Миграция. Түлеу


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім жене Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Миграция. Түлеу. Реттелген және реттелмеген миграция

Тексерген: Тугамбаева С. М

Орындаған: Сәкен А. С

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Миграция. Түлеу.

Б) Реттелген және реттелмеген миграция

VI. пайдаланған әдебиеттер.

Жануарлардың жылыстауы (Миграция животных; лат. migratio - коныс аудару, кошу) - жануарлардың бір мекендеу орнынан басқасына "тура және кері" бағытта жүйелі, тұрақты орын ауыстыруы. Бұл тіршілік ету орнындағы жағдайлардың өзгеруіне немесе олардың даму цикліне байланысты болады. Кезеңдік көші-қон (жыл құстары, теңіз мысықтарының кезеңдік жылыстауы) немесе кезендік емес көші-қон (азық жетіспеуіне байланысты жылыстау) деп ажыратылады. Олар енжар (теңіз ағыстарымен әкетілетіндернәсіл, уылдырықтар, ересек дарақтар) және белсенді (шегірткелердің ұшуы, жыл құстары) болады. Көші- қонның азықтык (қорек іздеуде), қыстайтын (түйетабан едәуір жылы, терең суда топтанады, мүндай "қыстайтын шүңқырда" табан, көксерке, жайын, т. б. суық кезенді өткізеді) түрлері де бар. Енжар көші-қонға тұщы су жыланбалықтарын мысалға келтіруге болады. Олар тіршілігін Саргасс теңізінің тереңінде бастайды. Жас жыланбалықтардың дерносілдері Гольфстрим ағысының жылы суымен Солтүстік Американың шыгыс жағалауына 1 жылда, ал Еуропа жағалауына 3 жылда жетеді. Жағалауға жеткен соң, жапырақтәрізді жартылай мөлдір дернәсілдер жас жылан- балық болып өседі. Содан соң өзен бастауларына көтеріліп, ересек жыланбалыққа айналады. Ұргашылары 4-8 (еркегі 7 жыл) жылда теңізге кетеді. Саргасс теңізіне уылдырығын салып, содан соң өледі.

Құстардың қайтуы - құстардың жылда бір аумақтан екінші аумаққа жаппай қоныс аударуы. Бұл құбылыс - олардың тарихи жағдайда қалыптасқан белгілі біринстинктке негізделген, тұқым қуалайтын қасиеттерінің бірі. Құстардың кайтуы - климаттың маусымдық өзгерістеріне бейімделуге (қоректік нысандардың және ашық су көздерінің азаюы, т. б. ) тікелей байланысты.

Миграция түрлері:

  • Отырықшы құстар - бір аймақта тіршілік етіп, көбейетін құстар.
  • Қоныс аударатын құстар - климаттың маусымдық өзгерістерге емес, қоректік қорға байланысты қоныс аударатын құстар.
  • Жыл құстары - күзде жылы аймақтарға жылыстап, көктемде бұрынғы мекендеріне қайта оралып отыратын құстар

Қоныс аударатын құстардың жылдық биологиялық циклы (көбею мерзімінің қысқа болуы, жылына 1 рет жұмыртқа салуы, түлеуі, өте қарқынды және ұзақ болмауы) жылдам өтетін процесс. Қысқа қарай құстар қоңыржай, суық аймақтарда таудан өзен аңғарларына көшіп, суықтан қорғанса, тропиктік аймақта ұя салған жерлерінен таудың биік бөктеріне көтеріліп, қуаңшылықтан сақтанады. Кейбір құстар өте алыс жерлерге ұшып кетеді. Мысалы, Сібірде ұялайтын құралай құсы қыс түсе Балтық жағалауынан Қазақстан және Орта Азия арқылы Үнді-Қытайға қоныс аударады. Ең алысқа қоныс аударатын - поляр қарқылдағы (30 мың км-дей) . Ол Арктикада ұя салып, Антарктикада қыстайды. Құстардың кайтуы кезінде құстардың орташа ұшу жылдамдығы сағатына 30 - 50 км-дей (шымшық) 200 - 300 км-ге (торғайлар) жетеді. Күндіз құстар топтанып ұшады. Құстардың кайтуы барлық құстарға тән емес. Мысалы, сары шымшық, жорға торғай, т. б. - отырықшы құс, қарға - Сібірде жыл құсы, Шығыс Еуропада отырықшы.

  • Қазақстандағы қаз тәрізді құстардың таксондық құрылымы:Аққулар - 3 түріҚаздар, қараша қаздар - 9 түріЖер үйректері - 2 түріӨзен үйректері - 10 түріСүңгіру үйректер - 8 түріТұрпандар және қара тұрпандар - 3 түріБейнарықтар - 3 түрі

Балықтар миграциясы

Балықтар миграциясы. Басқа организмдер сияқты балықтарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай керек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздеу нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын - миграция деп атайды. Миграция - әр түрлі мақсатқа сәйкес түрліше болады. Жалпы миграция пассивті және активті болып екі түрге бөлінеді. Ол өз тарапынан уылдырық шашу, қоректік зат, қысты өткізу орнын іздеу миграциясын қарастырады.

Пассивті миграция . Су ағынының ығымен жайлап, ашп ба-лықтардың тіршілік еткен орнын ауыстырған миграцияларын - пассивті миграция деп атаймыз. Пассивті миграция - балықтардың шабақтарына тән миграция. Пассивті миграцияға өткінші балықтардың шабақтарының және уылдырық шашып, әлсіреп, судың ағынымен теңізге оралған ересек балықтардың миграциясы да жатады. Бірақ ересек балықтардың аздап та болса активті түрде жүзуге әрекет ететшін естен шығармау керек.

Активті миграция. Пассивті миграцияға қарағанда активті миграция жиірек кездеседі. Мұндай жағдай негізінен көбею, қоректену және қыстап шығу барысында орындалады. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі кедергіні (ағынның әсерін) жеңіп, орын алмастыруын активті миграция деп атайды.

түрлері

  • уылдырық шашу миграциясы
  • Балықтардың қорек іздеу миграциясы
  • Балықтардың қыстақ іздеу миграциясы

Өрістегіш балықтар - уылдырық шашу үшін теңізден өзенге, сирек те болса өзеннен теңізге шығатын балықтар тобы. Өрістегіш балықтардың көпшілігі өзенге шыққанда қоректенбейді. Бұл кезде балық тіршілігіне оның майы жұмсалады. Еділ сағасында ақ балықтың майлығы 25%-дан астам, ал Уфа маңына жетіп уылдырық шашқаннан кейінгі майлығы1-2, 5% болады.

Сипаттама. Өрістегіш балықтардың кейбір түрі (лосось, майшабақ) уылдырық шашқаннан кейін өледі. Олардың арасында күзде, көктем айларында өрістейтіндері бар. Күзде өрістейтіндері (лосось, минога) уылдырық шашатын жеріне жетіп қыстайды, ұрығы жетіледі, уылдырығын көктемде шашады. Көктемде өрістейтіндері өрістеген жылы уылдырық шашады. Бұлардың өріс жолы күзде өрістейтіндерге қарағанда қысқалау келеді. Өрістегіш балықтардың көптеген түрінің кәсіптік маңызы бар, көбіне балық семіз кезінде өзен сағасында ауланады. Балық өрістейтін өзендерде гидротех. құрылыстар болса, өрістегіш балықтар өтетін арнайы жол жасалады.

Түлеу - жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілігінде тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялықпроцесс. Түлеу кезінде жануарлар терісінің сыртқы эпидермис қабаты, терінің қосалқы түзілістері (кутикуланың, қабыршақтардың, қауырсындардың және түктердің) белгілі бір уақыт аралығында ауысып тұрады. Жануарлардың түлеуі олардың организмінің даму қабілетіне, жасына, гормондық жағдайына, сондай-ақ қоршаған ортаның әсеріне (мысалы, температура, т. б. ) байланысты. Әрбір түлеу аралығын - түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кеткен уақытты - түлеу жасы деп атайды. Түлеу, әсіресе, денесі тығыз хитинді затпен қапталған омыртқасыз жануарларда, соның ішінде буынаяқтыларда (шаянтәрізділер, т. б. ) айқын байқалады. Түлеп түскен қатты хитинді жабын қайта түзілгенше жануарлардың (әсіресе дернәсілдің) дене мөлшері қарқынды түрде өседі. Жәндіктердің көптеген түрлерінің дернәсілдерінің түлеу саны үнемі тұрақты болады. Мысалы, көбелектердің дернәсілінде (жұлдызқұртында) - 5, шыбындардың дернәсілінде - 3, ал біркүндіктер мен көктемдіктердің дернәсілінде - 25 - 30 рет қайталанады. Омыртқалылардың түлеуінде біраз ерекшеліктер байқалады. ыландар түлеген кезде сыртқы қабыршақтары басынан бастап, бірте-бірте денесінен тұтасымен, ішінен сыртына қарай сыдырылып түседі. Түлеу кезінде терінің сыртқы қабатындағы тіршілігін жойған клеткалар ауысады да, терінің түсі өзгеріп, жылу реттеу қабілетінде де өзгерістер байқалады. Тасбақалар түлемейді, олардың терісінің сыртындағы мүйізді сауыттар үнемі өсіп отырады. Құстардың түлеуі кезінде ескі қауырсындар түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар шығады, салмағын азайтады. Олардың түлеуі көбінесе балапан басып шығарған соң байқалады, алдымен қораздары, кейбір түрлері жеке-жеке (торғайтәрізділер, тауықтәрізділер) түлейді. Ал қазтәрізділер үлкен топ құрып, қанат қауырсындарын бір мезгілде түлеп, ауыстырады. Бұл кезде олар ұша алмайды, сондықтан адам бармайтын жерлерде шоғырланып жасырынады. Құстардың кейбір тобында қауырсындары (бағыттаушы және қағатын) бір уақытта түседі, бұл кезде олар ұшу қабілетін біраз уақытқа жоғалтады (мысалы, үйректер - 20 - 35 күнге, аққулар - 1, 5 айға) . Құстардың жыл маусымдарына байланысты түлеуі кезінде қауырсындарының тығыздығы да өзгереді. Сүтқоректілердің түлеуі кезінде түктерін жыл маусымдарына қарай ауыстырып тұратындықтан түгінің түсі де, тығыздығы да өзгереді. Мысалы, ақбөкендер жазда сарғыш қызғылт, ал қыста ақшыл бозғылт түске енеді. Қысы суық, жазы ыстық болатын жерлерде тіршілік ететін жануарлар тез, ал тропиктік және жартылай суда тіршілік ететін жануарлар (ондатр, саз кәмшаты, калан) біртіндеп түлейді. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 2 рет (көктемде және күзде), мыс., тиін, түлкі, т. б. ; көртышқандар 3 рет, кейбір түрлері (түлендер, суырлар, сарышұнақтар) 1 рет түлейді.

Қазақстан Республикасы Білім жене Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бұғы, елік тәуліктік белсенділігі .

Тексерген: Тугамбаева С. М

Орындаған: Сәкен А. С

Бұғылар тұқымдасына жататын тұяқтылардың еркектерінде маңдай сүйектерінің туындысы болып саналатын тармақталған мүйіздері болады. Олар жылма-жыл түсіп, қайтадан өскенде оны мамық жүнді тері қатпары жауып тұрады. Мүйіздері жетіліп сүйектене бастағанда, оны көмкерген тері қатып, ұзына бойына жарыла бастайды. Бұғылар мүйіздерін ағаш діңгегіне, бұтақтарына сүйкеп, жалбыр-жұлбыр болып жүрген тері қатпарынан құтылады.

Тері жамылғысында көзалды, саусақаралық бездер, сол сияқты кейбіреулерінде шашайы мен маңдайында да бездері болады. Бір ерекшелігі - бұғылар тұқымдастарының өкілдерінде өт қабы болмайды. Тұқымдас өкілдері Еуразияда, Америкада, Солтүстік Африкада таралған.

Қазақстанда тұқымдастың үш туысына жататын 5 түрі мекендейді.

Теңбіл бұғы - тұқымдас ішіндегі орташа денелі жануар. Аталықтарының (бұқалар) дене тұрқы 180 сантиметр шоқтығының биіктігі 115 сантиметрден артық, салмағы 130 кг-ға жетеді. Сиырлары (аналықтары) біршама кіші. Жазда реңі ашық жирен, арқасы мен бүйірінде сарғыш-ақ дақтары болады, ал қысқа қарай реңі - қоңырсұр, жирен. «Таңы» жетілген. Теңбілділігі аса анық емес, дақтары ұзына бойы қатар түзеп орналасады, бүйірінде олар қосылып, жолақ түзуі де мүмкін. Мүйіздері тек бұқаларында ғана болады, ол 4 бұтақты, ұшы үшкір, көз үсті өсіндісі біреу. Мүйізі жылма-жыл түсіп тұрады. Сəуір-мамырда түседі, тері қапшығынан тамызда тазаланады, ал күйге түсер алдында нағыз мүйізге айналады

Теңбіл бұғы Шығыс Қытай, Қиыр Шығыс (Уссурий өлкесі), Солтүстік Вьетнам, Жапон аралдарында тараған. Жаңа Зеландияда, ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, кейбір ерекше қорғалатын аумақтар мен аңшылық шаруашылықтарында жерсіндірілген. Соңғы 100 жылдықта таралу аймағы тарылып, саны өте күшті азайды. Осыған орай бұл бұғыны жерсіндіру жəне жартылай қолда өсіру жұмыстары XIX ғасырдың сексенінші жылдарында-ақ қолға алынды. 1909 жылы Аскания-Нова қорығына жіберілді, ол жерде күні бүгінге дейін саны өсіп, тіршілік етуде. XX ғасырдың отызыншы жылдарында марал шаруашылықтарына, мысалы, Алтайға жіберілді, ал 1938 жылы 7 қорыққа (Ока, Мордова, Хопер, Куйбышев, Воронеж, Ильмен жəне Бұзұлық орманы) 240 бас теңбіл бұғы Қиыр Шығыстан алып-келіп жіберілді (Колосов жəне басқалар, 1968) . XX ғасырдың 70-80 жылдарында Орынбор облысынан (Бұзұлық орманы) Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан Кирсанов қорықшасына жиырмаға жуық теңбіл бұғы өтіп, сонда тіршілік ете бастады. Қазір бұл аймақта кей жылдары бірен-саран бұғылар кездесіп қалуы мүмкін. Көпшілік жағдайда бұл бұғылар аңшылық шаруашылықтарында жəне марал өсіру шаруашылықтарында өсіріледі.

Теңбіл бұғы - кішігірім аралас табын құрып, қонысын көп аудармай тіршілік ететін орман жануары. Аралас жəне жалпақ жапырақты ормандарда мекендейді. Бұлардың қоныстануына қардың қалыңдығы көп əсерін тигізеді. Қардың қалыңдығы 30 см биік болатын жерлерде олар кездеспейді. Таңертең жəне түс ауа белсенділігі артады. Қиыр Шығыс жағдайында 130-ға тарта өсімдіктермен қоректенеді. Қорегінде ағаштар мен бұталардың жапырақтары, майда бұтақтары, жас өскіндері, жаңғақтары маңызды орын алады. Қыста ағаш қабықтарында қорек ретінде пайдаланады.

Шөптесін өсімдіктер мен ағаш қыналарын көп жемейді.

Қыркүйек-қараша айларында күйекке түседі. Саны көп болған жағдайда күшті бұқалары жиырмадай сиырды бір табынға жинайды. Күйектен кейін кішірек табын құрып тіршілік етеді. 7, 5-8 ай буаз болып, бір, өте сирек 2 бұзау туады. 1, 5-2, 5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.

Теңбіл бұғылардан эймерияның бір түрі тіркелген (Сыбанбаев, 1979) : Eimeria wassilewskyi Rastegaieff, 1930.

Теңбіл бұғылар тарихи заманда еті мен терісі, ең бастысы Қытай, Тибет, Үнді, Моңғолияда халық медицинасында кең қолданылатын пантасы үшін көптеп ауланған. Бұл бұғы арнай рұқсат арқылы аңшылық шаруашылықтарында əуесқойлық жолмен ауланатын нысан жəне орман көркі. Марал өсіру шаруашылықтарында панты алу үшін өсіреді. Қолда (жартылай қолда) өсіргенде күтімді аса көп қажет етпейтін жануар. Мысалы, тəулігіне қосымша қорек ретінде бұтадан жасалған 3 сыпыртқы, 10 г тұз, 1, 5 кг құрама жем не 0, 5 кг картоп беріледі. Осылайша теңбіл бұғыны түр ретінде сақтап қалуға, аңшылық фаунаны байытуға жəне панты алу үшін бұғы шаруашылығының базасын кеңейтуге болады.

Тоғай бұғысы - орташа денелі (шоқтығының биіктігі 120 сантиметрге жетеді), салмағы 120-200 кг-дай, шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген бұғының жалғыз түршесі. Денесінің реңі ашық, сарғыш-сұр (құмтүстес) . Аяқтары ақшыл, «таңы» жақсы жетілген. Ерні мен иегі - ақ. Мүйізі аса үлкен емес, əдетте 5 бұтақты. Мүйізінің төртінші өсіндісі артқа қарай күрт бұрылмайды. Сиырларында (аналықтары) мүйіз болмайды. Мүйізі жылма-жыл түсіп, ауысып отырады.

1981 жылы тоғай бұғысы Іле өзенінің ортаңғы ағысының сол жағалауында орналасқан Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында жерсіндірілді. Сол жылы Тəжікстаннан 19 бұғы əкелінді. 5 жылдан соң оның саны 60-қа, тоқсаныншы жылдардың ортасында 200-ге, 2001 жылы наурызда жүргізілген санақ қортындысы бойынша оның саны 310 басқа жетті. Қазір аңшылық шаруашылығында жəне оған көршілес жайылма тоғайларында 350-дей тоғай бұғысы мекендейді (Байдаулетов, 2006) . Сырдария өзені мен Арыс өзенінің қосылған жеріндегі тоғайларға жəне «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи бағының аумағында қайта жерсіндіру жұмыстары қолға алынуда.

Тоғай бұғысы - шағын табын құрып не жеке жүріп тіршілік ететін жануар. Əсіресе, сиырлары бұзаулау алдында жəне одан кейінде жеке оқшауланып жүреді. Тоғайлы ормандар мен шөл өзендерінің жайылмаларындағы қамыстар арасында мекендейді. Іле өзенінің жайылмасында қонысын аудармайды. Белсенділігі ертеңгі жəне кешкі мезгілдерде жоғары. Күн ыстық кезде су маңында жусайды. Өте жақсы жүзеді. Түнде де жайылуға шығады. Қорегінің негізі шөптесін өсімдіктер, сирек те болса бұталар мен ағаштардың жапырақтары, бүршіктері мен жемістері. Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында үстеме қоректендіру алаңдарында жəне егістіктерде жақсы жайылады. Күйге түсу тамыздың аяғынан қазанның басына дейін өтеді. Бұл кезде бұқалары өкіріп, «күй-ойнақ» жасайды. Мамыр-мусымда бұзаулайды. Жиі жалқы, өте сирек егіз пəйкел (бұзау) туылады. 1, 5-2, 5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.

Тоғай бұғысы өте жай түлейді. Қысқа жүні сəуірден бастап түсіп, маусымға дейін созылады. Тамыздың бірінші жартысында жазғы түктер түлей бастайды. Күзгі түлеу қазанда аяқталады. Қыста түгі жылтыр əрі қалың.

Бəсекелестері - орман-тоғайлар мен қамыс арасында мекендейтін доңыз бен елік.

Жаулары - қасқыр мен бұралқы иттер. Жаңа туған бұзаулары үшін түлкі де қауіпті. Тіршілігінің басқа жақтары зерттелмеген.

Саны аз болғандықтан шаруашылық маңызы аса үлкен емес. Деседе арнайы рұқсат арқылы оларды əдемі мүйізі жəне дəмді еті, терісі үшін аулайды. Қазақстан (1996) жəне Алматы облысының (2006) Қызыл кітаптарына енгізілген.

Елік - сымбатты, көрікті жануар. Текесінде тармақталып келген мүйізі болады. Мүйізді ешкісі сирек кездеседі Еркегінің дене тұрқы 120-160 см, шоқтығының биіктігі 75-100 см, салмағы 30-53 кг. Ешкілері аздап кішілеу болады.

Еуропада, Кавказда, Оралда, Сібірде, Қиыр Шығыста жəне Орта Азияның тауларында таралған.

Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола жəне Батыс Қазақстан облыстарының орман жоталарында таралған. Мекендеген жеріне қарай сан мөлшері де əртүрлі. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 1000 гектар жерде 30, Ақмола мен Қостанай облыстарында - 50 еліктен кездеседі. Қазірде Қазақстандағы еліктің саны 18300-дей деп есептелінеді.

Еліктің мекендейтін қоныстары əр түрлі. Көбіне орман-тоғай ішінде тіршілік етеді. Орманның ашық алаңдарында жайылып, ағаштар көлеңкесінде жусайды. Адамға жақын жүріп, тіршілік ете береді. Жаздың ыстық күндерінде, салқын түскенге дейін, көлеңкелі бұталар мен қалың шөптердің ішінде жатып демалады. Тек салқын түсе жайылуға шығады. Қыста күндіз жайылады.

Жер ерекшелігі мен жыл маусымына байланысты елік 100-ге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Көктемде, жазда алуан түрлі жасыл шөптерді, қыс айларында жидек, қылқанды ағаштың бұтақтары мен бүршіктерін жейді. Иіс сезімінің жетілгені соншалық ол 40 см қар астындағы қынаны тауып азықтанады. Елік аша тұяқты түз жануарының ішінде адамдарға аса үйір серігі. Организмге қажетті минералдық тұздарды олар табиғи жəне жасанды тұзды жерлерден іздеп табады. Міне, сондықтан да аңшылар еліктердің көп жүретін жеріне тұз қояды. Қыс айларында 5-10-нан топталып жүреді. Табиғи жайылымдардың түріне қарай, əсіресе қыс айларында бір гектар жерге бір елікті, ал бір шаршы шақырым жерде 100-ге дейін елікті ұшыратуға болады.

Елік - өсімтал аң. Олар 1, 5 жасында жыныстық жағынан жетіліп, екі жасында лақтайды. Оның күйіті тамыз айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін созылады. Еліктер күйге түскен шақта текелерінің арасында қатты «қырқысу майданы» басталады. Мамыр - шілде айларында лақтайды. Еліктің ересек ешкісі жылына егізден лақ туып, оларды 6-8 ай бойы сүтімен асырайды. Туған лақтарын жасырып тастау үшін қалың шалғынды бұталардың арасын мекендейді. Лақтарының түсі алғашқы уақытта теңбіл болып, 3-4 ай өткен соң теңбілі жойылып кетеді.

Елік сүтінде лақ организмнің тез өсуіне қажетті заттар: белок, май, қант көп болады. Бір күндік лақтың салмағы 1 кг 225 г болса, ал үш жетіде 3 килограмнан асады. Лақтары аңқау, жуас келеді. Кейде олар адамды көргенде, одан қорқып, үркудің орнына соңынан еріп жүре береді.

Еліктердің жаулары - қасқыр, түлкі, сілеусін, құну жəне бұралқы иттер. Жаулары еліктердің арасынан ауруларын, əлсіздерін ұстап жеп, табиғатта əртүрлі аурулардың таралуына жол бермейді; ал екінші жағынан, табиғаттың қолайсыз, қары қалың түскен жұт жылдары олардың санын күрт азайтып жібереді.

Еліктердің пастереллез, сібір жарасы, қатерлі ісік, оба, аусыл, саркоцистоз ауруларымен ауырытыны белгілі (Беркінбай О., Ахметсадықов Н. Н., 2009) . Сондай-ақ, олар бүйрек қуысы, тері, бас сүйектері, бас, жүрек еттері, тіс еті, төменгі жақ, ауыз қуысы, бүйрек, бауыр қатерлі ісіктеріне шалдығады.

Ертеректе дəмді еті үшін жыл сайын 900-5400 бас елік ауланған. Қазіргі кезде бар-жоғы əуесқойлық жолмен 200-250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяққиім, төсеніш, қайыс, былғары жасайды.

Соңғы кезде етімен қатар мүйізін де пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. Еліктер орман шаруашылығында жас көшеттердің (əсіресе, майқарағай) басын шипап шамалы зиян да келтіруі мүмкін. Десе де оны қорғап, сан мөлшерін көбейтуге жағдай жасап отыру керек.

Қазақстан Республикасы Білім жене Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жұптұяқтылар отрядтарының морфофизиологиялық мінездемесі.

Тексерген: Тугамбаева С. М

Орындаған: Сәкен А. С

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі
Қоянтәрізділер отряды
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі. Миграция.Түлеу. Реттелген және реттелмеген миграция. Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиологиялық мінездемесі
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі.миграция. түлеу. реттелген миграция
Қыстайтын құстар түрлерін анықтау
Ортомиксовирустар. Құс тұмауы ауруының сипаттамасы,диагностикасы,алдын алуы
Жануарлардың тәуліктік миграциясы
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Биологиялық процестер ми құбылыстардың сипаты
Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz