Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Орындаған:Буркутбаева С
Тобы: ФН-305
Тексерген:Курманбекова Г. А.
Семей, 2015ж
Жоспар:
1. Кіріспе:
1. 1. Сақтандырудың түсінігі
2. Негігі бөлім:
2. 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
2. 2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
3. Қорытынды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап, бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі танда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасызетеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру. Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған. Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында.
Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды. Ол барлық шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепіддік береді.
Қайта өндіру процесі табиғат, табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым -қатынастарды білдіреді. Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар орнайды. Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел каупі орын алады . Міне, осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына негіз болды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы бағалар құндылықтар кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жаксаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген қажеттілік одан әрі өсе түседі.
1. 1 Сақтандырудың түсінігі.
Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы;
оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық үшін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты рстінде қарауға болады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын кұру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісi ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиістi түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі. Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты. Сақтық қатынастарының бip бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) коғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың epiктi қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікпен қалпына келтipy жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
... жалғасы2. 2. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ қаржы табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.
Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер жатады:
• Адамдардың жағдайы және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)
• Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)
• Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы) ;
• Стихиялық жағдайлар (катастрофа, өрт) ;
• Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік
Сақтандырудың экономикалық категория (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:
1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты
2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатынасуы.
3. Сақтандырудың іс қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
Сақтандыру барысындағы қалыптасатын ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:
Сақтандыру - бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.
Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.
Қолайсыз табиғи жағдайлармен байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын - сақтандыру категория (санатын ) береді.
Сақтандыру мақсаты - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады
Сақтандырудың негізгі ерекшеліктерін келесілер жатады:
1) Қатынастардың ықтималдылық сипаты
2) Қатынастардың төтенше сипаты
Сақтандырудың мәні оның қызметтері арқылы анықталады. Сақтандырудың келесідей қызметтері бар:
1. Тәуекелділік функциясы қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтыру белгілі бір тәуекелділікке келумен байланысты.
2. Сақтандырудың ескерту функциясы да бар ол сақтану салдарының деңгейін, салдарын анықтайды
3. Сақтандырудың жинақтау функциясы ақшалай қаражаттардың жеткілікті болаған жағдайында жүзеге асырылады.
4. Бақылаушылық функциясы сақтық төлемдерін жмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Бұл функция сақтандыру қатынастарындағы 3-арнайы функцияның қалыптасуын сипаттайды.
Сақтандыруда сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі әдісі қолданылады:
1) Бюджеттік
2) Сақтандыру
Бюджеттік әдіс бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектлер мен халықтың жарналары есебінен жасаудыалдын-ала қарастырады. Жарналардың мөлшері және және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне, келісімнің шартына қарай беліленеді.
Қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс, әлеуметтік сақтандыруда - бюджеттік және сақтандыру әдісі, мүліктік және жеке сақтандыруда - сақтандыру әдісі қолданылады.
Сақтандыру қорлары сақтанушылардың жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады. Нарықтық экономикада сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуді талап етеді.
Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, коммерциялық аядағы инвестициялық қаржыларды табыс алу үшін сақтандыру сақтандыру ісін береді.2. 2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделерне (автомобиль, темір жол, әye немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бip адамдардың үмітіне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген, зияндар үшін жауаптылықты сақтантдыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру
Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz