Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың шығындары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары.
Орындаған : Сейтова Н.
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Қуантқан Б.
Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 ) Жұмыссыздық ұғымы, оның анықтамасы және қазіргі таңдағы жағдайы.
2) Жұмыссыздықтың себептері: классикалық және кейнсиандық тұжырымдамалары.
3 ) Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың шығындары.
4) Қазақстан - 2030 стратегиялык бағдарламасы, Президенттің Жолдауындағы жұмыспен қамту мәселелері.
5 ) Қазақстандағы жұмыссыздықтың болу себептері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Жұмыссыздық ұғымы, оның анықтамасы және қазіргі таңдағы жағдайы.
Жұмыссыздық
- шаруашылықтың нарықтық жүйесінің ажырамас қасиеті. Нарықтық экономиканың даму тарихы оны дәлелдеп отыр.
Статистика көрсетіп отырғандай, жұмыссыздардың саны дағдарыс кездерінде едәуір өсіп және өрлеу кезінде төмендейді.
Кез келген елдің халқы
жұмыс күші құрамына
(L) жататын, және
оларға жатпайтын
(N) адамдардан тұрады. Өз кезегінде жұмыс күші
жұмыспен қамтылған
(E) және жұмысы жоқ адамдарға бөлінеді. Соңғылары
жұмыссыздар
қатарына ( unemployment - U) жатады. Әдетте, жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді іздеп жүрген және табылған жұмысқа кіруге дайын адамдар да жұмыссыздар санына жатады.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша:
жұмыссыздар - бұл белгілі бір жастан асқан, жұмысы жоқ, жұмысқа жарамды және қарастырылып отырған кезеңде оны белсенді түрде
іздеп жүрген адамдар.
Сонымен, үш шарттың барлығы сақталғанда адамды жұмыссыз деп санауға болады. Жұмысты іздеу, яғни осы бағытта белгілі бір әрекеттер жасау ( еңбек биржасына тіркелу, газеттерге хабарлама беру және т. б. )
Жұмыссыздықтың себептері: классикалық және кейнсиандық тұжырымдамалары.
Нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың себептерін экономисттер әр түрлі түсіндіреді. Жалпы түрде бұл құбылысты түсіндіруге келесі тәсілдемелерді бөлуге болады:
- халық орналасуының артықшылығы ( мальтустік)
- капиталдық органикалық құрылымының өсуі ( марксизм)
- еңбек ақының жоғары деңгейі ( жаңа классиктер)
- жиынтық сұраныстың жетіспеуі ( кейнстік)
Батыс экономикалық ғылымда жұмыссыздықтың жаңа классикалық және кейнсиандық тұжырымда-малары ең көп тараған.
Жұмыссыздықтың жаңа классикалық тұжырымдамасы
1935 ж шыққан әйгілі ағылшын экономисті
А. Пигудің
« Жұмыссыздықтың теориясы» атты еңбегінде жүйеленіп ұсынылған.
А. Пигудің негізгі ережелері келесідей келтірілген:
а) өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың саны еңбек ақы деңгейіне кері тәуелді, яғни еңбек ақы жоғары болған сайын жұмысбастылық төмен болады.
б) бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін кәсіподақтар рөлінің күшеюі және жұмыссыздықтан мемлекеттік сақтандыру жүйесінің енгізілуі еңбек ақыны икенсіз қылып, оны өте үлкен деңгейде ұстап тұрғызып, жалпылама жұмыссыздықтың себебі болады;
в) толық жұмысбастылыққа қол жеткізу үшін еңбек ақыны төмендету қажет;
Жаңа классикалық модельде еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбек күшіне сұраныс функциясы мен ұсыныс функциясы арқылы белгіленеді, бірақ бағасы ретінде
нақты еңбек ақы
PL алынады. Еңбекке сұраныс DL функциясының қисығы кемімелі сипатта болады, өйткені осы өндіріс факторына сұраныс тудыратын фирмалар төменірек еңбек ақы кезінде жұмысқа көбірек жұмысшылар санын жұмысқа алады. Егер де еңбек ақы деңгейі жоғарласа, онда жұмысқа тартылатын еңбек күші саны азаяды. Сонымен, еңбек күшіне сұраныс - нақты еңбек ақының функциясы:
DL = f ( PL )
Еңбек күші нарығында еңбек үсынысы да SL нақты еңбек ақыға тәуелді: PL жоғары болған сайын, жұмысшылар өз еңбегін нарықта көбірек ұсынады және керісінше, еңбек ақы төмен болған сайын жұмысқа тұрғысы келетіндердің саны азаяды. Сондықтан еңбек ұсынысы нақты еңбек ақыға тәуелді өспелі функция ретінде қарастырылады және еңбек ұсынысы қисығының көлбеуі оң болады:
SL= f ( PL )
Сұраныс пен ұсыныс графиктерін қосып, еңбек нарығының жаңа классикалық моделін аламыз. Ол еңбектің қалыптасқан тепе-теңдік еңбек ақы мөлшерлемесі PLE кезінде жұмыс істегісі келетіндердің барлығы жұмыс табатынын көрсетеді. Егер еңбек ұсынысы өссе ( SL қисығы S’L -ге жылжиды), онда бұл еңбек ақыны PLF дейін төмендетеді және еңбек нарығында тепе-теңдік F нүктесінде қалыптасады.
Сонымен, жаңа классикалық модельде нарықтық экономика барлық еңбек ресурстарын пайдалана алады, бірақ еңбек ақының икемділігі кезінде. Бұл жағдайда толық жұмысбастылық мынаны білдіреді: осы уақытта қалыптасқан еңбек ақы кезінде белгілі бір еңбек санын сатқысы келетін әр адам өзінің қалауын жүзеге асыра алады. Егер де еңбек ақы PLK нарқтық тепе-теңдік деңгейінен жоғары болып қалса ( кәсіподақтардың талаптары бойынша немесе мемлекеттің араласуы кезінде), онда бұл жағдайда еңбекке сұраныс еңбек ұсынысынан айтарлықтай төмен болады да жұмысшылардың белгілі бір бөлігі жұмыссыз қалады. Жұмыссыздардың санын КМ кескіні көрсетіп тұр. Яғни, жаңа классикалық модельде жұмыссыздық болуы мүмкін, бірақ ол нарық заңының салдары емес, оның бұзылуы нәтижесінде бәсекелестік механизмге мемлекеттің немесе кәсіподақтардың, яғни нарықтық емес күштердің араласуы нәтижесінде пайда болады.
Сондықтан, жаңа либералдық бағыт экономисттерінің талаптары - жұмыссыздықты жою үшін еңбек нарығында бәсекелестікке икемді еңбек ақыға қол жеткізу керек.
Сонымен қатар, жұмыссыздықтың жаңа классикалық моделінде икемді еңбек ақы сақталғанның өзінде де жұмыссыздық орын алады, өйткені жоғарырақ еңбек ақы алғысы келетін жұмыс күшінің бір юөлігі өз еркілерімен жұмыссыз қалады.
Жұмысбастылықтың кейнсиандық тұжырымдамасы А. Пигудің еңбегінде жазылған ерікті жұмыссыз-дықтың жаңа классикалық тұжырымдамасы Дж. Кейнстің « Жұмысбастылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінде қатаң сынаққа түсті.
Кейнсиандық тұжырымдамада
нарықтық экономикадағы жұмыссыздық ерікті емес,
мәжбүрлі
сипатта болатыны жүйелі және толық дәлелденген. Кейнстің пікірінше, жаңа класикалық теория тек салалық шеңберде,
микроэкономикалық
деңгейде ғана жарамды, сондықтан ол
бүкіл экономикадағы
жұмыссыздықтың нақты деңгейі немен анықталады деген сұраққа жауап бере алмайды. Ал Кейнс жұмысбастылықтың көлемі тиімді сұраныс көлемімен, ал « толық емес жұмысбастылықтың» болуы, яғни жұмыссыздық тауарға сұраныстың шектеулілігімен тиесілі байланысты екенін көрсетті.
Кейнсиандық тұжырымдамада еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында тек толық жұмысбастылық кезінде де болуы мүмкін. Бұл былай түсіндіріледі: Кейнстің пікірінше,
еңбек ұсынысы
нақты еңбек ақы емес, номиналды еңбек ақы көлеміне тәуелді. Яғни, егер де бағалар өсіп, нақты еңбек ақы төмендесе, онда бұл жағдайда жұмысшылар жұмыс істеуден бас тартпайда. Ал
еңбекке сұраныс
нақты еңбек ақы функциясы болып табылады. Бағалар деңгейі өзгергенде сұраныс өзгеріп отырады: бағалар өскенде жұмысшылар азырақ тауар сатып алады, және керісінше. Нәтижесінде Кейнс мынандай қорытындыға келді:
жұмысбастылық деңгейі жұмысшыларға емес, көбірек дәрежеде кәсіпкерлерге байланысты, өйткені еңбекке сұраныс еңбек бағасымен емес, тауарлар мен қызметтерге тиімді сұраныс көлемімен анықталады.
Егер қоғамда тиімді сұарынс жеткіліксіз болса, өйткені табыс өскен сайын кеміп отырады, тұтынуға шекті бейімділікпен анықталады, онда жұмысбастылық деңгейінен төмен орналасқан нүктеден тепе-теңдік деңгейге жетеді.
Сонымен қатар, жұыс күшінің көп бөлігінің жұмыспен қамтылуы инвестициямен анықталады. Жұмысбастылық өсімінің және инвестицияға қатынасы сұраныс мультипликаторына тең болатын
жұмысбастылықтың мультипликаторына
сипаттайды.
Инвестицияның өсуі инвестициямен тікелей байланысты алғашқы салалардағы жұмысбастылық-тың өсуіне әкеледі, ол өз кезегінде, тұтыну тауарларын өндіретін салаларға әсерін тигізеді және нәтижесінде оның бәрі сұраныстың өсуіне әкеледі. Яғни, қосымша инвестициялармен тікелей байла-нысты алғашқы жұмысбастылықтың өсуінен артық болатын жиынтық жұмысбастылықтың өсуіне әкеледі.
Кейнс бойынша жұмысбастылық - ұлттық өндіріс (табыс) көлемі, ҰТ-ғы тұтыну мен жинақтау үлесінің функциясы. Сондықтан толық жұмысбастылықты қамтамассыз ету үшін мыналардың арасындағы белгілі бір пропорцияның сақталуын қамтамассыз ету керек:
а) ЖІӨ өндіруге кететін шығындар мен оның (ЖІӨ) көлемі арасындағы;
б) қаражат қор жинақтау мен инвестициялар арасындағы;
Егер толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуге қажетті ЖІӨ-ді өндіруге шығындар жеткіліксіз болса, онда қоғамда жұмыссыздық пайда болады.
Кейнстік тұжырымдамада келесі екі маңызды қорытынды жасалды:
а) тауардың және ақша нарықтарында бағаның, сонымен қатар еңбек нарығындағы еңбек ақының икемділігі толық жұмысбастылықтың кепілі бола алмайды; бағалар төмендесе де бұл жұмыссыздық-тың қысқаруына әкелмейді, өйткені бағалар төмендеуі кезінде болашақ пайдаларына қатысты кәсіпкерлердің күтулері төмендейді.
б) қоғамда жұмысбастылық деңгейін жоғарлату үшін мемлекеттің белсенді араласуы қажет, өйткені нарықтық күштер толық жұмысбастылық кезінде тепе-теңдікті ұстап тұра алмайды.
Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың шығындары.
Жұмыссыздықтың негізгі үш түрін бөледі: фрикциондық, құрылымдық және циклдық.
Фрикциондық жұмыссыздық
халықтың үнемі бір жерден ( қала, ауыл) екінші жерде ауысуынан, мамандықтың өзгеруінен, өмірлік кезеңнен ( оқу, жұмыс, баланың туылуы және т. с. с. ) туындайды. Осы себептерден пайда болатынжұмыссыздықтың
ерікті
ретінде қарастырылады, өйткені адамдар өз еркілерімен тұрғылықты жерін, жұмысын, мамандығын ауыстырады. Фрикциондық жұмыссыздық әрқашанда болады. Оның негізгі белгісі - қысқа мерзімділігі.
Құрылымдық жұмыссыздық
өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі нәтижесінде болады. Сондықтан құрылымдық жұмыссыздық-ты кейде технологиялық деп те атайды. Технологиялық өзгерістердің әсерінен белгілі бір мамандықтарға сұранс болмай қалады және кәсіпкерлер жаңа маман иелерін іздей бастайды. Қазақстанда және ТМД елдерінде жұмыссыздықтың өсуі көбінесе құрылықмдық компонент есебінен болады. Өйткені бір жағынан көп мамандықтарға ( инженерлер, жобалаушылар, ғылыми зерттеу қызметкерлері және т. б) сұраныс күрт төмендеді. Ал екінші жағынан - жаңа мамандықтарға ( банк қызметкерлері, бухгалтерлер, менеджерлер, маркетологтар және т. б. ) қажеттілік пайда болды.
Құрылымдық жұмыссыздықтың фрикциондықтан айырмашылығы - ол оған қарағанда ұзағырақ созылады. Фрикционды жұмыссыздар, әдетте, қосымша қайта дайындықсыз жұмысқа олардың мамандықтарына сұраныс сақталып отыр. Ал құрылымдық жұмыссыздарға кейде қайта дайындық қана емес тұратын жерін ауыстыруда қажет болады.
Құрылымдық пен фрикциондық жұмыссыздық
табиғи жұмыссыздық
деп те аталады. Бұл түсінікті ең алғашқы рет экономикалық ғылымғы М. Фридмен 1968 ж. енгізді және оны басқа американдық ғалым одан тәуелсіз әрі қарай дамытқан ғалым - Э. Филлипс.
Табиғи жұмыссыздық
өндіріс қажеттілігіне байланысты саларалық және аймақаралық ауысуға қабілетті экономика үшін ең қолайлы жұмыс күші резервін ( қорын) сипаттайды. Шын мәнінде, табиғи жұмыссыздық - бұл экономикадағы жұмысбастылықтың орынды деңгейіне ( яғни әлеуетті ЖІӨ) сәйкес келетін жұмыссыздардың үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бір қатар факторлар әсер етеді:
минималды еңбек ақы, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру, кәсіподақтардың беделі, еңбекке адамдардың бейімділігі, салықтар және т. б. Осы факторлар өзгермелі болғандықтан табиғи жұмыссыздықтың деңгейіне де уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.
Экономисттер табиғи жұмыссыздықтың деңгейін анықтау үшін ұзақ мерзімнің нақты жұмыссыздық-
тың орташа көлемін
алады. 40-50 жылдың орташа көлемі циклдық тербелістерді тегістейді.
Табиғи деңгейіндегі жұмыссыздық қажет, өйткені ол инфляцияны тежейді. Толық жұмысбастылық кезінде Экономикаға жиынтық сұраныстың AD күрт өсуі бағалар деңгейін көтеріп жібереді. Өйткені ресурстардың жетіспеуінен өскен сұранысқа өндіріс адекватты жауап бере алмайды.
Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болуы мүмкін, бұл жағдай да жиынтық сұраныс тапшылығы мен
циклдық жұмыссыздық
байқалады. Яғни, циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгерісімен байланысты. Құлдырау кезінде экономикада тауардар мен қызмет көрсетулерге сұраныс қысқарады, бұл өз кезегінде өндіріс пен жұмысбастылықтың қысқаруына әкеледі. Өсу кезеңінде, керісінше, тұтыну мен инвестициялық тауарлдарға сұраныс өседі, яғни жұмыс күшіне де сұраныс өседі.
Кейбір кезде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады, онда мұндай жағдайда экономикада артық жиынтық сұраныс, яғни инфляцияда болады.
Циклдық жұмыссыздықтың деңгейі uц жұмыссыздықтың нақты u мен табиғи u* деңгейлері арасындағы айырмасы ретінде анықталады:
uц = u - u*
Циклдық жұмыссыздық өндіріс ресурстарын толық емес пайдалануын көрсетеді. Бұл жағдайда ұлттық өндірістің нақты көлемі Yf потенциалды (әлеуетті) көлемінен Y* төмен болады. Егер де ЖІӨ-нің нақты көлемі потенциалды көлеміне тең болса,
Yf = Y*
, онда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі нақты деңгейіне тең болады
u = u*
Бұл кезде циклдық жұмыссыздық болмайды.
Яғни, нақты ЖІӨ әлеуеттіден төмен болған сайын, циклдық жұмыссыздық жоғарырақ болады:
Yf <Y* =
>
u >u*
Потенциалды ЖІӨ Y* мен нақты ЖІӨ Yf арасындағы айырмашылығы
конъюнктуралық алшақтықты
( нақты ЖІӨ-нің потенциялды ЖІӨ-нен қалып отыруы) пайда болдырады. 1960 ж. ж. американдық экономист
А. Оукен
бұған талдау жасаған. Ол эмпиристтік зерттеулер негізінде циклдық жұмыссыз-дық көлемі мен ЖІӨ алшақтығы арасындағы тұрақты байланысты байқады.
Анықталған тәуелділікті келесі формуламен көрсетті:
Y* - Yf / Y* = ( u - u*)
Мұндағы:
Y* - потенциялды ЖІӨ
Yf - нақты ЖІӨ
u - нақты жұмыссыздық
u* - табиғи жұмыссыздық
- Оукен саны ( параметрі)
Қазақстан - 2030 стратегиялык бағдарламасы, Президенттің Жолдауындағы жұмыспен қамту мәселелері.
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен катар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстарғанда күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.
18 ақпан күні 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz