Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі .

Тексерген: Тойкин С. Х

Дайындаған: Сатмұхамбетов. А

Семей

2015 жылы

Жоспар

Кіріспе

І-тарау Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

1. 1 Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру бойынша жұмыстардың кезектілігі 1. 2 Ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарын жүргізу шаралары және оның маңыздылығы.

Қорытынды

Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.

Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген. 1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi. Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен. Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi. Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды. Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі. Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе. Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор. Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы. Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор. Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.

Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Сондықтан жапырақты - шыршалы және шыршалы - жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады.

А. А. Сүлейменовтың «Орман шаруашылығы» еңбегінде орманды кесу жұмыстарында төменгі, жоғарғы және кешенді кесу принциптері орманның вертикаль профилін және іріктемелі немесе селекциялық кесу тәсілдерін айқындай түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір ағаш данасына аса көп назар аударылуы қажет, өйткені осыны қадағалау арқылы қол еңбегінің, дайындық жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай шығындарын төмендетеді. Сондықтан, еңбек шығындарын, әсіресе, машина және механизмдердің шығындарын азайту үшін практикаға сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледіЖалпы орман шаруашылық ісінде кешенді немесе біріктірілген күту кесулері әдістері жиі пайдаланылуда. Бұл әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы күрделі ағаш бітімдерінде, әсіресе, шаруашылықта құнды ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай ағаш бітімдеріне мысал ретінде ІІ қатарлы емен ағашынан құралған қарағайлы ормандарды алуға болады[3] .

Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21, 2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9, 1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2, 4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.

Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру бойынша жұмыстардың кезектілігі

Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру жұмыстарының барлық көлемін бір жылдың ішінде орындау мүмкін емес. Сондықтан, орманның жануын, өрттің басталу себебін, оттың неден шыққанын және т. б. ескере отырып, біріші кезекте шығын аз кететін, әрі жақсы нәтиже беретін жұмыстарды жоспарлау керек, ал жыл сайынғы шығындардың сомасы 10-жылдық кезеңге біркелкі бөлінеді.

Жүргізілетін жұмыстардың кезектілігі «Жұмыстардың кезектілігінің ведомосіне»түсіріліп, жобаның текстік бөлімінде дәлелді түрде көрссетіледі. Егер қозғалыс кезінде тырманың тістері бір жақ қырымен артқа қаратылса, өңдеу тереңдігі максималды болады, ал керісінше алдыға қаратылса минималды тереңдікте болады кесілген ағаш қорынан пайыз түрінде күтіп-баптау мақсатында кесу кезінде шамамен шыққан сұрыптардың негізгі сұлбасы анықталынған. Орман тұқым базасы үшін материалдар жинауды студенттер І-ші өндірістік практикасын өткен кезде жинайды. Негізгі материалды «Орман шаруашылығын ұйымдастыру жобасынан» алады.

Орман өрттерінің туындалуы, таралуы және өрбуі негізінен бедерлі-ландшафттық, өсімдіктер мен ауа райы жағдайына және басқа да шарттарға байланысты. Бұл шарттарды өрт сөндіруді мақсатқа сай ұйымдастыру, орман өрттерін сөндірушілер мен өрт сөндіруге қатысушы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есепке алып отыру қажет.

Өрт мінезіне әсер ететін негізгі шарттар мен факторларды, яғни жану барысына, оның қарқынына, таралу жылдамдығының өсуі, және бағытына себеп болатын факторларды білу ерекше қажет.

Орман өртін тудыратын ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі, жоғары температураның, ауа оттегісі мен жанғыш материалдардың әсерінен болатын реакцияны қолдайтын құбылыстардың жиынтығын білдіреді.

Орманда жаңғыш материалдар мен ауа оттегісі тым көп. Жануға себеп болатын жоғары температура көзі сырттан келеді. Бұл белгіленген жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған емекі тұқылы, немесе сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, өткен жылғы шөп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарыды өртеу, адамдардың қызметіне байланысты өзге де от көздері және найзағай түсуі.

  1. Ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарын жүргізу шаралары және оның маңыздылығы.

Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады. Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Осылай, республика бойынша орман иеленушілер 2011-2014 жылдары республика аумағында 243, 7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: 2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғап қалған табанында 56, 5 мың га, соның ішінде: отырғызу әдісімен 47, 1 мың га, және тұқым себу әдісімен 9, 3 га алаңда сексеуілден тұратын орман мелиоративтік екпелерді құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Айрықша назар Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге бөлінуде, оның аумағында 2011-2014 жылдары 22, 8 мың га, соның ішінде «Семей орманы» МОТР ММ-де 13, 1 мың га және «Ертіс орманы» МОТР ММ-де 9, 7 мың га құрылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі
Орман қорын құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз етілуі
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
ТМД Елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz