ҚР-ның инфляцияға қарсы саясаты туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №5

Тақырыбы: «ҚР инфляцияға қарсы саясаты».

Орындаған: Оразбаев Н. А

Тобы: ПСМ - 411

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Семей

2015 ж.

Жоспар

1. Кіріспе;

2. Негізгі бөлім:

2. 1Инфляция дегеніміз не;

2. 2Инфляцияның пайда болуы, түрлері және ттиптері;

2. 3ҚР инфляцияға қарсы саясаты.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер

ҚР инфляцияға қарсы саясаты

Инфляция - күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Инфляция- негізінен қағаз ақша айналымына тән құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан құнсыздану процесі. Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан, инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру қажет. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшаларды қосымша эмиссиялау жолымен жабылған ұтымды сияқты теріс экономикалық саясаттың салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін. Кәсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар инфляцияға әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және даму қарқынына қарай бөле білу қажет. Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс. Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғысынша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция - елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдік және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономмканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген себептердің әсері болады.

Экономикалық объектерде мынандай инфляцияның түрлері аталады:

1. Экономикалық мемлекеттік реттеудің инструментарилеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған түрде болуы мүмкін. Инфляциясының айқын немесе ашық формада болып отыруы бағаның өсуі, ұлттық валюта кусының төмендеуі арқылы көрінеді, ал басылған немесе бүркемелі түрі жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі арқылы көрінеді.

2. Зерттеу обьектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау обьектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халық аралық нарықтағы ЖҰӨ- нің дефляторы

3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынандай түрлері болады: жылына 10% дейін болса, орташа немесе жылжымалы инфляция, жылына 200% артқанда - гиперинфляция деп аталады.

4. Экономиканың бағаның өсу қарқыны ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция балансталған және балансталмаған болып бөлінеді. Біңріншіден бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіден -тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мерзімде жүрмейді, ал экономика жағдайда бейімделуге үлгере алмайды.

5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайда ақиқат және жалған инфляция орын алады.

7. Бағаның болашақтағы өсу қарқынына және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме -дел келмеуіне байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.

8. Инфляциялықпоцесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты, «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі.

Әдетте бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі бір уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап тұру туралы аң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дикриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.

Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арсында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша кісіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен- барынша көп пайда табу бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарлату пайдалы тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып- түю дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілдік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге кші де, құралдары да жеткілікті деп сеңсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге мүмкіндік береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің - бар болуын өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады. [3]

XX ғ. 60 жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.

Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, ерілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.

Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.

Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.

Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады. Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті.

Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келіудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы варианты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу. Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдануына, ел ішіндегі әлеуметтік саяси жағдайға және т. б. байланысты болады.

Қазақстанда инфляцияның дамуы сұраныс пен ұсыныс инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады.

Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап көрсетейік:

Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден келген несиелер;

Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі қайта қаржыландыру үшін несиелер ;

Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.

Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.

Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен таңдыру терапиясының монетаристік әдісі қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.

Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция және онымен күрес
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша – несие реттеуіндегі мәні
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары
Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz