Макроэкономиканы құрудың негізгі заңдары. Ұлттық экономика жүйе ретінде



1. Макроэкономика
2. Макроэкономикалық көрсеткіштер
3. Өзіндік сұраныс пен ұсыныс
4. Тұтынушылық пен жинақтылық: өзара байланысы мен айырмашылығы
5. Инвестициялар және оның құрылымдық міндеті.
Макроэкономика – ұлттық шаруашылыққа қатысушылардың барлығының экономикалық қызметінің нәтижелері мен салдарын және жалпы экономикаға тән экономикалық құбылыстарды зерттейді. Макроэкономикалық анализдің мәні ұлттық шаруашылықты дамытудың теориясын құрастыру. Осыған сәйкес макроэкономикалық политиканың құралдары қалыптасады. Ол фиксалдық, кредиттік-ақшалық политиканы, табыстар политикасын және ішкі экономикалық политиканы қамтиды.
Макроэкономикалық политиканың мақсаттары:
1. Өнім – жоғары деңгейі, жоғары өсу қарқыны.
2. Жұмыс – жоғары деңгейдегі жұмыс.
3. Еркін нарқытағы баға тұрақтылығы.
4. Халықаралық сауда – экспорт пен импорттың тепе-теңдігі. Валюттік курстың тұрақтылығы.
Макроэкономикалық анализ әртүрлі мемлекеттер көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін ұлттық шоттар жүйесіне (ҰШЖ) негізделеді. ҰШЖ– мемлекеттіңнегізгі экономикалық көрсеткіштер бағасының халықаралық стандарты. Макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналарды жатқызады: ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім), ЖІӨ (жалпы ішкі өнім), ТҰӨ (таза ұлттық өнім), ұлттық табыс және жеке табыс.
Ұлттық байлық– бұл өз тарихындағы бүкіл кезең ішінде қоғаммен жиналған тұтынушылық құн. Ол қамтиды: жекеменшік (негізгі және ағымдағы активтер, үй жекеменшігі), табиғи байлықтар, затсыз байлықтар (ұлттың денсаулығының әлеуеті, оның рухани байлығы, ғылыми әлеуеті).
ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім)– мемлекет тұрғындарының белгілі бір уақытта шығарған барлық тауарлар мен қызметтерініің ұлттық саудалық құны.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАКРОЭКОНОМИКАНЫ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.

1. Макроэкономика
2. Макроэкономикалық көрсеткіштер
3. Өзіндік сұраныс пен ұсыныс
4. Тұтынушылық пен жинақтылық: өзара байланысы мен айырмашылығы
5. Инвестициялар және оның құрылымдық міндеті.

Макроэкономика - ұлттық шаруашылыққа қатысушылардың барлығының экономикалық қызметінің нәтижелері мен салдарын және жалпы экономикаға тән экономикалық құбылыстарды зерттейді. Макроэкономикалық анализдің мәні ұлттық шаруашылықты дамытудың теориясын құрастыру. Осыған сәйкес макроэкономикалық политиканың құралдары қалыптасады. Ол фиксалдық, кредиттік-ақшалық политиканы, табыстар политикасын және ішкі экономикалық политиканы қамтиды.
Макроэкономикалық политиканың мақсаттары:
1. Өнім - жоғары деңгейі, жоғары өсу қарқыны.
2. Жұмыс - жоғары деңгейдегі жұмыс.
3. Еркін нарқытағы баға тұрақтылығы.
4. Халықаралық сауда - экспорт пен импорттың тепе-теңдігі. Валюттік курстың тұрақтылығы.
Макроэкономикалық анализ әртүрлі мемлекеттер көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін ұлттық шоттар жүйесіне (ҰШЖ) негізделеді. ҰШЖ - мемлекеттіңнегізгі экономикалық көрсеткіштер бағасының халықаралық стандарты. Макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналарды жатқызады: ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім), ЖІӨ (жалпы ішкі өнім), ТҰӨ (таза ұлттық өнім), ұлттық табыс және жеке табыс.
Ұлттық байлық - бұл өз тарихындағы бүкіл кезең ішінде қоғаммен жиналған тұтынушылық құн. Ол қамтиды: жекеменшік (негізгі және ағымдағы активтер, үй жекеменшігі), табиғи байлықтар, затсыз байлықтар (ұлттың денсаулығының әлеуеті, оның рухани байлығы, ғылыми әлеуеті).
ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) - мемлекет тұрғындарының белгілі бір уақытта шығарған барлық тауарлар мен қызметтерініің ұлттық саудалық құны.
Оларды номиналды және шынайы ЖҰӨ, әлеуметтік және нақты ЖҰӨ деп бөліп қарастырады. Әлеуметтік ЖҰӨ - бұл толық жұмыс кезіндегі өнімнің көлемі. Нақты ЖҰӨ - бұл циклдік жұмыссыздық кезіндегі өнімнің көлемі. Номиналды ЖҰӨ деп - шығарылған жылдағы бағамен есептелген өнім. Шынайы ЖҰӨ өзгермейтін бағаларда есептеледі.
Номиналды ЖҰӨ-нің шынайы ЖҰӨ-ге қатынасын ЖҰӨ дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық бағаның ғана емес, сонымен қатар инвестициялық және басқа да тауарлардың бағаларының өзгеруін сипаттайды.
ЖҰӨ дефляторы=Номиналды ЖҰӨШынайы ЖҰӨ*100%

ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтердің баға өзгерісін көрсететін ТБК-ін (тұтыну бағасының көрсеткіші) есептейді:
ИПЦ=Σ Рт*QбΣ Рб*Qб
мында: Рт Рб - ағымдағы және базалық жылдың бағасы
Q - тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны

ЖҰӨ дефляторының ТБК-нен айырмашылығы
1. ЖҰӨ дефляторы мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағасын қамтиды;
2. ЖҰӨ дефляторы мемлекет капиталымен өндірілген тауарлардың көлемін қамтиды;
3. ТБК тауарлар мен қызметтердің нақты көлемін қадағалайды.

ЖҰӨ есептеудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Шығын бойынша: ЖҰӨ=C+G+I+Nx; мында
C - үй шаруасының тауарлар мен қызметтерге кеткен шығыны;
G - тауарлар мен қызметтердің өндірілуіне (мектеп, аурухана) және трансферттік төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия төлеу) кететін мемлекеттік шығындар;
I - құрал-жабдыөтарды, мекемелерді иеленуге арналған инвестициялар;
Nx - таза экспорт, экспорт пен импорт арасындағы көлемнің айырмашылығы.
Осында басқа мемлекеттердің шығындарын шығарамыз. Мысалы, АҚШ-та сатылатын автокөлікті Жапонияда шығарған. Өндіруге байланысты шығындарды Жапонияға жатқызсақ, жеткізу мен жүзеге асыруын АҚШ-қа.
2. Пайда бойынша: ЖҰӨ=W+R+I+P; сонымен қатар жанама са-лықтар мен амортизациялық аударымдар:
W - жұмыскерлердің жалақысы;
R - жалға жер немесе үй беру нәтижесінде алынатын ақы;
I - пайыз, сақтау капиталының ақысы (кредит, банк салымы);
P - кәсіпорындардың, фирмалардың пайдасы.
ЖҰӨ-ді табысы бойынша есептеуде ең басты талап - тек бір рет қана, бір жыл да өндіріліп шыққан тауарлар мен қызметтерді ескеру. Бұл соңғы және аралық тауарларды есептеу қажеттілігін тудырады.
Түпкі тауар - тұтынушылардың соңына дейін қолдануға сатып алатын тауарлары мен қызметтері.
Аралық тауар - бұл өзінің түпкі тұтынушысына жетпес бұрын ары қарай өндірілетін немесе бірнеше рет сатылатын тауарлар мен қызметтер. Қайта есептеудің алдын-алу үшін ЖҰӨ мыналарды қамтымайды: аралық тауарлар (шикізат, отын, ұн, ашытқы) және өндірістік емес келісімдер, өндірілетін өнімнің көлеміне арттыруға көмегін тидірмейтін келісімдер (трансферттік төлемдер, бағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша келісімдер, қолданылған заттарды сату-сатып алу).
3. Қосымша құн бойынша: ЖҰӨ экономиканың барлық салала-рында әрбір этапқа қосымша құнның нәтижесіне тең.
ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) - белгілі бір уақытта мемлекет ішінде өндірілген барлық тауарлардың сауда құны. Егер мемлекеті ЖІӨ ЖҰӨ-нен жоғары болса,бұл мемлекет аумағында ұлттық капиталға қарағанда шетел каптиалдары көбірек жұмыс жасайды. Мысалы, егер ҚР мұнайы Венгрияда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Венгрияның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ есептегенде қосымша құнды ескеру керек.
Қосымша құн - белгілі бір кәсіпорында өндіріс барысында пайда болған және кәсіпорынның нақты бір тауардың бағасын қоюға салған үлесін ескеретін құн, жалақы, пайда, амортизация, кредиттік пайыз, көлік шығыны, жарнама.
ТҰӨ (таза ұлттық өнім) =ЖҰӨ - А
мында: А - амортизация
Ұлттық табыс анықталады:
ҰТ =ТҰӨ - жанама салықтар (олар тауар бағасына қосымша құнның қосылуы түрінде орталық және жергілікті биліктермен бекітіледі - кедендік баждар) немесе барлық табыстардың құны сияқты:
ҰТ = жалақы + табыс + капиталға %+ жер жалға.
Халықтың өмір сүру деңгейінің сипаты үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, реттік табыс және таза экономикалық әл-ауқат.
Жеке табыс (ЖТ) = барлық табыстың сомасы + транферттік төлемдер (пенсиялар, стипендиялар, жәрдемақылар).
РТ (реттік табыс) = ЖТ - салықтар.
ТЭӘ (таза экономикалық әл-ауқат) - бұл халықтың экономикалық әл-ауқатын бар табыстарды ғана есептеп қоймай, сонымен қатар өмір сүру сапасының жазбаларын ескере өлшейтін көрсеткіш. ЖҰӨ-нен қоршаған ортаны ластағаны үшін залал есептелініп алынады, қауіпті орын, сонымен қатар өзіне-өзі қызметі қосылады. Осы факторлардың барлығы өмір сапасын не жақсартады, не төмендетеді, бірақ ЖҰӨ-де есептелінбейді. ТЭӘ есептеу қиындығы осы факторлардың барлығын санау қиындығында.
Макроэкономикалық тепе-теңдік өзіндік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады. Қисық өзіндік сұраныс пен үсыныстың қиылысы шынайы баға деңгейі мен шынайы шығарылым көлемін анықтайды.
График 9.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік
Р Ауытқу жағдайларын қарастырайық:
AD 1. Егер ADAS болса, бұл жағдайда:
өнімнің көлемін өзгертпей бағаны көтеру;
өнім шығарымын кеңейту.
Ре 2. Егер ADAS болса, бұл жағдайда:
AS - өнім шығаруды азайту;
Qe Q - шығарылымды өзгеріссіз қалдыру, бірақ
бағаны азайту.
мында: Р - жалпы баға деңгейі, Q - тауарлардың жалпы саны, Ре - бағалардың тепе-теңдік деңгейі, Qе - шығарылымның тепе-теңдік көлемі.
Жалпы сұраныс (aqreqate demand, AD) үй шаруашылығы, фирмалар, үкіметтердің сол белгіленген бағаға сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің санын көрсетеді.
Сандық ақша теориясына сәйкес өзіндік сұранысты былай анықтайды:
AD=M*VP
Яғни, AD ақша көлемі мен ақша айналымының жылдамдығынан және керісінше өзіндік бағадан тікелей тәуелдікте орналасқан.
График 9.2. Жалпы сұраныс қисығы
Р Өзіндік сұранысқа бағалық та, бағалық факторлар да әсер етеді.
Р1 Бағалық факторлардың әсері өзіндік
сұраныс көлемінің өзгеруіне алып
келеді және қиылыс қозғалысында
Р2 көрінеді.Бағалы емес факторлардың
AD1 AD2 әсері өзіндік сұраныс қисығының
AD солға(AD2 үлкеюі) қарай қозғалуы-
Q1 Q2 ҰЖӨ на әкеледі не оңға(AD1 кемуі).
Факторлардың AD-ға әсер етуі

Бағалы Бағалы емес
1 2 3 4 5 6 7
1. Байлық әсері немесе Пигу әсері - бағаның жоғарлауынан байлықтың акция мен үлестер сияқты элементтерінің құны төмендейді және оны иемдеген халық кедейленеді. Соған сәйкес AD кемиді.
2. Пайыздық қойылым деңгейінің өсуі (Кейнс әсері). Бағаның өсу деңгейі өндірушілер мен тұтынушыларды қарызға ақша алуға итермелейді және ақшаға деген сұраныс жоғарлап, пайздық қойылымы өсей береді, нәтижесінде AD кемиді.
3. Айырбас құнының әсері немесе Манделла-Флеминга әсері: бағалар төмендейді, ақшаға деген сұраныс азаяды - % ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу туралы ақпарат
Халықаралық валюталық қор
Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы
Макроэкономика
Ұлттық есеп жүесi – макроэкономикалық статистиканың негiзi
Нарық ұғымы, оның функциялары, даму тенденциялары
Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер. Қазақстан экономикасын басқару
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Жүргізілетін экономикалық саясат ұсынымдарды бағалау
Пәндер