Психикалық ауруларда танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы



1. Түйсік бұзылуы
2. Қабылдау бұзылуы
3. Зейін бұзылуы
4. Ес бұзылуы
5. Эмоция бұзылуы
6. Ерік бұзылуы
7. Сананың бұзылуы
Түйсік-танымның бастапқы негізі блоып табылады. Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді. Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді.
Түйсіктің сандық өзгерістері:
Гиперестезия (жоғарғы сезгіштік) - түйсіктің табалдырығының төмендеуінің салдарынан сезгіштіктің артуы. Мысалы: электр лампасының жарығы өте айқын, радионың бәсең дыбысы мен басқа бөлмедегі дауыстар қатты болып сезіледі. Көру және есту гиперестезиялары жиі кездеседі.
Гипостезия – түйсіктің табалдырығының жоғарлауының арқасында сезгіштіктің төмендеуі. Мысалы: науқас жарыққа, ылғал төсекке, ыстыққа, суыққа жауап бермейді. Жүйке жүйесінің , оның перифериялық бөлігі және өткізуші жолдарының аурулары кезінде жиі кездеседі.
Анестезия – сезгіштіктің жоғалуы. Ол сезгіштіктің барлық түрін (жалпы анестезия) немесе жеке бөліктерін (парциалды анестезия) қамтуы мүмкін.
Түйсіктің сапалық өзгерістері:
Парестезиялар– дененің әр бөлігіндегі ұю, шаншу, күю сияқты өздігінен немесе сыртқы әсерден кейін пайда болған түйсіктер.
Сенестопатиялар – жинақталуы жағынан нақты анатомиялық және топографиялық иннервацияға сәйкес келмейтін, аяқ астынан пайда болатын ауыр түйсіктер. Мысалы: «денеде тоқ немесе толқын жүргендей» болады, дене тырысады, жарылады, қайнайды, құбылады т.б.
Сенестезиялар – дененің сезгіштігінің жалпы бұзылуы. Мысалы: аяқ астынан дененің әлсіреуі, ауырлауы немесе жеңілдеуі, жүйесіз бас айналулар, жүріс кезіндегі теңселулер мен өз -өзіне сенбеуліктер.
Дәм сезу түйсігінің өзгерісін дисгвезия деп аталыныды.
Қабылдау бұзылуларына агнозия, парэйдолия, акоазма, галлюцинацияны жатқызуға болады.Қабылдаудың келесі паталогиялық ауытқуларын атап өтуге болады: психосенсорлық бұзылулар, иллюзиялар.Психосенсорлық ауытқулар кезінде шындықтағы заттардың пішіні, көлемі ара қашықтығы бұрмалап қабылданады, бірақ тану мен сыншылдық қатынас сақталады. Мысалы: диплопия – заттардың екеу болып көрінуі, микропсия – заттың кішірейюі, макропсия – заттың ұлғаюы, дисморфопсия – шындықтағы заттардың деформациялануы, порропсия – заттарды алыстатып немесе жақындатып қабылдау.
Иллюзиялар – шындықтағы заттар мен құбылыстарды мазмұны жағынан теріс қабылдау.
1. Ілешева Р.Г. Психиатрия.
2. Құдиярова Г.А. Психиатрия.
3. Абрамова Г.С. Психология в медицине.
4. Зейгарник Б.В. «Патопсихология».

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы

Орындаған: Мухаметкалиева Е.
Тобы: Пх-315 тобы
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.

Семей 2015 жыл
Жоспар:

1. Түйсік бұзылуы
2. Қабылдау бұзылуы
3. Зейін бұзылуы
4. Ес бұзылуы
5. Эмоция бұзылуы
6. Ерік бұзылуы
7. Сананың бұзылуы

Түйсік-танымның бастапқы негізі блоып табылады. Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді. Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді.
Түйсіктің сандық өзгерістері:
Гиперестезия (жоғарғы сезгіштік) - түйсіктің табалдырығының төмендеуінің салдарынан сезгіштіктің артуы. Мысалы: электр лампасының жарығы өте айқын, радионың бәсең дыбысы мен басқа бөлмедегі дауыстар қатты болып сезіледі. Көру және есту гиперестезиялары жиі кездеседі.
Гипостезия - түйсіктің табалдырығының жоғарлауының арқасында сезгіштіктің төмендеуі. Мысалы: науқас жарыққа, ылғал төсекке, ыстыққа, суыққа жауап бермейді. Жүйке жүйесінің , оның перифериялық бөлігі және өткізуші жолдарының аурулары кезінде жиі кездеседі.
Анестезия - сезгіштіктің жоғалуы. Ол сезгіштіктің барлық түрін (жалпы анестезия) немесе жеке бөліктерін (парциалды анестезия) қамтуы мүмкін.
Түйсіктің сапалық өзгерістері:
Парестезиялар - дененің әр бөлігіндегі ұю, шаншу, күю сияқты өздігінен немесе сыртқы әсерден кейін пайда болған түйсіктер.
Сенестопатиялар - жинақталуы жағынан нақты анатомиялық және топографиялық иннервацияға сәйкес келмейтін, аяқ астынан пайда болатын ауыр түйсіктер. Мысалы: денеде тоқ немесе толқын жүргендей болады, дене тырысады, жарылады, қайнайды, құбылады т.б.
Сенестезиялар - дененің сезгіштігінің жалпы бұзылуы. Мысалы: аяқ астынан дененің әлсіреуі, ауырлауы немесе жеңілдеуі, жүйесіз бас айналулар, жүріс кезіндегі теңселулер мен өз -өзіне сенбеуліктер.
Дәм сезу түйсігінің өзгерісін дисгвезия деп аталыныды.
Қабылдау бұзылуларына агнозия, парэйдолия, акоазма, галлюцинацияны жатқызуға болады.Қабылдаудың келесі паталогиялық ауытқуларын атап өтуге болады: психосенсорлық бұзылулар, иллюзиялар.Психосенсорлық ауытқулар кезінде шындықтағы заттардың пішіні, көлемі ара қашықтығы бұрмалап қабылданады, бірақ тану мен сыншылдық қатынас сақталады. Мысалы: диплопия - заттардың екеу болып көрінуі, микропсия - заттың кішірейюі, макропсия - заттың ұлғаюы, дисморфопсия - шындықтағы заттардың деформациялануы, порропсия - заттарды алыстатып немесе жақындатып қабылдау.
Иллюзиялар - шындықтағы заттар мен құбылыстарды мазмұны жағынан теріс қабылдау.
Иллюзиялар функциялық, физиологиялық негізінде немесе психикалық ауытқулардың көрінісі болуы мүмкін.
Психикасы сау және психикасында ауытқуы бар адамдарда кездесетін күшті эмоциялардың салдарынан болатын аффективтік иллюзиялар белгілі иллюзиялардың пайда болуына анық қабылдауға бөгет жасайтын шарттар себеп болады: көмескі жарық, шулы бөлме, таныс емес жағдай.

Галлюционациялар - шындықта жоқ заттар мен құбылыстарды қабылдау. Бұл субъект қабылдаудан ажырата алмай, қабылдау сияқты басынан кешетін елестер. Сондықтан, пайда болу механизмі жағынан галлюционациялар қабылдаудың ауытқуларынан гөрі, елестердің ауытқуларына жатады. Шындықтағы жоқ заттарды объективті бар деп қабылдау нағыз галлюцинациямен ауыратын науқастарда ғана кездеседі. Жалған галлюционациямен ауырған кезде қабылданатын заттар мен құбылыстардың бейнелері күнделікті өмірдегі заттардан өзгеше болады және сыртқы ортамен байланысы жоқ.
Агнозия - бас мидың локальды қызметінің бұзылуымен байланысты, қабылдаудың көру, есту, сипап сезу бұзылуларымен көрінеді.Агнозия кезінде таныс обьектіні танымау байқалады.Аурулар таныстарын, әңгімелесіп отырған адамының мимикасына нашар көңіл аударады.Кейбір ауруларда агнозиякеңістіктегі бағдардың бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Парейдолия- бейнелерді қорқынышты қабылдаумен байланысты, мысалы кілем өрнегін қарағанда. Мұндай жағдай шаршаған кезде және невротикалық бұзылыс кезінде болуы мүмкін.
Акоазма- құлақта шумның иллюзиясының немесе дәл осы сәтте жоқ басқа дыбыстың бар болуы.
Зейін - адамның қандай да бір психикалық іс -- әрекетті орындау шарты. Зейін процестерінсіз адамның психикалық өмірі хаотикалық сезімдер, қобалжулар, ойлау, түйсіктердің ағылуы. Зейін осы ағымдарды белгілі бір бағыт бойынша жіберетін психикалық құрылым болып табылады. Зейін өз бетімен өмір сүрмейді. Ол барлық таным процестерінің динамикалық жағы, сонымен қатар ойлау, қабылдау, қиял, естің ішінде көрінеді. Зейін - бұл қандай да бір объектіде, құбылыста немесе іс -- әрекет түрінде ақыл - ойдың бағытталуы.
Зейін барлық психикалық процестермен байланысты, олардың ішінде, көбінесе, ес, ойлау, эмоция, ерік, қызығушылық және қанағаттанушылық, қарым - қатынаспен тығыз байланыста. Сонымен қатар зейін жеке тұлғаның бағыттылығы және қызығушылықтарымен тығыз байланысты. Бұның мінездемесі жеке тұлғаның объектке және құбылысқа деген бағыттылығын көрсетеді.
Зейіннің бағыттылығы сайлауда, өндірістік және өндірістік емес таңдауда, объектілерді ерекшелеуде, субъекттің өзіне сай қанағаттануында оның іс -- әрекеттегі мақсат және міндеттерінде көрінеді.Белгілі бір объектіні қадағалау кезінде басқа кедергілерге мән бермеу қажет, яғни басқа объектілерге назар аудармау қажет.
Сонымен қатар зейін психикалық іс -- әрекеттерге қолайлы жағдай туғызады ж әне әр - түрлі психикалық процестердің көмегімен іс -- әрекетті көрсетуге жағдай жасайды. Зейіннің күйімен адам іс -- әрекеттері байланысты, бұған оның қоршаған ортаға бейімделуі жатады.
Зейіннің бұзылуының ішінде кең тарағаны және маңыздысы: концнетрацияның бұзылуы, инерттілік, жүдеу, алаңдау.
Зейіннің жүдеуі - патологиялық шаршау, жоғарғы психикалық күш жұмсау салдарынан зейіннің негізгі параметрлерін, оның барлық қасиеттердінің бұзылуы. Мұндай ауытқу көбінесе бас миының органикалық жарақаттары бар ауруларда кездеседі. Зейіннің жүдеуі - астенияның негізгі симптомы.
Зейін коцентрациясының бұзылуы. Белгілі бір обьектіге немесе құбылысқа зейінді тұрақтандыру қабылетінің бұзылуы. Мұндай өзгеріс генездің түрлі депрессивті жағдайларында көрінеді. Бұл кезде ауру құбылыстарды психикалық түрде байланыстыра алмайды.
Адаңдау. Зейін таңдамалылығының төмендеуі, ұзақ уақыт ішінде бір обьектіге зейін қоя алмауы, сыртқы тітіркендіргіштерге үнемі алаңдауы. Жоғарғы алаңдаушылық көбінесе маникальді жағдайларды кездеседі. Яғни мания кезінде ауру затқа ұзақ зейін қоя алады.
Зейіннің инерттілігі. Зейін алмастырудың жетіспеушілігі нәтижесінде, жалпы психикалық инерттіліктің салдарынан назар аударудың қиындығы, тұрып қалуы жиі кездеседі. Мұндай ауытқу эпилепсиямен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
Н.Д.Лакосина, И.И.Сергеев, О.Ф.Панкова зейін бұзылуының мына бір түрін көрсетеді. Яғни өте жоғары алаңдаушылық. Бұл кезде адам кез келген ұсақ түйекке санадан тыс түсінбестен зейінін бөле береді.
Зейін көлемінің тарылуы оның бұзылуының тағы бір түрі, яғни бір уақытта бірнеше обьектіге зейін қоя алу қабілеті төмендейді. Бұл бұзылыстар астения жағдайында жиі кездеседі.
Ес бұзылысы. Ес бұзылыстары есте сақтау, ұмыту және жеке тәжірибелері мен түрлі мәліметтерді қайта жаңғыртудың нашарлауынан пайда болады. Ес бұзылысының сандық және сапалық түрлері болады:
Сандық бұзылыс - ес іздерінің күшеюімен немесе түсуімен, нашарлауымен ерекшеленеді. Ал сапалық - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы жайлы
Сана бұзылуының критерийлері
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы
Интеллект патологиясы
Медициналық психология пәні
Патопсихология және психопатия түрлері
Сананың бұзылуы
Психикалық аурулар туралы ақпарат
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы жайлы ақпарат
Пәндер