Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен
СӨЖ
Тақырыбы: Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)
Орындаған: Мусаханова Н
Тобы: ТК-421
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Семей 2015
Жоспар:
- Балалық шағы
- Стив Джобс жайлы 20 дерек
- Стив Джобстың әлемді өзгерткен 10 өнертабысы
- Стив Джобстың жігерлендіретін 22 даналық сөзі
- Қолданылған әдебиеттер
Балалық шағы
Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді
1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОS жүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жобалайтынAtari компаниясына жұмысқа тұрады.
1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.
Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды.
1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде олNeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясын қосты.
1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 млн-ға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты мүмкін болды.
2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7, 4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.
Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43, 5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.
2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын арықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.
2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) - Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кук басқарды.
2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты.
2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.
2009 жылдың қаңтар айында Стив Джобс компанияға қайта оралғысы келетіндігін хабарлады. Тым қатты салмақ жоғалтқаны гармондық дисбаланс әсерінен дер түсіндірді. Алайда екі апта өткен соң жарты жылдық демалысқа шығатындығын айтты. Сол жылдың маусым айында Стив Джобс бауыр ауыстуры операциясынан кейін жұмысқа шықты. Дәрігерлердің айтуы бойынша денсаулығы өте жақсы делінген.
2011 жылдың 17 қаңтарында Стив Джобс компания қызметкерлеріне таратқан хатында денсаулық жағдайына байланысты Apple компаниясының атқарушы директоры қызметінен кететіндігін хабарлады.
2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды
Қазан айының 11 күні Калифорния штатының Санта-Клара округы денсаулық департаменті Стив Джобс өлімінің себебін анықтады. Жазбада Стив Джобс өт жолындағы онкологиялық ісіктің кесірінен демала алмағандықтан өлгендігі хабарланады. [4]
Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.
Стив Джобс жайлы 20 дерек
Стив Джобстың шыққан тегі сириялық. Оның туған әкесінің аты-жөні - Абдулфаттах Джандали (Abdulfattah Jandali) .
Джобстың қарындасы - жазушы Мона Симпсон (Mona Simpson) . Қарындасының бар екендігін есейгенде бір-ақ білді. Қарындасы алғашқы «Қай жерде болса да, тек мұнда емес» (Anywhere But Here) деген романында өзінің ата-анасымен қарым-қатынасы жайлы (олар Стивтің де ата-анасы еді) жазады. Джобс пен Симпсон өздерінің ағайынды екенін 1990 жылдарға дейін білген емес. Бұл бір жағынан табиғат пен тәрбие арасындағы даудың айғағы іспетті. Екі бала да өмірді сезінудің айрықша табиғатына ие және олардың екеуі де бір-бірінен тіпті алшақ салалардың ең үздік өнерлілерінің қатарынан орын алған.
Джобстың туған ата-анасы магистратура студенттері ретінде баланы тәрбиелеу ауыртпалығын көтеруге дайын екендіктеріне күмәнді болғандықтан, ұлын басқаға асырауға береді. Бірнеше жылдан соң олар екінші балалы болады.
Стив ол ата-анаға баланы бір ғана шартпен - олар жоғары білімді болса ғана беруге келісті. Бірақ баланы алған жұп бұларды алдайды. Соңынан белгілі болғаны, олар колледжде оқымаған (шешесі тіпті, орта мектепті де бітірмеген) болып шықты. Баланы беру-бермеуді ойланған кезде, олар Стивті қалайда колледжде оқытуға уәде береді.
Стив Atari-де жұмыс істеп жүрген кезінде Breakout (арканоид) ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындауға тапсырма алады. Atari компаниясының негізін қалаушы Нолан Бушнелдің айтуынша, компания машинадан алынып тасталатын әр чип үшін 100 доллар ұсынған. Джобс тақша-ның құрылымынан хабары аз болғандықтан, Вознякпен егер ол чип санын барынша азайта алатын болса, бонусты тең бөліп алуға келіседі. Возняк чип санын 50-ге кемітіп, Atari-ды таңғалдырады. Осы құрылымда чиптің тығыз орналасқа-ны соншалық, оны жинау желісінде қайта жинау мүмкін болмайды. Міне сол кезде Джобс берген уәдесінде тұрмай, компания оған 700 доллар (шындығында 5000) төледі деп, оған 350 доллар ғана береді.
Ол өзін бедеумін деп санап, бірінші баласын мойындамайды.
Стив пескетарианц еді. Басқаша айтқанда, ол ет жемейтін, тек балық пен вегетариандық тамақтарды (жұмыртқа мен сүт өнімдерін қоса) пайдаланатын.
Джобс монастырға кетіп, монах болуды ойлайды. Джобстың үйлену рәсімін оның думанды тобы мен будда монахы өткізеді.
Стив Джобс жас кезінде ең азы бір рет ЛСД қолданған. Ол бұл тәжірибе «менің өз өмірімде істеген екі не үш нәрсемнің ішіндегі ең бір маңыздысы болатын», - деп айтыпты. Джобс әрдайым өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленетін. Оның жасы 12-ге толғанда, радио детальдары таусылады да, ол бірден Уильям Хьюлетке (Hewlett-Packard-та істейтін) : «Менің атым Стив Джобс, Сіздерде менің жиілік есептегішін құрастыруыма пайдалануға болатындай қосалқы бөлшектер табылар ма екен, соны білгім келеді», -деп телефон шалады. Баламен сөйлескен Уильям оның сұраған барлық заттарын жібереді және оны каникул кезінде өз фирмасына келіп жұмыс істеуге шақырады.
10. Apple компаниясын құрушы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең аз айлық алатын директор ретінде тіркеліпті: ресми құжаттар бойынша, Джобстың айлығы жылына 1 долларды құрапты.
11. Джобс 1983 жылы Джон Скаллиді Pepsi-Cola компаниясынан Apple-ге ауысуға көндіреді. Ақырында, араларында пайда болған кикілжіңнен Стивтің өзі жоба жетекшілігінен шеттетіліп, Apple-ден кетуге мәжбүр болады.
12. Джобс көп жыл бойы The Beatles-ді барынша жақсы көрді. Бұдан басқа ол классикалық музыкаларды, әсіресе Бахты сүйіп тыңдайтын. Ол Барбара Стрейзанд шығармашылығын ынтамен бақылап, оның қатысуымен өтетін концерттер мен басқа да шараларға жиі баратын.
13. Стив нөмірі жоқ автомобиль (Mercedes SL55 AMG) жүргізе-тін және машинасын әрқашан мүгедектерге арналған орынға қоятын.
14. Apple қызметкерлерінің 90 %-ы Стив Джобспен ешқашан кездеспепті.
15. Джобс Pixar студиясын 10 млн. долларға сатып алып, оны Disney компаниясына 7, 5 млрд. -қа сатыпты.
16. Стивтің аяғы 48 мөлшерлі болатын.
17. Apple II (алғаш 1977 жылы таныстырылған) сол кездің неғұрлым танымал компьютеріне айналған кезде Стив бар болғаны 25-те еді және ол өз уақытының ең жас миллионері болатын.
18. Стив бірнеше мәрте баспасөздегі ең жек көрінішті директорлар тізімінің басында тұрды.
19. Bloomberg-тің жаңалықтар бөлімі 2008 жылғы 29 тамызда Стив Джобстың өліміне арналған 17 беттік қазанама жариялайды. Бақытына қарай, ол қателік тез байқалды.
20. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болды.
Стив Джобстың әлемді өзгерткен 10 өнертабысы
The New York Times Стив Джобсты осы заманның Эдисоны дейді. Бұл деректі Стив Джобстың әр түрлі құрылғыларға арналған 313 патентке ие екендігі дәлелдейді.
Стив 5 қазанда өмірден өтті. Алайда ол өз артынан компьютер және электроника саласында өшпес мұра қалдырды. Төменде Стивтің ең мықты 10 өнертабыс тізімі көрсетілген.
1. Apple II
Көпшіліктің көңілінен шыққан, Apple-ң бірінші компьютері. Осы уақытқа дейін миллион машина шығарылды. Дәл осы үлгі 1977 жылы құрылған Apple компаниясын 10 жыл бойы көркейтті. AppleІІ өз бәсекелестерінен түсті графикасының бар болуымен ерекшеленді. Ақпараттарды сақтау үшін магнитті кассеталар қолданды, кейін олар 5-дюймдік дискеттермен алмастырылды.
2. Медиа-плеер
Apple компаниясында пайда болған музыкалды медиа плеер. iPod музыканы әр жерде тыңдауға мүмкіндік берді. Джобсқа осыған байланысты 85 патент тиесілі. Соның ішінде нөміртеруші дискілі іPod.
3. iPhone
2007 жылы ДЖобс өзінің назарын ұялы байланысқа аударды. Сол жылы Apple компаниясы әлемге iPhone ұсынды. Ол атылымға түсіп, бұрыннан бар белгілерді басып озып, тез арада атаққа ие болды. Мысалы, Blackberry. iPhone - тек қана телефон емес, озық қолданушы интерфейсті Интернет және Apple бағдарламашылары жасап шығарған қосымша бағдарламаның кең кітапханасы бар.
4. iPad
Бұл құрылғыны Стив Джобс 2010 жылдың 27-қаңтарында Сан-Францискодағы презентацияда көрсеткен болатын. Телефон мен компьютерді біріктірген iPhone-ның эволюциясына айналды. AppleiPad интернет-планшеттердің классикалық үлгісі болып табылады. Көптеген сарапшылар интернет-планшеттерді компьютерлік дәуірдің құрылғыларына жатқызады. Бұл интернет-планшеттер персоналды компьютерлерге қарағанда оңай және түсініктірек. Уақыт келе ол ПК нарықтан алып тастайтын мүмкіндігі бар.
5. MacbookPro ноутбугы
MacbookPro - Стив Джобстың патентіне тіркелген. Стив стильге жете назар бөлген, сондықтан оның жарты патенті компьютерлерге қатысты. Ол деген Apple ноутбуктары функционалдылық және көркем сипатқа ие. MacBookPro 2006 жылы сатылымға түсті, оның орнына PowerBookG4 келді.
6. OCMacintosh
Қолданушыларға компьютерді қолдану оңай болу үшін Джобс ондаған операциялық жүйелерді ойлап тапты. Док - панель құралдарының түрі, бағдардамаларды іске қосатын және жұмыс істеп тұрған бағдарламалармен бағытты өзгертетін қолданушының компьютерлік графикалық интерфейсінен бастап, Expose - кедергі келтіріп тұрған терезелерді уақытша орын ауыстыратын немесе экраннан тыс жерге өшіретін бағдарламаға дейін.
7. Баспалдақ
Стив Джобс әйнек баспалдақты жасап шығарушылардың біреуі. Оны AppleStore компаниясының ірі дүкендерінде сатылады.
8. Drag&Drop қолданушы интерфейс элементтерінің динамикалық өзгерісі
Қарапайым нәрселерді де Стив Джобс жасап шығарған. Мак себетінің белгісі оның статусына қарай және сіздер істеген іс-әрекеттерге қарай өзгереді. Себет не толы, не бос болады.
9. Жылжымалы бекіткіші бар мониторлар
Таңбалық компьютерлік дизайнды Стив Джобс жасап шығарған болатын. Мониторларда стиль мен функционалдылық үйлескен. Осындай үйлесім бар және ол сатылымда.
10. Курсорды басқаратын құрылғы
IMac инженерлері және Стив Джобс ойлап тапқан перифериялық құрылғылар, оның патенттерінің ішінде. IMac шайба тектес тінтуірлері қол жетімді және нарықта әр түрлі түсте, дизайнда сатылады. Олардың дизайндары ерекше және коммерциялық тұрғыда инновациялы болып табылады. Бұл құрылғылар компанияға айтарлықтай табыс әкелді.
Стив Джобстың жігерлендіретін 22 даналық сөзі
... жалғасыСтив Джобс жетістікке жеткен парасатты миллиардер.
Джобс әрқашан Apple компьютерінің мүмкіндіктер шегін арттырумен келді, және ойына алған ісін шын мәнінде жүзеге асырғанша тоқтамады. Егер де Джобс Apple-ді ойлап таппағанда, қазіргі таңдағы технология деңгейі осындай дәрежеде болмас еді.
Кәсіпкер болсаңыз да, не жетістікке жетуге ұмтылған, әрі алдына қойған мақсатынан таймайтын тұлға болсаңыз да, Стив Джобстың даналық сөздері сізді тың ой түйгізуге шабыттандырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz