Орта ғасырдағы географиялық мәлімет



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Орта ғасырдағы географиялық мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2.Орта ғасырдағы географиялық ойлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.
3.Орта ғасырдағы саяхатшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.
Кіріспе.
Ерте заман мен орта ғасыр аралығында болған, дүние жүзілік маңызы бар, үлкен оқиға — халықтардың бір жерден екінші жерге көшіп-қонып орналасуы, христиан дінінің қалыптасуы, Рим империясының батысы әлсіреп, енді оның шығысының күшеюі, яғни византиялықтардың пайда болуы. Біздің жыл санауымыз христиан діні пайда болғаннан бері басталады. Оның алғашқы ғасырларында, жоғарыда жазылғандай, алысқа аттанған экспедициялардың орнын енді дін таратушы сопылар, монахтар басты. Олар бұрын географияны, астрономияны, теңіз зерттеуін тағы басқа ғылым табыстарын алға апармады, дамытпады, оларды жоққа шығарды. Ертедегі Жерорта теңізі маңындағы мәдениетті елдердің ғылымға қосқан жа-ңалықтарына немқұрайды қарады. Рим мәдениеті де әлсіреді, оның батысы мүлде құлдырап кетті. Енді халың арасын дін жайлады. Дін ғылымның өсуін тоқтатты, оны бұзды, өзгертті, кері кетірді. Христиан діні құдай әлемді алты күнде жаратты» деген уағыз таратып, география ғылымының дамуына үлкен кедергі жасады. Будда діні фанатиктік көзқарастан шыға алмады. Біздің заманымыздың IV — V ғасырларында христиан дінін дүниеге тарату ниетімен монахтар, сопылар, елшілер алысқа аттанды. Христиан діні Азияға, Африкаға, Нубия, Эфиопия, Парсы жерлеріне, Үндістан шекарасы-на дейін тарай бастады. Дін таратушы космографтар соңынан христиан көпестері, елшілері ілесіп келе берді. Дін таратушы монахтардың кейбіреулері өздерінің жүрген жолын жазып, географиялық деректер қал-дырып отырды. Біз солардың бір-екеуінің материалдарын қарастырамыз. [1]
1.Орта ғасырдағы географиялық мәлімет.
Косма Индикоплов (VI ғ.)— Александрияның көпесі. Ол Эфиопияда, Үндістанда, Батыс Азия жерлерінде болды. Бұл жерлер жайында өзінің «Христиан топографиясы» деген еңбегінде географиялық қүнды материалдар жазып қалдырды. Косма діни көзқарастан — інжіл ықпалынан шықпады
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Грюнберг А.В. Картография с основами топографии – Москва 1990 г.
2.Андреев Н. В.Основы топографии и картографии- Москва ,1972 г.
3.Қалыбеков С. Топография негіздері – Алматы 1993 ж.
4.Бахрамелев А. Картография –Москва 1986 г.
5.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
6.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
7.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
8.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
9.География және табиғат –2006,N 2.
10.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
11.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 6 .
12.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
13.Топографиялық карталар.- География және табиғат . 2004, N 6.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Орта ғасырдағы географиялық
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Орта ғасырдағы географиялық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1.
3.Орта ғасырдағы
саяхатшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.
Пайдалынған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25.

Кіріспе.
Ерте заман мен орта ғасыр аралығында болған, дүние жүзілік маңызы бар,
үлкен оқиға — халықтардың бір жерден екінші жерге көшіп-қонып орналасуы,
христиан дінінің қалыптасуы, Рим империясының батысы әлсіреп, енді оның
шығысының күшеюі, яғни византиялықтардың пайда болуы. Біздің жыл санауымыз
христиан діні пайда болғаннан бері басталады. Оның алғашқы ғасырларында,
жоғарыда жазылғандай, алысқа аттанған экспедициялардың орнын енді дін
таратушы сопылар, монахтар басты. Олар бұрын географияны, астрономияны,
теңіз зерттеуін тағы басқа ғылым табыстарын алға апармады, дамытпады,
оларды жоққа шығарды. Ертедегі Жерорта теңізі маңындағы мәдениетті елдердің
ғылымға қосқан жа-ңалықтарына немқұрайды қарады. Рим мәдениеті де әлсіреді,
оның батысы мүлде құлдырап кетті. Енді халың арасын дін жайлады. Дін
ғылымның өсуін тоқтатты, оны бұзды, өзгертті, кері кетірді. Христиан діні
құдай әлемді алты күнде жаратты деген уағыз таратып, география ғылымының
дамуына үлкен кедергі жасады. Будда діні фанатиктік көзқарастан шыға
алмады. Біздің заманымыздың IV — V ғасырларында христиан дінін дүниеге
тарату ниетімен монахтар, сопылар, елшілер алысқа аттанды. Христиан діні
Азияға, Африкаға, Нубия, Эфиопия, Парсы жерлеріне, Үндістан шекарасы-на
дейін тарай бастады. Дін таратушы космографтар соңынан христиан көпестері,
елшілері ілесіп келе берді. Дін таратушы монахтардың кейбіреулері өздерінің
жүрген жолын жазып, географиялық деректер қал-дырып отырды. Біз солардың
бір-екеуінің материалдарын қарастырамыз. [1]
1.Орта ғасырдағы географиялық мәлімет.
Косма Индикоплов (VI ғ.)— Александрияның көпесі. Ол Эфиопияда,
Үндістанда, Батыс Азия жерлерінде болды. Бұл жерлер жайында өзінің
Христиан топографиясы деген еңбегінде географиялық қүнды материалдар
жазып қалдырды. Косма діни көзқарастан — інжіл ықпалынан шықпады,

Орта ғасырда басқа әлемді жер шетінен қарамақ болып жатқан космограф.

бәрін де дінге бағындырды. Дегенмен, ол Үндістан мен Шығыстың жерін,
халқын, ауа райын, жануарлары жайында дұрыс деректер келтірді. Қытай
жайында тұңғыш мағлұмат берді. Косма ертедегі грек ғалымдарының Жерді шар
тәрізді деген пікіріне қарсы болды, бұлай деу дінге қайшы келеді деп, Жер
төрт бұрышты, оны айнала су қоршап жатыр деп түсінді. Оның жасаған картасы
да ғылымға негізсіз, орта ғасыр космографиялың көзқарасынан аса алмады.
Ерте заманның карталары, әсіресе Птолемей картасы ұмытылды. Орта ғасырларда
белгісіз жерлерді ашуға, жалпы география ғылымының дамуына араб
саяхатшылары елеулі үлес қосты. Араб географтарының географиялық еңбектерін
жалпылама және математика деп екіге бөлуге болады. Арабтар математикалық
географияның негізін Птолемейден алады. Орта ғасырларда арабтар Птолемей
еңбегін өз тіліне аударған. Арабтардың математикалық география табысы
ертедегі грек географтары табысынан да асып түсті. Өйткені дүние жүзінің
ғалымдары ертедегі ғылым табысынан орта ғасырларда айырылып қалғанда, араб
халифатына қарайтын елдерде, әсіресе, Орта Азия жерінде, жаратылыс тану,
оның ішінде математикалық география, астрономия мықтап дамыды.[2]
Арабтың ғалым-географтарының математикалық географиямен шұғылданып,
жердің ендік (параллель), бойлық сызықтарын (меридиан) нақты білгісі келді,
Жерорта теңізінің меридианын Птолемей картасымен салыстырып, 17° қысқартты.
Олардың географияны жалпылама зерттеп жазуы көптеген басқа елдер жерімен,
мәдениетімен, экономикасымен толығырақ танысуға мүмкіндік берді. Соның
нәтижесінде алысқа экспедицияға шығатын болды. Бұл кездегі сауда, қарым-
қатынастарының мақсаты мұсылман дінінтарату еді. Мұсылмандардың Меккаға —
қажыға баруы арабтардың саяхатын дамытуға жағдай туғызды.
Орта ғасырлардың басында (VII ғ.) Аравия түбегін түгелдей қаратып алған
арабтар, Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам дінін дүние жүзіне тарату үшін
соғысқа аттанып, Месопотамияны, Арменияны, Түркістанды, Кавказдың бір
бөлігін, Сирияны, Палестина жерлерін өз империясына (халифатына) қа-ратып
алды. Бұл жерлердегі халықтарды ислам дініне бағындырды, оларда мешіт,
медресе ашты және бұл жерлердің жол қатынасын, табиғатын, ауа райын, жерін,
суын, халқын, экономикасын зерттеді. Сөйтіп арабтар Жерорта теңізінің
шығысын, Қызыл теңіз, Персия шығанағының жағалауларын қаратып, Орта Азия
арқылы Шығыс Европаға дейін барды. Содан Үндістанға өткен арабтар орта
ғасырларда күшті империяға айналды. Африканың шығысындағы бұрын белгісіз
болған Комор аралдарын, Мадагаскар ара-лын ашып, оларды өзіне қаратып алды
да, Азия мен Африка, Европа елдерімен қарым-қатынас, сауда жасады. Олардың
пальма ағашынан жасап алған кемелері алысқа жүзді.
Орта ғасырлардың бас кезіндегі белгілі араб саяхатшы-географы Сүлейман
еді. Сүлейман (VIII ғ.) — саяхатшы-көпес. Ол кемемен Персия шығанағынан
шығып, Үнді мұхитымен ұзақ жүзіп, Цейлон, Суматра, Никобар, Андаман
аралдарында болып, Қытайға барған. Сүлейман осы сапарында Қытай жерін
аралап, оның халқы туралы нақты материалдар жазып қалдырды. Арабтың ендігі
бір саяхатшы-географы Абдулла Гассан-Али болды, араб әдебиетінде оны
Массуди дейді.
Массуди. Мұның аралаған жерлері Сүлейманнан да көп болды. Ол Персия,
Үндістан, Цейлон, Қытай, Каспий теңізі жағалауы, Армения, Солтүстік Африка,
Египет және Грецияда болды. Массудидің замандастары оның жүрген жолын
шығыстан шығып, батыстан бататын күн жолымен салыстырды. Массуди өзінің
ұзақ уақыттағы географиялық зерттеулері нәтижесін Золотые луга деген
күрделі еңбегінде жазып шығарды. Бұл сол кезде дүние жүзінде, мұсылман
халқына кең тараған, қолдан түсірмей оқитын, кітап болды. Ол кітапты
қазірде де Таяу Шығыста өте жоғары бағалайды. Бұл кітапта сол кезде-ақ
арабтардың Орта Азия, Орталық Азия, Тибет таулы қыратын, Африка және
Жерорта теңізі жағалауын жақсы білгені туралы нақты географиялық
материалдар жазылған. Осы сияқты табыстарына қарамастан араб ғалым-
географтары өздерінің жазып қалдырған еңбектерінде орта ғасыр ғалымдарына
тән фантастикалық көзқарастан, асыра сілтеуден, дүниеде жоқ гого және
магого халықтары бар деуден, Азия, Африка, Европа деген материктер атын
қүдай аспанан түсірді,— деп теріс түсінуден, тағы сол сияқты теріс
болжамдардан құтыла алмады. Осының салдарынан түрлі географиялық
қателіктерге кездесті. Бірақ, мұның бәрі араб
географтарының географиялық зерттеулеріне, бұл ғылымның дамуына ұқсан
келтіре алмады.
Ибн-Хордадбех (850 ж.). Оның кітаптары мұсылман халқына кең тарады. Ол
басқа араб саяхатшыларындай алыс жерлерге саяхатқа шықпады, Бағдад
халифатының сарайында тұрды. Ондағы саяхатшылардың, географтардың,
көпестердің жазғандары оның қолынан өтетін болды, сондықтан, ол бұл
еңбектерді жүйеге келтіріп, Мемлекет жолының кітабы деген еңбегін жазды.
Бұл еңбекте ғалым сол кездегі араб халифатына кіретін барлық жерлердің
географңясын қамтиды да география ғылымы туралы өз көзқарасын жазады. Ал,
оның негізі Птолемей мектебінен шыққан. Бұдан кейін бүкіл дүние жүзіне
тарайтын араб керуен жолын толық баяндайды. Бірақ, оның жазғандары да
кемшіліктен құр емес еді.[3]
Мұхаммед Әбунәсір әл Фараби (870—950) Түркістанда, Арыс өзенінің
Сырдарияға құйған сағасына салынған Отырар қаласында туған. Отырар қаласы
заманында, яғни X—XV ғасырларда, бүкіл Сырдария бойындағы қалалардың ең
үлкені, ең мәдениетті, тоғыз жол торабындағы сауда орталығы болған. Мұнда
Александрия қаласындағы кітапханадан кейінгі үлкен кітапхана және дүние
жүзінде сирек кездесетін көне заман қолжазбалары болған. Қазір осы ескі
қала жұртының орнын Отырар төбе, Қарауыл төбе, Қорған төбе, Арыстанбап
мазары, Гауһар ана мазары деп атайды.
Орта ғасырларда арабтар Орта Азияны жаулап алғанда Отырар қаласын
қиратып, басып алып, оны Фараб деп атаған. Отырарды 1219 жылы Шыңғыс хан
әскері жермен жексен етіп құртып жіберген. Мәдениеті жоғары, гүлденген
Отырардан орта ғасырларда ғылымды бір саты ілгері бастырған, әлемге аты
әйгілі ғалымдар шыққан. Солардың бірі аса білгір, ғұлама Әбунәсір әл Фараби
болған. Өз заманының озық ойлы адамдары әл Фарабидің атына әл Мұғалім, әл
Сани деген қадірлі есімді қосып айтатын. Мұнысы араб тілінде екінші
оқытушы деген мағынада. Себебі, ежелгі Шығыс халықтары ғылым мен білімнің
ең бірінші озық өкілі ретінде Аристотельді алып, екінші орынға әл Фарабиді
қойған. Қазір Қазақстан ғалымдары жерлесіміз ұлы Фарабидің ғылыми мұраларын
зерттеу мақсатымен оның туған қаласы Отырарды қазатын болды. Фараби
зерттеушілері Әлкей Марғұлан, Ақжан Машанов, Орымбек Жәутіков, Ауданбек
Көбесов тағы басқалар Фарабидің жазып қалдырған тамаша ғылми еңбектері мол
екенін анықтап отыр.
Бала Фараби әдепкіде өзі туған Отырарда оқып білім алған. Араб, парсы,
грек тілдерін жете меңгеріп, үлкен білімнің тұғырына көтерілген болашақ
ғалым көп ұзамай Бағдадқа сапар шекті. Міне, осы қалада оның жан-жақты
энциклопедиялың білімі шешек атып кемелдене бастайды. Бұдан кейін ол
философия, логика ғылымдарын зерттеумен шұғылданады. Фараби Бағдадтан соң
Шығыстың тағы басқа қалаларында болып, сол замандағы ғұламалармен
дидарласады. Ғылым қуады. Әрине, мұның бәрі туысынан зерек, алғыр жастың
зейінін көтеріп, оған ғылымға жол ашпай қоймады. Кейін ол Бағдад қаласына
қайта оралып, Аристотель еңбектерін біржола терең зерттеуге беріледі. Енді
жас жаратылыстану, философия ғылым салаларын терең зерттеумен қатар,
математика, медицина, музыка ғылымдарының да асқан білгірі болып, осы
ғылымдарды халық арасына кең таратады, жастарға сабақ беріп, тікелей қалың
көпшілікке лекция оқуды өзіне әдетке айналдырады.
Фараби бұдан кейін ғылми зерттеу мақсатымен Мысыр (Египет), Шам
(Дамаск) қалаларына барып, сондағы ұлы ғұламалармен айтысып, бәрін жеңіп
шығады. Сөйтіп, ол бүкіл ғылымның дұрыс бағытта дамуына жол сілтеп, оған
баға жетпес үлес қосады. Қорыта айтқанда, атағы алысқа кеткен астроном,
дәрігер Фараби алхимия, ботаника және минералогиямен айналысқан. Фараби —
асқан кішіпейіл, сыпайы адам. Ол бар өнерін ғылым жолына сарып етіп, 80
жастан асқан шағында Шам шаһарында қайтыс болған. 1970 жылы Фарабидің
туғанына 1100 жыл толады. Оны біздің еліміз және бүкіл дүние жүзі атап
өтеді.
Якуби — аса көрнекті араб географы. Оны араб географиясының атасы
дейді. Якуби еңбегі де халық арасына кең тараған. Оның еңбегін көптеген
ақындар, жазушылар, тарихшылар, географтар пайдаланып келді. Ол жасынан
саяхатқа шығуды, белгісіз жерді,оның халқын білуді арман етіп, көп жерлерді
аралады. Сөйтіп, ол мол материал жинап, Әлем кітабы деген еңбек жазды.
Ғалым бұл еңбегінде жер мен судың, қаланың, селоның географиялық жағдайына,
әсіресе физикалық, экономикалық географияға ай-рықша көңіл бөлді. Қала,
селолар аралықтарының қашықтығын, ол жерлердің шаруашылығын, өсімдігін,
жануарлар дүниесін, жер бедерін, ауа райын мұқият зерттеді.
Ибн Фадлан (921 ж.) — елші Халифа Муктадирмен бірге Волга бойындағы
болгарларды аралап, өзі болған жерлерін көрген қалпында жазады. Ол
болгарлардың, хазарлардың, башқұрттардың, орыстардың жерін, халқын олардың
салт-санасын, әдет-ғұрпын, мұқият зерттеп, толық баяндайды. Ибн Фадланның
бұл бағалы еңбегі түгелдей кейінгі ғасырларға жетпеген, тек қана оның
еңбегінің кейбір үзінділерін XII ғасырда Якуш өзінің кітабында келтіреді.
Ибн Фадлан көп уақыт Россия жерін аралаған саяхатшы.
Ибн Хаукәл (X ғ.) — Араб империясының ішкі құрылысын, жер жағдайын
толық бейнелеп жазды. Ол 953 ж. Шығыстың көп жерлерін аралады. Саяхатшы осы
сапарында Инд өзені бойында белгілі араб саяхатшысы Истахримен кездесіп,
оған Шығыстың картасын береді. Ибн Хаукәлдың Патшалықтар және жол кітабы
деген еңбегінде көп мағлұмат бар және жеңіл оқылады. Оның бұл еңбегі
географиялық, саяси, статистикалық тұрғы-дан жазылған, көптеген материалдар
пайдаланған. Ол география мемлекетке де, халыққа да керек, сондықтан, оның
зерттелуін мемлекет басқаруға тиіс деді. Ғалымның бұл еңбегі мұсылман
шығысы дәуірлеп тұрған кезде жазылған күрделі географиялық еңбек.
Идриси (1100—1166 ж.) — аса көрнекті араб географы. Ол XII ғасырдың
орта шенінде Сицилия королы Рожер II сарайында қызмет істеген. Оған дейін
ол Кордова қаласында оқып білім алады, Европаны түгелдей дерлік аралап,
Англия, Франция жағалауларын мұқият зерттейді. Идрисиге король сарайында
географиялық зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік болады. Өйткені король өте
аң қүмар адам болған, жер-суды, ауа райын, аңдар жайын білетін ғалымдарды
өз маңына жинайды, оларды аңға шыққанда өзімен бірге алып жүреді. Міне,
солардың ең көрнектісі Идриси еді. Сондай-ақ, Идриси король сарайына алыс
жерлерден үнемі келіп тұратын көпестермен, саяхатшылармен пікір алысып,
өзінің географиялық білімін толықтырып отырды. Осы ретпен ол Африка,
Орталық Азия жайында көптеген материал жинаған. Идриси екі үлкен
географиялық карта жасап, оған өзі білетін жер шарының материктерін,
мұхиттарын, теңіздерін, түбектерін, аралдарын, халқын, қалаларын түсіреді.
Ол бұл үшін ерте замандағы грек, рим, орта ғасыр географтарының барлық
материалдарын пайдаланады. Бірақ Идриси де олардың жіберген қатесін
ескермей, өз картасына түсіреді. Идриси картасының қателігі атақты Птолемей
картасының кемшілігінен де асып түседі. Бұл кемшіліктердің ең бастысы —
оның картасында ендік, бойлық сызықтарының жоқтығы. Бұл сызыңтарсыз
географиялық карта дұрыс болмайды.
Якут (1179—1229 ж.) — арғы тегі византиялық грек, көп елдердің тілін
біледі. Ол ұзақ уақыт атақты Мерв (осы күнгі Түрікмениядағы Мары)
қаласындағы кітапханада ғылми-зерттеу жұмысымен шұғылданады. Мұның
нәтижесінде екі томдық Сөздік жазады. Бұл үшін Якут мұсылман, грек,
византия ғалымдарының жазғандарын мұқият зерттеп, оны өз еңбегінде
пайдаланады. Ол бүкіл Жерорта теңізінің жағалауын, Иран жерін, Орта Азияны
өте жақсы білген. Якуттың бұл Сөздігі оқушыларды бүкіл орта ғасырлардағы
араб географтарының еңбектерімен кеңінен таныстырады. Дегенмен, орта
ғасырда география ғылымының дамуы, айтарлықтай болмады, нақты ғылми зерттеу
жұмыстары шамалы болды.
Ибн Батута (Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Батута 1304—1377) — орта
ғасырдағы араб географтарының ішіндегі ең көрнектісі. Ол бүкіл араб
империясына қарайтын жерді 25 жыл бойы аралап, 120 мың километр жол жүрген,
бәрін де көзімен көріп, өте бағалы географиялық еңбек жазып қалдырған. Ол
Европа, Үндістан, Цейлон, Қытай, Шығыс Африка, Византия, Египет, Палестина
жерлерін зерттеді. Қара теңізден өтті, Оңтүстік Орыс даласын, Волга бойын,
Астрахань өңірін аралады. Одан кейін Орта Азия мен Қазақстан жерін
зерттеді. Атап айтқанда, Хорезм, Бұхара, Амудария, Сырдария, Шу, Іле
бойларында, Тянь-Шань, Памир-Алтай тауларында болды. Ғалым-саяхатшы өзінің
болған жерлерінің географиялық жағдайын асқан шеберлікпен жазды.[4]
Орта Азия ғалымдарының еңбектерінде нақты географиялық материалдар көп
кездеседі. Бұл кезде Орта Азияда астрономия, математика, физика, химия,
география, минералогия, тарих, әдебиет сияқты ғылым салалары едәуір дамыды.
Ғылымның бұл табыстарын кейіннен европалықтар пайдаланды. Ерте заман мен
орта ғасырлар тарихын зерттеушілер, Орта Азия, Қазақстан ғалымдарын, олар
өз еңбектерін араб тілінде жазғандықтан, көбінесе оларды араб ғалымдары деп
есептеді. Әрине, бұл дұрыс емес.
2.Орта ғасырдағы географиялық ойлар.
Мұхаммед ибн Мұса әл Хорезми (IX ғ.— Хорезмнен шыққан орта ғасырда
география ғылымына көп еңбек сіңіріп, Орта Азия, Қазақстан жерлерін көп
зерттеген ғалым. Оның Доныш-Нама (Білім кітабы) деген фило-софиялың
еңбегі жаратылыс тану ғылымының әр саласын қарастырып, жердің географиялық
жағдайы, материяның қозғалысы, дамуы, тау жасалу процестері, өсімдік,
жануарлардың өсіп-өнуі, тау жыныстары, минералдардың құралу процестеріне
тоқталады. Ол бұл еңбегінде минералдың 50 түрін толық сипаттап жазды. Ғалым
астрономия, геология, география, минералогия ғылымдарын зерттеп, оларды
ілгері дамытты. Әл Хорезми 1020 жылы Медицина ғылымы-ның заңы
(Медицинский канон) деген күрделі ғылми еңбек жазған. Оның бұл еңбегі
ұзақ уақыт дүние жүзі медицина ғылымының ең даңқты кітабы болды, XII
ғасырдан бастап латын тілінде 30 рет, бірнеше рет араб тілінде басылып
шықты. Сондай-ақ кітап 1593 жылы Римде басылып, бүкіл Шығыс Европаға кең
тарады. Біздің жерлесіміз Әл Хорезми заманында Бағдад обсерваториясы мен
Даналың үйінің ең бір белді, білгір ғалымы болды. Бағдад, Мысыр, Бұхара,
Мары, Самарқант қалалары сол кезде жараты-лыс тану, география, геология
және физика, математика ғылымдарының орталығы болатын.
Әбу Әли ибн Сина — 980 жылы Бұхара маңындағы Афшана деген жерде, тәжік
семьясында туған. Ол жастайынан діни оқулармен айналысып, математика,
физика, астрономия, география, философия, логика, заң ғылымдарын беріле
оқиды. Ертедегі грек ғылымдарымен де танысады, 1000 жылы ғалым Үргенішке
келіп Орта Азия, Қазақстанды зерттеу жұмысын жүргізіп, дүние жүзілік маңызы
бар медициналық еңбектерін жазады.
Әл Бируни (973—1048) — Хорезмде туып өскен. Ол Орта Азия, Қазақстан
жерін зерттеген, жаратылыс тану ғылымының шежіресі болған орта ғасырдағы
аса көрнекті өзбек ғалымы. Ол — астроном, математик, физик, геолог,
минеролог, географ, ботаник, этнограф, тарихшы. Ғалым араб, парсы, еврей,
грек халықтарының тарихын зерттеп, календарын жасады. Заттардың сыбағалы
салмағын көрсетті. Ғалымның тұңғыш көлемді еңбегі Ертедегі халықтардың
шежіресі заманында теңдесі жоқ еңбек болды. Әл Бируни Орта Азиядағы Отырар
қаласында академия ұйымдастырып, осы академияның тұңғыш президенті болды.
Ол орта ғасырда Орта Азияда ғылымды бір саты ілгері дамытты. Заманында Орта
Азия мен Оңтүстік Қазақстаннан шыққан ондаған философ, тарихшы, географ,
астроном, дәрігерлерді өз маңына топтастырды.
Орта ғасырда Қытай мен Орта Азия аралығында Жібек жолы басып өтетін
Жетісу бойында, қазақ даласының оңтүстігінде Іле, Сырдария, Талас, Шу
өзендері бойларында мәдениеті гүлденген Отырар, Тараз, Баласағүн, Сығанақ,
Сайрам, Түркістан сияқты орталық қалалар болды. Бұл қалалардан атақты ақын,
жазушы, ғалым, тарихшылар шықты. Мұхаммед Әбілхасан Рудаки (858—941),
Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи (1103—1166), Мұхаммед-Хайдар Дулати, тағы
басқалары, ақындық, тапқырлық шешендік, философиялық айтыс, алғырлыққа
дағдыланды, астрономия, география, механика, медицина, математика, химия
ғылымдарын дамытып, дүние жүзілік ғылым қорына бағалы үлес қосты.
Діншілдер жорығы. Орта ғасырларда тағы біркөңіл бөлетін оқиға
арабтардың одан кейін түріктердің Палестинаны жаулап алуы болды, бұл оқиға
европалыңтардың христиан дінін таратуын тоқтатты. Оның орнына енді
европалықтардың Таяу Шығысқа әскери экспедициялары ұйымдасты. Олардың
мақсаты өздерінше Қасиетті орынды басқа діндегілерден — мұсылмандардан
азат ету еді. Бұл аттаныс крестілердің жорығы деп аталды. Жорықтың
барысында европалықтар Таяу Шығыс товарларымен танысты, Үндістанды білгісі
келді, Италия көпестері Азия жерін кезіп жүрді. Көпестер Европаға шығыс
товарларын: лимон, шафран, күріш, маис, қант тағы басқа заттарды тасыды.
Бұл товарларды Италия көпестері Европаның басқа елдеріне де таратты. Сөйтіп
Европа мен Шығыстың дәнекері болған итальяндар бұл товарлармен қоса
европалықтардың түрлі өндіріс товарларын, жаңа бұйымдарын Шығысқа тасыды.
Осыдан барып, Италия қалалары бірте-бірте байып, нығая берді, әсіресе, бұл
кезде Генуя, Венеция қалалары тез өсті. Арабтар Геркулес бағанасынан сонау
Қытайға дейін бүкіл шығысты өзіне қаратып алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Карпини Иоанн де - Плано
Девану луғатит-турк еңбегі
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Қытайтану (синология) жайлы
Пәндер