Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

ОӨЖ

Тақырыбы: Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны.

Орындаған: Қуанышева Айдана ИС-207

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д

Семей 2015ж

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Жасанды интеллект түсінігі
  • Жасанды интеллект зерттеудің бағыттары
  • Ережелерді тура өңдеу. Ережелерді кері өңдеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебитетер

Кіріспе

Компьютерлік жүйелерді бағдарламалауда жасанды интеллект әдістері жиі қолданылып келеді. Жасанды интеллектіні іске қосу адам интеллектісінің айтарлықтай жеңісі деп саналады. Интеллектуалды бағдарламалар құру қарапайым бағдарламалар жазылуынан айтарлықтай ерекшеленіп, жасанды интеллект жүйелерін құру жолымен жүзеге асырылады. Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі айырмашылық белгісі - біліммен жұмыс істеу болып табылады. Егер өзге бағдарламалар үшін алгоритмнің берілгендерін сипаттау бағдарламалау тілі деңгейінде шешілсе, жасанды интеллект жүйелері үшін біліммен жұмыс жасау кешенді мәселелерге әкеледі: қандай білім қолданылады, жүйеде база түрінде қандай білімдер сақталған, оларды қалай қолдану керек, қалай толықтыру керек, т. б. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллект және оның салалары бойынша мамандықтар ашу немесе пән ретінде жетілдірілген түрде оқыту елдің өнеркәсібін, ақпараттандыру саласын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

Негізгі бөлім

Жасанды интеллект мәселелерін шешу арқылы ғылыми дамудың көптеген проблемалары шешімін табады. Бұл проблемаларға есептеу техникалары мен робототехника саласындағы күрделі есептер шешіліп жатады. Дәл осы тұстапәнаралық зерттеулер туындап, олардың жаңа бағыттары айқындалып жатады.

Тарихи даму жолы бар жасанды интеллект бөлімдері бүгінде бірнеше бағыттарға бөлінеді: теоремаларды дәлелдеу, бұл бөлім математикалық аумақтармен шектеседі; роботтық техниканың проблемаларын шешу; ойындар моделі, шахматқа көп көңіл бөлінеді; образдарды тану, көру немесе есту қасиеттеріне, медициналық диагностикаға, ауа райын болжауға, т. б. байланысты; табиғи тілді қолдану, сұрақ-жауап жүйесіне және аутоматтандырылған аударма жүйесіне көңіл бөлінеді; эксперттік жүйелер, эксперт-адамның біліміне және компьютердің құрылымына сүйенген жүйе; білімнің инженериясы, білімді көрсете білу, оны қолданушыға түсінікті жеткізе білу және оны кеңейту аумағы.

Жасанды интеллект (искуственный интеллект) - бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе. Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп, оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.

Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.

  1. Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді (есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
  2. Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.

Жасанды интеллектті зерттеудің бағыттары

Нейрон тәрізді желілер - робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы.

Жасанды интеллект - бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Сондықтан осы жүйе ретінде Пролог программалау тілін студеттерге таныстырып және мысалдар арқылы дебес компьютерде үйрету қарастырылған.

i.jpg

Жұмыс барысында интерпретатор әрбір ережені қарастырады. Егер ережедегі шарт орындалса, белгілі бір әрекет жасалады. Білімді өндеу тура және кері деп бөлінеді.

Ережелерді тура өндеу. Тура өндеу жағдайында ережелер тура тізбектей орындалады. Мұнда экспертті жүйе әрбір шарт орындалуын тексереді. Егер шарт орындалса, ереже орындалады деп есептеледі. Егер шарт орындалмаса, ереже орындалмайды деп есептеледі. Шарт не ақиқат, не жалған емес болатын жағдайлар да болады(шартта мәні белгісіз айнымалылар болуы) . Бұл жағдайда шарт белгісіз деп есептеледі.

Шешімді алу үшін ережелер жиынын қарастыру процесі бірнеше рет қайталанады. Ол кейбір ережелерді бағалау үшін одан кейін тексерілетін ержелердің нәтижесінде бағалатынымен байланысты. Мұндай жағдайларда ол ережелерді бағалау келесі итерацияда іске асырылады. Барлық ережелер бағаланғанда процесс тоқтатылады.

Ережелерді кері өндеу. Ережелерді кері өндеу жағдайында интерпретатор белгілі ережені шешу керек проблема ретінде қарастырады.

Қорытынды

Қазіргі уақытта эксперттік жүйелер құру және жүзеге асыру өз алдына сала болып отыр. Интеллектуалды жүйелер ол мәліметтер мен білімнің негізінде мақсатты талдай алатын, әрекет жайлы шешім шығара алатын, мақсатқа қол жеткізу үшін тиімді әдістер таба алатын, адам немесе автономмен біріге жұмыс атқаратын ақпараттық процессордың техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығымен бірігуі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Клоксик У., Меллши . “Программирование на языке Пролог”.
  2. Хоггер К. “Введение в логическое программирование”.
  3. Т. Хакимова. Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда инновациялық технологияларды пайдалану. :Оқу құралы. -Алматы:Заң әдебиеті, 2007-100б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелер
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Сараптау жүйелерін тұрғызуға қатысатын мамандар
Жасанды интеллект және оны пайдалану
Пролог тіліне жалпы шолу
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ
Жасанды интеллект тарихының басталуы
Жасанды интеллекттің даму тарихы
Жасанды интеллект желілерін салыстыру
Жасанды интеллекттің бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz