Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
1. Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі.
2. Биосфера ғаламдық экожүйе.
3. Экологиялық жағдайлар мен дағдарыс
4. Ғаламдық проблемалар, мұхитты, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы.

1. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгіндіқұрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық Абиоталық фактор|химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық фактор|физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық жәнеантропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды
Абиотикалық фактор- бұл өлі табиғат факторлары. Олар: климаттық (жарық, температура, ауа ылғалдылығы, жел, қар),эдафикалық(механикалық, химиялық құрамы, ауа өткізгіштік, ылғал сыйымдылығы, боялуы), орографиялық (бедер, экспозиция),химиялық (ауаның газдық құрамы, судың тұздық құрамы), физикалық(дыбыс, магнетизм, жылу өткізгіштік, радиоактивтілік, космостық жарық шығару) болып табылады.
Жарық
Өз уақытында француз астрономы Камиль Фламмарион (1842-1925): «Біз бұл нәрселер туралы ойламаймыз, бірақ біздің планетамыздағы жүрген, қозғалған, өмір сүргендердің бәрі Күннің балалары» деген. Шындығында да биосферадағы маңызды процесс - фотосинтез. Көзге көрінетін жарық организмде аралас іс -әрекет көрсетеді; қызыл сәуле- жылулық әрекет; көк және күлгін сәуле- жылдамдық және биохимиялық реакциялар бағытын өзгертеді.
Жарық негізінен өсімдіктердің өсуі мен амуының жылдамдығына, фотосинтез қарқындылығына, орта температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне, жануарлар белсенділігіне әсер етеді.

Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Экология (оқулық) - Алматы, 2008
Экология (оқулық) - Алматы, 2008
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс. Биосфераның ғаламдық, экологиялық проблемалары.
Тексерген: Нуржуманова Ж.М.
Орындағаны: ПД - 517 тобының
студенті Касенова А.Б.
Жоспар:
1. Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі.
2. Биосфера ғаламдық экожүйе.
3. Экологиялық жағдайлар мен дағдарыс
4. Ғаламдық проблемалар, мұхитты, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы.
1. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' -- теріс және bіotіkos -- тірішілік, өмір) -- бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгіндіқұрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық Абиоталық факторхимиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық факторфизикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық жәнеантропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды
Абиотикалық фактор- бұл өлі табиғат факторлары. Олар: климаттық (жарық, температура, ауа ылғалдылығы, жел, қар),эдафикалық(механикалық, химиялық құрамы, ауа өткізгіштік, ылғал сыйымдылығы, боялуы), орографиялық (бедер, экспозиция),химиялық (ауаның газдық құрамы, судың тұздық құрамы), физикалық(дыбыс, магнетизм, жылу өткізгіштік, радиоактивтілік, космостық жарық шығару) болып табылады.
Жарық
Өз уақытында француз астрономы Камиль Фламмарион (1842-1925): Біз бұл нәрселер туралы ойламаймыз, бірақ біздің планетамыздағы жүрген, қозғалған, өмір сүргендердің бәрі Күннің балалары деген. Шындығында да биосферадағы маңызды процесс - фотосинтез. Көзге көрінетін жарық организмде аралас іс -әрекет көрсетеді; қызыл сәуле- жылулық әрекет; көк және күлгін сәуле- жылдамдық және биохимиялық реакциялар бағытын өзгертеді.
Жарық негізінен өсімдіктердің өсуі мен амуының жылдамдығына, фотосинтез қарқындылығына, орта температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне, жануарлар белсенділігіне әсер етеді.
Әрбір тіршілк орны жарықтың қарқындылығымен, сапасы мен мөлшерімен анықталатын жарық режимімен сипатталады.
Жарық қарқындылығы- энергиямен өлшенеді. Өлшем бірлігі Джм с; Джсм с. Бұл фактор рельеф ерекшелігіне күшті әсер етеді. Ең қарқынды болып тура жарық саналады.
Жарық мөлшері- радиация жиынтығымен анықталады. Полюстен экваторға қарай жарық мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылған жарықтың мөлшерін, яғни альбедоны (А) ескеруіміз керек. Альбедо (латынның albus - ақ) түрлі беттердің шағылысу қабілетін сипатттайды. Ол жалпы радиацияның %-пен көрсетіледі және сәуленің түсу бұрышымен шағылысу бетінің қасиетіне тәуелді. Түрлі заттардың альбедолары мысалы,
таза ақ қар - 85%
лас қар - 40-50%
қара шірікті жер -5-14%
құм - 35- 45%
орман -10-15%
үйеңкінің жасыл жапырағы - 10%
Экологиялық фактор ретінде - жарыққа байланысты өсімдіктер: гелиофиттер, сциофиттер, факультативті гелиофиттер болып бөлінеді.
1. Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер- күн сәулесі жақсы түсетін, ашық жерлерде және орманда өте сирек кездесетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктің гүлдері күнбағыс, итошаған сияқты, күн көзіне қарай бағытталып өседі.
2. Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер- күшті жарыққа төзімсіз келеді және үнемі көлеңкеде өседі. Бұларға папоротник, орман шөптері, мүк, саумалдақ және т.б. жатады.
3. Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Бұлар жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкелеу жерге де оңай үйренеді. Орман өсімдіктерінің көпшілігі, орман шөптері, бұталар жатады.
Өсімдіктер сияқты, жануарлар тіршілігінде де жарық үлкен орын алады. Әртүрлі жануарлар жарықтың әртүрлі спектр құрамына, қарқындылығына, оның әсер ету ұзақтығына әртүрлі жауап береді. Сондықтан жануарларды да жарыққа бейімделуіне байланысты жарық сүйгіш (фотофилді) және қараңғы сүйгіш (фотофобты) жануарлардеп екі топқа бөледі. Қараңғы сүйгіш жануарлар тұрақты қараңғыда немесе ашық күн сәулесін көтере алмайды. Бұл топқа үлкен терендіктер мен үңгірлердің мекендеушілері, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері, жарғанаттар, дрозофилл шыбындары және көртышқандар т.б. жатады.
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олартүр іші және түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына - демографиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бүл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер эпифиттер үшін) рөлін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі есімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) белуі арқылы әсер етуі. Мүны аллелопатия деп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шептердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы).
Антропогендік (антропикалық) факторлар - адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (биоәртүрліліктің азаюы, парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.).
Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол: қоршаған ортаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетін, өзендерді, теңіздер мен мұхиттарды, сонымен қатар топырақты жай ғана емес радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрылымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде.
Кейбір мәліметтер бойынша, жыл сайын 15 мың баррель мұнай өнімдері теңіздер мен мұхиттарға төгіліп, жүздеген жануарлар түрлеріне жоғалып кетудің қаупі төніп түр. Ылғалды тропикалық ормандардың көлемі жылына 17 млн гектарға азайып, жерді дұрыс пайдаланбау әсерінен жылына 6 млн гектар жер шөлейттенуде. Жыл сайын 26 млрд тонна құнарлы топырақ беті өзгеріске ұшырап, қышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млн гектар жердің ормандарына зиян келіп, жүздеген миллион тонна әртүрлі химиялық заттар өндірілуде, 25-30 мың өсімдіктер түрі жоғалып кетудің алдында және бұл процестер планетамыздағы адам санының күрт өсуімен бірге қатар жүріп келеді.
Адамзат тарихында аң аулау, ауыл шаруашылығы, транспорт пен өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаны қатты өзгеріске ұшыратуда. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне антропогендік әсер күннен-күнге күшеюде. Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл тіршілік - адамзат қоғамының қолында, адамның антропогендік әсеріне байланысты.
Антропогендік факторлар организмге ағаштарды кесу, аң аулау және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропогендік факторларға техногендік факторлар(радиация, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық, биотикалық, антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.
Экологиялық факторлардың әр түрлі классификациялары
Экологиялық факторлар
Абиотикалық
Биотикалық
Жарық, температура, ылғал, жел, қысым, күннің ұзақтығы т.б.
Топырақтың механикалық құрамы, ылғал сыйымдылығы, өткізгіштігі
Судағы немесе топырақтағы қоректік элементтер, газдың құрамы, судың ащылығы
Өсімдіктердің биоценоздың басқа мүшелеріне әсері
Жануарлардың биоценоздың басқа мүшелеріне әсері
Адам әрекеті нәтижесінде пайда болатын антропогендік факторлар
Әсер ету уақыты бойынша
Қайталануы бойынша
Кезегі бойынша
Эволюциялық
Тарихи
Ретті
Ретсіз
Алғашқы
Соңғы
Шығу тегі бойынша
Пайда болу ортасы бойынша
Космостық
Абиотикалық
Биогенді
Биотикалық
Табиғи-антропогендік
Антропогендік (техногендік)
Атмосфералық
Ылғалдық
Эдафикалық
Физиологиялық
Генетикалық
Популяциялық
Биоценоздық
Экожүйелік
Биосфералық
Барлық факторларды ортаның жағдайы және қорлары деп бөлуге болады.
Қорлар - организмнің энергия алуы немесе тіршілігі үшін қажетті заттарды алатын табиғаттың бар байлығы (қоректік және энергетикалық қорлар).
Жағдай - уақыт пен кеңістікте өзгеріп, организмдердің әр түрлі әсер ететін абиотикалық факторлар. Барлық ортаның жағдайларын анықтайтын негізгі факторлар - температура, ылғал, және жарық.
2. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
Биосфера термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген.
В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады.
Егер биосфера түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.
Сонымен, биосфера түсінігіне ағзаның өзгертуші іс-әрекеті кіреді, қазіргі уақытта ғана емес, сонымен бірге, өткендегі де іс-әрекет кіреді.
Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша неосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен азон экранына дейін (полюстерде 8-10 км., экваторда 17-18 км., басқа жер беттерінде 20-25 км.). Гидросфераны түгелдей, сонын ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м.) ең терең тұңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр.
Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен.
Тірі заттар терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді.
Косный заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, Биокосный заттар кең таралған.
Тірі заттар-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:
1.Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.
2.Қозғалыстың белсенділігі.
3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.
4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).
5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.
6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.
Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.
Құрлық үшін-14 жыл.
Мұхит үшін-33 күн.
Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:
1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады.
1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.
2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.
2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.
3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.
4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.
5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен косный заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).
6) Транспорттық - ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.
7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.
8) Информациялық.
Биосфераның негізгі қасиеттері.
1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)
2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.
3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.
4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.
5) Биосфераның маңызды қасиеті - заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.
Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы.
Заттар айналымы 2 түрге бөлінеді:
1.Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында).
2.Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде).
Кіші зат айналым геологиялық зат айналымның бір элементі болып табылады.
3. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
Қазір күнделікті өмірде біз экологиялық проблмелар және экологиялық дағдарыс терминдерін жиі қолданамыз. Бұлардың мәні неде?
^ Экологиялық проблема - тірі жүйе - қоршаған орта жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық.
Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады.
^ Экологиялық дағдарыс - (гректің krisis - бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, өрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар. Экологиялық дағдарыстың кінәлісі адамның шаруашылық іс-әрекеті болғанда, ол антропогендік экологиялық дағдарыс деп аталады.
Адамзат тарихында 3 антропогендік дағдарысты көрсетуге болады.
Бірінші антропогендік экологиялық дағдарыс (консументтер дағдарысы) - ірі жануарларды жаппай құртумен байланысты. Ғалымдардың есептеуінше, бұл дағдарыс 10-15 мың жыл бұрын болған. Американ геологы Пол Мартиннің ойынша түйе мен жылқылардың кейбір түрлері, мамонттар және мастодон сияқты Солтүстік Америка және Евразияда мұзды кезеңнің ірі сүтқоректілерінің көпшілігі көптеген ғалымдар ойлағандай қолайсыз климаттық жағдайдың әсерінің нәтижесінде жойылған жоқ, сол кезде түйрейтін қаруларды қолданған мұз кезеңінің аңшыларының іс-әрекетінен жойылған. Бүл пікірді геофизик М.Н.Буденко да қолдайды.
Екінші антропогендік дағдарыс (продуценттер дағдарысы) - 150-350 жыл бұрын және өнеркәсіпте табиғи минералды қорларын пайдалануды және ғылыми техникалық революцияны тудырған қоғамдық өндіріс күшінің жедел күрт дамуына байланысты болған.
Үшінші (қазіргі) антропогендік экологиялық дағдарыс-қоршаған ортаның күшті ластануының өте жоғары деңгейіне байланысты. Редуценттер антропогендік өнімдерден биосфераны тазартуға үлгермейді немесе қоршаған ортаға шығарылып тасталған синтетикалық заттардың табиғи емес сипатына байланысты бүл функцияны жасауға қабілетсіз. Сондықтан бұл дағдарысты көбіне "редуценттер дағдарысы" деп атайды.
Қазіргі экологиялық дағдарыс биосфераның табиғи биогеохимиялық циклдің өздігінен қалпына келу қабілеттілігімен өркениет тарихындағы орын алған жыртқыштық қатынас арасындағы қарама-қайшылықтың шешілмеуімен анықталады. Егер биосфераның табиғи биогеохимиялық циклінің өздігінен қалпына келу қабілеттілігі жүздеген, мыңдаған жылдамдықпен жүзеге асса, онда техногендік процестер бірнеше есе жоғары болады.
Жалпы экологиялық дағдарысқа байланысты мәселелер алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаның проблемалары жөніндегі Халықаралық конференцияда талқыланды. Айта кететін жай, сол жылы биосфера дамуының зардаптарын модельдеуі жөнінде Өсу шектері деген алғашқы кітап шықты (авторлары Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Й.Рандерс, Ш.У.Беренс).
Экологиялық дағдарыс - қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу,демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат - қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инерттіматериалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан "парникті әсердің" күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты "фабрикасы" орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар - министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.
4. Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
* Ресурстар проблемасы;
* Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
* Энергетикалық проблема;
* Демографиялық проблема;
* Климаттың өзгеруі;
* Экологиялық проблемалар;
* Үшінші әлем елдерінің артта қалуын жою;
* Қауіпті ауруларды жою;
* Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
* Қылмыспен және терроризммен күрес;
* Наркобизнеспен күрес.
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz