Жылуизоляциялық материалдар, жіктелуі және қолданысы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Жылуизоляциялық материалдар,
жіктелуі және қолданысы
Орындаған: Төлеуқадыров Е. Т
СТ-409 группасының студенті
Тексерген: аға оқытушы
Уркинбаева Ж. И
Семей
2015
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Жылу өткізбейтін материалдардың құрылымы мен қасиеттері
2. 2 Бейорганикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар
2. 3 Жылу өткізбейтін пластмассалар
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жылу өткізбейтін деп - жылуөткізгіштігі аз үйлерді, басқа да ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды, жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды айтады. Жылу өткізбейтін материалдың жылуөткізгіштік коэффициенті - 0, 18 Вт/м°С-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600кг/м3-нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ, əрі ылғал тартпайтын болуы қажет. Өйткені материал ылғалданса, жылуөткізгіштігі өседі, ал егер ол органикалық материал болса, шіруі де мүмкін. Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте көп. Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП - строительные нормы и правила) 100-ден аса жылу өткізбейтін бұйымдардың қасиеттері мен өлшемдеріне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндіру үшін қолданылатын шикізатқа, сыртқы түріне, сығылу қабілетіне байланысты топтастырылады. Пайдаланатын шикізатына қарай олар: органикалық жəне бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. 1-топқа: ағаш талшықтары мен жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сəйкесінше ДВП - древесно-волокнистые) ДСП - древесно- стружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар, қамыстан істелінген тақталар, т. б. жатады. 2-топқа көп тараған топқа минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) мен одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т. б. жатады. 2-топқа қарасты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы, қазандарды) жабу үшін қолданады. Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар: дана жəне сусымалы болып бөлінеді. Дана бұйымдар - тиісті форма (өлшем) беру, яғни қалыптау арқылы жасалынады. Сусымалы материалдар талшық не түйір ретінде өндіріледі. Сығылуға қабілеттілігі бойынша жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар қатты, қатаңдығы жоғары қатаң, жартылай қатаң жəне жұмсақ болып бөлінеді. Бұл материалдар мен бұйымдардың үлгілеріне 2000 Па жүк түсірілгенде, олардың салыстырмалы деформациясы 30%-тен жоғары болса, оларды жұмсақ (Ж), сығылуға қабілеттілігі 6-30% аралығында болса, жартылай қатаң (ЖК), салыстырмалы деформациясы 6%-тен көп емес болса қатаң (К) деп атайды. Егер сынағанда жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар 4000 Па жəне 10 кПА жүк түсірілген болса жəне олардың сығылуға қабілеттілігі 10 %-тен көп болмаса, онда оларды сəйкесінше, қатаңдығы жоғары немесе қатты деп атайды.
Жылу өткізбейтін материалдардың құрылымы өте кеуекті келеді. Материалдардағы саңылаулар (тесіктер) жабық, ашық, ірі, уақ деп бөлінеді. Уақ жəне жабық (яғни өзара қатынассыз) саңылаулы материалдың жылу өткізбейтін қасиеті жоғары болады, өйткені мұндай саңлаулар ішіндегі ауаның өткізгіштігі өте аз - 0, 023 Вт/м×°С. Ашық (өзара қатынасы бар) жəне ірі саңылаулардағы ауа жылжуы мүмкін. Осының салдарынан мұндай бұйымдар бір бетінен екінші бетіне өткізгішірек болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі - оның тығыздығына, яғни қатты заттың мөлшеріне байланысты. Өте кеуекті, əрі қатты заттың массасы аз материалдардың, мысалы мипораның жылу өткізгіштігі өте төмен - ауаның жылу өткізгіштігіне жақын. Өндірісте өте кеуекті құрылымды мынандай əдістермен жасайды: газ (не көбік) түзу (кеуекті бетон, кеуекті шыны "көбік шыны") мөлшерден көп су қолдану арқылы. Соңғы тəсіл бойынша мысалы, трепельден, диатомиттен қамыр илегенде көп су қосылғандықтан, осындай массадан жасалған керамикалық бұйымды кептіргенде, онан соң күйдіргенде су бөлініп шығып саңылаулар, жиі қолданылады. Талшықты материалдар үшін құрылым түзу тəсілі - ол талшыққа қаңқа құру (минералдық мақта, фибролитг талшықтар) арасы ауамен толады. Тығыздығы жылу өткізбейтін материалдардың негізгі қасиеттерінің бірі - ол кіші болған сайын, жылу аз өткізіледі. Жылу өткізбейтін материалдар өнеркəсібі тығыздығы 15-тен 600 кг/м3-га дейін материалдар мен бұйымдарды өндіреді. Бұлардың ең жеңілі - газ бен толтырылған пластмассалар, олардың тығыздығы 15-25 кг/м3 аралығында. Тығыздығы өскен сайын, материалдардың жылу өткізгіштігі өседі. Қорыта айтқанда, жылу өткізбейтін материалдың беріктігі - жасығанда, қоймалағанда, монтаждағанда (пайдаланғанда) олардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Отқа илікпейтіндігі - бұйымның ұзақ уақыт жоғары температураның əсерінен, беріктігі мен формасын өзгертпейтіндігі. Жылу өткізбейтін материалдардың бұл қасиеті, оларды тыстауға қолданғанда ескеріледі. Жылу өндіретін агрегаттардың температурасына байланысты, оларды тыстау үшін керамикалық бұйымдар қолдану, температурасының шегі 900°С- ға дейін, перлит пен вермикулиттен жасалынған бұйымдар 600°С-қа, ал кеуекті бетон 500°С-қа дейін, пайдаланылады. Органикалық жылу өткізбейтін материалдарды қолдану температурасының шегі - 60°С-100°С аралығында. Олардың шіру төзімдігін, яғни микроорганизмдер, бактериялар, саңырауқұлақтар мен құрт-құмырсқаның кейбір түрлерінің əсеріне қарсылығын (əрекетін) өсіру үшін, оларды жасауда қолданылатын шикізаттар антисептик жəне улы заттармен өңделінеді. Сыртқы қабырғалы жылу шығудан сақтау жəне тоңазытқыштарды жылудан қорғау үшін пайдаланылатын материалдар аязға төзімді болуы керек.
Органикалық емес, яғни минералдық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар өндіру үшін шикізат ретінде таужыныстары, металлургия шлактары, шыны сынықтары, т. б. қолданылады. Минералды мақта - оңай балқитын таужыныстарын (мергель, долмит, базальт, т. б. ) балқыту арқылы балқыған металлургиялықшлактан өндірілетін жылу өткізбейтін материал. Ол жіңішке ф=5-15 мкм шыны тəрізді талшықтар. Минералды мақта негізгі мына операциядан құралады. Шикізатты балқыту жəне пештен сорғалап аққан балқыған затты бу қысыммен үрлеу немесе ол центрифуганың бірліктеріне түсіріп, шашып талшықтандырады. Балқыған шлактан өндірілетін мақтаны - шлакмақта деп атайды, 95% -не дейін талшықтар арасы ауалы саңылаулар мен тесіктерден құралғандықтан, ол өте кеуекті, оның жылу өткізбейтін қасиеті жақсы, тығыздығы 75-150 кг/м3. Минералдық мақта жанбайды, ылғалданбайды (су тартпайды), аязға төзімді. Минералдық мақтаны əртүрлі байланыстырғыш заттармен өндеп, қатты тығыздығы 300-500 кг/м3, июге беріктігі жоғары - 1, 2 МПа-ға дейін; қатаң тығыздығы - 100-400 кг/м3, жартылай қатаң жəне жұмсақ тығыздықтары - 35-250 кг/м3 плиталар (тақтайлар), пегменттер өндіреді. Қатты плиталар шатыры жоқ үйлердің, басқа да ғимараттардың жазық төбесіне жылу өткізбеу үшін төселініп, гидроизоляциялық рулонды материалдармен жабылады. Ал осындай жерде қатаң плиталарды қолдану үшін олардың жоғарғы бетін алдымен цементпен тысталып, онан соң гидроизоляциялайды. Минералдық мақтадан плиталар мен пегменттерден басқа да бұйымдар, мысалы синтетикалық байланыстырғыш заттармен (полимерлермен) біріктірілген немесе қағаз, мата, т. б. тысталып, көрпе тəрізді тігілген ерекше жеңіл, тығыздығы 35-75 кг/м3 маттар өндіріледі. Минералдық мақта талшықтарының иілгіштігі жеткіліксіз жəне олар морт келетіндіктен, пайдаланғанда тозаң (шаң) көп бөлінеді. Сондықтан олар байланыстырғыш заттардың көмегімен, мысалы ерігіш шынымен кеуекті түйірлерге айналдырылып, сусымалы ліл ретінде қолданылады. Мұндай түйірлер қуыс қабырғалар мен жабындарды толтыру үшін пайдаланылады. Керамикалық жылу өткізбейтін бұйымдарды: қалыптау, кептіру жəне күйдіру арқылы өндіреді. Басқа жылу өткізбейтін материалдармен салыстырғанда, оларды қолдану температурасы жоғары (300°С-қа дейін) ; шикізат ретінде: диатомит, трепел, отқа илікпейтін балшық, перлит пайдаланылады. Оның кеуектігін арттыру үшін қалыптанатын массаға (қамырға) көбірек түзетін немесе жанып
кететін үстемелер қосады. Ұялы шыны немесе көбікшыны деп - саңылаулары көп, кеуекті құрылымды шыныны атайды. Кұрамына қарай (қолданылатын шикізат- тарға байланысты) ұялы шынының кеуектігі - 80-95% аралығынада болады. Осыншама кеуектігі жоғары материалдың жылу өткізбейтін қасиетінде, атап айтқанда тығыздығы - 150-300 кг/м3, ал жылу өткізгіштігі - 0, 06-0, 12 Вт/м×°С аралығында. Ұялы шынының кұрылыста қажетті басқа да қасиеттері: беріктігі жоғары (сығуға беріктігі 2 - 6 МПа), суға, аязға, өртке төзімді, жеңіл өңделеді (оңай тесіледі, кесіледі, т. б. ) . Қолдану температурасының шегі шынының түріне байланысты кəдімгі қрамды шынынікі - 400°С, ал сілтісіз шынынікі - 600 °С. Ұялы шыныны шыны сынықтарына саңылау түсіргіш материалдар, мысалы əк тас ұнтағын қосып немесе кəдімгі шыны жасау үшін қолданылатын шикізаттарды не магмалық төгілген таужыныстарын (мысалы, трахиттер, обсиондар-вулкандық шыны) балқытып, суытып, үздіксіз шығып жатқан брусты бұйымға кесіп, оны пеште жасыту арқылы өндіреді. Шикізат балқығанда түзетілетін газ (СО) шыны массаны саңылаулы (тесікті) етіп кеуектейді. Совелит - көп тараған асбестмагнезиялы материал. Ол асбест пен (15%) доломиттен өндіріледі. Ол үшін доломитті күрделі өңдеуден өткізеді: күйдіреді, түзілген оксидтерді сөндіреді, карбонизациялайды, онан соң қосып қамырдан бұйым калыптайды, кептіреді. Күйдіру əсерінен бұйымның тығыздығы (450 кг/м3) жəне жылу өткізгіштігі (0, 098 Вт/м×°С-дан төмен) азаяды, ал температураға төзімділігі өседі. Совелитті темперетурасы 500°С-қа дейін жылу беретін, тасымалдайтын өнеркəсіп жабдықтарын изоляциялау үшін қолданады. Минералды жылу өткізбейтін бұйымдарға, қоршағыш конструкцияларды жылыту үшін пайдаланылатын цемент негізінде автоклавта өндірілетін тығыздығы 500 кг/м3 артпайтын ұялы бетондарға: газ немесе көбікбетон, ірі саңылаулы керамзитбетон плиталары, т. б. материалдар жатады. Органикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың толтырғышы ретінде ағаш дайындау жəне өңдеу өнеркəсіптерінің қалдықтарынан, ауылшаруашылығы өнімдерінің - мақтаның сабағынан, зығыр мен сораның (кендірдің) қатты қалдықтарынан, қамыстан өндірілетін жіңішке талшықтар, түйірлер, жоңқалар, ленталар қолданылады. Органикалық шикізаттардан жасалған жылу өткізбейтін бұйымдарды ылғалдан қорғау қажет. Оларды құрғақ қоймаларда төсеніштердің үстіне қойып сақтаған жөн. Фибролит дегеніміз - ағаш ленталары мен цементтен жасалған тақта бұйым. Оны өндіру үшін хлоры кальций ерітіндісі сіңірілген ұзындығы 200-500, көлденеңі 2-5, қалыңдығы 0, 3-0, 5 мм ағаш ленталары еріксіз қимыл жасайтын араластырғышта (ерікті-планеталар араластырғыштан айрықша) цемент қосып араластырылады. Онан соң қоспамен толтырылады да, олардың 10-12-сін штабельдеп (бірінің үстіне бірін қойып) престейді. Бұдан кейін бұйымдар қатаю жəне кептіру камерасында ылғалдығы азайып, 15-20% болғанша ұсталынады. Фибролиттің ұзындығы - 2400, 3000, ені - 600, 1200, қалыңдығы - 30-150 мм, тығыздығы бойынша 3 маркаға бөлінеді: ф - 300, ф - 400, ф 500: жылу өткізгіштігі - 0, 09-0, 1 Вт/м×°С - иілуге беріктілігі 0, 5- 1, 3 МПа; ал ауаның ылғалдылығы 25%-тен аспайтын жарда қолданылады. Арболит - ағаш немесе ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан жасалған түйірлерді цементпен араластырып, көбінесе жабылатын қалыпта престеу арқылы өндірілетін бұйымдар (панельдер, тақталар) . Арболиттің қатаюын тездету үшін араласпаға біраз ерігіш шыны мен хлорлы кальций қосады. Жылу өткізбейтін материал ретінде тығыздығы 500 кг/м3 аспайтын, арболит қолданылады. Жылу өткізбейтін ағаш талшықты плиталар АТП (орысша ДВП) - тығыздығы 250-350 кг/м3 ағаш талшықты массаға полимерді қосып, қалыптап, онан соң кептіріп өндірілген парақша материал. Бұл плиталардың ылғалға, шіруге, жануға төзімділіктерін арттыру үшін негізгі шикізаттарға су, жұқпақ зат, антисептк, антипирин қосады. Плиталардың ұзындығы - 1200-3600, ені - 1000-2800, қалындығы - 8-25 ММ; июге беріктігі - 2-10 МПа. Ағаш жоңқалы плиталар - АЖП (орысша ДСП) алу үшін 88-92 салмақтық 7-жоңқаны 8-12% полимермен араластырып, ысталған күйінде нығыздап қалыптайды. Плитаның ортаңғы қабаты үшін ірі қалыңдығы 1 мм, ал беттік қабаттары үшін уақ қалыңдығы 0, 2 мм жоңқалар қолданылады. Жылу өткізгіштігі, ағаш жоңқалы плиталардың тығыздығы - 300-500 кг/м3 жылу өткізгіштігі - 0, 05-0, 1 Вт/м×°С; ұзындығы - 1800-3000, ені - 1220-175О, қалыңдығы 4-100 мм. Бұлардың ылғалға, шіруге отқа (өртке) төзімділігін арттыру үшін негізгі шикізаттарға гидрофобты зат, антисептик - антипирен қосады. Қамыс плиталарын өндіру процесі күзде-қыста орылған қамысты престеу, сыммен тігу түптерін түзеу операцияларынан кұралады. Қамыс плиталарының тығыздығы - 175-250 кг/м3. Олар қаңқалы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларын сылақтап кұру, бөлмеаралық қабырға құру. Қабатаралық жəне төбелік жабындарды изоляциялау (суықтан қорғау) үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz