Сәбіз шырынын өндіру желісін жөндеу



1. Шырынның технологиялық үрдісі
2. Сәбіз туралы мәлімет
3. Сәбіздің 10 пайдасы
4. Жабдықтар және инвентарь (техника) желілерін жөндеу
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шырын – сұйық өнім, ашытылмаған, бірақ ашуға бейім, жақсы сапалы піскен, балғын және балғын күйінде сақталған көкөністерден, жеміс-жидектерден алынатын шикізаттық бөлікке физикалық әсер жасау арқылы алынатын өнім, онда алудың физикалық ерекшеліктеріне байланысты барлық тағамдық құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық қасиеттері сақаталып қалады, олар бір аттас жемістер мен көкөністерге тән, ионидаушы сәулелеу арқылы өңдеу амалын санамағанда, тағам ретінде бірден пайдалануға арналған, сонымен қатар тағамдық өнімдермен бірге құрамдас ретінде тұтынуға арналған өнім. Қалпына келтірілген шырын – концентрацияланған шырыннан дайындалатын шырын, болмаса концентрацияланған шырыннан және тікелей сығылып алынған шырын қоспасынан, ауыз суын, концентрацияланған табиғи хош иістендіргіш заттарды пайдалану арқылы алынған немесе оларды пайдаланабастан алынатын шырын, сонымен қатар көкөністің немесе жемістің сол түрінің езбесінің пайдаланылуы арқылы да, пайдаланылмауы арқылы дайындалатын шырын түрі. Соған қоса концентрацияланған шырын – құрамында болатын суды жою арқылы физикалық әсермен дайындалатын шырын, су еритін құрғақ заттардың мөлшерін тиісті атауы бар қалпына келтірілген шырын құрамындағы еритін құрғақ заттар мөлшерінен артық болуы үшін жасалатын әрекет. Концентрацияланған шырын өндірісінде ұсатылған жемістердің сірінділік заттарының өңделген буы арқылы диффузиялау амалын пайдалануға болады немесе алдын ала шырын алынған көкөністер партиясын пайдалануға болады, бірақ диффузия арқылы алынатын сұйық өнім аталған шырынмен концентрацияланғанша араластырылуы керек. Концентрацияланған шырынға сұйық концентрацияланған табиғи хош иістендіргіш заттардың қайтарылуы мүмкін, олар бір аттас шырын шығару барысында немесе бір аттас көкөністерді пайдалану барысында алынады, құрғақ шырын – тікелей сығу арқылы алынған шырын құрамында болатын суды жою түріндегі физикалық әсермен алынатын шырын, құрамындағы су құрғақ ұнтақ тәрізді күйге жеткенше толық жойылады, аталған шырын ауыз суы арылы қалпына келген соң ашуға бейім болады, сонымен қоса, жаңа сығылған шырын – жемістер мен көкөністерден тұтыну алдында алынатын шырын. Мұндай шырын консервациялауға ұшырамауы керек.
1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
2. Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СРО
Тақырыбы: Сәбіз шырынын өндіру желісін жөндеу

Орындаған: ТО-207 тобы
Аканова А.
Тексерген: Ә.Ғ.Джилкишева

Семей - 2015ж.
Жоспар:
1. Шырынның технологиялық үрдісі
2. Сәбіз туралы мәлімет
3. Сәбіздің 10 пайдасы
4. Жабдықтар және инвентарь (техника) желілерін жөндеу
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Шырын - сұйық өнім, ашытылмаған, бірақ ашуға бейім, жақсы сапалы піскен, балғын және балғын күйінде сақталған көкөністерден, жеміс-жидектерден алынатын шикізаттық бөлікке физикалық әсер жасау арқылы алынатын өнім, онда алудың физикалық ерекшеліктеріне байланысты барлық тағамдық құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық қасиеттері сақаталып қалады, олар бір аттас жемістер мен көкөністерге тән, ионидаушы сәулелеу арқылы өңдеу амалын санамағанда, тағам ретінде бірден пайдалануға арналған, сонымен қатар тағамдық өнімдермен бірге құрамдас ретінде тұтынуға арналған өнім. Қалпына келтірілген шырын - концентрацияланған шырыннан дайындалатын шырын, болмаса концентрацияланған шырыннан және тікелей сығылып алынған шырын қоспасынан, ауыз суын, концентрацияланған табиғи хош иістендіргіш заттарды пайдалану арқылы алынған немесе оларды пайдаланабастан алынатын шырын, сонымен қатар көкөністің немесе жемістің сол түрінің езбесінің пайдаланылуы арқылы да, пайдаланылмауы арқылы дайындалатын шырын түрі. Соған қоса концентрацияланған шырын - құрамында болатын суды жою арқылы физикалық әсермен дайындалатын шырын, су еритін құрғақ заттардың мөлшерін тиісті атауы бар қалпына келтірілген шырын құрамындағы еритін құрғақ заттар мөлшерінен артық болуы үшін жасалатын әрекет. Концентрацияланған шырын өндірісінде ұсатылған жемістердің сірінділік заттарының өңделген буы арқылы диффузиялау амалын пайдалануға болады немесе алдын ала шырын алынған көкөністер партиясын пайдалануға болады, бірақ диффузия арқылы алынатын сұйық өнім аталған шырынмен концентрацияланғанша араластырылуы керек. Концентрацияланған шырынға сұйық концентрацияланған табиғи хош иістендіргіш заттардың қайтарылуы мүмкін, олар бір аттас шырын шығару барысында немесе бір аттас көкөністерді пайдалану барысында алынады, құрғақ шырын - тікелей сығу арқылы алынған шырын құрамында болатын суды жою түріндегі физикалық әсермен алынатын шырын, құрамындағы су құрғақ ұнтақ тәрізді күйге жеткенше толық жойылады, аталған шырын ауыз суы арылы қалпына келген соң ашуға бейім болады, сонымен қоса, жаңа сығылған шырын - жемістер мен көкөністерден тұтыну алдында алынатын шырын. Мұндай шырын консервациялауға ұшырамауы керек.
Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия,Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, фитоен, фитофлуен, ликопин; В, В2 витаминдері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшерінде қант, және аз мөлшерде эфир майы бар. Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе, авитаминоздыемдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитетті арттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады.
Қыс айларында көп кездесетін көкөністерден болған сәбіз, денсаулық үшін өте маңызды. Витаминдер мен минералдарға бай және дененің күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етуде көмекші болады.
Денемізге көп жағынан пайдалы болған сәбіздің және сәбіз шырынының ең маңызды 10 пайдасы:
1) Бауыр фукцияларының қорғанысы және ас қорыту жүйесінде өте әсерлі.
2) Құрамындағы Е витаминімен қатерлі ісік ауруының алдын алады.
3) Қартаюмен байланысты шығатын ауру, сыздаулар сәбіз шырынын ішу арқылы азайтылуы мүмкін.
4) Табиғи А витаминінің қайнар көзі болғандықтан көз саулығын, көру қуатын арттырады. Сүйекке және остеопорозға жақсы әсер етеді.
5) Құрамындағы калиймен холестеринге және гипертонияға қарсы күреседі.
6) Өт және бауыр ферментерінің жақсаруына әсер етеді. Май жиналуын азайтады.
7) Теріні жандандырады, әдемілейді.
8) Сәбіз шырыны күшті антиоксидант бета-каротеннен бай болғандықтан жасуша дегенерациясының алдын алады.
9) Біраз лимон және зәйтүн майы қосылып дайындалған сәбіз салаты немесе сәбіз шырыны зейінді ашады, ойлау қабілетін дамытып, үйренуді жылдамдатады.
10) Сәбіздің және сәбіз шырынының калориясы аз болса да қарынды тойдырады. Арықтауда және салмақты сақтауда жақсы әсер етеді. Күніне 1, 2 дана кішкене сәбіздің желінуі немесе шырынының ішілуі қарынды тоқ ұстайды.
Сәбіз шырыны құрамында болатын β-каротиннің мөлшерінң көптігімен (1,6 мг % дейін) және минералдық заттарымен ерекшеленеді, олардың арқасында емдік қасиетке ие болады, оның емдік қасиеті алуан түрлі. β-каротин көзі ретінде сәбіз шырынын тұтыну балалардың өсуіне әсер етеді және көз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөністерден ұзақ сақталатын өнім өндіру технологиясын өңдеу
Шырын өндірісі
Сәбіз және оның адам ағзасына пайдасы
Томат шырынын өндіру технологиясы
Өсімдік және жануар шикізаттарын сақтау әдістері
Тамыр жемісті сәбіз өсімдігі
Стандартпен нормаланады мөлшері жемістер
Пайдалы өсімдіктер
Жеміс – жидек түрлері
Еттен және ет өнімдерінен тағамдар
Пәндер