Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы



МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ.ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... 51

IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің тарихының қалыптасуына ерекше назар аударып келеді. [1]. 1924-1925 жылдарғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстан құрамына бірігуі, еліміздің даму тарихындағы үлкен бетбұрыс кезең болды.
Республика өміріндегі бұл бетбұрыстың табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтиже бермеу себептерін ашу-қазіргі таңдағы тәуелсіздік талаптары тұрғысынан теориялық және практикалық маңызы зор міндет болып табылады. Кезінде қалыптасып келе жатқан мемлекеттіктің бірден қуыршақ сипат алуы бүгінде қайталануына жол беруге болмайтын кемшілік. Оның себептерін ғылыми тұрғыда талдауға алу жөн.
Алайда бұл маңызды мәселе ғылыми әдебиетте әзірге арнайы қарала қойған жоқ. Ал кеңестік кезеңде ол бұрмаланып түсіндірліп келді. Сондықтан оны ақтаңдақтардан тазартып, сол күрделі бет бұрыс кезеңді объективті түрде зерттеу қажет. Бұл мемлекеттігіміздің бүгінгі ахуалын барлап, ертеңгі келбетін ғылыми дәйектеп айқындауға мүмкіндік әпереді.Сондай-ақ "ұлттық саяси өміріміздің балаң дәуірінде ұлттық мемлекетті орнықтыруға атсалысқан нақты кімдер, ағымдар, саяси тұлғаларды, олардың басым және осал жақтарын талдауға алудың тағылымдық мәні зор.Ұлттық мемлекеттік үшін күрес кезеңдерін ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, бүгінгі күн биігінен пайымдаудың тәуелсіздік мұраттарына қызмет етері сөзсіз.Еліміздің өткенін терең де жан-жақты зерттеген жұмыстар қоғамдық сананы байытуға, дүниетанымда елеулі сапалық өзгерістер жасауға, ұлттық идеология іргетасын қалауға, еліміздегі ұлтаралық қатынастар үйлесімін нығайта түсуге мол үлес қосады.Зерттеу тақырыбының өзектілігі міне осында.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысты жазудағы мақсат: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау.Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер қойылды:
- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдап, зерделеу;
- қазақтардың атамекеніңде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;
- қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын талдауға алу;
- коммунистік партия органдарының қазақ жеріндегі саяси процестерді қадағалап басқару тәсілдерін, партияның Қазақстанға байланысты ұстанғаны саясатының мазмұнын сараптау;
- Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу;
- Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу,
қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.
Қазақстан саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жөн-жобасын, ерекшеліктерін, оның өркендеу және жеңілу сырын айқындауға мүмкіндік береді. Өз ретінде мұндай мазмұндағы жұмыс ұлттық мемлекеттік мәселелерін тура түсінуге, ұлтаралық қатынастардың күрделі түйіндерін әділ шешуге септігін тигізбек.
Зерттеудің тарихнамасы. Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі мәселесін Қазақстан ғалымдары егжей-тегжейлі болмаса да, лениндік методология тұрғысынан біршама қарады. Бұл мәселені, қазақ мемлекеттігінің одан әрі нығая түсуі тұрғысынан,тұңғыш рет А.Нүсіпбеков бірден-бір, тиянақты да арнайы қарастырғантын. Ол Орта Азиядағы межелеуді Қазақстан тарихының сол кезгі өзекті проблемаларының бірі болған тақырып - жер-суды жиыстыру мәселесімен ұштастырды. Қазақ жер-суының бірігуі коммунистік партияның жетекшілігі арқасында, тек кеңестік құрылыс жағдайында жүзеге асқанын деректі құжаттар негізінде көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, жұмысында ұлттық-мемлекеттік межелену материалдарынан мол дерек келтірді. Орта Азияның ұлттық белгілер бойынша жіктелгенге дейінгі және жаңа мемлекеттік құрылымдар құрылғаннан кейінгі картасын берді. Қазақ жерінің бірігуінің мақызына тоқталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің соңындағы Қазақ АКСР-інің жетістіктерін көрсетті. Ғалым өзінің осы "Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында бірігуі" атты еңбегін 1953 ж. жария еткен еді [2]. Оның бұл жұмысы 70-80-жж. жарық көрген "Қазақ ССР тарихы" көп томдығының 4-томындағы [3] қазақ жерлерінің қосылуына арналған тарауларын жазуда негізгі деректік бұлақ болды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің қалыптасуы және бастапқы кезеңдегі даму мәселелерін әр жылдарда Т.Елеуов, А.С.Елагин, С.Бейсембаев,С.М.Кенжебаев, басқа да ғалымдар талдады [4].
Бұл еңбектер, әрине, маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазылды. Сондықтан да бұл зерттеулерде Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің орнығуы таптық негізде жүзеге асырылғаны дәріптеледі.
Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар заңгерлер біраз зерттеді. Ғ.С.Сапарғалиевтің 40-жж. жарық көрген "Қазақ Кеңестік мемлекеттігінің пайда болуы" деген жұмысы осы мәселені заң ғылымы тарапынан зерттеген тұңғыш монография [5]. 50-жж. Т.Тайманов Мәскеуден "Кеңес мемлекеттігінің Қазақстанда дамуы" деп аталған кітабын шығарды. Қысқаша тарихи-заңдық-құқтық [историко-юридический] очерк деген жанрлық анықтамамен жарияланған. Бұл жұмысты ұлттық - қуаттық межелеу мәселесіне байланысты қабылданған шешімдермен олар, "комиссияға кіріп алған қазақ ұлтшылдарының" ұлттық жіктеу кезіндегі "анық авантюралық сипаттағы" әрекеті, олардың "Алтайдан Еділге дейін, Бұхар даласынан Сібірге дейін жайылған ұлы қазақстанның құрылуын", сонымен қатар, "қазақ жері емес" аумақтардың өзін Қазақстанға қосуды" талап еткені,"Бұхарада қазақ автономиялық облыстарын құруға тырысқаны" жайында сыни деректер бар. Ондай әрекеттердің баршасы, автордың ойынша, ұлттық-мемлекеттік межелеуге, Орта Азия мен Қазақстан халықтары арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіру үшін алашордалықтар тарапынан жасалғанды. Және, әрине, қазақ халқының мүддесіне жауап бермейтін [6]. Осы кезеңде Ғ.С.Сапарғалиев, 60-жж. басында С.С.Сартаев, 70-жж.С.З.Зиманов, басқа да заңгер-ғалымдар Қазақстандағы Кеңестік ұлттық мемлекеттік мәселелеріне әр қырынан талдау жасады [7].
Бұл еңбектер, қасаң идеологиялық және саяси құрсау шегінде ор-ындалғанымен, қазақтың кеңестік мемлекеттігінің негізі қалай қаланғаны, компартияның қамқоршылық рөлі, қазақ мемлекеттігін құрудың қандай кезеңдерде жүзеге асырылғаны, батыстағы, солтүстіктегі және шығыстағы шекаралардың белгіленуі, жапсарлас губерниялармен екі арадағы мәселелердің қайтіп шешілгені, шаруашылық саясаты, мәдени құрылыс мәселелері, орталықтағы және көрші облыстардағы өкілдіктер мен олардың жұмысы, орталықтың өлкедегі кадр саясаты, жергілікті кеңестердің нығаюы мен Алашорданың құлауынан құнды мәліметтер береді.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттіктің табиғатын түсінуге Кеңес Одағындағы ұлттық мемлекеттікті зерттеген ресейлік К.Д.Коркмасова, белоруссиялық А.И.Коваленко, мәскеуліктер Д.Л.Златопольский мен О.И.Чистаков, грузиялық В.Н.Мерквилидзе, тәжікстандық С.А.Раджабов, басқа да ғалымдардың жұмыстары бар. Қайта құру саясаты жарияланған шақта С.З.Зиманов пен И.К.Рейтор "Кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылыстың теориялық мәселелері" деген еңбегін жариялады. Бұл жұмыста Ұлттық мемлекеттіктің кеңес халқының мемлекеттік бірлігін нығайту рухында, өмірдің бар саласын интернационалдандыру жолымен құрылғандығы сараланады. Ал идеологиялық құрсаудан босанған шақта С.З.Зиманов Кеңестік Ұлттық мемлекеттіктің табиғатын мейлінше ашып талдады. Ол өзінің "КСРО-дағы ав-тономияландырудың теориясы мен практикасы" деген еңбегінде одақтың империялық ұмтылыстары, ұлттардың өз тағдырын өзі айқындауы мәселесінде жол берілген аса терең бұрмалаулар КСРО тағдырында апатты рөл атқарғанын дәлелді түрде айтты. Лениннің "қамшы мен тәтті нан" саясатын қатаң үйлестіріп жүргізу жағындағы саясаткер болғанын дәлелдеді. Коммунистік партияның ұлттық мемлекетке көзқарасы мен өз нұсқасын өмірге енгізу тәжірибесі қалай жүзеге асырыла бастағаны татар коммунисі Мирсат Сұлтанғалиевтің қайғылы тағдырынан айқын танылатынын зерттеуші Б.Сұлтанбеков ашып көрсетті. Кеңес Одағындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың асаң шектеулермен жүргізілгенін, түрлі бұрмалау, жазалаулармен астасып отырғанын, кеңес өкіметінің пайда болуын, тарихы мен ыдырауын Р.Конквест, М.Олкотт, А.Каппелер секілді шетелдік ғалымдар да зерттеді [8].
Қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекелтік түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі өзінің маңыздылығына байланысты арнайы қарастыруға лайық болса да, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан талдауға алынған жоқ. Жоғарыда аталған ғалымдардың іргелі де сүбелі жұмыстарында зерттеу кезеңіне қатысты аса маңызды деректер ғылыми түрде жүйеленгенмен, олар биліктегі партияның тоталитарлық қыспағында, партиялық-таптық мүддені күштеп жазылғандықтан да, толық мәніндегі тарихи объективтілік принципіне жауап бермейтін.
Ұлттық Ғылым академиясының академигі М.Қ.Козыбаевтың, ҰҒА корреспоңдент-мүшелері К.Н.Нүрпейісовтің, М.Х.Асылбековтың, ғылым докторлары, профессорлар М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың, ғылым кандидаты Қ.С.Алдажұмановтың басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің жаңаша көзқараспен жазылған еңбектері тарих ғылымына жаңғырған беттер мен жолдар ұсынды [9], олар Қазақстанның өткен белестерін, әсіресе, тақырыбымызға тікелей қатысы бар XX ғ. 20-30-жж. оқиғаларды жаңғыртып, бұрынғы бұрмалаулардан аршыды. Жалпы, қайта құру мен тәуелсіздік жылдары жұмыс тақырыбын ашуға жәрдемдесетін зерттеулер көбейді. Бұл қатарда, республика партия ұйымдарында 20-жж. жүргізілген идеялық-саяси жұмысты әлі де тоталитарлық пайымдау шырмауында, бұрмалаудан арылмаған ахуалда талдағанмен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институты қызметкерлерінің (В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.П.Осипов) еңбегі де бар [10].
90-жж. басында М.Қ.Қойгелдиев пен Т.О.Омарбеков қазақ интел-лигенциясының қатал тағдыры мен голощекиндік геноцидті арқау еткен ғылыми еңбегін жарыққа шығарды [11]. Бұл еңбек қазақ саяси элитасының ел тағдырымен тығыз байланысты ізденістері мен қызметі, жеңісі мен ұтылысы, большевизм туғызған қасірет жайынан құнды мағлұматтар береді. Кейінгі жылдары осы сипаттағы басқа да зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеудің Қазақстан тарихына қатысты, біздің тақырыбымызға жақын әрі елеулі тұстары өзбек зертеушісі Р.Я.Раджапов мен тәжік қаламгері Н.Табаров еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен жариялылық жылдарынан бері, соның ішінде тәуелсіздік дәуірінде өмірге келген еңбектерде де біз нысанаға алған проблема арнайы зерттелмеді. Сондықтан да олар мәселенің тақырыпта белгіленген мерзімдік ауқымдағы қойылысы мен практикасына жанжақты ғылыми талдау жүргізуге, сөйтіп, диссертация тақырыбын мейлінше объективті тексеріс жасау арқылы ашып-түзуге жетімсіздік ететін. Бұл жәйт аталған тақырыппен арнайы зерттеу жүргізудік кажеттігі мен маңыздылығын арттыра түседі.
Диссертацияның деректік негізі. Жұмыстың зерттемелік негізін құрайтын дерек көздері былай жүйеленді: 1. мұрағаттарда сақтаулы іс жүргізу құжаттары; 2. өз уақытында ресми басып шығарылған хаттамалар мен қарарлар; 3. құжаттар жинақтары; 4. мерзімді баспасөз; 5. мемлекет басшыларының, большевик-зерттеушілер мен ұлт қайраткерлерінің еңбектері; 6. эмиграциялық әдебиет.
Дерек көздерінің екінші тобын жеке басылымдар түрінде жарық көрген Қазақстан Кеңестері 5-Құрылтайының хаттамасы, Қазобком сессияларының материалдары, БК(б)П Қазақ Өлкекомының өлкелік ұйымының 5-конференциясына берген есебі, Қазөлкекомның З-Пленунумындағы ішкіпартиялык мәселелер, БК(б)П Қазақ Өлкелік Бақылау комиссиясының есебі, сондай-ақ Түркістандағы РК(б)П мұсылман бюросы конференцияларының хаттамалары, ұлт қызметкерлерімен өткізілген маслихаттардың есептері құрайды [12].
Үшінші топтағы маңызды деректер бұлағының бірі - "БК(б)П-ның қазақстандық ұйымы оның конференциялары мен пленумдарының шешімдерінде, Қазақстан туралы аса маңызды жалпыпартиялық құжаттар қоса тіркелген" деп аталатын, 1920-1925 жылдарды қамтып, 1931 ж. шығарылған құжаттар жинағы. Мұнда кейінгі осындай жинақтардың ешқайсысына енгізілмеген, зерттеуіміздің тақырыбына тікелей байланысы бар, Орта Азиядағы ұлттық межелеуге орай Қазобком пленумы қабылдаған қарардың толық мәтіні бар. Ол ғылыми айналымға тұңғыш мәрте енгізіліп отыр. Сондай-ақ ҚКП ОК жанындағы партия тарихы институты әр жылдарда әзірлеген Қазақстан Компартиясы съездері мен конференциялары шешімдері мен түрлі тақырыптық құжаттардың басын қосқан жинақтар да осы топта [13].
Төртінші топқа жіктелген мерзімді баспасөзден - ұлттық-мемлекеттік межеленуге байланысты маңызды дерек көзі ретінде Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің органы "Туркестанская правда" газеті, қазақстандық тыныс-тіршілікті әр қырынан сипаттайтын мәліметтер бұлағы ретінде пайдаланылды.
Бұрынғы Сырдария облысының көптеген материалдары кезінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына берілген екен. Бұл құжаттар да зерттеу жұмысымызда пайдаланылды. Мұрағат құжаттарынан басқа мерзімдік басылымдарға сүйендік.
Әсіресе 1920-1924 жылдарғы "Туркестанская правда" газетінің материалдары көп пайдаланылды. Бұл газет Түркістан Компартиясы Орталық Комитеті, ВСЦПС, Туркбюросы, Түркістан Орталық Атқару Комитетінің және Сырдария облыстық партия комитетінің органы болып есептелген. Газет материалдары зерттеуге байланысты мәселелерді жалпы тұрғыда ашып беруге негіз бола алады. Себебі газет тақырыпқа байланысты мәселелерді күнделікті жазып отырған. Газет бетінде Түркістан Республикасының басшылары, басқа да тұлғалар Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты мәселелер жөнінде үнемі материалдар жариялап тұрған.
Зерттеу үшін Қазақ обкомының және ҚазОАК-тың органы болып табылған "Советская степь" газетінің де материалдарының маңызы үлкен болды. Бірақ сол кездегі Қазақстанның астанасы Орынборда шығып тұрған бұл газет қаланың Түркістаннан тым шалғай жатуына байланысты мәселені жүйелі түрде ашпаған десе болады. Осы тұрғыдан "Советская степь" газетінің біздің зерттеуге қатысты материалдары "Туркестанская правда" газетіне қарағанда тым сирек.
Сонымен қатар еңбекте басқа да баспасөз органдарының материалдары пайдаланылды. Олардың аттары еңбектегі сілтемелерде көрсетілген. Еңбекті жазу барысында мынандай жинақтар: "Сборник законов СССР", "Собрание узаконений и распоряжений Правительства РСФСР" , Түркістан Республикасының және Қазақ АКСР-нің заңдарының жинақтары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысына тартылған дерек көздерінің бесінші ретпен жүйеленген келесі бір маңызды тобы большевиктер практикасында теориялық қағидалары басшылыққа алынған К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, И.В.Сталин еңбектерінен және революциялык өзгерістердің нақты көріністерін қарастырған Г.Сафаров, Т.Рұсқұлов, М.Тынышпаев, С.Қожанов, С.Садуақасов, С.Аспандияров, басқа да қайраткерлер мен зерттеушілердің жұмыстарынан тұрады [14]. Олар зерттеліп отырған кезеңнің тынысы мен рухын заманның өз кейіпкерлері көмегімен тануға мүмкіндік берді.
Дерек көздерінің алтыншы топқа бөлінген тағы бір елеулі қатары -маңыздылығы жағынан орны ерекше, ғылыми айналымға тартудың мүмкіндігі тәуелсіздік жылдары ғана туған эмиграциялық әдебиет. Бұл орайда біз бірінші кезекте большевизм саясаты мен практикасын қабылдай алмай, шетелге асып кеткен, сонда орыс эмиграциясының мерзімдік басылымдарына қатысу, өз ұлттық басылымдарын шығару арқылы кеңес өкіметінің бітіспес оппоненттері болған Қоқан (Түркістан) және Башқұрт автономиялары үкіметтерінің бұрынғы басшылары Мұстафа Шоқай меи Зәки Валиди жұмыстарын атаймыз.
Зерттеуге олардың мұраларымен қатар басқа да, естеліктер пайдаланды [15]. Кеңестік идеология ауқымында жазылған еңбектерді сыни көзқараспен қайта қарауға, сөйтіп, тарихи-салыстырмалылық тәсілмен тиісті пайымдар қорытып түзуге - шартты түрде осылай топтастырылған дерек көздері кеңінен қатыстырылды.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыста қарастырылмақ уақыттық ауқым 1924-1926 жылдармен шектелген. Зерттелуге алынып отырған осынау мерзім шегі Қазақстан өміріндегі ірі тарихи бетбұрысымен ерекшеленген кезеңді қамтиды. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу кезеңінде қазақ халқы мен оның басқарушы элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресі жаңа сипат алды, жаңа мазмұнға ие болды. Межелеуге қатысқан тұлғалар керегесі кеңейген Қазақстанның белсенді қайраткерлері болды. Сондай-ақ бұл жылдар, әсіресе 1925 ж. сәуірдегі Қазақстан Кеңестерінің бесінші съезі, кеңестік билік ауқымында мүмкін болған ұлттық Мемлекеттік үшін күрестің ең биігіне шыққан салтанатты шағына айналды. Сонымен қатар, көп ұзамай-ақ, РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1926 ж. қарашада өткен 3-пленумы республиканың басқарушы элитасындағы ұлттық-мемлекеттік мүдде үшін батыл күрес жүргізетін көрнекті қайраткерлерге ойсырата соққы берді. Бұл - ұлт мәселесін пайымдау кілті орталықтың тоталитарлық билігі қолына біржолата көшкенін, Қазақстанның саяси басшылығындағы қазақ элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жеңілгенін көрсететін саяси оқиға болатын. Кеңестік жүйе ауқымындағы қазақтың ұлттық мемлекеттігі үшін күрес табиғатын зерттеудің жоғарыда көрсетілген хронологиялық шегі осындай пайымдармен белгіленді.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты тексерілген, обьективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Тарих материалдарын бағалауда қоғамның даму шындығының тарихи және логикалық қисындарын әділ сараптау жолымен қорыттық. Тарих сахнасынан ығысқан билеуші партияның "маркстік-лениндік методология" атты ғылыми таным құралымен қарастырылып бағаланған оқиғаларды талдауымызға пайдаланғанда, оны анықталған дәл тарихи фактілер негізінде қайта саралап, тарихи деректерді салыстырып қарау әдісін қолдандық.Ұлттық мемлекеттік идеясына байланысты XX ғ. алғашқы ширегінде ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, М.Шоқай және т.б.) еңбектерінде айтылған теориялық тұжырымдар зерттеуде басты методологиялық принцип ретінде негізге алынды.
Осыған байланысты мына жәйтті еске сала кету ләзім. 20-жж. қайраткерлерінің тарихтағы рөлі мен орыны әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде, тарихи контексте, объективтілікпен зерттеліп-анықталмаған қызметтерінің тиісті бағасы беріле қоймаған Олардың кейбірінің өз істердегі қызметіне орай қалыптасқан қилы пікірлер бар. Бұларды талдап ақ-қарасын ажырату біздің жұмысымыздың міндетіне жатпайды. Сондықтан біз оларды зерттеу тақырыбымыздың талабы тұрғысынан, белгіленген уақыт кесіндісінде ғана қарастырамыз.
Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан бастап, жер-су мәселесі ұлттың тұтастығын, халықтың елдігін сақтаудың ең өзекті проблемаларының біріне айналған еді. Бұл жайында XX ғ. алғашқы онжылдықтарында қилы әрекеттер жасалды. Депутат Бақытжан Қаратаев 2-мемлекеттік дума мінбесінен қазақтардың жер-су мүддесін қорғаған атақты сөзін сөйледі. Ресей конституцияшыл - демократтар партиясы орталық комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейхановтың кадеттер қатарынан кетіп, Алаш партиясын құруға кірісуінің басты себептерінің бірі осы жер иелігін шешу мақсатынан [16]. Әкелерден мұраға қалған атамекен аумағын сақтау - қазақ халқының ұлттық экономикасын дамытып, ұлттық тұрғыда дамуының негізгі шарты еді. Сондықтан да 1917 ж. жалпықазақ Желтоқсан құрылтайы федеративті негізде ұйысуға тиіс Ресей Республикасының құрамында қазақтардың саяси және экономикалық дербестігі бар автономиясын құру қажет деп қорытқанды.
Орыс демократиясының және большевизмнің табиғатын терең тани келе, Түркістандағы (Орталық Азия аумағы) түркі халықтарының ұлттық тұтастығы үшін күресі барысында, Мұстафа Шоқай осы тұжырымды ілгері дамытты. Ол шынайы ұлттық мемлекеттікті тек тәуелсіздік жағдайында ғана құруға болады деп есептеп, эмиграцияда өткен бүкіл публицистік-қайраткерлік ғұмырын сол ойды насихаттауға арнады. Оның бұл реттегі көзқарастары "Ресейдегі ұлттық мемлекет мәселесіне орай" деген мақаласында неғұрлым айқын қорытылған. М.Шоқайдың тұжырымдауынша, КСРО «орыс» емес халықтардың мемлекеттігі мен тәуелсіздігіне жау жалғыз ғана ел... Осы елдің құрамындағы Қазақстанда ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгел, саяси және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары туралы сөз болуы мүмкін емес. Өйткені қашан да орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс билігі орнаған соң-ақ, пүшәйман халықтың жері тартып алына басталады. Британия халықтар одағы құрылымындағы басты фактордың бірі - еркін сауда байланысы болса, орыс халқының әдеті - басқалардың жерін басып алумен қоймай, оны орыстың жеріне айналдырып жіберуді көздейді. Сол себепті де осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайды". [18] Осындай пайыммен М.Шоқай қазақ халқының ұлттық дамуын тек тәуелсіз ұлттық мемлекеттік қана қамтамасыз ете алатынын дәйектеді.
Алайда большевизм тарих сахнасында тұрғанда, М.Шоқай бағ-дарламасындағы азаттыққа жету мүмкін емес еді. Осындай жағдайда, ұлттық өркениетке сай өркендеуін қамтамасыз ететін ұлттық мемлекеттік идеяны тек сол большивизмнің өз тұғырында дамытып өмірге енгізу міндеті алға тартылды. Ал оны жүзеге асыру - Тұрар Рұсқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Садуақасов, Сейтқали Меңдешев, Темірбек Жүргенов секілді қазақ коммунистерінің үлесіне тиген-ді. Олар, маркстік-лениндік теорияны игерудегі даярлығы жеткілікті коммунистер ретінде, қарастырылған уақыттық кеңістік шегінде, қолда бар қазақ мемлекеттігінің мазмұнын осынау мұратпен байытуды қалады. Бірақ, орталықтың қасаң да бірізді тоталитарлық бағытын жүзеге асырушылар ондай ізденістерге жол бермейтін. Осылай ұлттық мемлекеттік үшін күрес туды. Уақытында ол әртүрлі ауытқушылықтар мен антипартиялық бұрмалауларға баланды да, кеңестік тарихнамада өзіне тиесілі көрініс таппады. Тарихи мәніне сай бағаланбады.
Осы жәйттерді қарастыруда - тәуелсіздік жарияланғалы бергі уақыт ішінде гуманитарлық ғылым саласындағы мәселені зерттеу теориясы мен методологиясында Қазақстанда қол жеткізілген жетістіктер ескерілді. Соның нәтижесінде, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай тұжырымдауындағы ұлттық мемлекеттіктің ұғымының дәлелдік, салыстырмалық үлгі ретінде, жаңа парадигма санатында алу жолымен, сондай-ақ, үстем идеология қысымымен бұрмаланған деректік құжаттарды жаңаша қарастыру, бұрын беймәлім болып келген деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, зерттеліп отырған кезеңді мейлінше объектиівті бағамдауға талпыныс жасалды. [17]
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми мәнділігі партия-кеңес дәуірінің тарихшылары соңғы кездерге дейін ашып айтпай, идеологиялық ой-долбар орайымен бұрмалап түсіндіріп келген, алайда кеңестік автономияның алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси тыныс-тіршілікте маңызды орын алған құбылысқа жаңаша көзқараспен талдау жүргізуінде; қазақ саяси элитасы тарапынан еліміздің даму жолымен өзектесе жүргізілген ұлттық мемлекеттік кеңестік ауқымда іздеу және оны орнықтыруға тырысу желісін арнайы қарастыруында.
Қазақстандағы мемлекеттіктің мазмұнына байланысты, қазақ басқарушы тобының 1924-1926 жж. Орталықпен, сондай-ақ республикалық партия үкімет органдары аясында жүргізген күресі кезінде кеңестік тарихнама тұрғысынан "оңшылдық" немесе "ұлтшыл - ауытқушылық" көрінісі ретінде бағаланды. Ал шын мәнінде бұл қызмет кеңестік жүйе шеңберіндегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің нағыз өзі болатын. Талқыға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыста мәселе осы тұрғыдан, яғни ұлттық мемлекеттік үшін күрес мағынасында.
Ұлттық мемлекеттік үшін күрес неге жеңіліске ұшырады? Кеңес үкіметі құрған автономиялық республиканы ұлттық мемлекетке айналдыру идеясы неге жүзеге аспай қалды? Осылай алғаш рет тұжырымдалған сауалға дисертациялық зерттеу өз тұрғысынан жауап береді; Коммунистік тоталитаризм дәуірінде зерттеуге жабық саналған, тәуелсіздік кезеңінде де қолға алынбай, соңғы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда қайта қаралмаған саяси науқан - Орта Азияны 1924 ж. ұлттық-аумақтық жіктерге бөлшектеудің астарын, шындығын ашады;
Жұмыс Орталық Азия мен оны мекендейтін халықтар тағдырын өзара сан дәнекермен жалғасқан тұтастықта қарастырады. Осы орайда қазақ мемлекеттігінің Орта Азияда бой түзеген басқа ұлттық құрылымдармен тығыз байланыста дамытылуы қажеттігін жан-жақты дәйектеген қайраткерлер көзқарастарын ғылыми айналымға тартады. Түркістан және Қазақ республикаларының аса көрнекті қайраткері С.Қожановтың Орта Азия Федерациясын құру және Орта Азия республикалары мен Қазақстанды бір экономикалық қауымдастыққа біріктіру идеясының бүгінгі тәуелсіздік дәуірінде де өзектілігін дәйектейді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі тұжырымдарын мәселеге қатысты іргелі зерттеу еңбектерін жазғанда, мәселен, "Қазақстан тарихын" оқуға пайдалануда пайдалануға болады. Кеңесік дәуірдегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің басқа да толық ашылмаған, яки мүлдем қозғалмаған тұстарын зерттеуге оның нәтижелері мен қорытындылары қолданыла алады. Олар, сонымен бірге, коммунистік идеологияның ұзақ жылдарғы үстемдігі қанға сіңірген құлдық психология зардаптарын жоюға, жаңа тарихи сана өрісін кеңейтуге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаға асырылуы ықтимал.
Зерттеу жұмысы сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің тарихын және 20-жылдар қайраткерлерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерін қазіргі таң тұрғысынан, жаңаша бағамдау қызметін көрсете алады. Өткенді шынайы тану арқылы бүгінгі тәуелсізідік келбетін айқын танып, тәуелсіздіктің болашақта нығаю шарттарын дұрыс түсінуге мүмкін болмақ. Осы орайда ол ұлттық идиологияны қалыптастыру ізденістеріне де өз септігін тигізе алады.
Ресей империясы шекарасындағы Орталық Азияда [Түркістанда] тұрған түркі халық ұлтарының ішіндегі саны ең көбі қазақтар еді. Революция қарсаңыңда олардың жартысы Дала өлкесінде, екінші жартысы Орта Азияда [Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхара, Хиуа хандықтары аумақтарында] өмір сүрді. Түркістанда орнаған кеңес үкіметі алғашқы қадамын көшпенділер мүддесін елемеуден, іс жүзіне оларды ұлттық апатқа ұшыратқан "аштық саясатын" жүргізуден бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, 1999; Сындарлы 10 жыл Астана 2003; Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996;

2. Нусупбеков А. Объединение казахских земель в Казахской Советской Социалистической Республике.- Алма-Ата: Акад. наук КазССР, 1953.- 99 с.

3. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. - Алматы: Ғылым, - Т. 4. - 1981. - 676 б.;

4. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. - Алматы: Ғылым.-Т. 4,- 1981.- 676 б.; История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. - А-А.: Наука. - Т. 4. -1977. - .640 с.
Очерки истории Коммунистической партии Казахстана,- А-А.: Казгосиздат, 1963; История коммунистических организаций Средней Азии. - Ташкент: Узбекистан, 1967.- 783 с; СБ.

5. Сапаргалиев М.С. ВозникновениеКазахской Советской государственности (1917-1920 лг.).- А-А.: Изд. АН КазССР, 1948.-129 с.

6. Тайманов Г.Т. Развитие Советской государственности в Казахстане. - Москва. Госюриздат, 1956. - 131 с- С. 50.

7. Сапаргалиев Г. Советское государство в борьбе за развитие социалистической культуры в Казахстане. - Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1957. - 143 с;

8. Олкотт М.Б Казахи. Москва 1987. 244с; Каппелер А. Россия-многонациональная империя. Москва 2000. 344 с.

9. Қозыбаев М.Қ. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы. 1992. 272 бет.

10. В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.П.Осипов. Идейно-политическая работа партийных организаций Казахстана. Алматы 1989. 176 с.

11. М.Қ.Қойгелдиев пен Т.О.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алматы 1993. 208 бет.

12. Пятый Всеказахски Съезд Советов (15-19 апреля) 1925 года. Стен.Отчет. Кызыл-Орда. 1925.

13.Компартия Казахстана за 50 лет. Алматы 1972.

14. Казакстанская организация ВКП(б) в решениях ее конференций и пленумов с приложением важнейших общепартийных документов о Казахстане. 1920-1925 г.г. Выпуск 1.- А-А.- М., 1931.- 150 с; Социалистнческое строительство в Казахстане в восстановительный период (1921-1925 гг.).

15. Шокай Мария. Естеліктер. //Шокай М. Тандамалы. Т. 2,- А., 1999.- 520 б.- Б. 60, 121-124.

16. Ғалихан. Мен кадет партиясынан неге шықтым? // Қазақ. - 1917. - 23 желтоқсан; Бөкейханов Ә. Шығармалар.- А.: Қазақстан, 1994,- 384 б,- Б. 268-269; Бөкейхан Ә. Тандамалы,- А.: "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1995,- 478 б- Б. 414.;

17. Бөкейханов Ә. Шығармалар,- А.: Қазақстан, 1994..- Б. 259-262.; Алаш-Орда. Сборник документов. Составитель Н.Мартыненко. - А-А.: Айкап, 1992.- 192 с,- С. 88-91; Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. - А.; Ататек, 1995. - 256 б. - Б. 134-137, 220-222.

18. Шокай М. Тандамалы. Т. 2,- А., 1999.- 520 б.- Б. 60, 121-124.

19. Мадуанов С. Взаймоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в XVIII-начале XX вв. Алматы 1995. 185.

20. Декрет об Автономной Киргизской Социалистической Республике.

21. Малышева М.П. Национально-территориальное размежевание Сибиров и Казахстана (1919-1922гг.). Семипалатинск: СГУ. 1999. с.90.

22. Ирмуханов Б.Б. Казахстана: историко-публицистицеский взгляд: Алматы: Өлке, 1996. с. 232.
23. Әлмешұлы Ж. Қожанұлы С.А. Түрмеде сөнген шырақ. Алматы 1994. 258 бет.

24. Сәдуақасов С. Қазақстанды қалай құрған жөн? Орта Азияда ұлтаралық шекара жүргізу және Қазақстан Республикасының құрылуы //Қазақстан коммунисі. 1991. №5 81-87 б.

25. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 1997. 10 том. 493 б.

26. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинении в трех томах. Том 2.Алматы, 1997. с.7

27. Советская Степь. 1924 год 14 октября

28. Маймақов Ғ.Қ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы. Алматы, 2005. 116-150 б.б.

29. Зиманов С., Даулетова С., Исмагулов М. Казахский революционный комитет. Алматы, 1982, с. 49.

30. Бугай Н.И. Чрезвычайные органы советской власти: Ревкомы. 1918-1921 гг. Москва, 1990. 318.

31. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты қор-233, тізбе-1, іс-4, 193-парақ.

32. Қозыбаев М.К., Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В., Романов Ю.И. Этносы Казахстана. Астана, 2001. с. 168.

33. Сталин И.В. Сочинения. Москва, 1936. том 7. с.41

34. Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы. Алматы, 2006. 172 б.

35. Қонаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1992. 312 с.

36. Постановление Верховного Совета Казахской ССР о передаче Бостандыкского района и части земель Голодной степи из состава Казахской ССР в состав Узбекской ССР //Казахстанская правда. 22 января, 1956.

37. Казахстанкая правда. 29 января, 1963.

38. Кәкен А. Шекара // Егемен Қазақстан. 31 мамыр, 2000.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-
1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде
Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған.
Республика өміріндегі бұл бетбұрыс жағдай Қазақстанның құрамына бұған
дейін Түркістан АКСР-ы құрамында болған Сырдария және Жетісу облыстарының
түпкілікті өтуіне байланысты болды. Осы оқиғалардың тарихи табиғатын тану,
сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар
көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтижесін ғылыми тұрғыдан тани
білу қажет.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде
ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге
орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық
бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; күрестің даму барысын,
жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, Сырдария және
Жетісу облыстарының Қазақстандағы қосылудағы тарихи шындықты қалпына
келтіру. Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер
қойылды:
- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды
талдап, зерделеу;
- қазақтардың атамекенінде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық
мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;
- қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған
қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын
талдауға алу;
- Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық
мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу;
- Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған
Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу.
қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.
Зерттеуде диалектикалық, логикалық, салыстырмалы, талдау және топтау
әдістері қолданылды. Ізденуші көптеген тарихи, ғылыми еңбектерді,
зерттеулерді, мұрағат құжаттарын ҚР Президенті Назарбаевтың еңбектерін өз
жұмысында кеңінен пайдаланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мұнда келтірілген деректердің бір бөлігі
алғаш рет пайдаланылып отыр.
Еңбектің практикалық маңызы оның материалдарының студенттердің және
оқытушылардың еңбектерінде пайдаланылуы мүмкіндігінде.
Магистрлік дисертация кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, қысқарған
атаулардан, пайдаланылған әдебиттерден тұрады. Еңбектің жалпы көлемі 72
бетті құрайды.

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
АТАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ
БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 24

ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ Жетісу ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...27

ІІІ ТАРАУ. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 51

IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің Сырдария және Жетісу
облыстарын Қазақстанға қосу
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

V Тарау. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық мемлекеттік межелеуден кейінгі
Қазақстан шекарасындағы кейбір
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .72

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР

1. КСРО-Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
2. БОАК-Бүкілресей Орталық Атқару Комитеті
3. БК(б)П-Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партия
4. РК(б)П-Ресей коммунистік (большевиктік) партия
5. БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
6. ЕурАзЭЫ- Еуразия Экономикалық Ынтымақтастығы
7. ЕО ЕС - Еуропалық Одақ
8. КОКП ОК- Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
9. Кирревком - Қырғыз Қазақ революциялық комитеті
10. Киробком - Қырғыз Қазақ облыстық комитеті
11. Қазақ КСР-Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
12. Қазақ АКСР-Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы
13. ҚРОММ-Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты
14. ҚазОАК-Қазақ Орталық Атқару Комитеті
15. ҚР - Қазақстан Республикасы
16. ҚОАК-Қырғыз (Қазақ) Орталық Атқару Комитеті
17. ҚХР - Қытай Халық Республикасы
18. ҚКОК - Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
19. ҚРПМ-Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты
20. РКФСР-Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы
21. РФ - Ресей Федерациясы
22. Сибревком - Сібір революциялық комитеті
23. СІМ-Сыртқы істер министрлігі
24. ТОАК-Түркістан Орталық Атқару Комитеті
25. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
26. ҰҚК-Ұлттық қауіпсіздік комитеті
27. ҰҚШ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты
28. ҰҚШҰ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
39. ШЫҰ-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
40. ӨзКСР-Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасы
41. ТАКСР-Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
42. ТүркХКК-Түркістан Халық Комисарлары Кеңесі
43. Түркімен КСР-Түркімен Кеңестік Социалистік Республикасы
44. РК(б)П Ортаазбюросы-РК(б)П Орта Азия Бюросы.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан
тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік
үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының
жиналақталуы мәселесіне арналған. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев еліміздің тарихының қалыптасуына ерекше назар аударып келеді.
[1]. 1924-1925 жылдарғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік
межелеу және Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстан құрамына бірігуі,
еліміздің даму тарихындағы үлкен бетбұрыс кезең болды.
Республика өміріндегі бұл бетбұрыстың табиғатын тану, сондағы ұлт
қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және
рухани жігердің жемісті нәтиже бермеу себептерін ашу-қазіргі таңдағы
тәуелсіздік талаптары тұрғысынан теориялық және практикалық маңызы зор
міндет болып табылады. Кезінде қалыптасып келе жатқан мемлекеттіктің бірден
қуыршақ сипат алуы бүгінде қайталануына жол беруге болмайтын кемшілік. Оның
себептерін ғылыми тұрғыда талдауға алу жөн.
Алайда бұл маңызды мәселе ғылыми әдебиетте әзірге арнайы қарала
қойған жоқ. Ал кеңестік кезеңде ол бұрмаланып түсіндірліп келді. Сондықтан
оны ақтаңдақтардан тазартып, сол күрделі бет бұрыс кезеңді объективті
түрде зерттеу қажет. Бұл мемлекеттігіміздің бүгінгі ахуалын барлап,
ертеңгі келбетін ғылыми дәйектеп айқындауға мүмкіндік әпереді.Сондай-ақ
"ұлттық саяси өміріміздің балаң дәуірінде ұлттық мемлекетті орнықтыруға
атсалысқан нақты кімдер, ағымдар, саяси тұлғаларды, олардың басым және осал
жақтарын талдауға алудың тағылымдық мәні зор.Ұлттық мемлекеттік үшін күрес
кезеңдерін ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, бүгінгі күн биігінен пайымдаудың
тәуелсіздік мұраттарына қызмет етері сөзсіз.Еліміздің өткенін терең де жан-
жақты зерттеген жұмыстар қоғамдық сананы байытуға, дүниетанымда елеулі
сапалық өзгерістер жасауға, ұлттық идеология іргетасын қалауға, еліміздегі
ұлтаралық қатынастар үйлесімін нығайта түсуге мол үлес қосады.Зерттеу
тақырыбының өзектілігі міне осында.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысты жазудағы мақсат:
Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол
жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру
жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті
түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет
еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп
жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен
кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына
келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және
аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды
тұстарын айқындау.Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай
міндеттер қойылды:
- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды
талдап, зерделеу;
- қазақтардың атамекеніңде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық
мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;
- қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған
қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын
талдауға алу;
- коммунистік партия органдарының қазақ жеріндегі саяси процестерді
қадағалап басқару тәсілдерін, партияның Қазақстанға байланысты ұстанғаны
саясатының мазмұнын сараптау;
- Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық
мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу;
- Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған
Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу,
қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.
Қазақстан саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жөн-
жобасын, ерекшеліктерін, оның өркендеу және жеңілу сырын айқындауға
мүмкіндік береді. Өз ретінде мұндай мазмұндағы жұмыс ұлттық мемлекеттік
мәселелерін тура түсінуге, ұлтаралық қатынастардың күрделі түйіндерін әділ
шешуге септігін тигізбек.
Зерттеудің тарихнамасы. Орта Азия республикаларының ұлттық-
территориялық жіктелуі мәселесін Қазақстан ғалымдары егжей-тегжейлі болмаса
да, лениндік методология тұрғысынан біршама қарады. Бұл мәселені, қазақ
мемлекеттігінің одан әрі нығая түсуі тұрғысынан,тұңғыш рет А.Нүсіпбеков
бірден-бір, тиянақты да арнайы қарастырғантын. Ол Орта Азиядағы межелеуді
Қазақстан тарихының сол кезгі өзекті проблемаларының бірі болған тақырып -
жер-суды жиыстыру мәселесімен ұштастырды. Қазақ жер-суының бірігуі
коммунистік партияның жетекшілігі арқасында, тек кеңестік құрылыс
жағдайында жүзеге асқанын деректі құжаттар негізінде көрсетуді мақсат етті.
Сөйтіп, жұмысында ұлттық-мемлекеттік межелену материалдарынан мол дерек
келтірді. Орта Азияның ұлттық белгілер бойынша жіктелгенге дейінгі және
жаңа мемлекеттік құрылымдар құрылғаннан кейінгі картасын берді. Қазақ
жерінің бірігуінің мақызына тоқталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру
кезеңінің соңындағы Қазақ АКСР-інің жетістіктерін көрсетті. Ғалым өзінің
осы "Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында бірігуі"
атты еңбегін 1953 ж. жария еткен еді [2]. Оның бұл жұмысы 70-80-жж. жарық
көрген "Қазақ ССР тарихы" көп томдығының 4-томындағы [3] қазақ жерлерінің
қосылуына арналған тарауларын жазуда негізгі деректік бұлақ болды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің қалыптасуы және бастапқы
кезеңдегі даму мәселелерін әр жылдарда Т.Елеуов, А.С.Елагин,
С.Бейсембаев,С.М.Кенжебаев, басқа да ғалымдар талдады [4].
Бұл еңбектер, әрине, маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазылды.
Сондықтан да бұл зерттеулерде Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің орнығуы
таптық негізде жүзеге асырылғаны дәріптеледі.
Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар
заңгерлер біраз зерттеді. Ғ.С.Сапарғалиевтің 40-жж. жарық көрген "Қазақ
Кеңестік мемлекеттігінің пайда болуы" деген жұмысы осы мәселені заң ғылымы
тарапынан зерттеген тұңғыш монография [5]. 50-жж. Т.Тайманов Мәскеуден
"Кеңес мемлекеттігінің Қазақстанда дамуы" деп аталған кітабын шығарды.
Қысқаша тарихи-заңдық-құқтық [историко-юридический] очерк деген жанрлық
анықтамамен жарияланған. Бұл жұмысты ұлттық - қуаттық межелеу мәселесіне
байланысты қабылданған шешімдермен олар, "комиссияға кіріп алған қазақ
ұлтшылдарының" ұлттық жіктеу кезіндегі "анық авантюралық сипаттағы"
әрекеті, олардың "Алтайдан Еділге дейін, Бұхар даласынан Сібірге дейін
жайылған ұлы қазақстанның құрылуын", сонымен қатар, "қазақ жері емес"
аумақтардың өзін Қазақстанға қосуды" талап еткені,"Бұхарада қазақ
автономиялық облыстарын құруға тырысқаны" жайында сыни деректер бар. Ондай
әрекеттердің баршасы, автордың ойынша, ұлттық-мемлекеттік межелеуге, Орта
Азия мен Қазақстан халықтары арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуға кедергі
келтіру үшін алашордалықтар тарапынан жасалғанды. Және, әрине, қазақ
халқының мүддесіне жауап бермейтін [6]. Осы кезеңде Ғ.С.Сапарғалиев, 60-жж.
басында С.С.Сартаев, 70-жж.С.З.Зиманов, басқа да заңгер-ғалымдар
Қазақстандағы Кеңестік ұлттық мемлекеттік мәселелеріне әр қырынан талдау
жасады [7].
Бұл еңбектер, қасаң идеологиялық және саяси құрсау шегінде ор-
ындалғанымен, қазақтың кеңестік мемлекеттігінің негізі қалай қаланғаны,
компартияның қамқоршылық рөлі, қазақ мемлекеттігін құрудың қандай
кезеңдерде жүзеге асырылғаны, батыстағы, солтүстіктегі және шығыстағы
шекаралардың белгіленуі, жапсарлас губерниялармен екі арадағы мәселелердің
қайтіп шешілгені, шаруашылық саясаты, мәдени құрылыс мәселелері,
орталықтағы және көрші облыстардағы өкілдіктер мен олардың жұмысы,
орталықтың өлкедегі кадр саясаты, жергілікті кеңестердің нығаюы мен
Алашорданың құлауынан құнды мәліметтер береді.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттіктің табиғатын түсінуге Кеңес
Одағындағы ұлттық мемлекеттікті зерттеген ресейлік К.Д.Коркмасова,
белоруссиялық А.И.Коваленко, мәскеуліктер Д.Л.Златопольский мен
О.И.Чистаков, грузиялық В.Н.Мерквилидзе, тәжікстандық С.А.Раджабов, басқа
да ғалымдардың жұмыстары бар. Қайта құру саясаты жарияланған шақта
С.З.Зиманов пен И.К.Рейтор "Кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылыстың
теориялық мәселелері" деген еңбегін жариялады. Бұл жұмыста Ұлттық
мемлекеттіктің кеңес халқының мемлекеттік бірлігін нығайту рухында, өмірдің
бар саласын интернационалдандыру жолымен құрылғандығы сараланады. Ал
идеологиялық құрсаудан босанған шақта С.З.Зиманов Кеңестік Ұлттық
мемлекеттіктің табиғатын мейлінше ашып талдады. Ол өзінің "КСРО-дағы ав-
тономияландырудың теориясы мен практикасы" деген еңбегінде одақтың
империялық ұмтылыстары, ұлттардың өз тағдырын өзі айқындауы мәселесінде жол
берілген аса терең бұрмалаулар КСРО тағдырында апатты рөл атқарғанын
дәлелді түрде айтты. Лениннің "қамшы мен тәтті нан" саясатын қатаң
үйлестіріп жүргізу жағындағы саясаткер болғанын дәлелдеді. Коммунистік
партияның ұлттық мемлекетке көзқарасы мен өз нұсқасын өмірге енгізу
тәжірибесі қалай жүзеге асырыла бастағаны татар коммунисі Мирсат
Сұлтанғалиевтің қайғылы тағдырынан айқын танылатынын зерттеуші
Б.Сұлтанбеков ашып көрсетті. Кеңес Одағындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың
асаң шектеулермен жүргізілгенін, түрлі бұрмалау, жазалаулармен астасып
отырғанын, кеңес өкіметінің пайда болуын, тарихы мен ыдырауын Р.Конквест,
М.Олкотт, А.Каппелер секілді шетелдік ғалымдар да зерттеді [8].
Қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекелтік түрін орнықтыру жолындағы
ізденістері мен қызметі өзінің маңыздылығына байланысты арнайы қарастыруға
лайық болса да, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан талдауға
алынған жоқ. Жоғарыда аталған ғалымдардың іргелі де сүбелі жұмыстарында
зерттеу кезеңіне қатысты аса маңызды деректер ғылыми түрде жүйеленгенмен,
олар биліктегі партияның тоталитарлық қыспағында, партиялық-таптық мүддені
күштеп жазылғандықтан да, толық мәніндегі тарихи объективтілік принципіне
жауап бермейтін.
Ұлттық Ғылым академиясының академигі М.Қ.Козыбаевтың, ҰҒА
корреспоңдент-мүшелері К.Н.Нүрпейісовтің, М.Х.Асылбековтың, ғылым
докторлары, профессорлар М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың, ғылым
кандидаты Қ.С.Алдажұмановтың басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің жаңаша
көзқараспен жазылған еңбектері тарих ғылымына жаңғырған беттер мен жолдар
ұсынды [9], олар Қазақстанның өткен белестерін, әсіресе, тақырыбымызға
тікелей қатысы бар XX ғ. 20-30-жж. оқиғаларды жаңғыртып, бұрынғы
бұрмалаулардан аршыды. Жалпы, қайта құру мен тәуелсіздік жылдары жұмыс
тақырыбын ашуға жәрдемдесетін зерттеулер көбейді. Бұл қатарда, республика
партия ұйымдарында 20-жж. жүргізілген идеялық-саяси жұмысты әлі де
тоталитарлық пайымдау шырмауында, бұрмалаудан арылмаған ахуалда
талдағанмен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы
институты қызметкерлерінің (В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.П.Осипов)
еңбегі де бар [10].
90-жж. басында М.Қ.Қойгелдиев пен Т.О.Омарбеков қазақ интел-
лигенциясының қатал тағдыры мен голощекиндік геноцидті арқау еткен ғылыми
еңбегін жарыққа шығарды [11]. Бұл еңбек қазақ саяси элитасының ел
тағдырымен тығыз байланысты ізденістері мен қызметі, жеңісі мен ұтылысы,
большевизм туғызған қасірет жайынан құнды мағлұматтар береді. Кейінгі
жылдары осы сипаттағы басқа да зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде
Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеудің Қазақстан тарихына қатысты, біздің
тақырыбымызға жақын әрі елеулі тұстары өзбек зертеушісі Р.Я.Раджапов мен
тәжік қаламгері Н.Табаров еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен жариялылық
жылдарынан бері, соның ішінде тәуелсіздік дәуірінде өмірге келген
еңбектерде де біз нысанаға алған проблема арнайы зерттелмеді. Сондықтан да
олар мәселенің тақырыпта белгіленген мерзімдік ауқымдағы қойылысы мен
практикасына жанжақты ғылыми талдау жүргізуге, сөйтіп, диссертация
тақырыбын мейлінше объективті тексеріс жасау арқылы ашып-түзуге жетімсіздік
ететін. Бұл жәйт аталған тақырыппен арнайы зерттеу жүргізудік кажеттігі мен
маңыздылығын арттыра түседі.
Диссертацияның деректік негізі. Жұмыстың зерттемелік негізін
құрайтын дерек көздері былай жүйеленді: 1. мұрағаттарда сақтаулы іс жүргізу
құжаттары; 2. өз уақытында ресми басып шығарылған хаттамалар мен қарарлар;
3. құжаттар жинақтары; 4. мерзімді баспасөз; 5. мемлекет басшыларының,
большевик-зерттеушілер мен ұлт қайраткерлерінің еңбектері; 6. эмиграциялық
әдебиет.
Дерек көздерінің екінші тобын жеке басылымдар түрінде жарық көрген
Қазақстан Кеңестері 5-Құрылтайының хаттамасы, Қазобком сессияларының
материалдары, БК(б)П Қазақ Өлкекомының өлкелік ұйымының 5-конференциясына
берген есебі, Қазөлкекомның З-Пленунумындағы ішкіпартиялык мәселелер,
БК(б)П Қазақ Өлкелік Бақылау комиссиясының есебі, сондай-ақ Түркістандағы
РК(б)П мұсылман бюросы конференцияларының хаттамалары, ұлт қызметкерлерімен
өткізілген маслихаттардың есептері құрайды [12].
Үшінші топтағы маңызды деректер бұлағының бірі - "БК(б)П-ның
қазақстандық ұйымы оның конференциялары мен пленумдарының шешімдерінде,
Қазақстан туралы аса маңызды жалпыпартиялық құжаттар қоса тіркелген" деп
аталатын, 1920-1925 жылдарды қамтып, 1931 ж. шығарылған құжаттар жинағы.
Мұнда кейінгі осындай жинақтардың ешқайсысына енгізілмеген, зерттеуіміздің
тақырыбына тікелей байланысы бар, Орта Азиядағы ұлттық межелеуге орай
Қазобком пленумы қабылдаған қарардың толық мәтіні бар. Ол ғылыми айналымға
тұңғыш мәрте енгізіліп отыр. Сондай-ақ ҚКП ОК жанындағы партия тарихы
институты әр жылдарда әзірлеген Қазақстан Компартиясы съездері мен
конференциялары шешімдері мен түрлі тақырыптық құжаттардың басын қосқан
жинақтар да осы топта [13].
Төртінші топқа жіктелген мерзімді баспасөзден - ұлттық-
мемлекеттік межеленуге байланысты маңызды дерек көзі ретінде Түркістан
Компартиясы Орталық Комитетінің органы "Туркестанская правда" газеті,
қазақстандық тыныс-тіршілікті әр қырынан сипаттайтын мәліметтер бұлағы
ретінде пайдаланылды.
Бұрынғы Сырдария облысының көптеген материалдары кезінде қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына берілген екен. Бұл құжаттар да
зерттеу жұмысымызда пайдаланылды. Мұрағат құжаттарынан басқа мерзімдік
басылымдарға сүйендік.
Әсіресе 1920-1924 жылдарғы "Туркестанская правда" газетінің
материалдары көп пайдаланылды. Бұл газет Түркістан Компартиясы Орталық
Комитеті, ВСЦПС, Туркбюросы, Түркістан Орталық Атқару Комитетінің және
Сырдария облыстық партия комитетінің органы болып есептелген. Газет
материалдары зерттеуге байланысты мәселелерді жалпы тұрғыда ашып беруге
негіз бола алады. Себебі газет тақырыпқа байланысты мәселелерді күнделікті
жазып отырған. Газет бетінде Түркістан Республикасының басшылары, басқа да
тұлғалар Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты
мәселелер жөнінде үнемі материалдар жариялап тұрған.
Зерттеу үшін Қазақ обкомының және ҚазОАК-тың органы болып табылған
"Советская степь" газетінің де материалдарының маңызы үлкен болды. Бірақ
сол кездегі Қазақстанның астанасы Орынборда шығып тұрған бұл газет қаланың
Түркістаннан тым шалғай жатуына байланысты мәселені жүйелі түрде ашпаған
десе болады. Осы тұрғыдан "Советская степь" газетінің біздің зерттеуге
қатысты материалдары "Туркестанская правда" газетіне қарағанда тым сирек.
Сонымен қатар еңбекте басқа да баспасөз органдарының материалдары
пайдаланылды. Олардың аттары еңбектегі сілтемелерде көрсетілген. Еңбекті
жазу барысында мынандай жинақтар: "Сборник законов СССР", "Собрание
узаконений и распоряжений Правительства РСФСР" , Түркістан Республикасының
және Қазақ АКСР-нің заңдарының жинақтары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысына тартылған дерек көздерінің бесінші ретпен жүйеленген
келесі бір маңызды тобы большевиктер практикасында теориялық қағидалары
басшылыққа алынған К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, И.В.Сталин еңбектерінен
және революциялык өзгерістердің нақты көріністерін қарастырған Г.Сафаров,
Т.Рұсқұлов, М.Тынышпаев, С.Қожанов, С.Садуақасов, С.Аспандияров, басқа да
қайраткерлер мен зерттеушілердің жұмыстарынан тұрады [14]. Олар зерттеліп
отырған кезеңнің тынысы мен рухын заманның өз кейіпкерлері көмегімен тануға
мүмкіндік берді.
Дерек көздерінің алтыншы топқа бөлінген тағы бір елеулі қатары
-маңыздылығы жағынан орны ерекше, ғылыми айналымға тартудың мүмкіндігі
тәуелсіздік жылдары ғана туған эмиграциялық әдебиет. Бұл орайда біз бірінші
кезекте большевизм саясаты мен практикасын қабылдай алмай, шетелге асып
кеткен, сонда орыс эмиграциясының мерзімдік басылымдарына қатысу, өз ұлттық
басылымдарын шығару арқылы кеңес өкіметінің бітіспес оппоненттері болған
Қоқан (Түркістан) және Башқұрт автономиялары үкіметтерінің бұрынғы
басшылары Мұстафа Шоқай меи Зәки Валиди жұмыстарын атаймыз.
Зерттеуге олардың мұраларымен қатар басқа да, естеліктер пайдаланды
[15]. Кеңестік идеология ауқымында жазылған еңбектерді сыни көзқараспен
қайта қарауға, сөйтіп, тарихи-салыстырмалылық тәсілмен тиісті пайымдар
қорытып түзуге - шартты түрде осылай топтастырылған дерек көздері кеңінен
қатыстырылды.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыста қарастырылмақ уақыттық
ауқым 1924-1926 жылдармен шектелген. Зерттелуге алынып отырған осынау
мерзім шегі Қазақстан өміріндегі ірі тарихи бетбұрысымен ерекшеленген
кезеңді қамтиды. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық
межелеу кезеңінде қазақ халқы мен оның басқарушы элитасының ұлттық
мемлекеттік үшін күресі жаңа сипат алды, жаңа мазмұнға ие болды. Межелеуге
қатысқан тұлғалар керегесі кеңейген Қазақстанның белсенді қайраткерлері
болды. Сондай-ақ бұл жылдар, әсіресе 1925 ж. сәуірдегі Қазақстан
Кеңестерінің бесінші съезі, кеңестік билік ауқымында мүмкін болған ұлттық
мемлекеттік үшін күрестің ең биігіне шыққан салтанатты шағына айналды.
Сонымен қатар, көп ұзамай-ақ, РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1926 ж.
қарашада өткен 3-пленумы республиканың басқарушы элитасындағы ұлттық-
мемлекеттік мүдде үшін батыл күрес жүргізетін көрнекті қайраткерлерге
ойсырата соққы берді. Бұл - ұлт мәселесін пайымдау кілті орталықтың
тоталитарлық билігі қолына біржолата көшкенін, Қазақстанның саяси
басшылығындағы қазақ элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің
жеңілгенін көрсететін саяси оқиға болатын. Кеңестік жүйе ауқымындағы
қазақтың ұлттық мемлекеттігі үшін күрес табиғатын зерттеудің жоғарыда
көрсетілген хронологиялық шегі осындай пайымдармен белгіленді.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты
тексерілген, обьективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Тарих
материалдарын бағалауда қоғамның даму шындығының тарихи және логикалық
қисындарын әділ сараптау жолымен қорыттық. Тарих сахнасынан ығысқан билеуші
партияның "маркстік-лениндік методология" атты ғылыми таным құралымен
қарастырылып бағаланған оқиғаларды талдауымызға пайдаланғанда, оны
анықталған дәл тарихи фактілер негізінде қайта саралап, тарихи деректерді
салыстырып қарау әдісін қолдандық.Ұлттық мемлекеттік идеясына байланысты XX
ғ. алғашқы ширегінде ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, М.Шоқай және
т.б.) еңбектерінде айтылған теориялық тұжырымдар зерттеуде басты
методологиялық принцип ретінде негізге алынды.
Осыған байланысты мына жәйтті еске сала кету ләзім. 20-жж.
қайраткерлерінің тарихтағы рөлі мен орыны әлі күнге дейін жеткілікті
дәрежеде, тарихи контексте, объективтілікпен зерттеліп-анықталмаған
қызметтерінің тиісті бағасы беріле қоймаған Олардың кейбірінің өз
істердегі қызметіне орай қалыптасқан қилы пікірлер бар. Бұларды талдап ақ-
қарасын ажырату біздің жұмысымыздың міндетіне жатпайды. Сондықтан біз
оларды зерттеу тақырыбымыздың талабы тұрғысынан, белгіленген уақыт
кесіндісінде ғана қарастырамыз.
Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан бастап, жер-су
мәселесі ұлттың тұтастығын, халықтың елдігін сақтаудың ең өзекті
проблемаларының біріне айналған еді. Бұл жайында XX ғ. алғашқы
онжылдықтарында қилы әрекеттер жасалды. Депутат Бақытжан Қаратаев 2-
мемлекеттік дума мінбесінен қазақтардың жер-су мүддесін қорғаған атақты
сөзін сөйледі. Ресей конституцияшыл - демократтар партиясы орталық
комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейхановтың кадеттер қатарынан кетіп, Алаш
партиясын құруға кірісуінің басты себептерінің бірі осы жер иелігін шешу
мақсатынан [16]. Әкелерден мұраға қалған атамекен аумағын сақтау - қазақ
халқының ұлттық экономикасын дамытып, ұлттық тұрғыда дамуының негізгі
шарты еді. Сондықтан да 1917 ж. жалпықазақ Желтоқсан құрылтайы федеративті
негізде ұйысуға тиіс Ресей Республикасының құрамында қазақтардың саяси және
экономикалық дербестігі бар автономиясын құру қажет деп қорытқанды.
Орыс демократиясының және большевизмнің табиғатын терең тани келе,
Түркістандағы (Орталық Азия аумағы) түркі халықтарының ұлттық тұтастығы
үшін күресі барысында, Мұстафа Шоқай осы тұжырымды ілгері дамытты. Ол
шынайы ұлттық мемлекеттікті тек тәуелсіздік жағдайында ғана құруға болады
деп есептеп, эмиграцияда өткен бүкіл публицистік-қайраткерлік ғұмырын сол
ойды насихаттауға арнады. Оның бұл реттегі көзқарастары "Ресейдегі ұлттық
мемлекет мәселесіне орай" деген мақаласында неғұрлым айқын қорытылған.
М.Шоқайдың тұжырымдауынша, КСРО орыс емес халықтардың мемлекеттігі мен
тәуелсіздігіне жау жалғыз ғана ел... Осы елдің құрамындағы Қазақстанда
ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгел, саяси және ұлттық бостандықтың ең
қарапайым нышандары туралы сөз болуы мүмкін емес. Өйткені қашан да орыс
солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс
билігі орнаған соң-ақ, пүшәйман халықтың жері тартып алына басталады.
Британия халықтар одағы құрылымындағы басты фактордың бірі - еркін сауда
байланысы болса, орыс халқының әдеті - басқалардың жерін басып алумен
қоймай, оны орыстың жеріне айналдырып жіберуді көздейді. Сол себепті де
осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең
құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайды". [18] Осындай пайыммен
М.Шоқай қазақ халқының ұлттық дамуын тек тәуелсіз ұлттық мемлекеттік қана
қамтамасыз ете алатынын дәйектеді.
Алайда большевизм тарих сахнасында тұрғанда, М.Шоқай бағ-
дарламасындағы азаттыққа жету мүмкін емес еді. Осындай жағдайда, ұлттық
өркениетке сай өркендеуін қамтамасыз ететін ұлттық мемлекеттік идеяны тек
сол большивизмнің өз тұғырында дамытып өмірге енгізу міндеті алға тартылды.
Ал оны жүзеге асыру - Тұрар Рұсқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Садуақасов,
Сейтқали Меңдешев, Темірбек Жүргенов секілді қазақ коммунистерінің үлесіне
тиген-ді. Олар, маркстік-лениндік теорияны игерудегі даярлығы жеткілікті
коммунистер ретінде, қарастырылған уақыттық кеңістік шегінде, қолда бар
қазақ мемлекеттігінің мазмұнын осынау мұратпен байытуды қалады. Бірақ,
орталықтың қасаң да бірізді тоталитарлық бағытын жүзеге асырушылар ондай
ізденістерге жол бермейтін. Осылай ұлттық мемлекеттік үшін күрес туды.
Уақытында ол әртүрлі ауытқушылықтар мен антипартиялық бұрмалауларға баланды
да, кеңестік тарихнамада өзіне тиесілі көрініс таппады. Тарихи мәніне сай
бағаланбады.
Осы жәйттерді қарастыруда - тәуелсіздік жарияланғалы бергі уақыт
ішінде гуманитарлық ғылым саласындағы мәселені зерттеу теориясы мен
методологиясында Қазақстанда қол жеткізілген жетістіктер ескерілді. Соның
нәтижесінде, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай тұжырымдауындағы ұлттық мемлекеттіктің
ұғымының дәлелдік, салыстырмалық үлгі ретінде, жаңа парадигма санатында
алу жолымен, сондай-ақ, үстем идеология қысымымен бұрмаланған деректік
құжаттарды жаңаша қарастыру, бұрын беймәлім болып келген деректерді ғылыми
айналымға енгізу арқылы, зерттеліп отырған кезеңді мейлінше объектиівті
бағамдауға талпыныс жасалды. [17]
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми мәнділігі партия-кеңес
дәуірінің тарихшылары соңғы кездерге дейін ашып айтпай, идеологиялық ой-
долбар орайымен бұрмалап түсіндіріп келген, алайда кеңестік автономияның
алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси тыныс-тіршілікте маңызды орын алған
құбылысқа жаңаша көзқараспен талдау жүргізуінде; қазақ саяси элитасы
тарапынан еліміздің даму жолымен өзектесе жүргізілген ұлттық мемлекеттік
кеңестік ауқымда іздеу және оны орнықтыруға тырысу желісін арнайы
қарастыруында.
Қазақстандағы мемлекеттіктің мазмұнына байланысты, қазақ басқарушы
тобының 1924-1926 жж. Орталықпен, сондай-ақ республикалық партия үкімет
органдары аясында жүргізген күресі кезінде кеңестік тарихнама тұрғысынан
"оңшылдық" немесе "ұлтшыл - ауытқушылық" көрінісі ретінде бағаланды. Ал шын
мәнінде бұл қызмет кеңестік жүйе шеңберіндегі ұлттық мемлекеттік үшін
күрестің нағыз өзі болатын. Талқыға ұсынылып отырған диссертациялық
жұмыста мәселе осы тұрғыдан, яғни ұлттық мемлекеттік үшін күрес
мағынасында.
Ұлттық мемлекеттік үшін күрес неге жеңіліске ұшырады? Кеңес үкіметі
құрған автономиялық республиканы ұлттық мемлекетке айналдыру идеясы неге
жүзеге аспай қалды? Осылай алғаш рет тұжырымдалған сауалға дисертациялық
зерттеу өз тұрғысынан жауап береді; Коммунистік тоталитаризм дәуірінде
зерттеуге жабық саналған, тәуелсіздік кезеңінде де қолға алынбай, соңғы
уақытқа дейін ғылыми тұрғыда қайта қаралмаған саяси науқан - Орта Азияны
1924 ж. ұлттық-аумақтық жіктерге бөлшектеудің астарын, шындығын ашады;
Жұмыс Орталық Азия мен оны мекендейтін халықтар тағдырын өзара сан
дәнекермен жалғасқан тұтастықта қарастырады. Осы орайда қазақ
мемлекеттігінің Орта Азияда бой түзеген басқа ұлттық құрылымдармен тығыз
байланыста дамытылуы қажеттігін жан-жақты дәйектеген қайраткерлер
көзқарастарын ғылыми айналымға тартады. Түркістан және Қазақ
республикаларының аса көрнекті қайраткері С.Қожановтың Орта Азия
Федерациясын құру және Орта Азия республикалары мен Қазақстанды бір
экономикалық қауымдастыққа біріктіру идеясының бүгінгі тәуелсіздік
дәуірінде де өзектілігін дәйектейді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі
тұжырымдарын мәселеге қатысты іргелі зерттеу еңбектерін жазғанда, мәселен,
"Қазақстан тарихын" оқуға пайдалануда пайдалануға болады. Кеңесік дәуірдегі
ұлттық мемлекеттік үшін күрестің басқа да толық ашылмаған, яки мүлдем
қозғалмаған тұстарын зерттеуге оның нәтижелері мен қорытындылары қолданыла
алады. Олар, сонымен бірге, коммунистік идеологияның ұзақ жылдарғы
үстемдігі қанға сіңірген құлдық психология зардаптарын жоюға, жаңа тарихи
сана өрісін кеңейтуге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаға асырылуы
ықтимал.
Зерттеу жұмысы сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің тарихын және 20-жылдар
қайраткерлерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерін қазіргі таң тұрғысынан,
жаңаша бағамдау қызметін көрсете алады. Өткенді шынайы тану арқылы бүгінгі
тәуелсізідік келбетін айқын танып, тәуелсіздіктің болашақта нығаю шарттарын
дұрыс түсінуге мүмкін болмақ. Осы орайда ол ұлттық идиологияны
қалыптастыру ізденістеріне де өз септігін тигізе алады.
Ресей империясы шекарасындағы Орталық Азияда [Түркістанда] тұрған
түркі халық ұлтарының ішіндегі саны ең көбі қазақтар еді. Революция
қарсаңыңда олардың жартысы Дала өлкесінде, екінші жартысы Орта Азияда
[Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхара, Хиуа хандықтары аумақтарында]
өмір сүрді. Түркістанда орнаған кеңес үкіметі алғашқы қадамын көшпенділер
мүддесін елемеуден, іс жүзіне оларды ұлттық апатқа ұшыратқан "аштық
саясатын" жүргізуден бастады.

І Тарау. Орта Азия республикаларындағы ұлттық-
территориялық межелеудің барысы

Қазақстанның оңтүстік мемлекеттік шекарасына келетін болсақ еліміз
тәуелсіз болып, өз шекарасын көрші елдермен айқындайтын кезде, біраз болса
да келеңсіз мәселелер туындаған болатын. Бұл көршілес, тағдырлас, бауырлас
түркі тілдес елдердің территориялық мәселелерінің тарихи тереңде жатқаны
баршаға мәлім.
Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы территориялар бірнеше
ғасырлар бойы сол тұстағы тарихи жағдайға байланысты бір елден екінші елге
алма кезек өтіп отырғаны белгілі.
Екіншіден, Сыр өзені бойындағы қалалар мен Түркістан қаласының
бірнеше ғасырлар бойы қазақ хандығының астанасы болуы екі елдің арасындағы
қарым-қатынас мәселесіндегі маңызды істердің бірі болып табылады. Қазан
төңкерісіне дейінгі тарихтың қай кезеңін алсақ та, Орталық Азия мен
Қазақстан тарихы тұтастай бірігіп жатыр. Бұл ғасырдың аяғы мен XX ғасыр
басындағы ұлттық бірлік, тәуелсіздік үшін болған қозғалыстар мен
көтерілістер.
XIX ғасырда Қазақстанның оңтүстік территориясын үш өзбек хандықтары –
Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесіп жатты. XIX ғасырдың бірінші
жартысында Қоқан және Хиуа хандықтары көрші қазақ, қырғыз және түрікмен
халықтарына қарсы экспансиялық саясат жүргізіп отырды. XIX ғасырдың 20
жылдарына қарай Қоқан хандығы батысында Арал теңізі, шығысында Шу және Іле
өзендері бассейндері аралығында орналасқан Ұлы және Кіші жүз иеліктеріндегі
ұланғайыр территорияны басып алды. Сол кезде Қоқан хандығының қол астында
150 мың қазақ отбасы өтті деп көрсетеді С.Мадуанов [19. 37-38б.].
Ресей патшалығы Орта Азиялық хандықтарды жаулап алғаннан кейін,
орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторылығы
құрылды. Түркістан генерал-губернаторылығының қарамағына қазақ жерлерінің
Жетісу және Сырдария облыстары қарады. 1876 жылы патша өкіметі Ферғана
даласындағы халық көтерілісін әскери күшпен басып, Қоқан хандығын толықтай
жойды. Қоқан хандығының территориясын тұтастай Түркістан генерал-
губернаторлығының құрамына – Ферғана облысы деген атпен қосты.
Патшалық Ресейдің 1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген әкімшілік
реформаларының нәтежиесінде Сырдария облысы: Қазалы, Перовск, Шымкент және
Жизақ уездерінен құралды. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі
ереже енгізілгеннен кейін, Ходжент уезі жаңа құрылған Самарқанд облысының
құрамына кірді. Осы тұста Түркістан уезі қысқартылып, оның территориясы
Шымкент және Перовск уездері арасында бөлінді. Ал құрамының өзі Ташкент
болып өзгертілді.
Жаңа реформа бойынша Жетісу облысына құрамындағы Сергиополь, Капал,
Верный, Ыстық көл уездеріне қосымша Алатау округі мен Тоқмақ және Жаркент
уездері қосылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-
губернаторлығының территориясының көп бөлігі 1918 мамыр айында Түркістан
өлкесі Кеңестерінің V-съезінде құрылған Түркістан Автономиялы Кеңестік
Социялистік Республикасының құрамына өтті. Сондай-ақ, оның құрамына
Қазақстан жеріндегі Жетісу және Сырдария облыстары да кірді.
Бүкіл ресей Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссиялары Кеңесі
Совнаркомның 1919 жылғы 10 шілдедегі №354 қаулысына сәйкес Қазақ АКСР-і
территориясының шекарасын бекіткен болатын. Бұл құжат бойынша Қазақ АКСР-
і құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының
Маңғышлақ және Краснавод уездері, Астырахань губерниясының Синемор және
Бөкей ордалары, сонымен қатар қосымша біраз жерлер қосылды. Ал қарастырып
отырған қазақ жерлерінің оңтүстік шекарасына келгенде, Декретке Түркістан
құрамына кіретін қазақ жерлері халықтың қалауы бойынша шешілсін деген бап
енгізілген болатын [20].
Орталық Азияда ерте заманнан экономикасы, шаруашылығы мен мәдениеті
дамыған қалалардың көп болғандығын біз осы аймақта өткізілген
архиологиялық зерттеулер мен бізге жеткен жазба деректерінен білеміз, ал
табиғатының қолайлығы мен осы аймақтан дүниенің бір басымен екінші басын
жалғап жатқан Жібек Жолының өтуі мұнда халықтың көптеп шоғырлануына алып
келеді. Аймақта халықтың тығыз және аралас орналасуы XX ғасырдың 20
жылдарының бас кезеңінде ұлттық республикалар арасында әкімшілік
шекараларды анықтау барысында көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі.
1921 жылы Түркістан Республикасы БОАК-тің 1921 жылғы 11сәуірдегі
Декретіне сәйкес РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялы Кеңестік
Социялистік Республикасы болып қайта құрылды.Бірақ кеңес үкіметі Ресейдің
ескі әкімшілік бөліністерін, яғни крепостник-помещиктер мен
самодержавиелік-крепостниктік мемлекетінің шенеуніктері орнатқан
бөліністерді ескі деп тауып, оның орнына жаңа шарушылық өмірдің талаптарына
және тұрғындардың ұлттық құрамына сәйкес жасау керек деп айтқан болатын.
Түркістанды ұлттық-территориялық межелеу мәселесі БОАК-тің 1921 жылғы
11 сәуіріндегі Декреті қабылданғанға дейін көтерілді.Межелерді жүргізу
үлкен дайындық жұмыстарын талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай өте ауыр
еді. Аймақтағы әлеуметтік-экономиялық ахуал үздіксіз соғыстар мен
көтерілістердің нәтежиесінде күрт қиындады. 1920 жылдың басына дейін
Закаспийде ағылшындар мен ақ гвардишыларға, біріккен Хиуа және Қоқан
хандарына қарсы соғыс жүріп жатты. Ферғанада басмаш құрылымдары белсенділік
танытса, 1920 жылдың сәуіріне дейін Жетісу майданы жойылмаған болатын. 1920
маусымда Верныйда кеңеске қарсы бүлік шықты. Тек Хиуа мен Бұқараны алғаннан
кейін ғана, Орта Азиядағы жаңа ұлттық-территориялық бөліністері мен қайта
құрылған Қазақ АКСР-ның шекарасын анықтау мәселесін шешуге мүмкіндіктер
туды.
Бұрынғы Хиуа мен Бұқара хандықтарының орнына жаңадан Хиуа мен Бұқара
Республикалары құрылды.1920 жылғы қазандағы Қырғыз (Қазақ) АКСР
Кеңестерінің құрылтай съезінде Түкістанның қазақ облыстарын Қазақ АКСР-нің
құрамына қосу мүмкіндіктері талқыланды.Аймақтағы саяси-экономиялық жағдай
күрделі болғандықтан Орталық Азияда мемлекеттердің шекараларын ұлттық
құрамына қарай бөлу тек 1924 жылы ғана іске асты.1923 жылы Түркістан,
Бұқара және Хорезм ұлттық республикаларын біріктіру ісі жүзеге асты.
1920 жылы 25 қыркүйекте Жанкелдин, Әлібеков, Меңдешев және т.б.
қатысқан Облбюроның мәжілісінде республиканың шекарасын анықтауға қатысты
жасалған баяндаманың тезисі тыңдалды. Мәжілісінің шешімі бойынша Қазақ АКСР-
іне қазақтардың Сырдария обылысынан Торғайға көшкенге дейін мекендейтін
жерлері қойылсын деген шешім қабылданады. Ал Сырдария облысының бөлігін
нақты анықтау әкімшілік бөлу секциясына жүктелді.
РКФСР аймақта барлығына ортақ ақша белгілерін енгізді, бүкіл Орталық
Азияға ортақ сыртқы сауда мен темір жол басқармасы құрылды, бірыңғай
экономикалық жоспарлау орнатылды. Хорезм және Бұқара республикалары
халықтың республикадан социалистік республикаға ауыса қайта құрылып, КСРО
құрамына кірді.
Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді
жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының
тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық
республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-
ақ, экономикалық орталықтар мен ірі елді-мекендерді бөлу мәселесі көп
жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтың
ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағайды одан
әрі қиындатты. Осының бәрі көптеген жұмысты талап етті. Осы мақсатта РК(б)П
ОК Орталық Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке
комиссия бөлімшелері құрылды.
РК (б)П-ның XII съезіндегі кейін Орта Азия республикаларының партия
және кеңес органдары РК (б)П ОК-нен Орта Азияны ұлттық территориялық
жағынан межелеуді жүргізу мәселесін құрауды сұрап тілек білдірді. Қазақ
АКСР-інің үкіметі 1924 жылы қаңтарда кеңестердің IV съезінде берген
есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақ аудандарын қосу туралы
мәселені орталық партия комитетінің және мемлекет органдарының алдына
қойды. Түркістан кеңестерінің XII съезінде делегаттары сөйлеген сөздерінде
межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті.
1924 жылы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің хатшысы Я.Э. Рудзутакқа осы
мәселе жөнінде Ташкентте кеңес шақыруды тапсырды. Кеңес 1924 жылы наурызда
өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан
коммунистік партиясының орталық коммитетінің хатшысы А. Рахымбаев баяндама
жасады [21]. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. Түркістан
ОАК төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық
межеленуін және түркімен халқының біртұтас кеңес республикасына бірігуінің
қолайлы екенін айтты.
Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері С.Асфендияров өз сөзінде Қарақырғыз
автономиялы облысын құрудың заңдылығын дәлелдеді. Бұны өз сөзінде Атабаев
қолдады. Орта Азиялық экономикалық кеңестің төрағасы М.А. Посуцкий
“аймақтың экономикалық бірлігі қолайлы” дегенге сүйеніп, Орта Азияның
барлық республикаларын біріктіруді талап етті. Ол шындығында межелеуге
қарсы шықты. Сұлтанбек Қожанов “түркі тайпалары бірыңғай түркі тілдес
халықты құрайды, оны жасанды түрде айыруға болмайды”,-деді. Кеңес Пасутский
мен Қожановтың пікірлерін қабылдамай тастады. Ол Рақымбаевтың Орта Азияны
межелеу туралы баяндамасының негізгі тезистерін мақұлдады. Жергілікті
ұйымдардың пікірлері анықталғаннан кейін мәселені талқылау РК(б)П ОК-нің
Орта Азия бюросы мен орталық партия органдарына көшірілді.
Сонымен қатар, С. Қожанов 1924 жылғы 10 наурызда өткен ұлттық-
территориялық межелеуге байланысты мәжілісте Орталық Азияны федерацияға,
экономикалық жағынан емес, саяси әкімшілік жағынан біріктіру туралы ұсыныс
жасады.
Ал 1924 жылы 26 тамыздағы РК(б)П Киробком Төралқасының мәжілісінде
Меңдешев Түркістан АКСР-і мен арадағы шекараны межелеуге байланысты
баяндама жасайды. Меңдешев республикалар арасындағы шекараны анықтауға әр
елден үш адамнан өкіл қатысқан коммисияның күрделі және келісімді жұмыс
атқарып жатқандығы жайлы хабардар етіп, біраз қарама-қайшылықтар тудырып
отырған мәселелерге ерекше тоқталып, комиссияның ұлттық-территориялық
межелеуге қатысты шешімдерінің қорытындысымен таныстырды. Ташкент уезінің
ұлттық құрамы төрт белбеуден тұратын, Біріншісі – Ангрен өзені бойында
орналасқан 8 болыстан тұратын Құрамыс рулары мекендейтін шығыс белдеуі, ол
қазақ делегациясының пікірінше, қазақ ұлты өкілдері болып саналады, ал
өзбек делегациясы, керісінше, олардың өзбектерден тарайтындығын дәлелдеді.
Екіншісі – Шыршық өзенінің сол жағалауында қазақ халқы басым тұратын 8
болыстан құрылған белбеу. Үшіншісі – 4 болыстан тұратын, халқының құрамы
талас тудырып отырған, 1920 жылғы халық сынағына сүйенген өзбек жағының
пікірінше, мұнда өзбек халқы басым, ал қазақ өкілдерінің ойынша, бұл жерде
қазақ халқы басым тұратын орта белбеу. Төртінші белбеу – тұтастай қазақ
халқы мекендейтін Ташкент уезінің батыс бөлігі. Комиссия құрамында жұмыс
жасаған қазақ бюросының жобасы бойынша, бүкіл Ташкент уезі Қырғыз (Қазақ)
АКСР-і құрамына өтуі тиіс болды. Ал Өзбек бюросының жобасы бойынша,
Қазақстанға тек төртінші белбеуді беру қарастырылған. Комиссияның қарауына
осындай 2 жоба ұсынылды. Екі жақты пікір алысудың нәтижесінде комиссия
Ташкент пен оның айналасын 30 верст радиус көлемінде Өзбек Республикасына
беру жөнінде шешім шығарды. Ташкент уезінің қалған территориясын межелеу
жобасы айтарлықта талас тудырмайды.
Екінші талас тудырған мәселе – Мырзашөл уезі болды. Бұл уездің барлық
территориясы көшпелі қазақ елін суландыруға бағытталған бір арнаның
жүйесімен шектелді. Қазақ делегациясы 3 өзбек болыстарынан басқа уездің
барлық территориясын Қазақстанға қосуды ұсынды, ал өзбек делегациясы,
керісінше, мүлде қарама-қайшы ұсыныстар жасады. Комиссия бұл мәселені
қарастыра келе, қазақ делегациясының ұсынысын қабылдады. Қазақтар мен
түркмендер арасындағы шекара сол қалпында қалдырылды. Экономикалық
межелеуге қатысты жұмыс бұл кезде әлі жүріп жатты. Комиссия межелеу бойынша
барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, ал 20 қазанда межелеу
белгіленген тәртіппен толық аяқталуы тиіс деген шешім шығарды. Межелеу
туралы ереже қабылдау мақсатында қыркүйек айында Орталық Азия
республикалары Орталық Атқару Комитеттерінің кезектен тыс сессиялары
шақырылсын деген қаулы қабылдайды. РК(б)П Киробкомы Төралқасы мәжілісінде
Меңдешевтің жасаған баяндамасы негізгі алынсын деп, мәжіліс Ташкент
қаласының айналасы қазақтармен қоршалған, сондықтан Орталық комитеттен оны
Өзбек республикасына жатқызу жөніндегі шешімін қайта қарау жөнінде өтініш
білдіру керек деген қаулы қабылдайды.
С. Қожанов “Түркістан” газетінің 1924 жылғы 18 тамыздағы санында
жариялаған мақаласында Орталық Азияда сол тұста жүргізіліп жатқан ұлттық-
территориялық межелеу саясатына өз көзқарасын білдірді [17, 59 б.].
“Біріктіру үрдістері, −деп жазды ол, ұлттық-территориялық межелеудің
маңызын төмендете алмайды, оның үстіне олар қайта құрылған республикалар
тарихында оңтайлы рөл атқаруға негізделген, келешекте олар Кеңестік
республикалар одағының толыққанды мүшелігіне өтетін болады. Мұның өзі
Кеңестердің ұлт саясатының іс жүзіндегі шынайы сипатын куәландыратын
болды...”.
Егер С.Қожановтың айтқандай, бірігу үрдісі жүргізілсе, онда Ембінің
мұнайы, Каспийдің балығы, Риддер мен Екібастұздың көмірі, алтыны, Қазақстан
мен Орталық Азияның табиғи байлықтары Түркістан-Сібір шойын жолы арқылы
Ресейдің алақанына түспес еді.
Ал С.Сәдуақасов 1924 жылы “Қызыл Қазақстан” журналының № 7,8,9,
сандарына “Қазақстанды қалай құрған жөн? Орта Азияда ұлтаралық шекара
жүргізу және Қазақстан Республикасының құрылуы” атты мақаласын жариялайды
[24, 81 б.]. Мақалада С. Сәдуақасов: “Осы күнгі алдымызда тұрған мәселенің
үлкені: Орта Азиядағы республикалардың шекарасын бөлу туралы. Бұл мәселе
жөнінде жұрттың көбі қараңғы. Қазақстан Республикасы да бұл әңгімеге жуырда
ғана кірісті. Орта Азия деген қай жер? Онда қандай халықтар, қандай
мемлекеттер бар? Қазақстан Республикасында болып жатқан әңгіменің
қаншалықты қажеттілігі бар? Орта Азия ұлттарының шекараларын бөлу Қазақстан
өміріне қандай өзгерістер әкеледі? Қандай жаңалық бар?” деген сұрақтар
қойып, сол сұрақтарға жауап тапқан жағдайда ғана біз оны іс жүзеге асыруға
кіріскеніміз абзал деп жазады.
С.Сәдуақасов мақаласында сол кезеңдегі халық арасындағы
сауатсыздықтың әлі тым жоғары екенін, халық, әсіресе кедей өзінің ауылынан
басқа дүниеден мақұрым, жұрттың бәрі жағрапия, шаруашылық ғылымын
оқымағандығын баяндайды. Сондықтан болып жатқан әңгіме жалпы елге ұғымсыз,
түсініксіз қалуы мүмкін. Сол себептен Орта Азия, Қазақстанға қатысты жүріп
жатқан іс шаралармен жалпы еңбекші табы мен бұқара халық танысып, білуі
қажет. Мақалада автор қазақ жерлеріне, соның ішінде Қазақ АКСР-іне
қосылатын Жетісу мен Сырдария облыстарына, оның ішінде олардың республикаға
қосатын шаруашылық-экономикалық пайдасына шолу жасайды. Сонымен
С.Сәдуақасов: ... қай дәлелді алсақта, барлық қазақ жұрты бір республикаға
қосылу керек деген пікірге келеміз. Қазақ халқы бірігеді, бір республика
туының астына жиналады , - деп тұжырымдайды.
1924 жылы 9-сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың
ұсыныстарын қарап, ұлттық мемлекеттік межелеудің жүргізілуін негізінен
мақұлдады. РК(б) П ОК-нің Орталық Азия бюросына Орталық Азияның жаңа
құрылатын республикалары мен облыстарының этнографиялық, саяси және
экономикалық карталарын қосып, барлық материялдарды әзірлеп, партияның
орталық комитетінің қарауына беру тапсырылды.
1924 жылы сәуірдің соңында РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросы мен
Түркістан компартиясы ОК-нің бірлескен мәжілісінде Орта Азияны межелеуді
әзірлеу және жүргізу жөнінде комиссияның мәселені зерттеу, жүргізу
жұмысының барысы қаралды. Орта Азияны межелеуді әзірлеу және жүргізу
жөніндегі қазақ, өзбек және түркімен қосалқы үш комиссиясы құрылғандығын
біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Комиссияның кейбір мүшелері Орта Азиялық
республикалар федерациясын құруды ұсынған еді, бірақ мұқият талқыланғаннан
кейін межелеуді федерация құрмай-ақ жүргізу керек деп шешілді. Орта Азияны
межелеу туралы комиссияның материялдарын қарап, РК(б)П ОК-нің Орта Азия
бюросы 1924 жылы 12 мамырда одақтық екі республика - Өзбек пен Түркімен
және автономиялы екі облыс – Қарақырғыз және Өзбекстан құрамында болатын
Тәжік автономиялы облыстары құрылсын, ал Түркістанның қазақ аудандары Қазақ
АКСР-і құрамына қосылсын деген шешім қабылдады. Комиссияның шешімдері мен
РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының шешім партияның орталық комитетіне
тапсырылды.
1924 жылы 12 маусымда РК(б)П ОК Орта Азия да ұлттық-мемлекеттік
межелеуді жүргізу туралы тарихи шешім қабылдап, онда межелеудің басты
принциптері мен оны жүзеге асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды мақұлдады. Осы
қаулының бір тармағында КСРО ОАК-нің ұлттар кеңесі мүшелерінің бірінің
төрағалық етуі мен Орта Азияның барлық ірі ұлттарының өкілдерінен РК(б)П ОК-
нің Орта Азия бюросы жанынан арнаулы территориялы комиссия құру көзделді
[23, 118 б.].
Территориялық комиссия саяси, экономикалық, статистикалық және
бірнеше ұлттық қосалқы комиссиялардан тұрды. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - өзбек шекара мәселесі
Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі
Түркістан автономиясының құрлуы (сабақтары мен аспектілері)
Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери бөлімдері мен құрамалары (1918-1920 ж. ж.)
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Пәндер