ХХІ ғасырдағы жаңа принципке негізделген егіншілік жүйесін құру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: ХХІ ғасырдағы жаңа принципке негізделген егіншілік жүйесін құру

Орындаған: Нуркенова Г. Т

Тексерген: Сағындыков С. Н

Топ: АГ-213

Семей қаласы 2015 жылы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. ХХІ ғасырдағы егіншілік жаңа принципке негізделген егіншілік жүйесінің дамуы
  2. ХХІ ғасырдағы аймақтық егіншілік жүйесін құру және сұлбасы
  3. Топырақ қорғау егіншілік жүйесінің құрамды буындарының негізгі ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егіншілік жүйесі - жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротехникалық мелиоративтік және ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы. Егiншiлiк жүйесiнiң толық мазмұны, Қазақстанның әр облысына арналып дайындалған және басылып шығарылған ”Ауыл шаруашылығын жүргiзу туралы ұсыныстарда”Егiншiлiк жүйесiнiң түсiнiгiн тар мағынада, топырақтың тиiмдi құнарлылығын жұмылдыруға, сақтауға және толықтыруға бағытталған шаралардыңң жүйесi деп тануға болады. Академик В. Р. Вильямс егiншiлiк және өсімдік шаруашылығы ұғымдарын теңдестiруге қарсы болды. Ол: “… топырақтың тиiмдi құнарлылығына ондағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде үзiлiссiз ыдырайтын қарашiрiндiнiң орнын толтыратын жүйе керек. Бұл жүйе - егiншiлiк жүйесi, ” - деп жазды (4) . Егiншiлiк жүйесiнiң тарихи дамуында оған қойылатын мiндеттер күрделене түстi.

Негізгі бөлім

  1. ХХІ ғасырдағы егіншілік жаңа принципке негізделген егіншілік жүйесінің дамуы

Ресей Федерациясында егіншілік жүйесінің игерілмегені және жетілмеген принциптердің дамуын ВАСХНИЛ әдістемесіне тән, М. И. Сидоров, В. П. Заикин, А. А. Зиганшин, М. К. Пружин, В. И. Кирюшин, А. М. Ситников және т. б. көрсеті.

Бұл жүйелердің негізделген мазмұнында және олардың іс қимыл сілтемелерінде шешілмеген сұрақтар көп жинақталған. Жіктеу жүйелерінің принциптері де ескірген.

М. И. Сидоров «Қазіргі заманғы егіншілік жүйесі және олардың жетілдіруі» мақаласында қазіргі уақытта қолданылған егіншілік жүйесінің атаулары 60 - жылдардың орта шенінде шыққаныменен, қазірде үмітсіз ескіргенін дұрыс мәлімдеген. Сол уақытта егіншілік жүйесінің зоналылығы енді қалыптаса бастаған болатын. Әрбір өтілген егіншілік жүйесіне бір айналым сәйкес келді және де әрбір аймақтық жүйе бірнеше айналымға ие болды.

М. И. Сидоровтың пікірінше, егіншіліктің жаңа жүйесі табиғи талаптармен тығыз байланысты аудандастырылған кешендерге айналды. Олардың атаулары топырақ климаттық аймақтарының ерекшеліктерімен қамтылуы тиіс. Мысалы, егіншілік жүйесінің Қарашірікті емес орталық ауданы; егіншілік жүйесінің ылғалды Қарашірікті емес батыс ауданы; егіншілік жүйесінің орман таулы орталық қарашірікті белдеуі және т. б.

Табиғи-ауыл шаруашылықтық аймақ - негізгі табиғи-ауыл шаруашылықтық аудандастырылған бірлік болып табылады. Ол белгілі топырақ климаттық жағдай кешенінің жылу және ылғал балансымен байланысуымен қатар, өсімдіктердің минералды қоректенуі және топырақ түзу ерекшеліктерімен сипатталды.

Кез-келген аймақтық егіншілік жүйесінің басты мақсаты - топырақтың құнарлығын арттыру, эффективті қолданылуы және сақталуын қамтамасыз ету. Дамушы елдердің өндіруші күштің, ғылым мен білімнің дамуының арқасында егіншілік жүйесі дамылсыз жетілуде. Бұл процессте ауыл шаруашылық ғылымы елеусіз орынды алып жатыр. Сондықтан барлық аймақтық жерлердің негізгі және басты жұмысының тақырыбы «Егіншілік жүйесінің жетілдірілуі» болуы керек. Бұл жетілдірулер топырақтың эрозия профилактикалық өңдеуінен, тыңайтқыштарды қолданудан кейін жүзеге асырылады.

Егіншілік жүйесінін жаңа негізі әдістемесін жетілдіруде В. П. Нарциссов бес үлкен топқа бөлді:

Бірінші топ - топырақ құнарлығын арттыру теориясы. Олар топырақтың биологиялық маңызды режимдерін реттеу, қоректену элементтерінің циклі, өсімдіктердің өсуіне пайдалы факторларды қамтамасыз ету және түрлі табиғи жағдайдағы агротехникалық шараларды қолдану сұрақтарымен қамтамасыз етілуі керек.

Топтың теориялық мәні топырақ, өсімдік, климат және адамның қоршаған ортамен тығыз байланысуымен негізделген. Егіншіліктің қарқындылығын жоғарғы деңгейге көтеруде маңызды да белсенді роль атқаратын фермер.

Бұл топқа мұндай жаңа теориялар жатады : қарашірік түзушілер, топырақ сіңіруші кешені, құрылымдау, бөлек дифференциалды топырақ, тұзды және батпақты топырақ және т. б.

Екінші топ - көбінесе ауыл шаруашылығында ең тиімді және өнімді қолданылатын топырақтардың теориясы (олардың табиғи және эффективті түзілуін, рельефін, климатын, экономикалық талаптарын және өндірістің қарқындылық дәрежесінің деңгейін негізге ала отырып) .

Бұл топқа топырақтың ғылыми-дәлелді бағалары (бонитировка), көбіне ауыл шаруашылық негіздерінің жеке түрлерінің (егістік жер, шабындықтар, жайылымдар, қорғаулы екпелер) қатынастарын анықтау әдістемесінің обьективті дамуы, әртүрлі культуралық себудің структурасын анықтау, сонымен қатар жоғары өнімді және бағалы сорттар жасап шығару жатады.

Үшінші топ - алдымен жауын шашынның реттелуін қамтамасыз еіп, температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және оның ауыл шаруашылығындағы қозғалысы, сондай ақ, ұзақ мерзімде ауа райының болжамын қарастыратын макро және микроклиматтың өзгеруіне байланысты бағдарланған теория.

Топтың басты мақсаты және олардан туындайтын тәжірибелік жұмыстың барысы - ауыл шаруалығы үшін ең қолайлы жер жаағдайларын жасау.

Төртінші топ - топырақты су, суару және жел эрозиясынан құтқару, сондай ақ, эрозияға ұшыраған топырақ жамылғысын қалыпқа келтіріп, оларды қолданылу.

Бесінші топ - өсімдік қорғау теориясы: агротехникалық, химиялық және биологиялық шаралар, топырақ арамшөптерін жою, ауыл шаруашылық мәдениетінің зиянкестері және аурулары, олардың таралуын қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы егіншілік жүйесінің негізгі алға қойылатын талаптары В. П. Нарциссовтың пікірінше, келесідей жұмыстар орындалуы тиіс:

  • аймақтық және микроаймақтық егіншілік жүйесінің дамуы мен жетілдірілуі,
  • қарашіріктің жеделдетілуі,
  • топырақ өңдеуді азайту,
  • топырақ эрозиясына қарсы күрес,
  • мәдени өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден биологиялық қорғау әдістерін дамыту.

Қазіргі уақытта егіншілік жүйесіне жаңа сапалы методологиялық жетілдіруге ғылыми негізделген фазалар енгізіліп отыр, соның ішінде өндірістік басқару және жоспарлау жүйесі негізделген. Осы жүйе өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін, топырақ климаттық, ауыл шаруашылық дақылдарының агротехникалық және өндірістік экономикалық өнімділігін, жерді қолданумен топырақ құнарлығын арттыру жағдайларының әсерін толықтай ескереді.

Егіншіліктегі шешімін таппаған әдістемелік жағдайдың орталық мәселесі өнеркәсіп өндірісінің өзектілігінде болып отыр. Алынған өнімнің әдістемесі ауыл шаруашылық жүйесіне жоғары тиімділігін арттыруы тиіс.

Егіншілік жүйесінің ғылыми негізделген эффективті дамуы мен жетілуі, ауыл шаруашылық мамандарының ғылыми зерттеу жұмыстарын тандауы қазіргі егіншілік жүйесінің әдістемелік мәселелерінің негізі болып табылады.

2. ХХІ ғасырдағы аймақтық егіншілік жүйесін құру және сұлбасы

Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйесi, өсімдік шаруашылығы жүйесi деген дұрысырақ, топырақ құнарлылығын жұмылдыру мен ұдайы арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудiң технологиясын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн 15-тен астам құрамдас буыннан тұрады.

Егiншiлiк жүйесiнiң ең жоғарғы тиiмдiлiгi оның барлық құрамдас буындары толық игерiлгенде және бiрлесе әсер еткенде алынады. Буындарының аталуы бiрдей болғанымен олардың мазмұны әрқашан аймақтың егiншiлiгiне байланысты болғандықтан, нақты егiншiлiк жүйесi мiндеттi түрде аймақтық болып келедi. Егiншiлiк жүйесiнiң аталуы белгiлi бiр буынға сәйкестiрiлiп берiлген жағдайда оның мазмұнын толық көрсетпейдi, сондықтан оны аймақтық, жергiлiктi жердiң немесе облыстың атына сәйкес қойған дұрыс. Мысалы, «Солтүстiк Қазақстан егiншiлiк жүйесi», «Батыс Сiбiр егiншiлiк жүйесi» және с. с.

1. 3 Солтүстiк Қазақстанның егiншiлiк жүйесi

Аймақтың климат және топырақ жағдайлары . Солтүстiк Қазақстанның климаты қатаң континенталды. ғысы желi мен бораны жиi болатын суық та ұзақ. Қыста 70-100 мм жауын-шашын түседi, бұл жылдық мөлшердiң үштен бiрi болып табылады. Сондықтан уақытында қар тоқтату топырақта

Көктемгі күннiң жылынуы суықтың қайталап соғуымен ұштасып отырады және көктемгі суықтардан жылу сүйгiш дақылдардың (жүгерi, қара құмық, тары, көкөністiң) көгін үсiк шалуы мүмкiн.

Жылдамдығы 15-20 м/сек және одан артық көктемгі желдер қатты қауiп туғызады, себебi олар қорғалмаған танаптарда жел эрозиясын туғызады және ауыл шаруашылығы дақылдарының көгін кертiп зақымдауы мүмкiн. Аймақта көктем бiрде ерте бiрде кеш басталады. Ерте басталған көктем, көбінесе, жылы және құрғақ жазға ұласады. Кеш түскен көктем, керiсiнше, салқын және ылғалды болып келедi де, сондай жазға ұласады. Мұндай жылдары, көбінесе мол өнім алынады (1964, 1979, 1992) .

Жазы негiзiнен ыстық және құрғақ болып келедi, маусым-тамыз айларындағы температуралар жиынтығы -1600-2000 0 С құрайды. Үскiрiк болмайтын кезеңнiң ұзақтығы әр түрлi болады және 100-125 тәулiктi құрайды.

Жазда 120-170 мм ылғал түседi, бұл жылдық мөлшердiң 45-50 % құрайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-350 мм болады. Аймақтағы он жылдың жетеуi әр түрлi деңгейдегi құрғақ, ал үшеуi әр түрлi деңгейдегi ылғалды болып келедi. құрғақшылық аймақ үшiн қалыпты жағдай және егiншiлiк өнімділігінің шешушi жағдайы болып табылады (79 -кесте) .

Жылдық жауын-шашынның түрлi мөлшерлерінiң қайталану жиiлiгi, Ақмола метеостансасының деректерi бойынша, 1956-1995 жж

Ылғалдану деңгейi бойынша жылды бағалау
Жауын-шашын, мм
Жылдар саны
%
Ылғалдану деңгейi бойынша жылды бағалау:

Мейлiнше құрғақ

Өте құрғақ

Құрғақ

Орташа құрғақ

Қуаң

Орташа қуаң

Ылғалды

Орташа ылғалды

Орташа көрсеткіш

Жауын-шашын, мм:

230 дейiн

231-260

261-290

291-320

321-350

351-380

381-410

410 артық

326

Жылдар саны:

4

7

4

10

4

4

6

1

40

%:

10

17. 5

10

25

10

10

15

2, 5

100

Дәндi дақылдардың өнімділігі жылдық жауын-шашын мөлшері мен олардың түсу кезеңiне байланысты. Мысалы, Ақмола облысында дәндi дақылдардың өнімділігі 40 жылдың жиырма алтысында, яғни 62, 5 % 10 центнер және одан төмен болды. Ал, 16 ц/га жоғары өнімділік 40 жылдың екеуiнде ғана, яғни 5 % кездескен (80- кесте) .

Солтүстiк Қазақстанда қара және қызыл-қоңыр топырақтар кең тараған. Қара топырақты аймақты қара шiрiндісі 9 % дейiн сiлтiсiзденген қара топырақтардың (шалғынды дала), қара шiрiндісi 6-8 % орташа қара шiрiнділi кәдiмгi қаратопырақтардың (кәдiмгi дала) және қара шiрiндісi 4-6 % аз қара шiрiнділi оңтүстiк қара топырақтардың аймақшаларына бөледі.

Қызыл-қоңыр топырақтар аймағы қара шiрiндісi 2-4 % күңгiрт қарақоңыр және қызыл қоңыр топырақтар (құрғақ дала) және қара шiрiнділiгi 2% дейiн ашыққоңыр топырақтар (шөлейт дала) аймақшаларына бөлiнедi. Қара шiрiндінiң көрсетілген мөлшері тың көтерудiң алғашқы кезеңiне тән келедi. Қырық жылдан соң жел эрозиясының және егiншiлiктегі органикалық заттар бойынша терiс теңгерiмiнiң нәтижесiнде қара шiрiндiсi 25-35 % кемiген. Егiстiк жерлердегi топырақтардың барлығы дерлiк жел эрозиясынан, ал беткейлерде су эрозиясынан да, әсiресе сүрi танапты өңдеу кезеңiнде, кешендi қорғауды талап етедi.

Топырақ құнарлығының шектеушi жағдайларына, ылғалдан басқа жылжымалы фосфордың жеткіліксiздiгi жатады. Оған соңғы жылдары азоттың жеткіліксiздiгi қосылды.

Аймақтың бiраз бөлігін кебір (сортаң) топырақтар алып жатыр.

3. Топырақ қорғау егіншілік жүйесінің құрамды буындарының негізгі ерекшеліктері

Жүйеде қазiргi егiншiлiк жүйелерiне сәйкес буындардың бәрi болады, бiрақ олардың әрқайсысының аймақтық ерекшелiгi байқалып тұрады. Оларды былайша топтауға болады.

1. Аумақты эрозияға қарсы ұйымдастыру, қысқа айналымды дәндi дақылдардың, әсiресе жаздық бидайдың үлесi жоғары, сүрi танабы жолақталып өңделетін дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстер. Механикалық құрамы жеңiл топырақтарда дәндi дақылдары, сүрi танабы және көп жылдық шөптерi жолақтап орналасқан топырақ қорғау ауыспалы егiсi; екi-үш танапты жүгерi, бiр жылдық шөптер, сұлы енгiзiлген мал азықтық ауыспалы егiстер қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Экономикалық реформаға көзқарас
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Ұлы Жібек жолының – Қазақстан туристік экскурсияны жандандыру мен дамытудағы маңызы»
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz