Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі


МАЗМҰНЫ
кіріспе . . . 3
1 бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық
негіздері . . . 6
1. 1. Бейнелеу өнеріне баулудың психологиялық және
педагогикалық талаптары . . . 6
1. 2. Бейнелеу өнері сабақтарында қолөнер бұйымдарын
жасауды үйрету сабақтарының мазмұны . . . 13
2. Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық
қолөнер арқылы ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 15
2. 1. Ағаштан бұйымдар жасауды оқушыларға
үйрету арқылы оларды ұлттық қолөнерге баулу . . . 15
2. 2. Бейнелеу өнері сабақтарын мұғалімнің
жоспарлауы . . . 17
2. 3 Құрастыруға арналған материалдарға сипаттама . . . 21
2. 4 Ағаштан қобыз жасау технологиясы . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 46
КІРІСПЕ
Жастарға кәсіптік білім беру, кәсіби бағдар беру мәселелерін оқу орындары барлық деңгейде шешіп келеді. Басты мақсат - еліміздің әрбір ұлы да, қызы да белгілі бір сала бойынша мамандық иесі, оның ішінде білікті маманы болып, нақты кәсіпті меңгеруі болып отыр.
Бүгінгі күнгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдындағы мәселе -мектеп оқушылары 12 жылдық мерзімде орта білім алады, ал келешек ұрпақтың білім алу мен тәрбие мәселесі жоғары білім деңгейінде күн тәртібіне қойылып отыр.
Халыққа білім беру мекемелері әрбір оқушыны білімді, тәрбиелі, еңсесі биік өрелі, еңбектің қайсы түрі болсын аянбай еңбек ете білуге дайындауға күш жұмсауы тиіс.
Бабаларымыздың ғасырлардан келе жатқан өнер салаларын зерттеп, іздену, әрі қарай дамыту дәстүрі қазақ халқына тән қасиет. Біздің іздену жұмыстарымызда ұлттық қол өнер туындылары арқылы жастарды әдемілікті сезе білуге, сұлулықты көре білуге, өнердің ашылмай жатқан қыр-сырын бағдарлап, олардың жан-жақты дамуына ықпал жасалуы тиіс.
Нарықтық дәуір тұсындағы өмір талаптарынан көріп отырғанымыздай, қолөнердің өмірімізден ұмыт болып ескерілмей жатқан түрлеріне халық арасынан шығып жатқан қүсбегілер, зергерлер, шеберлер, ұсталар, сазды ұлт аспаптарын жасаушылар, үйшілер, тағы сондай талант иелері күн санап көбейіп келе жатқандай. Оның ішінде өз болашағын жасау үшін өткеніне мән беруі тиіс. Біздің бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе - халқымыздың көнеден келе жатқан мұраларын, мәдениеті мен өнерін, салты мен дәстүрін, әдіті мен ғұрыпын жүйелі түрде меңгеруге, сонымен қатар жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге жастарды тарту болып отыр.
Өнердің қайсы түрі болмасын өз ерекшелігіне сай жүйелі үйренуді, жан-жақты меңгеруді, тиянақты оқытуды талап етеді. Осы аталған мәселелердің көптеген түрлері бүгінгі күні еліміздің мектептерінде қолға алынып, арнайы бағдарламалар түзіліп, мектептен тыс мекемелерде, үйірме сабақтарында жүзеге асып жатыр.
Соның ішінде қолөнер түрлеріне баулуға қатысты, оны оқытуды жүзеге асыруға байланысты оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары мектептерде қажет көлемде, тиісті мазмұнда табыла бермейді. Біз өзіміздің іздену жұмысымыздың барысында дәстүрлі қолөнер туындыларын зерттеген, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар алып жүруді көздеген мәселелерге арналған әдебиеттерге шолу жасайық. С. Қасимановтың "Қазақ халқының қолөнері" (А., 1977ж. ), Ә. Тәжімұратов "Шебердің қолы ортақ" (А., 1977ж. ), Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы (А., 1989 ж. ), Жанибеков О. “Эхо”(А. : “Өнер”, 1990 ж. ), Нәлібаев А. “Ағаш ою” (А. : “Өнер”, 1994), Қасиманов С. “Қазақ халық өнері” (А. : “Өнер”, 1995 ж. ), Әмірғазин Қ. “Қазақ қолөнері” (А. : “Дайк Пресс”, 1996 ж) және т. б. өз зерттеулерінде қазақ халқының сәндік қолөнерінің шығу тарихын салалай көрсетіп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды талант-шеберлердің халық арасынан шыққаны, көркем дәстүрдің жалғасы қазіргі кездегі ұрпақтар үлесі екені туралы баяндалады.
Мектеп оқушыларының психологиялық және жас ерекшеліктері туралы А. А. Давыдов, Қ. Б. Жарықбаев, В. В. Кравцов, А. В. Петровский, т. б. өз еңбектерінде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын, оларды өнерге баулуда жас организмде болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістерін көрсетеді. Оқушыларды оқыту, өнерге баулу, тәрбиелеу әдістерін дидактикалық қағидалар тұрғысынан Қ. Ералин, Хворостов, И. Ф. Харламов, Т. А. Ильина, Ю. К. Бабанский т. б. ашып көрсеткен. Оқушыларды еңбек әрекетіне үйретудің тиімді әдістері мен формаларын А. С. Лында, В. А. Поляков, А. Е. Ставровский, Д. А. Тхоржевский, т. б. зерттеп, материалдарды өңдеуде оқушылардың іс-әрекеттерді үйрену жолдарын жан-жақты зерделейді.
Ұлттық қолөнердің бір саласы сазды аспаптарды зерттеген ғалымдар Сарыбаев Б. "Қазақ халқының сазды аспаптары" (А. :"Өнер",
1989ж. ), БейсенбекұлыО. "Сазды аспаптар сыры" (А. :"Ана
тілі", 1994ж. ) атты еңбектерінде әр түрлі музыкалық аспаптардың
жекелеген бөлшектеріне қажетті материалдар, оларды сақтау, оның ішінде қазақ ұлттық аспаптарының шығу тарихы, жасалу технологиясы жайлы баяндалды.
Осы еңбектерді зерделей келіп, біз ұлттық өнер түрлерін, оның ішінде ағаш ұқсату саласының ерекшеліктерін ескеріп оқушыларды өнерге баулу тұрғысында орта мектептерде және мектептен тыс мекемелерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере келіп, әрі аталған мәселелерді есепке ала отырып, диплом жұмысымыздың тақырыбын: " Сыныптан тыс жұмыстарда домбыра жасау әдістері" деп тұжырымдадық.
Жоғары сынып оқушыларын ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету арқылы оларды кәсіпке, атап айтқанда әсемділікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке баулуды жоғары сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асыруды диплом жұмысымыздың мақсаты етіп алдық.
1. бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негіздері
- Бейнелеу өнеріне баулудың психологиялық және педагогикалық талаптары
Мұғалімге оқыту процесінің логикалық және писхологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, оның жалпы қағидаларын білу оқу жүмысының тиімділігін арттыруға жағдай туғызады. Оларды принциптер: ережелер, талаптар дидактика теориясында оқыту принциптері немесе дидактикалық принциптер деген атпен белгіленген.
Принцип (латын сөзі - бастапқы, негізгі) - басшылыққа алатын идея, негізгі ереже, іс әрекетке қойылатын талаптар деген мағынаны білдіреді, яғни оны басшылыққа алатын принциптер деп ұғынуға болады. Оқыту принципі дегеніміз барлық оқыту процесінде және түгелдей оқу пәндерінде басшылыққа алынатын негізгі педагогикалық талаптар жүйесі.
Жалпы дидактика мәселелеріне педагогика тарихында, оның ішінде, оқыту принциптеріне арналған еңбектерде, ғылыми зерттеулерде дидактикалық принциптердің ғылыми қалыптасуының белгілі даму тарихы баяндалады.
Біздің қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекі орын алатын ұлы қайраткерлер, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған ойшылдары Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып тағы басқа даналарымыздың мұраларында тәрбие берудің бай қазынасы жинақталған.
Оқыту (дидактикалық) принциптері дидактиканың тарихи мұрасына ғылыми талдау жасау және қазіргі мектептеріміздің озат тәжірибелерін қорыту негізінде сүйенеді. Оқытудың қағидалары педагогикада тәрбиемен бірге дидактикалық-материалистік негізде құрылады. Қоғамдық прогрестің талаптарына сай оқыту процесінің мазмұнын, оның әдістері мен ұйымдастыру жолдарын анықтайды.
Қағидалар жүйесі дидактикада бір-бірімен өзара тығыз байланыста және бірлікте жүзеге асырылатын мыналарды қамтиды:
- оқытудың ғылымилық, жүйелілік және бірізділік қағидасы;
- оқытудың ғылыми құрылу қағидасы.
Оқытудың ғылымилық қағидасы.
Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Шамамен алғанда әрбір 5 жылда ғылыми информация екі есе көбейеді. Ал, енді балалардың білім алу қабілеттілігі педагогикалық теория мен тәжірибенің табысына қарамастан, ғылыми білімдердің шеңберлеріндей кеңейе алмайды. Сондықтан оқушылардың ғылыми білімдермен қарулануын қамтамасыз ету үшін, осы заманғы ғылымның идеясында соған ендіру үшін ғылымның ең қажетті мазмұнын іріктейтіндей қағидаларды табу қажет. Яғни, қазіргі заман ғылымның мазмұны мен идеяларын меңгерудің қысқа жолын қамтамасыз ететін ғылыми негіздерін анықтау керек.
Оқудағы көрнекілік. Мектептегі сабақтарда көрнекілікке қойылатын талаптарды XVII ғасырда Я. А. Коменский негіздеді. Оның айтуынша, түйсік әсері болмайынша ақыл-ойға өздігінен қонатын ешнәрсе болмайды. Сондықтан оқуда нәрсе мен заттар жөнінде талдау-тұжырымдаудан бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау қажет деген. Өз көзімен байқау дәлелдеумен тепе-тең. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақгы сақталатынын дәлелдеді.
Ян Амос Коменский балаларды оқытуда мына жағдайды ең бағалы ереже деп санады: "Мұғалім үшін алтын ереже - бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін
туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы, тағыларын байқасын, кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы" ("Ұлы дидактика", XX тарау) .
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің тарихында ұлы ағартушылардың, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселері туралы көзқарастары ерекше орын алады.
Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғындырды. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері дидактикалық мұра болып есептеледі. Ұлы Абайдың: "Адам баласы . . . көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады", -деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.
Оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе - заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе-заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе - заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.
Балалар әрқашан да оқылатын нәрсе - заттармен қолма-қол тікелей танысуға әуес, ынталы келеді, сондықтан көрнекілік әрқашан да оқушылардың білімдерді меңгеру үстінде белсенділігін дамытуға әсер етеді, дүниені тану-білу жұмысында оқушылардың назарын белгілі бағытқа жұмылдырады.
Топшылау қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігін туғызатын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Коменский оқылатын нәрсе-заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауды талап етті.
Шынында да, оқуда көбінесе көзбен көру арқылы қабылдау кең орын алады. Оқушылар білімнің сапасы көзбен көрумен бірге окуда бүлшық етпен сезіну арқылы қабылдау да арта түседі. Егер оқушылар көрсетілген тәжірибелерді көріп қана қоймай, сол тәжірибені өзі жасаса білімдері нақты және негізді болады. Приборларды тек көріп қана қоймай, солардың кейбіреуін оқушылардың өздері жасаса білім нақтылы және негізді болады.
Ұлттық қолөнер бұйымдарының негізгі міндеттері - болашақ мүғалімдердің оқушыларды күнделікті өмір тәрбиесі мен әрбір сабақта мұғалімнің сезімін ұштастырылатын көрнекілікпен байланыстырып, ұлттық қолөнер бұйымдарының тиімділігін арттыру тек жақсы жабдықталған, дұрыс ұйымдастырылған мектеп шеберханаларында ғана іске асады. Сондай-ақ, мұғалімнің күнделікті жұмысына педагогика, психология ғылымдарының теориялық ұсыныстарын алдыңғы қатарлы озат тәжірибелі, жан-жақты білім мен ұстаздың үлкен шеберлігі көмектесе алады. Мектеп шеберханаларындағы құрал жабдықтарға тоқталатын болсақ, мұнда дидактикалық, үлестірмелі иллюстрациялық материалдарды жинақтап, стендтер мен планшеттер жасалынады.
Мектепте оқу - тәрбие жұмысының сапасын жақсартып, оқушыларға жан-жақты, терең, тиянақты білім беру үшін оқу барысында көрнекі оқу құралдарын пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік маңызы зор екендігі даусыз. Өйткені жас өркендерді оқыту мен тәрбиелеуде ол, көрнекілік дидактиканың бірінші және ең негізгі қағидасы болып табылады. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде көрнекілік қағидасы талабына сай басқа көрнекі құралдармен қатар экрандық құралдар - эпипроекциялық суреттер, сызбалар, схемалар, таблицалар, плакаттар, планшеттер, диапроекциялық диапозитивтер мен диафильмдер және кинофильмдер қолданылады. Олардың ішіндегі оқу-тәрбие барысында ең маңызды және өте пайдалысы - нақты бұйым, үлгілері. Ол қазіргі көрнекі құралдардың ең тиімді түрінің бірі. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде көрнекіліктің атқаратын ролі орасан. Мектепте көрнекілікті пайдаланудың өзіндік жетістіктері төмендегідей:
- сабақтың көрнекілігін анағұрлым арттырып, оқу материалын оқушылардың тиянақты және жақсы меңгеруіне жәрдемдеседі;
- оқушыларды қазіргі заманғы өңдірістің, техниканың және
ғылымның жетістіктерімен түсінікті, өте реальды тұрғыда таныстырады;
- елімізде білім беру жүйесін қайта құрудың талабына сай оқушыларды өндіріс, шаруашылық және мәдениет саласындағы түрлі мамандықтармен таныстырып, олардың келешекте кәсіптік мамандық таңдау ісіне кең мүмкіндік береді;
- жастарды өткен дәуірдің тұрмысымен, болашақта жоспарланып отырған ғылым және техника жетістіктерімен жете
таныстыруда мұғалімге жәрдемші құралдардың бірі бола алады;
- мұғалімнің оқыту әдістері мен тәрбие беру формаларын байытып жетілдіреді;
- жас ұрпаққа эстетикалық, көркемдік, интернационалдық, достық тәрбие берумен қатар оларды патриотизмге, саналылыққа, еңбек сүйгіштікке баулуда ең бір тиімді құрал болып саналады;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дербестігін арттыруда, табиғатқа, өндіріске, тіпті кәдуілгі жағдайда мүмкіндік болмайтын космос кеңістігі мен микродүниеге де саяхат жасап, балалардың байқағыштығын арттыруға көмектеседі. Міне, сол себепті де оқытудың көрнекі болуын арттыруға үлес қосатын плакат пен планшетті, таблицалар мен нобайларды, нақты бұйым үлгілерін, тағы басқаларын кеңінен пайдаланған жөн.
Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және елде халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамытуда, оқу барысындағы ролі мен маңыздылығы ерекше. Мұның өзі мектепте білім беруді қайта құру жүйесін, оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның әдістерін де оқушылардың дербестілігі мен творчестволық ой-өрісіне кең жол ашып, инициативасын, ынта-ықыласын барынша дамыту бағытында өзгерту талабына сай келеді.
Мектептің өмірмен байланысын нығайту жэне халыққа білім беру жүйесін қайта құру жөніндегі басшылыққа алынатын құжаттарды жүзеге асыру ісі де мектептердегі оқу-тәрбие барысын көрнекілендіре беруді талап етеді. Әсіресе, соңғы жылдары елімізде оқу жүйесін қайта құру туралы талаптарға сәйкес жастарға білім мен тәрбие беру ісін өмірмен, өнімді еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен ұштастыра жүргізуде дидактикалық материалдардың ролі күн сайын артып келеді және алдағы уақытта да арта беретіні сөзсіз. Міне, мұның бәрі келешекте барлық мектептерде әрбір бейнелеу өнері сабақтарын мүмкіндігінше көрнекіліктермен жабдықтау қажет екендігін аңғартады. Мұндай жағдайда мектепте барлық сабақта да плакаттар мен планшеттерді, бұйым үлгілерін өте бағалы, таптырмайтын көрнекі құралдың бірі ретінде пайдалануды мұғалімдердің бірден түсінетіндігі даусыз.
Оқыту процесін жетілдіру бағытында педагогикалық ізденулерде біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, мектептегі көп пәндердің бағдарламасы қайта қаралып, оқулықтардың мазмұны жоғары деңгейге көтерілді. Мектепте оқыту сапасын арттыруға бірден - бір септігін тигізетін оқу бағдарламасы мен оқулық десек, екінші бір шарты оқыту процесіндегі дидактикалық құралдардың жетілдіруі дер едік. Оқыту процесінде дидактикалық құралдарды жетілдіру өте күрделі де қиын процесс. Бұл көлемді де күрделі көп аспектілі мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыста оқыту барысындағы дидактикалық процестердің барлық аспектілерін ашып жазуды міндет еткен жоқпыз. Тек келешек мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан ақыл - кеңес беру мақсатында дидактикалық құралдардың мүмкіндіктерін қарастыруды жөн көрдік. Оның себебін мынада деп білеміз:
- қазіргі педагогикалық, әдістемелік оқулықтарда педагогикалық процесті сипаттауда дидактикалық құралдардың бірі - нақты бұйымның өзін пайдаланудың ролі айқындалмаған;
- нақты бұйымның өзінің педагогикалық процеске қатынасы туралы анық айтылмаған. Демек, осы ойларды жандандыру қажет деп тапсақ, онда бұл тақырыптың актуальдығы өз-өзінен анықталатыны мәлім.
Егерде нақты бұйымның өзін студенттердің педагогикалық шеберлігіне ықпал етуші, оның қалыптасуына жағдай туғызушы компонент деп қарастырсақ, онда оқулық немесе көмекші оқулықтар келешек маманға қандай жағдай туғызса, ондағы дидактикалық материалдар мұғалімінің өзіндік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіндігі айқын. Демек, оларды сұлулық дүниесімен таныстыра отырып, олардың танымдық және творчестволық қабілетін дамыту. Сонымен қатар оқушыларды, мектеп шеберханасы ішіндегі құрал-саймандармен жасалынатын бұйымдарды, заттарды жасай білуге үйрету болып табылады.
Еңбекке даярлаудың міндеті - оқушыларды психологиялық тұрғыда өнерге даярлау, оларды қарапайым еңбек құралдарымен жұмыс істей білуге үйрету. Өз еңбегін ұйымдастыруда дағдылар мен ептіліктерді меңгеру болып табылады. Мектептегі бейнелеу өнері - оқушыларға халықтық педагогика тұрғысында тәрбие беру жүйесінің ең негізгі құрамды бөлігі. Қазақ халқының ұлы перзенті XIX - ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы демократы, педагог Ыбырай Алтынсарин еңбектің роліне ерекше мән берген болатын. Ыбырай Алтинсариннің еңбектің тәрбиелік мәнін ашатын әңгімелерінің бірі «Байлық». Осы әңгіменің мазмұнына үңілетін болсақ, еңбектің мәні туралы өте құнды идея айтылған. Бұл әңгімесінде «байлық жерде, еңбекте», деп түйіндейді.
1. 2. Бейнелеу өнері сабақтарында ағаштан ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету сабақтарының мазмұны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қабылдаған Бейнелеу өнері бағдарламасы 5-11 сыныптағы оқушылар еңбегінің мазмұны Қазақстанда тұратын ұлттардың салт-дәстүрлерін, тарихи мұраларын, ұлттық қол өнер ерекшеліктерін үйрету мәселелерін қамтыған.
Ер балалар үшін Сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу тарауы Ағашты көркемдеп өңдеу, Ағашқа геометриялық оюды орындау технологиясы, Метал өңдеу, Тері өңдеу, Жапсырмалау өнері, Өру өнері тақырыптарын қамтиды . Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы Сәндік қолданбалы өнердің элементтері арқылы материалдарды көркемдеп өңдеу тарауын зерделеу және сабақ барысында оқушыларды ағашты көркем өңдеуге үйрету жолдары мен ерекшеліктерін анықтау, сол арқылы оқушыларға ұлттық қолөнер бұйымдарын, оның ішінде қобыз жасауды оқыту сабақтарының мазмұнын, оны теориялық және сарамандық жұмыстарды орындату мен пайдалану арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырамыз.
2. Бейнелеу өнері сабақтарында қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Ағаштан бұйымдар жасауды оқушыларға үйрету арқылы оларды ұлттық қолөнерге баулу
Қағаз бетіне ең алдымен жасалынатын бұйымның жалпы көрінісін, алдыңғы жағын және қырынан бейнеленген көрінісін суретке түсіріп, ойма бөлшектердің көз тартатын үлгісін табуға, олардың тұтас бұйымға қатысты пропорциясын анықтауға кірісеміз. Бұдан кейін эскизді басшылыққа ала отырып, әрбір бөлшекті жеке сызып шығады. Оның конструкциясы мен ою - өрнек сипатын көрсетеді. Жасалған эскиздер негізінде жапсырма қағазда әрбір бөлшектің нақты көлемін көрсетіп сызады.
Нәзік ойма әшекейлер үшін кәдімгі ағаш ұстасының аспаптары керек.
Ұсақ тесіктерді шегемен бұрғылап немесе бұрандалы бұрғымен бұрғылап теседі.
Нәзік әшекейлеуді - жонып кесу деп айтады, өйткені оның техникасы тақтайдағы мәнерлі ойықтарды жанып кесуге негізделген.
Қобыз жасау технологиясы төмендегі ретпен жүргізіледі:
Қылқобызды халық шеберлері біртұтас шауып жасаған. Қылқобыздың жаңа түрін жасау кейінгі кезде қолға алынды. Бүгінгі шеберлер шауып та, құрастыру әдісімен де жасайды:
- ағаш материалдарын үйеңкі, қайыңның түбінен, долана, өрік, алма, емен ағаштарынан біртұтас шауып әзірлеу.
- түйе, бұзау терісінен жарғақ (тері қақпақ) жасау
- ішек пен ысқыны ту биенің құйрығынан дайындау.
Қобыздың шанағын құрастырып та жасайды.
Соңғы кездері екі ішекке тағы бір ішек қосылды. Үш ішекті қобыздың қылқобыздан тағы бір айырмашылығы - оның ішектерінің тарамыс (жилка) және темірден жасалуында.
Төменде қобыз жасаудың технологиялық қартасы үлгі ретінде беріліп отыр.
Қылқобыздың жасалу технологиясы. Материалдың түрі: жиде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz