Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет



• Картоп зиянкестері.Күресу шаралары
• Көкөніс дақылдарының зиянкестерінің түрлері. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Күресу шаралары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Картоптың колорад қоңызы –Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы
жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
1. Агибаев.А.Ж.Тулеева А.К Суейменова З.Ш. «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» Алматы, 2010. 50 бет.
2. Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері.-Алматы: Қайнар,1983.
3. Агибаев А. Ж. ,Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш « Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Картоп және көкөніс зиянкестері.

Тобы: Аг-413
Орындаған: Нұршайықов Б.
Тексерген: Мухаметжанова.О.Т.

Жоспар:
Картоп зиянкестері. Күресу шаралары
Көкөніс дақылдарының зиянкестерінің түрлері. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Күресу шаралары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Картоптың зиянкестері. Күресу шаралары
Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы - 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы - 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы - қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы

жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады.

Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны - 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау - гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.
Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалытүрдеасбұршақты,сәбізді,қызан ақпенкейбірбасқадақылдардызақымдайд ы. Ересекнематодаларықұрттәріздіформад а, алдыңғыжәнеартқыжағынақарайкішірейі пкелетінжұқашынытәріздітүссізденесі бар. Ұзындығы - 0,7-1,3 мм. Личинкаларыкішірек. Нематодабірнешеұрпақбереді. Бірұрпағы 15 тен 45 күнгедамиды. Нематодаларкартоптүйнектріндесақтал ады.
Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодаларжассабақтарғаеніп, өсімдіктінөсуінтоқтатады. Зақымданғанөсімдіктердежапырақтарөт екішкентайжәнетолқынды. Түптіңтөмеңгіқабатындағыжапырақтарө ліпқалады, қалғандарысолып, сарғайыпкетеді. Нематодаларқалыптасыпкележатқантүпт ергеенеді. Бұданкейінтүптердеқисықформалысұрда қтарпайдаболады, алсақтаукезеңінде-түптердіңжоғарғыб етіндебастапқыдататты-қоңырұсақжары қшалар, оданкейініректүптердіңтолықтайбұзыл уынажәнеқұрғақшіріктіңдамуынаәкеліп соқтырады.
Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде).
Көкөніс дақылдарының зянкестері.
Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)
Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0,4-тен 0,6 дейін болады.Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады.
Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шағар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағынаң дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.

Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1 м алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу Тізім... регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет.Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою.Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 балдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25% -ке дейін алып жатады.)

Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Қиярды ,қызанақты бұрышты салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз - ақ жылжымалы сатысы болып табылады.Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан,денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.

Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады,жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады.Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес.1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері,одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымаен қоректеніп,олардың өсуін қатты әлсіретеді.Қою шырынды сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды,олар жапырақтың фитосинтетикалық қызмтін әлсіретеді.Сондай-ақ саңырауқұлақтары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады.7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады.Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.

Күресу шаралары Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою.Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру.Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру.Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады,желімді торлар құрады.Ол үшін фанер кесіндісін алып ,оны сары немесе ақ түске боялады,бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен ,бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды.Жәндіктер оған қонады да,жабысып қалады.Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді.
Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды , Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін,қозаны,қытай бұршағын,қиярды,асқабақты,пиязды,ка ртопты ,гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында )ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады,оларды бір - бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады.3-5 күннен дернәсілдері шығып,жапырақтар мен гүлдің шырынын сорып алады.Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады.Бітелер өсімдік қалдықтарында ,пияздың құрғақ қабықшаларының астында,сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды.Бір ұрпақтың дамуына15-30 күн қажет.Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады.
Күресу шаралары Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау.Терең сүдігер жырту қажет.Пиязды егу алдында 45С суда 10 минут бойы залалсыздандыру ,кейін салқын суда суыту.Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру.Инсектицидтерді тізімге сәйкес қолдану.Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту.Дезинсекциялау үшін 50гм2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18С ауа температурасын жағу арқылы қолдануға болады.

Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды, chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы - 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы - 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol.), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.) ((Curculionidae - тұқымдасы, Coleoptera - отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы - 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы - 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған . дене тұрқы - 7-10 мм.
Бізтұмсық дернәсілі - денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының денесітұрқы - 27-30 мм, ал қалғандарінікі- 20-25 мм.
Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 0С қызған кезде қоңыздар пайда болады . Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Темперетура 20-25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады . Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бзтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына салады., ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелу мүмкін.
Күресу шаралары. Ауыспалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Картоп және көкеніс дақылдарының зиянкестері
Картоп және көкеніс зиянкестері
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Бунақденелердің қан айналу жүйесі ашық
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Пәндер