Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы.
Орындаған: Ерболатқызы А
Тексерген: Байгаринова Р М
Тобы: АГ - 313с
Семей - 2015
Мазмұны
- Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы
- Картоптың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
- Картоп өнімін сақтау технологиясы
- Картопты өсірудің өндірістік технологиясыКартоптың халық шаруашылығындағы маңызы
Картоп түйнегінде 25%-га таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1, 4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0, 2-0, 3% май, 0, 8-1% күл болады. Картоп белогі өзіәнің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организімде) синтезделмейтің амин қышқылдары - ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж. б. бар,
Картоп түйнеп адам ағзасынын қалыпты қызметіне өте қажетті кептеген бағалы дәрумендер - аскорбин қышқылы (С дәрумен), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды туздардың (Менделеевтің периодтық жуйесінің 22 элементі - темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж. б. ) маңызды көзі.
Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта - 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізі болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылың ж. б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л. спирт, 55 кг. сұйык көмірқышқылын, 39, 0 кг. сивуш майын немесе 170 кг. крахмал мен 100, 0 кг. картоп ұнын немесе 80 кг. глюкоза мен 65 кг. гидрол өндіруге болады . Картоп, әcipece сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабаңжапырағы және өнеркәсіптік өндеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг. картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем жөне 1, 6 кг. қорытылған протеин бар. Картоптың сабаңжапырағы тамыр жемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді Картоптың әр гектардан 150 ц. түйнек пен 80 ц. Сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а. о. ) тең.
Картоптың агротехникалық және агро-экономикалық маңызыда зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа кайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында 6ip орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өcipyгe болады. Сонымен қатар, картоп 6ip өлшем жерде жоғары өлшем құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бipi. «Танаптарда картоп өcipy, - деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д. Н. Прянишников, - бұрын бip масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз».
Картоптың шықан жері - Оңтүстік Америка, ол біздін жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16-ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресей - де таралуын дәнді дакылдардың егін өнімін жиі түрде темен болғандығымен және 18-ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі. Картоп көрсілес Ресей елінде таралуы әpi қызық, әpi қайғылы жағдайда өрбіді және халық толқуларымен қабаттасып жүрді.
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы eгic аумағы шамамен 23, 0 млн. гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп Tүciмi бүкіл дүниeжүзiлiк ендірістін үштен бipiн қамтиды (нeгiзгi өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері. Қазақстан ж. б. ) .
Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19-ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20-ғасырдың 30-жыл-дарына дейін eгicтiк аумағы шамалы болды және тауарлы си-патқа ие бола алмады. Картоп өндірісінің айтарлықтай өcyi бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап eттi. Бұл күндері Солтүстік Қазақстанның төрт облысы мен Орталық Қазақстанда (Қарағанды обл. ) Республикамыздағы бүкіл картоп
eгістігінің 60 % (шамамен 170 мың га) шоғырланған.
- Картоптың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
Өсу дәуірінің әр кезеңінде картоп сыртқы ортаға әр түрлі талап қояды. Бұл мынаған тікелей байланысты, өсімдік өзінің өсуінің бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өткен жағдайда тканьдердің сапалық сипаты елеулі түрде өзгереді.
Картоп өсуінің түрлі кезеңдерінде жылылықты да түрліше талап етеді. Ол қоңыр салқын жазды сүйетін өсімдік.
Түйнектің есуі 10 сантиметр тереңдіктегі топырақтың жылылығы 7 градустан кем болмаған жағдайда басталады. Ерте пісетін картоп сорттарының түйнегі жылылық 14-17 градус, орташа мерзімді пісетіндері-18 - 22 градус болғанда жақсы өседі. Жылылық 29 градусқа немесе суықтық 2 градусқа жеткенде түйнек өсуін тоқтатады. Бозқырау 2 градусқа жеткенде картоптың сабағы үсіп кетеді, тек оның кейбір сорттары ғана 3-4 градус суықтықты көтереді.
Түйнек салатын кезенде күннің ыссы болуы картоптың азғындауына, яғни тұкымдық сапасынан айрылуына, шығымдылығының төмендеуіне әкеп соқтырады. Сондықтан, картоп өсірілетін плантацияларда күннің ыссылығына қарсы қойылатын шараларды жүзеге асыру керек, сонымен қатар картоптың түйнегі өсетін кезеңінің ыстық шаққа тұспа-тұс келмеуін қарастырған жөн. Жоғары температураның қолайсыз әсерінің күші топырақта ылғал жеткілікті, қоректік заттар мол болған жағдайда осалдайды. Сондай-ақ ыссылық әсерін түрлі агротехникалық әдістер арқылы да бәсеңдетуге болады.
Картоптың ылғалды мейлінше мол қажет ететін мерзімі - гүл салу және гүл жару кезеңдері. Шығыс Қазақстан жағдайында жүргізілген тәжірибелер арқылы картоп үшін ең қолайлы ылғалдық дала топырағының су ұстау көрсеткішінің 70-75 проценті екені анықталды.
Қазақстан жерінің байтақ болуына байланысты оның климаты түрліше келеді. Қазақстанның климаты қауырт континентті. Оның территориясының басым бөлегінде ауаның маусымдық және тәуліктік температурасы қауырт өзгеріп отырады, жазы аптап ыстық және қуаң, қысы суық, үскірік аязды болады, қар жұқа түседі. Жауын-шашын аз, ылғал жеткіліксіз болады. Ауасы кұрғақ келеді, топырақтағы ылғал тез кеуіп кетеді. Дауылды жел және аңызақ жиі соғып тұрады. Республика жерінің 85 проценті куаң аймақ.
Республика жерінің далалық аймағының басым бөлігінде жылына 250 мм, ұсақ адырлы аудандарда - 400 миллиметрге жуық, ал таулы аудандарында - 500 миллиметрден астам ылғал түседі.
Республиканың түрлі бөліктерінің температуралық ыңғайы да түрліше, мысалы солтүстікте (Петропавлда) қаңтардағы орташа температура - 19°, ал шілде де+19°, оңтүстікте (ІІІымкентте) ол тиісінше - 4° және +26 градусқа тең. Ауаның жылдық орташа температурасы солтүстікте орман-далалық аймақта +0, 4 градус, оңтүстікте тау етегіндегі шөл-далалық аймақта +12 градус. Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгітүpi Solanum tuberosum. Табиғи тегібойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын копжылдық шөптесін өсімдік, бірақ; жер шарының кептеген елдерінде бip жылдық өсімдік түрінде өсіріледі .
Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктермен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен - қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түpi - көбейтіледі. Тұқыммен кебейтілгенде картопта кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан кұралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол керсеткіш - 20-25%) және топырақтын, 60 см
қабатында орналасқан.
Картоптың жер асты сабағының ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан (кеңірдектелген жапырақтар) . Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық; күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезенде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйідегі ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш сорттарының тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қарағанда ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.
Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен-көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғңыда - ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді
Картоп басқа танаптық дақылдар сиякты өзінің тipшiлiк үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалыпты өсіп -дамуына, мол өнім алудаөciмдiктepдi барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа, қоректік заттармен) біp мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.
Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып-үйреніп және өciмдiктepдiң оларға қажетсінуін ескеру абзал.
1. 3 Картоп өнімдерін сақтау
Картопты үлгі қоймаларда сақтаған жақсы. Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға оның ішінде түйнектерінің сапасына, ауаның температурасы мен ылғалдылығына және басқада факторларға байланысты. Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-18С, ылғалдылығы 95 % болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1, 5-2 сағаттан кейін картоп түйнегі желдетіліп тұруы керек. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін қоймадағы ауа температурасын +2-4С дейін төмендетеді. Температураны төмендету жылдамдығы картоптың түйнегінің сапасына байланысты . Зақымдалған, сау түйнектер сақталған қоймадағы ауа температурасын тәулігіне 0, 5С, ал зақымдалған түйнектер болғанда 1С төмендетеді. Әрі қарай қоймадағы ауа температурасы +2-3С шамасында бүкіл картоп сақтау мерзімінде тұрақты болуы керек. Сақтау мерзімі 6-8 ай сақталынады, 3-ке бөлініп сақталынады:тұқымға сақтау; жеуге сақтау; қалдықтарын азық ретінде малға беру.
Картопты сақтар алдында 30-40 күн бұрын жылы жерге қояды. Бір ай суық түскенше қоймаға апармай сауықтыру кезеңінен өткізеді. Бұл жерде голландский сорттың соңғы өнімдері қолданылды, 3 жылда сортты ауыстырып отырады. Себебі: картоптың 3 жыл сайын сортын ауыстыра отырып оның аурулардан, зиянкестерден қорғау және жерсіндіру мақсатында пайдаланылады. Картоп - сақтау нысаны ретінде. Картоптың физикалық қасиеттері. Сусымалық. Өздігінен іріктелуі. Қуыстылығы. Механикалық беріктілігі. Булануы мен терлеуі. Тоңазуға бейімділігі. Жылу физикалық касиеттері. Картопты сақтау кезінде журетін физиологиялық және биохимиялық процестер. Картопты сақтау кезінде жүретін микробиологиялық процестер. Картопты сақтаудағы энтомологиялық факторлардың әсері. Картопты сақтауға дайындау. Картопты сақтау режімдері. Картопты сақтау және жайғастыру әдістері. Картопты шөмеледе сақтау. Қойма тұрлері. Картопты стационарлы қоймаларда сақтау. Жаңа өнімді қабылдауға қойманы дайындау. Сақтауға қойылатын өнімнің сандык-сапалық есебі. Картопты кептіру.
Тұқымдық картоп күзде өндірістік мақсатта пайдаланылатын картоптан бөлек жерде сақтауға қойылады, ол тазартылады, кептіріледі, ауруға ұрынбаған түйнектер ғана іріктеліп алынады. Сақтауға қойылар алдында тұқымдық картоп ірі-ұсақтығына қарай сұрыпталады. Картоптың ірісі немесе ұсағы іріктеліп, бірінен-бірі бөлек ұсталады.
Сақтау кезінде картоп түйнектері түрлі себептерден зақымдануы мүмкін, қайсы біреулерінің бұрын байқалмай келген ауруы күш алады, механикалық жолмен зақымданған түйнектер шіри бастайды. Сондықтан картопты егу кезеінде дейін іріктеу қажет болады.
Картоптың тұқымға жарамдылығын анықтау үшін түйнектердің сапасы және өнгіштігі анықталады.
Түйнектің сапасы оны сақтауға қоярда және егу алдында байқаудан өткізіледі. Тұқымдық картоп іріктеп отыру арқылы егу кондициясына жеткізіледі. Түйнектердің сапасын анықтау үшін тұқымдық картоптың салмағы 16 тоннаға дейінгі әрбір партиясынан кейін де он орыннан таңдамастан, астыңғы және үстіңгі жағынан екі жүзге тарта түйнек алынады. Партияның салмағы көрсетілгеннен көп болса, келесі 16 тонна үшін тағы 50 түйнек төрт орыннан алынады. Шағын партияларды (1 тоннаға дейін) әсіресе, өте бағалы сорттарды бақылаудан өткізгенде 100 түйнек алуға болады.
Үлгі ретінде алынған түйнектер мұқият байқаудан өткізіледі, ірілігі жағынан стандартқа лайық келмейтін түйнектердің сондай-ақ көктеп кеткен, ауруға ұшыраған механикалық зақымданған зиянкестер зақымдаған түйнектердің бар жоқтығы анықталады.
Түйнектің ішкі жағында ауру белгілерінің және ақаудың бар жоқтығын анықтау үшін алынған үлгіден 100 түйнекті жарып қарайды. Егер осылай істегенде ауру белгілері және ақау көзге шалынбаса, үлгідегі басқа түй-нектерді жарып кеспейді. Ал нәтиже керісінше болса, үлгідегі түйнектердің бәрі жарып қаралады.
Ауруға ұшыраған, зақымданған және ақаулы түйнектер саны процент есебімен шығарылады. Әрбір ауру түрі және зақым түрі бөлек есептеледі. Егер бір түйнекте екі және одан көп ауру белгілері байқалса, олар да бөлек-бөлек есепке алынады.
Түйнектердің ластану дәрежесі жуылған және жуылмаған түйнектер салмағын салыстыру арқылы тұқымдық картопты бақылаудан өткізбес бұрын анықталады.
Ұсақ түйнектердің қанша екені олардың салмағының ара қатынасына қарай процент есебімен шығарылады. Түйнектердің ірі-ұсақтығы түйнек белдігінің диаметрі бойынша сантиметр есебімен анықталады.
Жаңа сорттар тек қана жоғары өнім емес, сонымен қатар аурулар мен зиянкестерге төзімді, механикалық өңдеу мен сақтауға қолайлы болуы қажет. Бұдан басқа селекция алдынды тұрған мақсат картоп түйнегінде белок, крахмал сияқты маңызды компаненттердің жоғары болуы.
Соңғы 50 жылда картоптың крахмалдылығы 1, 5-2% артты. Техникалық сорттардың көбінің крахмалдылығы 20-23% арасында. Бүгінгі таңда тұрақты өнім беретін, сақтау барысында аз шығынға ұшырайтын, еңбекті минималді талап ететін жаңа сорттар қажет.
Зерттеу барысында өсімдікті субнөлдік температура жүйесінде сақтаудың келесі ерекшеліктері анықталды: қоректік орта тез арада мұзға айналды, сол сияқты өсімдік тіршіліксіз күйге енді; жақсы дамыған тамыр жүйесі өсімдіктің өнгіштігін қамтамасыз етті; сахароза конценрациясы жоғарылаған сайын субнөлдің температурасы төмендеді, бірақ сахарозаның 8-10% концентрациясы картоп өсімдігіне қолайлы болып есептеледі.
Микроклонды көбейту үшін өндірістік жағдайда өндірілген қоректік орталар қолданылды, өндірісте бастапқы заттардан қажетті құраушылардың толық жиынтығы бар құрғақ қоректік орта дайындалды.
Картоп өсімдігін вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар туғызатын аурулардан тиімді сақтау әдістеріне міндетті алдын алу мен қорғау шаралары кешені жатады. Мысалы, картоп түйнектерінің вирустар мен саңырауқұлақтар туғызатын ауруларға төзімділігін арттыру үшін агротехникалық шараларды дұрыс орындау керек: картопты жинаудан 14 күн бұрын сабақтарды орып тастау, түйнектерді жинап алған соң, оларды танапта үш-төрт сағат бойы кептіру, кейін қаптарға жинап, оңтайлы температурасы 2-3 о С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85-90% жағдайында сақтау. Сау түйнектерді алу үшін көктемде отырғызу алдында тұқымдық материалды сұрыптау, ауру түйнектерді брактау жұмыстары маңызды. Түйнектерді кесіп отырғызу ұсынылмайды, себебі олар топырақта вирус пен саңырауқұлкқтармен залалдануы мүмкін. Картоп түйнектерін аурулардан қорғау үшін отырғызудан 20-25 күн бұрын тұқымдық материалды дайындау ұсынылады. Тұқымдық фракцияның сау түйнектерін 10-12 тәулік бойы 15-22 о С, кейін 7-8 о С температурада шашыраңқы жарықта ұстаған жөн. Отырғызу алдында тұқымдық түйнектерді дәрілеу қажет. Бұл шара көктеп шыққан өскіндерді көптеген патогенді микроағзалардан сақтап қалады.
Алғашқы тұқым шаруашылығында танаптық жағдайда қолданылатын бастапқы жадығатты сау түрде сақтаудың маңызды шарты бұл тұқымдық жадығаттың үлкен көлемді болуы. Осыған байланысты оригинатор- мекемелерде қайта зақымдауды болдырмайтын жылыжай жағдайындағы қарқынды көбейту жұмыстары жүгізіледі, ал тұқымдық жадығаттың көп бөлігі in vitro культурасынан топыраққа көшірілген өсімдіктерден алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz