Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар
М а з м ұ н ы
Кіріспе . . . 3
I-тарау . Тәрбие жұмысының теориялық негіздері . . .
1. 1. Тәрбие берудің негізгі мақсаты және міндеттері . . .
1. 2. Тәрбие беруді ұйымдастыру формалары . . .
1. 3. Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері . . .
II-тарау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарының әдістемесі . . .
- Сынып жетекшісі және оның қызмет мазмұны . . .
- Сынып жетекшілерінің тәрбие әдістері . . .
- Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастырудағы азаматтықты, жауапкершілікті, қабілеті дамыған етіп тәрбиелеуге негізделген. Қазіргі қоғамға, болашаққа, зерделі де білімді, өз іс-әрекетімен қызмет ете алатын азамат керек. Бала бойындағы отаншыл рухты жасынан қалыптастыра алу маңызды болып отыр. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбиесін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі жан-жақа бөлінуде.
Республиканың бір қатар мектептерінде тәрбие ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда. Мәселен, Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №1, 2, 7, 16 Қапшағай қаласы №4, Шелек ауданы Б. Момышұлы атындағы мектептерде ұстаздардың параллель сыныптар топтарында жетекшілік жасауы тәжірибеленуде.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы №11 орта мектепте басқа жұмыстан біршама босатылған сынып жетекшісі, Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Петровск орта мектебінде, Қарағанды қаласы №9 гимназияда, Екібастұз қаласы Қазақ қыздар гимназиясында «Сынып айымдары» институты енгізілген.
Жекеленген мектептерде жоғары сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты, тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді.
Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі туралы мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар: Кейбір жерлерде, мүмкін тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыруда орынды шығар.
Республикамыздың педагогикалық ұжымдарының және басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі ақтаған жоқ.
Сынып жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз.
Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директоры ұсынысымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырылған жұмысымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушылардың қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен мектептен тыс мекемелермен жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш жігерін жұмсайды.
Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез құлқын, қабілетін, тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады. Сондықтан тәрбиенің мақсатын белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар баланың рухани ұлттық дамуын қалайтын ең жақын адамдары ата-аналар мұғалімдер, қоғамдық күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын адамгершілігін табиғи қабілетін дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі мәселе. Себебі осы қасиеттер арқылы ғасырлар бойы жиналған мұра атадан балаға жетіп отыр, сондықтан осы үш ірі блоктар арқылы әрбір тәрбиешінің міндеттерін белгілеуге болатын сияқты. Тәрбиеші бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу керек: қолайлы іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы (оқу, өнімді еңбек, бос уақыт) қатынас арқылы (өнер, ақпарат құралдары) күнделікті тұрмысы арқылы. Өзгеше айтқанда, іс-әрекет қатынас тұрмыс қалпы тәрбиенің басты құралдары, соларды мәдениеттендіре отырып, ол баланың денсаулығы, қабілеті және адамгершілігі туралы қам жейді.
Қазіргі жағдайда тәрбиенің тиімділігін арттырудың негізгі жолы - бұл тәрбие қызметін ұйымдастырудағы комплексті қарауды жүзеге асыру. Комплексті тұрғыдан қарау тәрбие процесінің тұтастығын, тәрбиеленушінің жеке өзіне жасалатын барлық ықпалдың үйлесімділігін талап етеді.
Жас ұрпақты еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру тәрбиеге комплексті тұрғыдан қарауды, оқушыға деген барлық тәрбие ықпалын үйлестіруді, олардың идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тиімділігін одан әрі арттыруды талап етеді.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты: Болашақ мұғалімдерді сынып жетекшісі ретінде атқаратын іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мен таныстыру және оларды сынып жетекшісінің қызметіне байланысты теориялық білімдер мен қаруландыру. Сонымен қоса, мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы етіп тәрбиелеу, жеке тұлғаның ғылыми дүниетанамын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін жан-жақты дамуына жағдай туғызу.
Зерттеу әдістері:
- Балалардың днесаулығын, оқуға деген ынтасын бақылау.
- Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат.
- Оқуға ынталылығын анықтайтын әдістемелер кешені.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: №78 орта мектеп.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы, интеллектісі, олардың сынып жетекшілерімен болған іс-әрекеттері және оқу процесіндегі ұғымы.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I-тарау . Тәрбие жұмысының теориялық негіздері
1. 1. Тәрбие берудің негізгі мақсаты және міндеттері
Бүгінгі оқушының жеке ерекшеліктері жалпы білім беру мектептеріндегі тәрбие қызметінің жалпы міндеттері көрсетілген. Бұл мынандай бөлімдер бойынша топтастырылған:
- оларда дүниетаным негіздерін қалыптастыру;
- саяси саналылықты тәрбиелеу және қоғамджық белсенділікті дамыту;
- адамгершілік саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу;
- оқуға саналы көзқарасты тәрбиелеу, таным белсенділігі мен ой еңбегінің мәдениетін дамыту;
- еңбекке және қоғамдық меншікке адамгершілік көзқарасты тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту, мамандықты саналы таңдауға әзірлік;
- заңдық сезімді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу;
- эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеу және көркемдік қабілеттерін дамыту;
- дене тәрбиесін жетілдіру, денсаулықты нығайту және санитарлық гигиеналық мәдениет.
Бұл міндеттердің практикалық жүзеге асырылу түбі тәрбиені ұйымдастыруға комплексті тұрғыдан қарау негізінде жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесуге қызмет етеді.
Әрбір елде әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңінде сол қоғамның алдына күрделі міндеттер белгіленеді. Белгіленген міндеттердің ойдағыдай шешілуі адам факторының ролін арттырумен байланысты.
Тәрбие - белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс.
а) жас ұрпақтың рухани күштерін дамыту;
ә) ғылыми-материалистік дүниетануды қалыптастыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;
б) қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие жайлы осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.
Орыс педагогтарының еңбектерінде тәрбие туралы көптеген анықтамалар берілген:
К. Д. Ушинский "мектеп тәрбиеші және ұстаздар - адамның жалғыз ғана тәрбиеленушілері емес, оның сонша күшті тәрбиешілері: табиғат, жанұя, қоғам, халық және оның тілі болады"- дейді. К. Д. Ушинскийдің түсінігі бойынша, бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әртүрлі дәстүр, жанұя ішіндегі қарым-қатынас) .
Қоғамның дамуына байланысты тәрбие өрісі кеңейе барады. Жас ұрпақты тәрбиелеу адамзат қоғамының өмір сүру және дамуы үшін қажетті жағдайлар болып табылады.
Қоғамды жаңа тұрғыда құру, экономика мен саяси жүйедегі жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру мәселелері үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы, қоғамның дамуы мен жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау - тәрбие негізі міндеттерінің бірі.
Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды беттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Бұл арада біз жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге аламыз.
Тәрбиешіге мына қасиеттер өте қажетті:
- адамдарға сүйіспеншілік, олармен қатынаса алу, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайырымдылық, тілекестік, қарым-қатынастағы адалдық, шыншылдық;
- жоғары деңгейлі мәдениеттілік, кең көзқарастық, әзіл-оспақты түсіне білу, тапқырлық;
- мінезінің табандылығы және батылдығы, өзіне сенушілігі, жігерлілігі, қайсарлық;
- барлық психикалық қасиеттерінің жоғары деңгейде дамуы, қабылдауы, есі т. б.
Ең биік құндылықтардың бірі - адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық ана саған өмір силаған, дүниеге әкелген адамның алдында бас иіу. Туған жер, үй отбасы - бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысып, патриоттық, азаматтық қасиеттерін қалыптастырады.
Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана оны қорғауы мүмкін. Керісінше, ол алдын ала «бұл балаға не істегенде - ештеңе шықпайды» деген оймен барса, онда педагог қорғаушы бола алмайды.
Оқу - ең басты әрекеттердің бірі. Осы кезеңде сынып жетекшісінің қорғау ісі оқу бағдарламасы бойынша жүреді, олар: баланың сабақ үстіндегі жұмысын көру; «кіші кеңеспен» жұмыс істеу, кейбір пәндер оқушыларға көмек ұйымдастыру басқа пән мұғалімдерімен балалар көз қарасын, дүние танымын кеңейтетін қызықты кештер ұйымдастыру; отбасымен келісе отырып, ата-аналар жағынан көрсететін көмекті жан-жақты ойластыру, жоспарлау.
Оқушының қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс - оның бос уақыты. Осы бос уақыт өрісінің үш міндеті бар:
- Баланың демалуы, күш қуатының жөнге келуі.
- Қызығушылығымен қабілетін дамыту.
- Қызықты адамдармен еркін танысу.
Тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философияның ой-пікірлері пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белсенді тәрбиелес іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру тәрбиенің нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қандай, қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айтқанын байқауға болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес.
Педагогика ғылымының тәрбиесіне мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбігін тікелей байланысты, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсінуі керек.
Адам баласның жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушылардың баулу, олардың политехникалық, экологиялық білімімен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.
Тәрбие берудің негізгі мақсаты және міндеттері
а) жастардың дүниеге ғылыми матералистік көзқарасын қалыптастыру.
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдарын, сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектеп білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл- ойы дамиды, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады.
Сынып жетекшісінің басты назарында - оқушы - адам, оқушы-тұлға, әр оқушынң ерекше қсиеттері оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға қолайлы ортаға қажет. Тәрбие процесінің басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижлі болуы сөзсіз:
- Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндетерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық - педагогикалық ұғымын түсіну, оқу-тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алу.
- Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
- Оқушылардың даму деңгейіне байланысты тәрбиенің негізгі міндеттері мен, оларға сәйкес іс-әрекеттер белгілеуі. Таңдап алған іс-әрекеттердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.
- Оқушылардың дамуын болжауды, оларды әртүрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілік дағдыларын нығайтуы.
Ғылымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға толық мүмкіндігі бар.
Сынып жетекшісі төмендегідей болуы керек:
- тәрбиелеушілердің тәрбиелік деңгейін, әрқайсысының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы біледі, оқушылардың дамуы туралы толық хабары бар:
- оқушыларды өзін-өзі басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып,
- ұжымда тәртіпті оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік қылықтарын, қасиеттерін қалыптастырады.
Аталған тәрбие жұмыстың барлығы сынып жетекшісінің шеберлігіне байланысты. Сынып жетекшісінің өз назарынан қалдырмайтын бірінші объект - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру.
Сонымен, сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп келістіріп өткізетін педагог. Оқытудың білім беру, тәрбиелік дамытушылық сипаттарын қамтамасыз ету, оқу процесінде тікелей мұғалімнің - ұйымдастыра ала білу шеберлігіне байланысты болады.
Оқытудың бұл сипатары оқу процесінде, қашан да мұғалімнің әдіс-тәсілімен, шеберлікті тиімді пайдалануда нәтижелі болады. Бұл сипаттарды білімді де білікті, теориялық білімнің практикада дұрыс ұштастыра білген, шеберлі де, әдіс-тәсілдері мол, оқу процесін жан-жақты білген мұғалім қамтамасыз ете алады.
Оқытудың - білім беру тәрбиелік дамытушылық сипатын, оқу процесінде практикада дұрыс пайдаланып отыру керек. Оны - байланыстыра білу мұғалімге байланысты.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты болады. Мұғалім оқу процесінде білім беру, тәрбиелік, дамытушылық сипатын басшылыққа ала отырып оқушыларға білім және тәрбие береді.
Оқыту процесінде - мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың білім беру, тәрбиешілік, дамытушылық сипатын қамтамасыз етіп, басқара білу.
Оқытудың - білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, өз бетімен білім алуға іскерлікпен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық меңгеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
Білімнің толықтығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесін негізгі веноларын, яғни танымдық іс-әрекетін, кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету.
- Білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі.
- Білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту.
- Білімнің әрекеттілігі жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен оқытудың білім беру функциясы қазіргі кездегі ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді де білікті - адамды дайындауға, әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталып отыруы қажет болып табылады және оны солай орындау дұрыс.
Тәрбие мақсаты жемісті болуы үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет. Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А. С. Макаренко өз тәжірибесінде тәжірибедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен еді. Адам еңбектің танымының, қарым-қатынастың субъектісі ретінде әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері, құралдары болып табылады. Тәрбие әдістерін жіктеу, оған әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарау. Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдың соңында 50-жылдың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар: Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, М. Т. Огордников, Н. И. Болдырев, А. С. Макаренко, Г. М. Щукина, В. А. Сластекин т. б. 60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. М. Щукина және В. С. Сластекин жасаған тәрбие әдістері жіктелуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идеяны И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік, тәрбиесіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Н. И. Пирогов пен К. Д. Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын оның ғылыми мазұнына тәуелді еді.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясына оқыту және оқу тәрбиесінің құралы деп аталған.
Тәрбиелей отырып оқыту - К. Д. Ушинскийдің айтуы бойынша дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау. Тәрбиелей отырып, ғылыми теориялармен ережелердің оқушылардың дүниетанымына және сеніміне айналуын сипаттайды, моральдік нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.
Оқыта отырып билеу оқушыларда өмірге білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланысты өткізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында романдағы кейіпкерлердің бейнесін мұғалім мазмұндай келіп, балаларға адамгершілік, әділдік, шындық тұрғысынан көрсетеді.
Сонымен тәрбиелеу, оқыту оқушылардың терең білімін қаруландыруда, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Тәрбие мақсаты жемісті болуы үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет. Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А. С. Макаренко өз тәжірибесінде тәжірибедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен еді. Адам еңбектің танымының, қарым-қатынастың субъектісі ретінде әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері, құралдары болып табылады. Тәрбие әдістерін жіктеу, оған әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарау. Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдың соңында 50-жылдың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар: Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, М. Т. Огордников, Н. И. Болдырев, А. С. Макаренко, Г. М. Щукина, В. А. Сластекин т. б. 60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. М. Щукина және В. С. Сластекин жасаған тәрбие әдістері жіктелуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
- Тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Мектептегі оқыту процесін ұйымдастырудың түрі (формасы) - бұл сабақ болып табылады. Орта ғасыр кезінде мектепте мұғалім сабақты оқушылар санының аздығына байланысты әрқайсысымен жеке-жеке жүргізілетін. Оқудың бұл үрі балалардың құрамын көбкрек қамтып оқытуға мүмкіндік бермейтін және оқу талай жылдар бойы ұзаққа созылса да жеміссіз болып отырды.
Сабақ - оқушылардың топқа ұйымдасқан, сынып деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақ оқушылардың жалпы сыныптық, топтық және жекелеген жұмысын қамтиды, оқытудың әр салалы әдістерін қолдануды талап етеді. Барлық сабақтар оқу жылының ішінде белгіленген уақыт мөлшерінде, бірінші сынып 30-35, басқа сыныптар 45 минут өткізіледі.
Сабақ проблемасын педагог-психолог ғалымдар Е. Я. Голант, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Ф. Ф. Королев, М. Н. Скаткин, В. В. Давыдов, И. Я. Лернер, Г. И. Шукина, Т. И. Шамова, К. Бабанский, т. б, арнайы зерттеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz