Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.Ақпарат және оны өрнектеу жолдары.
2.Ақпаратты өлшеу.
3.Информатика ұғымы.
4Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.

Қорытынды.
Информатика – ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар, ол – ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттық құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі «Informatigue» деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі «Computer science» деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.

Сонымен, ақпараттың түрлену жолдарын зерттейтін ғылымды информатика дейміз. Оның негізгі аппараты электрондық есептеуіш машинасы болып саналады. Сол себепті ЭЕМ-ді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатикада 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады.
1. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
2. Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
3. Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997
4. Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997
5. Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS
2. WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001
3. Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004
4. Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998
5. Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997
6. Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001.
7. Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.
8. Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996
9. Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.
10. Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының мемлекеттік Шәкәрім университті

СӨЖ

Тақырыбы: Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.

Вс-503

Орындаған: Алшынбаева А.К..
Тексерген: Кайсанов С.Б..

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.Ақпарат және оны өрнектеу жолдары.
2.Ақпаратты өлшеу.
3.Информатика ұғымы.
4Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.

Қорытынды.

Кіріспе
Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар, ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттық құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі Informatigue деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі Computer science деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.

Сонымен, ақпараттың түрлену жолдарын зерттейтін ғылымды информатика дейміз. Оның негізгі аппараты электрондық есептеуіш машинасы болып саналады. Сол себепті ЭЕМ-ді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатикада 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады.
ИНФОРМАТИКА

Алгоримдік Программалық Техникалық
бөлік бөлік бөлік
1.1-сурет. Информатиканың құрамы

1.Ақпарат және оны өрнектеу жолдары.
"Ақпарат" термині латынның INFORMATION - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.
Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.
1 байт = 8 бит
1000 байт;1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 миллион байт;1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт
1 миллиард байт.1 Гбайт (гигабайт)= 1024 Мбайт
Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.
Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: битс, байтс, килобайтс және т.б. Мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайтс-ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байтс, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байтс-ке тең.

2.Ақпаратты өлшеу.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді
айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу,
0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе
1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін
8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының
жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.
ASCІІ коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCLL коды - американдық
апарат алмасудың стандарттық коды.
Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы.
Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналадар жіберу.
Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
3.Информатика ұғымы.
Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал - компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу - бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.
Негізгі мәліметтер құрамы мыналардан тұрады:
Мәтіндік ақпарат - оқулықтағы мәлімет, дәптердегі шығарма, ауа райы, радио арқылы таратылған мәлімет және т.б.;
Сандық ақпарат - көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынының есебі және т.б.;
Графикалық ақпарат - суреттер, схемалар, сызулар, фотосуреттер және т.б.;
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат - дыбыс, музыка;
Бейнеақпарат - түрлі-түсті графика, дыбыс, көркем фильмдер, екі өлшемді, үш өлшемді қозғалмалы объектілер.
Информатика пәніннің негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.
Информация және информатика

1.1. Информация

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио
тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен,
достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз.
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен
сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың,
хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және
ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген
информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып,
айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста
болады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап,
информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі
қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады.
Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылы-
ғының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат
пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын
үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының
пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын
ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады.
Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік
кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа
жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге
болады.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың
шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесі-
нің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теле-
дидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын
біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламала-
рын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа
мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық
есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп
аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы
мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ
экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды
дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде,
сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана
бастадық

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу
деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен
шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде,
қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті
информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп,
соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға
жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп,
естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті
информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол
суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақ-
тарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан,
газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдер-
ден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.
Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде,
анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.
Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.
Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар
береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып
жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік,
ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз
немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап бере
алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме,
сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен
музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер
мен кинофильмдер - бәрі де информацияны жеткізу түрлері
болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді
қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы түрғыдан алғанда, информация - таңбалар мен
сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып
саналады. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған
қүбылыстар меи нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы
шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар
мен мәліметтер алу дегш сөз.

Сонымен, информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар,
зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде
берілетін мағлұматтар.

Информацияның түпкі заттық мазмүны оның негізгі
қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен
қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса,
оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеу-
шілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп
соқтыруы мүмкін.

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім
қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны.
Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжы-
рымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін.
Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып,
қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады.
Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары
өзгерген жағдайда өте керек болады.

Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен
жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер
информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол тусінікті
болады.

Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық
сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді
пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет
тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері, т.б.
Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліп-би) болып саналады.

Алфавит - белгілі бір тілдің кез келгея сөздерін құрай алатын
символдарының жиыны.
Алфавит мысалдары:1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q, R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z.
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К, Қ, Л,
м, н, ң, о, ө, п, Р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ,
Ы, I, Ь, Э, Ю, Я.
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оны есептеу
техникасында кең қолдануға мүмкіндік берді. 0 жәж 1 мәндері
ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар
- заряды жоқ", "іске қосылған - қосылмаған" деген сияқты
және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік
сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар
түрінде таңбалана алады, яғни бұл - кез келген тілде жазылған
мәлімет екілік кодтар түрінде бейнелешді деген сөз.
Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері жәнз
цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен
бейнеленеді:
Әріп Код Әріп Код Сан Код
A 10000000 A 01000001 0 00110000
Ә 11110000 В 01000010 1 00110001
Б 10000001 С 01000011 2 00110010
В 10000010 D 01000100 3 00110011
Г 10000011 Е 01000101 4 00110100
F 11110001 F 01000110 5 00110101
"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен
бейнеленеді:
AHA - 10000000 10001011 10000000

Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық
түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын
басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде
жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден
тұратын екілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпаратты өрнектеудің динамикалық тәсілдері
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Ақпаратттық технология
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы. Қоғамды ақпараттандыру
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы ақпарат
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы
Пәндер