Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат



Аддиктивті мінез.құлық анықтамасы
Аддиктивті мінез.құлық түрлері
Аддиктивті мінез.құлықпен арнайы психологиялық.педагогикалық шаралар
Пайдаланылған әдебиеттер
Аддиктивті мінез-құлық – интенсивті эмоциялардың дамуымен, кейбір заттардың немесе тұрақты сыртқы ортаның ықпалының әсерінен шынайы ӛмірден бас тартумен сипатталатын деструктивті мінез- құлық. Бұл процестің адамды баурап алатындығы соншалық, оның өмірін басқаруға кӛшеді. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Ол адамның ӛмір шартының бұзылуына, отбасылық жанжалдардың туындауына, туыстары мен жақындарын жоғалтуына, күрделі эмоционалдық жағдайға тап болуына, стереотиптер мен әдеттердің күрт өзгеруіне алып келеді. Адамзат қоғамында түрлі сипаттағы девиантты жүріс-тұрыстардың кӛптеп таралуы мұны ғылыми тұрғыда талдап, биологиялық, медициналық және әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етті.
Аддиктивті мінез-құлық түрлері:
Маскүнемдік;
Нашақорлық;
Токсикамия;
Анероксия;
Булемия;
Клептомания.

Маскүнемдік -ішімдікке салыну (алкоголизм). Бұл девианттық мінез-құлықтың келесі формасы. Ежелгі қоғамдарда ішімдік және кейбір есірткілер (мысалы, улы саңырауқұлақтар), наным-сенімдер мақсаттарында қолданылған. Ежелгі гректер мен римдіктерде тіптен шарап Құдайы (Вакх және Либер) болған. Антикада шарапты ішудің алдында оның жартысына су қосқан. Ішімдікті ішуге тек 30 жастан асқан ер адамдарға рұқсат етілген.
Орта ғасырда күшті ішімдіктер байлар¬дың иелігінде болған. Шаруалар мен қолөнер¬шілер негізінен мейрамдарда іше¬тін еді. Этил спиртін өндіру ашылғаннан кейін (ХVІІІ ғ.) дамыған елдердің төменгі топ-тары ішімдікті жиі тұтынуға мүмкіндік алды. Осы кезден бастап ішімдікке салыну проб¬лемасы қоғамдық маңыздылыққа ие болды.
Ішімдікті тұтыну деңгейінің көрсеткіші тұтыну құрылымы туралы мәліметтермен үйлестіргенде ғана мағынаға ие болады. Сондай-ақ мысалы, тұтынудың жиілігі, ұзақтығы, ас қабылдаумен байланысы сияқты бірқатар сипаттамаларды да ескеру қажет. Халық арасында ішімдіктің жалпы көлемін бөлу ерекшеліктері де: ішетіндердің, ішпейтіндердің, орынды ішетіндердің саны мен құрамы; ер адамдар мен әйел адамдардың арасында, жасына қарай және басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша ішімдікті тұтынуды бөлу де маңызды.
Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей.
Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков.
Менделевич В.Д. Патология девиантного поведения.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс

Орындаған: Махимова А.Пх-315 тобы
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.

Семей қаласы, 2015 жыл
Жоспары:
* Аддиктивті мінез-құлық анықтамасы
* Аддиктивті мінез-құлық түрлері
* Аддиктивті мінез-құлықпен арнайы психологиялық-педагогикалық шаралар
* Пайдаланылған әдебиеттер

Аддиктивті мінез-құлық - интенсивті эмоциялардың дамуымен, кейбір заттардың немесе тұрақты сыртқы ортаның ықпалының әсерінен шынайы ӛмірден бас тартумен сипатталатын деструктивті мінез- құлық. Бұл процестің адамды баурап алатындығы соншалық, оның өмірін басқаруға кӛшеді. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Ол адамның ӛмір шартының бұзылуына, отбасылық жанжалдардың туындауына, туыстары мен жақындарын жоғалтуына, күрделі эмоционалдық жағдайға тап болуына, стереотиптер мен әдеттердің күрт өзгеруіне алып келеді. Адамзат қоғамында түрлі сипаттағы девиантты жүріс-тұрыстардың кӛптеп таралуы мұны ғылыми тұрғыда талдап, биологиялық, медициналық және әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етті.
Аддиктивті мінез-құлық түрлері:
* Маскүнемдік;
* Нашақорлық;
* Токсикамия;
* Анероксия;
* Булемия;
* Клептомания.

Маскүнемдік - ішімдікке салыну (алкоголизм). Бұл девианттық мінез-құлықтың келесі формасы. Ежелгі қоғамдарда ішімдік және кейбір есірткілер (мысалы, улы саңырауқұлақтар), наным-сенімдер мақсаттарында қолданылған. Ежелгі гректер мен римдіктерде тіптен шарап Құдайы (Вакх және Либер) болған. Антикада шарапты ішудің алдында оның жартысына су қосқан. Ішімдікті ішуге тек 30 жастан асқан ер адамдарға рұқсат етілген.
Орта ғасырда күшті ішімдіктер байлар - дың иелігінде болған. Шаруалар мен қолөнер - шілер негізінен мейрамдарда іше - тін еді. Этил спиртін өндіру ашылғаннан кейін (ХVІІІ ғ.) дамыған елдердің төменгі топ - тары ішімдікті жиі тұтынуға мүмкіндік алды. Осы кезден бастап ішімдікке салыну проб - лемасы қоғамдық маңыздылыққа ие болды.
Ішімдікті тұтыну деңгейінің көрсеткіші тұтыну құрылымы туралы мәліметтермен үйлестіргенде ғана мағынаға ие болады. Сондай-ақ мысалы, тұтынудың жиілігі, ұзақтығы, ас қабылдаумен байланысы сияқты бірқатар сипаттамаларды да ескеру қажет. Халық арасында ішімдіктің жалпы көлемін бөлу ерекшеліктері де: ішетіндердің, ішпейтіндердің, орынды ішетіндердің саны мен құрамы; ер адамдар мен әйел адамдардың арасында, жасына қарай және басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша ішімдікті тұтынуды бөлу де маңызды.
Бір дәрежеде мас болудағы мінез-құлықты және осы мінез-құлықты бағалауда социомәдени және этникалық топтарда мәнді айырмашылықтар бар. Жоғарыда айтылған барлық сипаттамалар ішімдікті тұтыну моделі ұғымына кіреді.
Қоғамның ішімдікпен күресі тарихынан оның екі бағытта жүргізілгенін байқауға болады. Біріншіден, ішімдікке қол жеткілікті шектеу, оларды сатуды және өндіруді қысқарту, бағаны арттыру, тыйым салулар мен шектеулерді бұзған үшін жазалау шараларын күшейту. Екіншіден, ішімдікті тұтынуды азайту бағытына күш салу, өмірдің әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен руханиятты арттыру, ішімдіктің зияндығы туралы байыпты, салмақты ақпарат тарату, халықта ішімдіксіз мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыру.
Ішкіштікпен күрес тарихы кейбір елдердің аумағында (Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей) құрғақ заңды енгізуге тырысудың болғанын да біледі. Олардың бәрі де өз мақсаттарына жетпеді, өйткені ішімдіктің болуы ішімдікке салынудың бір ғана және басты себебі ғана емес. Маскүнемдік пен ішімдікке салынуды жою проблемасы аса күрделі болып табылады, ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық, демографиялық, заңдық және медициналық аспектілерді қамтиды. Тек қана барлық аспектілерді есепке алып, оны табысты шешудің мүмкіндігі бар.
Осылайша, ішімдікке салынумен күресті мемлекеттік құрылымдар, қоғам - дық және медициналық ұйымдар жүр - гізеді. Ішкіштерге олардың туыстары мен жақындары үлкен ықпал ете алады. Өзін-өзі тежеу өте маңызды. Оған ішімдіктің ден - саулық үшін зияны туралы және мас - күнемдіктің әлеуметтік салдарлары жө - ніндегі дер кезіндегі ақпаратта ықпал етеді.
Нашақорлық.Есірткі тұтыну девианттық мінез-құлықтың келесі бір формасы болып табылады. Наркомания термині гректің narke - естен айырылып қалушылық және mania - құтыру, есалаңдық сөзінен шыққан.
Есірткіні өсіру мен тұтыну дәстүрінің кем дегенде 2,5 мың жылға жететінін айту керек. Скифтердің шарап сияқты жемістер түтініне мас болғаны жөнінде кезінде Геродот та жазып кетті. Есірткіні тұтыну мәдениеті Шығыста - Үндістан, Қытайда, Араб елдерінде көбірек тараған. Еуропа мен Америкада есірткі заттарын тұтыну отарлық дәуірде тез тараған еді. Бұған химияның, көліктің дамуы, адамдардың көші-қоны, медицинадағы табыстар ықпал етті. Қазіргі кезде есірткі заттарын өсірудің ірі орталықтары Үндіқытайда, Колумбияда, Ауғанстанда жұмыс істейді.
Дамыған және дамушы елдердегі он миллиондаған адамдар есірткіні тұтынады. АҚШ-та, мысалы, олар 30 млн. адамнан асады. Есірткі проблемасы Ресейді де айналып өтпеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2002 жылдың соңына қарай нашақорлардың саны 3-3,5 млн. адамға артқан, ал есірткінің дәмін алғаш татқандардың жас мөлшері 11 жасқа дейін төмендеген. Бұл ұлттың денсаулығы мен генофонына өте қауіпті. Есірткі проблемасы балалар өлімі, жаңа туған балалардан бас тарту, білім деңгейінің төмендеуі, есірткі саудагерлерінің енуіне мемлекеттер шекараларының ашықтығы, заңнаманың жетілдірілмеуі, полицияның, кеденнің есірткі заттарын өсіруге, тасымалдауға, сатуға, таратуға жұмысының әлсіздігі сияқты әлеуметтік және саяси проблемалармен байланысқан.
ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басында есірткі проблемасы Қазақстанда жалпы ұлттық масштабқа айналды. Есірткіні тұтыну нашар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген отбасыларынан шыққан жасөспірімдерде, жұмыс істейтін және оқитын жастарда, балаларда (әсіресе үйсіз-күйсіз), жұмыссыздар мен бомждарда айтарлықтай кеңінен тарады.
Есірткіні тұтыну мен СПИД, гепатит С вирусының жұғуы, антитазалық пен қауіпсіздік шараларын сақтамау жағдайында тамыр іші инъекция арқылы берілу арасында тығыз байланыс бар.
Қазіргі кезде ғылымда есірткіні тарату мен тұтыну проблемаларын зерттеудің алуан түрлі амалдары қалыптасқан. Әлеуметтану амалы тұрғысынан әлеуметтік факторлар анықтаушы болып табылады: әлеуметтік жағдайлар (кедейшілік, жұмыссыздық), әлеуметтік орындар (мәртебесінің төмендігі, баюға тырысу), мәдени және діни дәстүрлер. Психологиялық амалды жақтаушылар индивидуалдық факторларды басты назарға алған: көңіл көтеру, ләззат алу, жан рахатына тырысу, шынайы проблемалардан кетуге ұмтылу.
Есірткінің биологиялық тұжырым - дамасы бұл құбылысты адам организмінің физиологиялық негізде және оның тұлғаның мінез-құлқына ықпалы негізде түсіндіреді.
Осылайша есірткі - бұл ең алдымен жастардың әлеуметтік-саяси проб - лемасы. Нашақорлардың айтарлықтай бөлігі, әсіресе радикальді (опийлық мак өндіретін) есірткі деп аталатын есірткіні тұтынатындардың өмірі кемел жасқа жетпейді.
Бүгінде нашақорлыққа қарсы әрекеттің басты бағыттары болып саяси шаралар (есірткіні таратуға қарсы күрестің ұлттық бағдарламасын жасау, қажетті заңдарды қабылдау, бюджеттен қаражат бөлу және т.б.), құқықтық және әкімшілік шаралар (есірткі заттарын өсірумен, өндірушімен, сатумен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер