Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра :ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Орындаған :Әбілова А. Қ.
Тексерген: Омарбеков Е. О
. Тобы :ВС-303
Жоспар
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
2. 1 Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы.
2. 2 Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. Оларды 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын (7-су-рет) . Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байкады. Өсы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталдь «Бұл организмдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни «у» деп атады/ Қазір бірнеше мық есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды же; те зерттеуге мүмкіндік туғыздыл. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды. Сондықтан вирустар микробиологияда жеке класс ретінде қарастырылады, сөйтіп оларды вирусология ғылымы зерттейді. Вирустарда ядро, цитоплазма, клетка қабығы өз ара жекеленбеген Олардың мөлшері 10-нан 350 т(і-ға дейін барады. Мәселен, аусыл вирусының шамасы- 10 т\і, құтыру вирусы - 100-150 т\і, темекі мозаикасы - 15 т\і болады. Вирустардың негізгі қасиеттері олардың микробтардан да өте ұсақтығы; соның салдарынан бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден өтетіндігі; лабораторияда қолдан жасалған қоректік орталарда өсіп дамымайтындығы; тек тірі клеткада ғана тіршілік ететіндігі; түрлі тірі немеое структурасы алдын ала бұзылып, ұнтақталған тканьдерде, тауық жұмыртқасында өніп-өсе алатын қабілеттілігі; кейбір вирустардың кристалл түзетін де қасиеті бар. Вирустардың кейбір түрлерінде белок пен нуклеин қышқылдарынан баска түрлі углеводтар, май тектес заттар, рибофлавин (витамин), биотин және жез молекулалары кездеседі. Жалпы вирустар тек тірі клеткада ғана өніп-өсіп, көбейе алады) Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес езгергіш келеді, Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды. Вирустар құрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бұларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар: этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен, құтырма вирусына формалин, сулема және карбол қыиғқылымен әсер еткенде олар тез өледі. Қазіргі кезде ғылым вирустарды одан әрі зерттеуде.
Вирустардың жіктелуі (классификациясы)
Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2. 2-кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны) ;
• липопротеидті қабатының болуы;
• вирус геномының стратегиясы;
• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
• қабылдағыш иелер шеңбері;
• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
• географиялық таралуы;
• антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты.
Вирустардың генетикалық ерекшеліктері
Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша - иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы “өлі” вибрионның құрылымының генетикалық аппаратын алып жүреді. Ол жасуша иесіндегі барлық биохимиялық мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағыдырады. Сол уақытта жасушадағы ферменттері, рбосомалар жасуша жиынтығының орнына көптеген жаңа вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрион мен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түседі. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы) . Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді. Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше. Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы - ядрода, цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады. Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
Вирустардың көбею кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz