Зиянды жәндіктер (зиянкестер)



Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы Зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, капустаны – капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.[1] Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелек, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты. Астық дақылдарының Зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.[2] Өсімдік жемісі мен тұқымының Зиянкестері – буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 – 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін. Орман Зиянкестері – орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.[3]
1. Справочник по защите леса от вредителей и болезней, М., 1980.
2. Пособие по агрохимическому обслуживанию хозяйств Казахстана, А.-А., 1977
3. Қазақ Энциклопедиясы, 4 том 3 бөлім

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ОСӨЖ
Тақырыбы : Зиянды жәндіктер (Зиянкестер)

Орындаған : Нургалиева М.М
Тексерген : Қаламов Б.Х
Тобы : АГ-213

Семей 2015 ж
Зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы Зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, капустаны - капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды.[1] Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелек, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты. Астық дақылдарының Зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.[2] Өсімдік жемісі мен тұқымының Зиянкестері - буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 - 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін. Орман Зиянкестері - орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.[3]
Ұн мен жарма зиянкестері. Ұнды, жарманы, кептірілген нанды және басқа да ұн тағамдарын дұрыс сақтамаған жағдайда жәңдіктер пайда болып, бүлдіреді, сапасын кемітеді. Әсіресе көбірек кездесетіні -- астық кеміргіштері. Ол ұзындығы 2 -- 3 мм, қызыл қоңыр, қоңыр не сарғыштау, денесі жұмыр қоңыз. Ұшады, үркіткен кезде қимылсыз қалады. Күн жылығанда жылына 4 рет, ұрпақ береді. Оның личинкалары кептірілген нанды, печеньені, макарон тағамдары мен жарманы, кептірілген көкөністер мен жемістерді бүлдіреді, олар ұнмен де қоректенеді (олардан бөлінген сұйықтық салдарынан ұн түйіршіктеніп қалады).
Мазмұны
1 Қамба бізтұмсығы
2 Күріш бізтұмсығы
3 Үлкен зауза қоңыз
4 Кішкене зауза қоңыз
5 Суринам ұн жегіші
6 Бұршақ қоңызы
7 Қамбақ аракүйесі
8 Пайдаланған әдебиет
Қамба бізтұмсығы
Қамба бізтұмсығы -- ұзындығы 2 -- 4 мм, түсі әр алуан (қызыл қоңырлан қара түске дейін), басы сүйірленіп біткен қоңыз. Ұшпайды. Күн жылығанда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Қара бидай, бидай, күріш, арпа, қара құмық, жүгері дәндерін, макаронды және ұзақ тұрып қалған ұнды бүлдіреді. Личинкалары дәнді ішінен кеулеп, қоңыздар оның сыртынан кеміреді.
Күріш бізтұмсығы
Күріш бізтұмсығы дене бітімі қамба бізтұмсығы секілді. Одан айырмашылығы қосалқы қанаттарында 2-ден қызғылт теңбілі бар. Ұшады. Күн жылығанда жылына 6 реткедейін ұрпақ береді. Қамба бізтұмсығы секілді қоректенеді, көбінесе жүгері дәні мен күріш жармасын бүлдіреді.
Үлкен зауза қоңыз
Үлкен зауза қоңыз -- ұзындығы 1З -- 15 мм, түсі әр алуан (қоңырлан қара түске дейін) келген қоңыз. Оның ұн құрттары деп аталатын қатқыл сарғыш личинкаларымен тордағы құстарды азықтандырады. Түнде ұшады. Күн жылығанда жылына 2 ретке дейін ұрпақ береді. Көбірек тұрып қалған ұнда, дәнде, кебекте, кепкен нанда пайда болады.
Кішкене зауза қоңыз
Кішкене зауза қоңыз үлкен қоңыздан 3 еселен кіші, қызғылт-қызыл қоңыр түсті. Ұшпайды. Қолайлы кездерде жылына 4 ретке дейін ұрпақ береді. Ұнды, ұнтақ жарманы, кебекті, кейде қара құмық жармасын, күрішті, құрғақ жемісті және көкөністерді бүлдіреді.
Суринам ұн жегіші
Суринам ұн жегіші -- ұзындығы -,5 -- 3,5 мм, қызыл-қоңыр түсті қоңыз. Денесі жіңішке, алдыңғы бүйірі иректі келген. Ұшпайды. Жылы маусымда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Ұнды, жарманы, құрғақ жемісті т.б. бүлдіреді.
Бұршақ қоңызы
Бұршақ қоңызы келтірілген бұршаққа жоламайды, олар тек егістіктегі бұршаққа көп зиян келтіреді (ол жұмыртқасын бұршақ түйнегіне салады, балаңқұрты жұмсақ дәннің ішінде жетіледі); қоңыз егістікке себілген бұршақпен келеді. Жылына бір рет ұрпақ береді.
Қамбақ аракүйесі
Қамбақ аракүйесі, дән қара күйесі , қамбақ анкөбелегі (дәнде және ұнда) дәнді, ұнды, жарманы, кебекті, кепкен нанды, печеньені, сондай-ақ кепкен жемісті және көкөністерді, гербарийлерді бүлдіреді. Олардың пайда болғанын дән мен жармалық кесектенгенінен, ұнның, жарманың т.б. шырмалып торланғанынан білу оңай. Бұл зиянкестерді құртудың қарапайым амалы: ұнды елеу, дән мен жарманы сұрыптау, ондағы пайда болған түйіршіктерді тазалау, мүлде бүлінген азық-түлікті құрту. Сақтық шаралары -- азық-түлік сақталған орынды таза ұстау. Азық-түлікті қаңылтыр, керамика не шыны банкаларға салып, аузын тығыз қақпақпен жауып ұстаған жөн. Жармалан тараған қоңыздарды жою үшін шкаф полкаларына қағаз төсеп, оған бірдей мөлшерде қосылған қант ұнтағы және үгітілген тары (не басқа жарманы) қоспасын сеуіп қояды. Азық-түлік сақтайтын орынның ішін сабынды не содалы жылы сумен жақсылап жуады, егер мүмкіндік болса, ыстық сумен шайып, сонан соң әбден кептіреді.[4]
2.Тура қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын көп қоректі зянды жәндіктер Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera - қысқамұрттылар отряд тармағына, Acrididae - нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera - ұзынмұрттылар отряд тармағына, Tettigoniidae - шекшек тұқымдасына, Gryllidae - шырылдауық шілділіктер тұқымдасына жатады. Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус - Calliptamus italicus italikus L. кресті кішкене саяқ шегіртке - Dociosturus breviocolis, ақ жолақты - Chortippus albomarginatus D.G. және басқалар. Азиялық шегірткенің тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамысты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады. Мароккалық шегіртке - Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған.(Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары). Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстінгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегіртткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдітерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады - қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.
Күресу шаралары.Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсілм2 , үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және оданда көп дернәсілм2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертелікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбәр секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.
Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. өмір сүру циклі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында - маусым айында ұрғашылары 10-20 см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылқан жапырақты ағаштардың аурулары
Энтомофагтар
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ БОЙЫНША ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
ИНСЕКТИЦИДТІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ЕРІТІНДІ ЖАСАУ
Өсімдіктің зиянкестері
Зиянкестердің экологиясы
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Күріш зиянкестері
Қойма зиянкестерімен күрес
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Пәндер