарихымен жете таныс ғалымдар болмаса, оқырман қауым жоғарыда аталған... ойлар желiсiн қармағына оңайлықпен түсiре бермейдi де».
Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасы мен дүниетанымына қатысты мәселе бiршама сөз болғанымен, шығыстық жағалаудан нәр алып қорланған, сөйтiп дүниетаным деңгейiне жеткен ақындағы толық адам танымы өзегi тұрғысынан танылмақ түгiлi, оның сыртқы сарайы, қаңқасы дерлiк құбылыстық қыры да бiлгiр болжанып, тиянақты қарастырылмады. Мұның ендi әртүрлi себебi, саясат, идеология, тiптi маманға қатысты жағдайлары да болғаны белгiлi.
1. М.Мырзахметұлы. Әуезов және Абай. А., "Қазақстан", 1996.
2. М.Мырзахметов. Абайтану тарихы. А., "Ана тілі", 1994. 192-6.
3. М.Мырзахметұлы. Ұлы акын дүниетанымы туралы бірер сөз...// "Қазақ әдебиеті".
2005, 19 тамыз

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 13 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: М.Мырзахметұлының абайтану ғылымдағы үлкен арнаны ашуы. М.Әуезов
және Абайдың әдеби ортасы деген тақырыпты зерттеу нысанына алуы.

Орындаған: Нұрланқызы Т.

Тексерген: Сабырбаева Р.К..

Семей - 2015 ж.

М.Мырзахметұлының абайтану ғылымдағы үлкен арнаны ашуы.
М.Әуезов және Абайдың әдеби ортасы деген тақырыпты зерттеу нысанына алуы.

Жоспар:
Кіріспе бөлім
М.Мырзахметұлының Абай мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде
атты еңбегі жайлы
1. М.Мырзахметұлының еңбегiндегі Абай дүниетанымы.
2. М.Мырзахметұлының еңбегіндегі Абайдың исламиятқа қатысы мәселесі.
3. Автордың Абай шығармаларындағы  хауас жайлы мәселесі.
Қорытынды бөлім

М.Мырзахметұлының Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары атты
еңбегi жайлы. М.Мырзахметұлының Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары
атты атақты еңбегiнiң ең терең танымды тарауы – Абай мұрасының Шығысқа
қатысы  М.Әуезов зерттеуiнде деп аталады. Ғалым өзi көтерiп отырған
мәселенi мүмкiндiгiнше барлық қырын түгел қамтып, әрi терең тануға әрекет
жасаған. Әрекетi сәттi де жемiстi дей аламыз. Ғалым әуелi ғұлама
М.Әуезовтiң Абайдың Шығысқа қатысы туралы мәселеге қандай дайындықпен
келгенiн нақты дәлелдермен айта алған. М.Мырзахметұлы Абай мұрасының
Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде төрт сала бойынша жүргiзiлгенiн
анықтап, абайтану әлемiндегi iзденiсiмiзге бағыт-бағдар беретiн белеске
сiлтеп жiбергендей болады. Сөйтiп Мұхтар Әуезов зерттеуiндегi Абай
мұрасының Шығысқа қатысын тиянақты тану М.Мырзахметұлы анықтап берген
мынадай төрт сала бойынша iске асар болса, табысты болары анық:
1. Абайдың ақындық кiтапханасының көлемi мен жайы.
2. Абай және Шығыс классиктерi.
3. Абайдың исламиятқа қатысы.
4. Абай және мораль философиясы.
Мәселе осы төрт салаға қатысты ой-пiкiрлер Мұхтар  Әуезов тарапынан
жеке-дара өз алдына дербес зерттелмей, көбiнесе, Абай шығармаларын
хронологиялық жүйе тұрғысынан қарастырылуында ғой. Бiздiң М.Әуезов
зерттеуiндегi Абай мұрасының Шығысқа қатысын тиянақты тану
М.Мырзахметұлының еңбегiнiң iзiмен iзденiс танытқанда ғана табысты болмақ
деуiмiз осыдан. Мұны ғалымның кiшiпейiлдiлiкпен айтқан мына сөзiнен де
байқауға болады: М.Әуезов зерттеулерiндегi Абай мұрасының шығысқа қатысы
жайлы зерттеулерiнiң тарихымен жете таныс ғалымдар болмаса, оқырман қауым
жоғарыда аталған... ойлар желiсiн қармағына оңайлықпен түсiре бермейдi де.
Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасы мен дүниетанымына қатысты
мәселе бiршама сөз болғанымен, шығыстық жағалаудан нәр алып қорланған,
сөйтiп дүниетаным деңгейiне жеткен ақындағы толық адам танымы өзегi
тұрғысынан танылмақ түгiлi, оның сыртқы сарайы, қаңқасы дерлiк құбылыстық
қыры да бiлгiр болжанып, тиянақты қарастырылмады. Мұның ендi әртүрлi
себебi, саясат, идеология, тiптi маманға қатысты жағдайлары да болғаны
белгiлi. Сөйтсе де, жаңбыр-жаңбырдың арасымен амалын  тауып, әсiресе, соңғы
отыз-қырық жылда ақын мұрасының өзектi жайын жұмыла кiрiсiп, зерттеп кетуге
соншалық кедергi болатын қытай қорғаны да жоқ едi.

1. М.Мырзахметұлының еңбегiндегі Абай дүниетанымы. Адамгершiлiк iлiмiн
әдебиетте көркем кестелеп көрсету — әр халыққа да ортақ құбылыс. Сөйтсе де,
әр халықтың нәр алып, өсiп-өнген өз түп-тамыры бар. Ал Абай дүниетанымы
адамзаттық ақыл-ойға өзiне етене жақын, өзiне қаны, тәнi, жаны туыс
шығыстық қайнар көзбен келген. Осы ақиқат ғалым М.Мырзахметұлының еңбегiмен
жап-жақсы дәлелденген. Түбiнде бiздiң ақыл-ой, жан-жүрегiмiзде ұлттық
сезiм, мұсылмандық сенiм басым болар болса, осы ақиқат қорланып, толысып,
өсе бермек. Абайдағы өзектi мәселенi М.Мырзахметұлы ақынның өз сөзiмен
толық адам деп атаса, оны кезiнде ғұлама ғалым М.Әуезов нравственная
личность түрiнде қолданып, оның мән-мағынасын кейiнгi зерттеулерге бағыт-
бағдар беретiн тезистiк тұрғыда ғана түсiндiрумен шектелген. Мұндай әдiс
ғұлама ғалым М.Әуезов тарапынан қазақ әдебиетiнiң төркiнiне қатысты
мәселеде де байқалады. Мысалы, 1927 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген
Әдебиет тарихы атты еңбегiнде жазба әдебиет тарихын өзi ХVIII ғасырдағы
Бұқар жыраудан бастау қажеттiлiгiн жаза отырып, артынша мұның соңғы меже,
соңғы түйiн еместiгiн де ескертедi. Осыны байқаған әдебиет қаһарманы деуге
лайық Б.Кенжебаев әдебиетiмiздiң төркiнiн әрiден, сонау сегiзiншi ғасырдан
бастау туралы мәселенi отызыншы жылдарда-ақ көтере бастағаны белгiлi.
Нәтижесiнде М.Әуезов болжамы ақиқатқа айналып, 1965 жылдардан берi
әдебиетiмiздiң төркiнiн сегiзiншi ғасырдан бастап оқып, танып келемiз.
Мiне, дәл осындай мерзiм аралығында М.Әуезовтiң нравственная личность деп
атын атап, түсiн түстеп берген ұғымы М.Мырзахметұлы тарапынан толық адам
танымы түрiнде жүйесiн тауып, ақын дүниетанымын тануда тың, соны сүрлеуге
түскен жайымыз бар.   
М.Мырзахметұлының аталған кiтабындағы Абай мұрасының Шығысқа қатысы
М.Әуезов зерттеуiнде тарауы төрт бөлiмнен тұрады. Алғашқы бөлiмiнде
әдебиетшi ғалым М.Мырзахметұлы ғұлама ғалым М.Әуезовтiң ғылыми, көркем
iзденiстерiнiң iзiмен Абай ақындық кiтапханасының құрамын анықтайды. Олар:
1. Шығыс классиктерiнiң шығармалары.
2. Мектеп-медреседе оқытылатын оқулықтар мен суфизм поэзиясы iрi
өкiлдерiнiң шығармалары.
3. Шығыстық қисса-дастандар.
4. Ғұлама хакiмдер мен тарихшылар еңбектерi.
М.Мырзахметұлы  ақын пайдаланған бұл бай кiтапхананы М.Әуезовтiң
зерттеулерi мен көркем шығармаларынан тiрнектеп тауып, жүйесiн жасап қана
қоймай, олардың ақын дүниетанымын қалыптастыруға қосқан үлесiне де байыпты
барлау жасаған.
Тараудың екiншi бөлiмiнде М.Мырзахметұлы Абайдың ақындық кiтапханасын
құрайтын Шығыс классиктерiн арнайы бөлiп алып, олардың Абайға жасаған
ықпалы мен ақынның өзiндiк талғам-табиғатымен тұғырлы биiгiнен көрiне
бiлгенiн дәлелдi сөз етедi. Ғалымның толық адам танымына қатысты ой-пiкiрi
осы бөлiмде Масғұт поэмасына байланысты айтылады. Шағындау бiр ғана
абзацта айтылған автор ойынан дайындығы бар оқырман толық адам танымының
бүкiл табиғатын танығандай болады. Әрине о баста ұлы Абайдың өзi де осындай
мақсатты көздесе керек. Сол Абай армандаған ойдың кейiнгi ұрпаққа өз
мазмұнымен жетуi оңай болған жоқ. Ол ой М.Әуезов сiлтеген сүрлеумен ұзақ
жыл зерттеу жүргiзген ғалым М.Мырзахметұлының қажырлы еңбегiмен бiзге мәлiм
болып отыр.

2. М.Мырзахметұлының еңбегіндегі Абайдың исламиятқа қатысы мәселесі.
М.Мырзахметұлының Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары атты
монографиясының ең қомақты да мазмұны терең тарауы – Абай мұрасының
Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуiнде болса, осы тараудың зерделеу, зерттеу
жағынан танымы мен табысы басым бөлiмi – Абайдың исламиятқа қатысы туралы
мәселе деуге болады. Абай дүниетанымы қалыптасар кезең  қазақ жерiнде Ислам
дiнi өрiстеп тұрған жағдайда болатын. Автордың осы жайға байыпты барлау
жасауы тегiн емес. Себебi, мұның М.Әуезовтiң Абайға шығыстан кiрген
бұйымдардың басы Ислам дiнi деген аталы сөзiнiң сырын тану үшiн
қажеттiгi бар. Ғылым мен көркем әдебиеттiң сан саласы мен түрлi жанрында
белсене еңбек еткен М.Әуезовтiң әрбiр өзектi ойының түп-төркiнiн тереңдеп
айта беруге мүмкiндiгi де бола бермегенi белгiлi ғой. Бiле бiлген кiсiге
таным мен ғылымдағы өзектi ойлар мен ендi ғана өсiп-өнуге мүмкiндiгi бар
ұрық  күйiндегi мәселенi мәпелеп таба бiлу де үлкен өнер.  М.Әуезовке осы
тұрғыдан қарыздарлығымыз баршылық. М.Әуезов ғалым М. Мырзахметұлы айтпақшы,
...сол кезең жағдайына байланысты Абайдың исламиятқа қатысын арнайы
зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын
қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистiк ой-пiкiрлер
желiсiн ұсынумен шектеледi. Ал оқырман Абайдың исламиятқа қатысын өз
тарапынан, өз талабымен танығысы келсе, онда оның М.Әуезовтiң 1934 жылы
жазылған Абай ақындығының айналасы мақаласынан бастап, соңғы
кездегi зерттеулерi және жазушы эпопеясындағы басты
кейiпкерлерiнiң iшкi нанымдарына жай оқырмандық қызығушылықпен ғана емес,
зерделi оймен терең үңiлуiне  тура келер едi. Оның үстiне оқырманға осы
мақсатқа өздiгiнен жетуден бұрын, М.Мырзахметұлы зерттеулерiндегi ой
желiсiмен адаспай жүрiп танудың өзi оңай емес.
Абайдың исламиятқа қатысы туралы М.Әуезовтың қорытқан әуелгi тезисi –
Абай дiнi – сыншыл ақылдың шартты дiнi. Әркiм де ерiксiз ойланып қалады:
ол неге шартты дiн, ақылы неге сыншыл, нәтижесiнде қандай дiн пайда болды?
Осының сырын анық, ашық таратып айту – ғылымға қажет тiрлiк. М.Мырзахметұлы
осы мiндеттi мойнына алған, әрi сәттi де жемiстi нәтиже берген. Ғалым өз
тарапынан ақын шығармаларында желiлi, жүйелi түрде сөз болатын аса
күрделi дүниетанымдық мәнi бар ұғымдардың бiрi– жан сырына терең барлау
жасайды. Себебi, дәл осы мәселе Абай дүниетанымын тануға әрi М.Әуезов
жасаған тезистiк ойдың мәнiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Жалпы, Абай дүниетанымындағы жан сырының Алладан келген сый,
тарту  ретiндегi ұғымы мүмкiн кемшiлiк те емес шығар. Мүмкiн бұл бiздердiң
жанның шын сырын бiлмегендiктен жасаған шектеулiой-түйiнiмiз болар. Адамның
асыл да жұмбақ жаратылыс екенiне күмәнiмiз болмаса, жанымыздың дәл осы
Тәңiрден жеткен сый ретiндегi ұғымы  бiздердi әлi талай тығырыққа тiресе
керек. Тiптi, Абайда молынан көрiнiс тапқан объективтi дүниенiң адам
санасында сәулелену процесiмен пайда болатын рухани құбылыс ұғымындағы жан
сыры да қазiргi тәкаппар түсiнiгiмiз бойынша жаңашыл көрiнгенмен, адамға
жасалған мұндай артықша қасиеттiқалайша Құдайдың құдiретiнсiз болды дей
аламыз. Әттең, осы мәселенi  таратып айтуда ұлы Абайға уақыттың тарлық
жасағаны өкiнiштi. Абай жан сыры жайлы мол танымы мен ой толғаныстарының
тек негiзгi де басты ұғымдары ғана сөз болғанын ескертiп кеткен. Сондықтан
да М.Мырзахметұлы өз ойын : ...арнайы зерттеушiлер бұл ескертудi көп
нәрсеге айғақ боларлық дәрежеде ұғынып, үнемi ойда ұстауы керек-ақ  деп
түйедi.

3. Автордың Абай шығармаларындағы  хауас жайлы мәселесі.
Зерттеулердегі М.Мырзахметұлы М.Әуезовтiң Абай дiнi – сыншыл ақылдың
шартты дiнi деген тезистiк пiкiрiнiң соншалық бiлгiрлiкпен айтылғанын
ендiгi жерде ақынның хауас жайлы ойларына үңiлу арқылы таратып бағады.
Автор Абай шығармаларындағы  хауас жайлы мәселенiң әлi күнге дейiн арнайы
зерттелмей келгенiн ескертiп өтедi. Ал сөз бола қалған жағдайда олардың
хауас сөзiнiң мәнiн аша алмаған жағдайын айтады: хауас жайлы арнайы
дайындықпен келiп, түп-төркiнiн тани оқымаса, Абай шығармаларында
көтерiлген пiкiрлердiң табиғатын тереңдеп, бiрден түсiнiп кетудiң
өзi қиынға соғатынын көрiп жүрмiз. Хауастың адамзат  болмысымен,
оның iшiнде бiлiм, таным жолындағы қасиеттi әрекетiмен тығыз байланысы Абай
шығармаларында молынан көрiнiс тапқан. М.Мырзахметұлы Абай шығармаларындағы
хауас сөзiнiң әртүрлi (үш түрлi) ұғымдарындағы мән-мағынасына терең талдау
жасайды. Ұлы ғалым М.Әуезов қана емес, Абайдың өзi де хауас жайлы ой-
пiкiрлерiн шығармаларында шашыранды түрде берiп отырған. Осы орайда ғалым
М.Мырзахметұлының ерен еңбегiнiң қадiр-қасиетi еселене түседi. Ғалым
Абайдың хауас жайлы танымын күнделiктi өмiр тәжiрибесiнен ғана туындаған
құбылыс деуге келмейтiнiн арнайы ескертедi.
М.Мырзахметұлының Абай танымындағы хауас мәселесiн ерекше мән бере
қарастыруын М.Әуезовтiң өзi  ғайыптан тiрiле қалып бiлер болса, өзгеше
қуанған болар едi деп ойлаймыз. Себебi, ұлы ғалымның өз еркi өзiнде болса
әрi уақыты жетiп жатса, Абайдағы хауас мәселесiн тезистiк түрде ғана
қарастырып, мұншалық  келте қайырмас едi. М.Әуезовтiң еркiнен тыс болған
осы олқылықты М.Мырзахметұлы өз зерттеуiмен өтеген деп батыл айтсақ болады.
Абай танымындағы хауас мәселесiнiң өзектi болатыны – оның еңiргелi iлiм –
дүниенiң танымалдылығы мен бейнелеу теориясымен сабақтастығына байланысты.
Ал мұндай өзектi мәселеге М.Әуезовтiң бел шешiп, бiлек сыбанып дегендей,
кiрiспеуi мүмкiн емес қой. Мұның сол кездегi әдеби ортадағы жағдай мен
саясат сүзгiсiне қатысты себебiн М.Мырзахметұлы өз тарапынан айтып өтедi.
 Абайдың хауас жайлы жалпы танымы, өзiндiк ой-пiкiрлерiжиырма жетiншi, отыз
сегiзiншi қарасөздерi мен Алла деген сөз жеңiл өлеңiнде, яғни үш-ақ
шығармасында нақтылы көрiнiс тапқан. Ал басқа шығармаларындағы жалпы түрде
ғана тiлге алынып, жол астарынан ғана емiс-емiс байқалатын ой-пiкiр
ұшқындарын М.Мырзахметұлы өз iзденiсiмен тауып, зор танымдық зерттеу
жасаған.
М.Мырзахметұлы зерттеуi арқылы қарапайым көпшiлiк оқырман ғана емес,
Абай дүниетанымын бiр кiсiдей бiлемiн деген адамның өзi ақын
шығармаларындағы үш салаға бөлiнiп, сөйте тұра өзара тығыз байланыста
қолданылған хауас ұғымының мән-мағынасын дәлдеп тани түседi. М.Мырзахметұлы
Абай шығармаларындағы хауас, хауас сәлим, хауаси хамса заһирилердiң сырын
танытумен бiрге осы ұғымдардың ақын дүниетанымымен қарым-қатынасында туған
өзектi жайларын да шешiп бередi. Мәселен, ақынның жиырма
жетiншi қарасөзi үш сүюдiң құрамындағы бiрiншi сүюдi, яғни Алланың сүюге
лайық болмысын асқақтату себебiн таныту, мойындату мақсатында туған екен.
Абай Сократ нанымы ретiндегiосы сөзiнде хауаси хамса заһиридiң (сыртқы бес
сезiм) пайда болуын тiкелей Тәңiрге байланысты құбылыс деп тануға бейiм
болғанымен, он тоғызыншы сөзi мен өзге де төл шығармаларында жаңағы хауаси
хамса заһири мен әсiресе  сананың кәсiби жолмен пайда болатынын да баса
айтады. Абайда сыртқы бес сезiм мен сананың пайда болуы жөнiнде кереғар
екi түрлi пiкiр болғанымен, алғашқысын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
М.Мырзахметұлының абайтану ғылымдағы үлкен арнаны ашуы. «М.Әуезов және Абайдың әдеби ортасы» деген тақырыпты зерттеу нысанына алуы
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Абайтану ғылымы
Абайтану ғылымы туралы
Ғылымдағы дағдарыс
Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы
Экологияның ғылымдағы алатын орны
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь