Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қарын және оның бөлімдері
2. Күйіс қайыратын мал қарны
3. Қарындардың аурулары ірі қарада
4. Зонд құралы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қарын (ventriculus-gaster): қоректің қорын жинайды, оны механикалық өңдеуден өткiзiп, ас қорыту жолының артқы жақ бөлiгiне жылжытады; қорекке асқазан сөлi әсер етiп, химиялық өңдеу өтедi; анемияға қарсы себепшарттар секрециясы жүредi, ол қоректен В12 витаминiн сiңiруге мүмкiндiк туғызады; түрлi заттарды сiңiредi (су, тұз, қант, басқа); сыртқа заттек алмасу өнiмдерiн кiлегейлi қабық арқылы шығарады (ол бүйрек жеткiлiксiздiгiнде күшейедi); қарын эндокриндi қызмет атқарады-бiрталай гормондарды, биологиялық белсендi заттарды өндiредi.
Бiр және көпкамералы қарындарды ажыратады. Бiркамералы қарын қабырғасы кiлегейлi, бұлшық еттi, сiр қабықтардан тұрады (120 сурет).
Кiлегейлi қабық аралас қарында өңеш және iшек типтес болып, екiге бөлiнедi. Оның бедерi қатпарлар (plicae gastricae) және ойыстарға (foveola gastricae) бола, тегiс болмайды.
Өңеш типтec кiлегейлi қабық көпқабатты жайпақ эпителиймен жабылған, меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Онда без болмайды. Бұлшық еттi тақташа дамыған жерде кiлегейлi қабық ұсақ қатпарлар құрады. Шошқада бұл қабық қарынның кардиал бөлiгiнде кiшкене орын алады, жылқыда ол барлық кардиал бөлiктi төсейдi.
1. Ә.Н. Ермаханбетов. Клиникалық және қолданбалы диагностика (оқулық). Алматы. «Нұр – Принт». 2009.

2. Журнал «Ветеринария» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)

3. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)

4. А.А. Терлікбаев. Терапевтикалық техниканың әдістері мен тәсілдері. С.Сейфуллин атындағы КАТУ. − Астана.
5.Ө. Ығылманұлы. Ветер инариялық патологиялық анатомия. − Алматы

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу

Орындаған:ӘбіловаА.Қ.
Тобы:ВС-303
Тексерген :Ахметжанов О.Н.

Семей 2015 жыл
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоспар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
I. Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
II. Негізгі бөлім
1. Қарын және оның бөлімдері
2. Күйіс қайыратын мал қарны
3. Қарындардың аурулары ірі қарада
4. Зонд құралы
III. Қорытынды
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қарын (ventriculus-gaster): қоректің қорын жинайды, оны механикалық өңдеуден өткiзiп, ас қорыту жолының артқы жақ бөлiгiне жылжытады; қорекке асқазан сөлi әсер етiп, химиялық өңдеу өтедi; анемияға қарсы себепшарттар секрециясы жүредi, ол қоректен В12 витаминiн сiңiруге мүмкiндiк туғызады; түрлi заттарды сiңiредi (су, тұз, қант, басқа); сыртқа заттек алмасу өнiмдерiн кiлегейлi қабық арқылы шығарады (ол бүйрек жеткiлiксiздiгiнде күшейедi); қарын эндокриндi қызмет атқарады-бiрталай гормондарды, биологиялық белсендi заттарды өндiредi.
Бiр және көпкамералы қарындарды ажыратады. Бiркамералы қарын қабырғасы кiлегейлi, бұлшық еттi, сiр қабықтардан тұрады (120 сурет).
Кiлегейлi қабық аралас қарында өңеш және iшек типтес болып, екiге бөлiнедi. Оның бедерi қатпарлар (plicae gastricae) және ойыстарға (foveola gastricae) бола, тегiс болмайды.
Өңеш типтec кiлегейлi қабық көпқабатты жайпақ эпителиймен жабылған, меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Онда без болмайды. Бұлшық еттi тақташа дамыған жерде кiлегейлi қабық ұсақ қатпарлар құрады. Шошқада бұл қабық қарынның кардиал бөлiгiнде кiшкене орын алады, жылқыда ол барлық кардиал бөлiктi төсейдi.

Iшек типтес кiлегейлi қабық бiр қабатты биiк призмалы эпителиймен жабылған, жасушалары сiлекей өндiредi. Сiлекей кiлегейлi қабық бетiнде болады, бұзудан қорғайды. Кiлегейлi қабықтың бедерi тегiс емес, қатпарлары, ойыстары болады. Меншiктi тақташасы қалың және өте жұқа борпылдақ дәнекер ұлпа қабаттарымен бөлiнген бездерге бай келедi. Бездер қарын сөлiн (белокты альбумозаға, пептозаға ыдырататын фермент-пепсин болады) өндiредi, орналасуына, құрылыс ерекшелiктерiне және өндiретiн түзiндiлерiне орай қарынға кiрер (кардиалды), қарын түбi (фундальдi), қарын iшқақпалық бөлiктерiне бөлiнедi. Бұлшық еттi тақташа бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады, жақсы дамыған, оның жиырылуы бездерден түзiндiлер шығуына мүмкiндiк туғызады.
Қарын түбi (меншiктi-glandula dastricae proptiae) бездерi ең кең тараған, қарын денесi, түбiнде орналасады. Тармақталған, тармақталмаған түтiктi бездер, ұзындығы 1,5-2,5 мм. Мойны (cervix), денесi (corpus), түбi (sundus) болады. Кейiнгi екеуi бездiң түзiндi бөлетiн бөлiмi, мойны қарын ойысына ашылатын - шығарушы өзегi. Шошқа мен жылқыда бiр қарын ойысына бiрнеше без ашылады. Бездің саңылауы өте тар, қабырғасын бiр қабатты эпителий құрады. Құрамында бiрнеше түрлi: басты, көмкерме, кiлегейлi (қосымша), эндокриндi жасушалары болады.
Басты жасушалар (cellula principalis) - куб тәрізді, сопақша пiшiндi, негiзгi бетiнде домалақ ядросы, базофилдiгiн айқындайтын түйiршiктi эндоплазмалық торы орналасады. Жоғарғы бетi iрi түйiршiктi түзiндiлерге толы болады. Пепсиноген сақталады, тұз қышқылы әсерiнен ол пепсинге айналады. Пепсин белоктар ажырауына қатысады. Олар бездер денесiнде, түбiнде орналасып, ондағы жасушалардың 60-70% құрады.
Көмкерме жасушалар (cellula parietalis) басқаларынан iрi, жұмыртқа тәрiздi, пирамида пiшiндi, сопақша, оксифильдi цитоплазмасында көп iрi митохондрийлерi, енсiз саңылау тәрiздi ерекше жасушалар аралық түзiндi өзекшелерi, домалақ ядросы болады. Аталған өзекшелер жасушалардың бос бетiне ашылады. Көмкерме жасушалар iрiлiгiнен эпителий бетiнен шығып тұрады, оның бос бетi арқылы оттегi, хлор иондары бөлінедi. Олар қосылып, тұз қышқылын құрады, ал қарынның қуысында қышқыл орта түзедi. Кейiнгi белоктар ыдырауын, пепсиногеннiң пенсинге ауысуын, қажеттi рН сақталуын, ауру тудыратын микроорганизмдердiң өсуiн тежейдi. Көмкерме жасушалар анемияға қарсы себепшарттар түзiп, шығарады, олар қарында В12 витаминiмен қосылып кешен құрады, кейiн мықын iшекте сiңiрiлiп, қан өндiруге қажет болады. Бұл себепшарттар жетiспегенде қатерлi анемия дамиды.
Кiлiгейлi (қосымша-mucocyti) жасушалар бiршама аз, без мойнында жеке, ұсақ топтар құрып, көмкерме жасушалар арасында орналасады. Көлемi кiшi, нашар базофильдi цитоплазмасында орташа дамыған түйiршiктi эндоплазмалық тор, iрi Гольджи аппараты болады. Кiлегейлi жасушалар сiлемей өндiрiп, без бетiн тұз қышқылы мен пепсиннен қорғап, жиi бөлiне алатындықтан, олар без және қарын жабын эпителийiнiң түзушi элементтерi болып қаралады.
Эндокриндi жасушалар биологиялық белсендi заттарына байланысты әртүрлi болады, ақшыл, пiшiнi үшбұрышты, сопақша және көпбұрышты, ядросы бос бетiнде орналасып без саңылауына жетпейдi, негiздiк беттегi тығыз түзiндi түйiршiктерi қанға бөлiнедi. Түйiршiктерi жарғақпен жабылып, күмiс және хром тұздарымен боялады, пептидтi гормондар мен аминдер сақтайды.
Қарынға кiрер без (glandula cardiaca) шошқада қарын аймақтарын, оның бiраз дене бөлiгiн алып жатады. Жылқыда қарынның безсiз аймағы шекарасында енсiз тiлiм тәрiздi болады. Олар қарапайым тармақталған түтiкше бездер деп, есептелінеді. Құрылымы қарын түбi безiндей, бiрақ одан қысқа, саңылауы кең, сирек орналасады. Кiлегейлi жасушалардан тұрады, эндокриндi жасушаларда кездеседi. Онда өте сирек басты және көмкерме жасушалар болады, шошқада ферменттер өндiретiн, крахмал ыдырататын жасушалар кездеседi. Сондықтан қарынға кiрер бездер сiлемейден басқа, биологиялық белсендi заттарды, бiраз пепсиноген, хлоридтердi өндiредi.
Қарынның iшқақпалық бездерi (glandula pylorica) де қарапайым тармақталған түтiкше бездер, олардың мойны ұзын, түзiндi бөлiмi күштi тармақталған, бiрақ қысқа болады. Бездердi кiлегейлi жасушалардың бiрнеше түрi құрады, түзiндiлерi кiлегейлi қабықты қышқыл қарын сөлiнен қорғайды, онда кейде эндокриндi, көмкерме жасушалар да кездеседi.
Бұлшық еттi қабық бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрып, үш қалың: iшкi - қисық; ортаңғы - айнала орналасқан (ең дамыған, қарын қалтарысы аймағында iшқақпалық қысқыш (сфинктер) құрады); сыртқы-ұзына бойы қабаттарын құрады. Қабаттар арасында дәнекер ұлпаның жұқа қабаттары, бұлшық ет аралық жүйке өрiмдерi орналасады.
Сiр қабығы борпылдақ дәнекер ұлпадан, бiр қабатты жайпақ эпителий немесе мезотелийден тұрады. Қарынның кiшi иiнiнен бауырға ауысқанда сiр қабық кiшi шарбынды, үлкен иiннен қарынға түсiп-үлкен шарбынды құрады.
Күйiс қайыратындардағы көпкамералы қарын үш: месқарын, қатпаршақ немесе жалбыршақ, тақия қарындардан, бездi қарын-ұлтабардан тұрады.
Месқарын, қатпаршақ (жалбыршақ), тақия қарындардың кiлегейлi қабығы өңеш типтес және алдыңғы қарын (proventriculus) деп аталады.
Ұлтабар - нағыз қарын, оның кiлегейлi қабығы iшек типтес. Алдыңғы қарындардың ұлтабардан ерекшелiгi сол, олардың кiлегейлi қабығында бездер болмайды. Онда азық уақытша жиналады, бактериялар, қарапайымдар қатысуымен азықтың механикалық өңделуi, шiрiп, ыдырауы iске асады. Алдыңғы қарынның кiлегейлi қабығы көпқабатты түлейтiн эпителиймен жабылған, ол өңеш эпителий қабатының жалғасы болып келедi. Онда жылтыр қабат анық көрiнбейдi, түйiршiктi және мүйiздi қабаттары болады, жасушалар арасында саңылаулар жүйесi жақсы дамыған.
Месқарынның (rumen, ) кiлегейлi қабығы көптеген жапырақ тәрiздi өсiндi - бүртiктер (papilla ruminis) құрып, көпқабатты жайпақ түлейтiн эпителиймен қапталған. Оның әр бөлiгiнде бүртiктер қалыңдығы әртүрлi, биiктiгi 3-12 мм болады. Бұлшық еттi тақташа жеке шоғырлардан тұрады, бүртiктер негiзiнде жатады. Бұлшық еттi қабық миоциттерден тұрады, арасында жекеленген көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары кездеседi. Онда iшкi-сақина тәрiздi, сыртқы-ұзына бойы қабаттарын ажыратады. Сiр қабық борпылдақ дәнекер ұлпадан және мезотелийден тұрады.
Тақия қарын (reticulum, 121 сурет, Б) кiлегейлi қабығының негiзгi тақташасы өте көп қатпарлар құрады және араларында жатқан ұяшықтар көпқабатты жайпақ түлейтiн эпителиймен жабылған. Бұлшық еттi тақташа байқалмайды. Кейбiр жеке миоциттер дәнекер ұлпа негiзiнде бытырап жатады. Бұлшық еттi қабық өңешпен, оның науашадағы бұлшық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы мәлімет
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу. Зонтты қолдану ережелері
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Пәндер