Тауарлы-материалдық қорларды талдау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе 3

  1. бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен бағалау. 5Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде

жасалатын құжаттар. 11

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және

бухгалтериядағы есебі. 17

  1. Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды

есеп беруде ашып көрсету. 29

  1. ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» бухгалтериясының

құрылымы мен технологиялық процесі. 36

2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорларды талдау.

2. 1. Тауарлы-материалдық қорларды талдаудың мақсаты

және міндеттері. 39

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздері. 42
  2. ЖШС «Плодоконсервный ЮГ»-тың тауарлы-материалдық

қорлар құрамы мен құрылымын талдау. 50

  1. Дайын өнім қорларын талдау. 51
  2. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау. 53

3 бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.

3. 1. Материалдар аудиті. 56

  1. Дайын өнім және тауарлар аудиті. 66
  2. Аяқталмаған өндіріс аудиті. 69

Қорытынды. 71

Пайдаланылған әдебиеттер 72

КІРІСПЕ.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген.

  • тауарлы-материалдық қорлардың өзгерісі;
  • тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны және бағалануы;
  • шығындардың есептелуі;
  • есеп берудегі айқындама.

Тауарлы - материалдық қорлар субъектінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарлату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% құрайды, яғни пайда түсірудің негізгі көзі болып табылады. Осы мәліметтердің нәтижесінде дипломдық жұмысымның тақырыбын «Тауарлы-материалдық қорлар» деп алдым. Негізгі мақсатым ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» - та тауарлы-материалдық қорлардың алатын орнын, ұйымдастырылу тиімділігін, бағалануын ашып көрсету. Осы дипломдық жұмысымдағы негізгі міндетім төмендегі мәліметтерді қарастыру:

  • Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;
  • Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар;
  • Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі;
  • Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;
  • Тауарлы-материалдық қорларды талдау;
  • Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.

ЖШС «Плодоконсервный ЮГ»-та тауарлы-материалдық қорлар 42% құрайды. ЖШС «Плодоконсервный ЮГ»-тың тарихына қысқаша тоқталып өтейік. Бұл кәсіпорын 1965жылы құрылған.

Негізгі өндіретін өнімдері:

  • алма шырыны;
  • томат шырыны;
  • томат пастасы;
  • алма пюресі;
  • жүзім шырыны және т. б.

ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» - тың дайын өнімдерін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынады.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.

1. 1. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен бағалау.

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар материалдық қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процессіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Тауарлы-материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайцдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар. Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ, материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.

Тауарлы-материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 20 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 201 «Шикізаттар және материалдар», 202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 203 «Отын», 204 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 205 «Қосалқы бөлшектер», 206 «Басқа материалдар», 207 «Қайта өңдеуге берілген материалдар», 208 «Құрылыс материалдары».

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдары, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003) .

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, әғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдаланылуы мүмкін. Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорлар қалдығын дұрыс анықтаудың көптеген параметрлері бойынша үлкен мағынасы бар. Ең алдымен қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесіне, әғни өнімнің жеке түрлерінің табыстылығына, сәйкесінше, бюджетке аударылу көлеміне әсер ететін өткізілген өнімді, дұрыс есептеу үшін қажет. Сондықтан тауарлы-материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы-материалдық қорлардың құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. №7 «Тауарлы-материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартты келесі 4 әдісті ұсынады:

  1. Ерекше ұқсастыру әдісі.
  2. Орташа есептеу құн әдісі.
  3. ФИФО әдісі.
  4. ЛИФО әдісі.

ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» орташа есептеу құн әдісін қолданады. Бұл әдіс аталған әдістердің ішіндегі кең тараған әдіс болып табылады. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны - ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен қорларын қосып есептелінген орташа бағасы есептелінеді.

Тауарлы-материалдық қорлардың бірлігінің орташа есептелген құнын есептеу үшін мынадай деректер қажет:

1 лиртлік алма шырыны

1. 01. 2002 ж. қалдық: 210 дана 16800 тг сомасына

2002 жылы келіп түскені: 4200 дана 337260 тг сомасына

1литр алма шырыны орташа есептелген құны:

(337260+16800) :4410 дана = 80, 28 теңге

сатылған тауарлардың өзіндік құны:

4120 дана х 80, 28 = 330753, 6 теңге

31. 12. 2002 ж қалдық: 290 дана х 80, 28 = 23281, 2 теңге

ФИФО әдісі .

ФИФО - есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп есептеледі. Яғни барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі. Ай соңында шаруашылық субъектінің қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

210х80=16800

350х80=28000

210х80=16800

350х80=28000

500х80, 50=40250

240х80, 50=19320

470х80=37600

530х80=42400

600х80=48000

810х80, 50=65205

410х81=33210

Босатылған материалдардың құны 330785теңге.

Қалдық құны 354275-330785, 0=23490теңге

ЛИФО әдісі

Шаруашылық субъектісіне ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар шаруашылық субъектісіне ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында шаруашылық субъектісінде қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

700х81=56700

810х80, 50=65205

600х80=48000

530х80=42400

470х80=37600

240х80, 50=19320

500х80, 50=40250

270х80=21600

Босатылған материалдардың құны 331075теңге

Қалдық құны 23200теңге

1. 01. . 2003ж Т. М. Қ. қалдығы

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Орт. өлш. құнәдісі:

Орт. өлш. құн

әдісі

ФИФО әдісі: ФИФО әдісі
ЛИФО әдісі: ЛИФО әдісі
Көрсеткіштер: 1. 01. 03ж
Орт. өлш. құнәдісі: 23281, 2
ФИФО әдісі: 23490
ЛИФО әдісі: 23200

ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» өндірілген өнімі мен өткізу бойынша жоспардың орындалуын талдау .

5 кесте.

өндірілген өнім аты: өндірілген өнім аты
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге: Өнім өндірісі көлемі, мың теңге
Өткізілген өнімдер, мың теңге: Өткізілген өнімдер, мың теңге
өндірілген өнім аты: жоспар
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге: нақты
Өткізілген өнімдер, мың теңге: +, -
жоспарға%
жоспар
нақты
+, -
жоспарға %
өндірілген өнім аты: Алма шырыны 1литрлік
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге: 180215
Өткізілген өнімдер, мың теңге: 178445
-1770
-0, 98
180215
178540
-1675
-0, 93
өндірілген өнім аты: Алма шырыны 2литрлік
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге: 82500
Өткізілген өнімдер, мың теңге: 84390
1890
2, 29
82500
89880
7350
+8, 94
өндірілген өнім аты: Барлығы
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге: 262715
Өткізілген өнімдер, мың теңге: 262835
120
1, 3
262715
268420
5675
+8, 01
өндірілген өнім аты:
Өнім өндірісі көлемі, мың теңге:
Өткізілген өнімдер, мың теңге:

Тауарлы-материалдық қорлардың бағалау әдістерін салыстыру.

Орташа өлшенген құн әдісі ФИФО әдісі ЛИФО әдісі

354060:4410=80, 284120х80, 28=330753, 6290х80, 28=23281, 2Босатылған материалдардың құны 330753, 6 теңге.Қалдық құны 23281, 2 теңге.:

354060:4410=80, 28

4120х80, 28=330753, 6

290х80, 28=23281, 2

Босатылған материалдардың құны 330753, 6 теңге.

Қалдық құны 23281, 2 теңге.

210х80=16800350х80=2800500х80, 50=40250240х80, 50=19320470х80=37600530х80=42400600х80=48000810х80, 50=65205410х81=33210Босатылған материалдардың құны330785 теңге.Қалдық құны 23490 теңге.:

210х80=16800

350х80=2800

500х80, 50=40250

240х80, 50=19320

470х80=37600

530х80=42400

600х80=48000

810х80, 50=65205

410х81=33210

Босатылған материалдардың құны

330785 теңге.

Қалдық құны 23490 теңге.

700х81=56700810х80, 50=65205600х80=48000530х80=42400470х80=37600240х80, 50=19320500х80, 50=40250270х80=21600Босатылған материалдардың құны 331075 теңге.Қалдық құны 23200 теңге.:

700х81=56700

810х80, 50=65205

600х80=48000

530х80=42400

470х80=37600

240х80, 50=19320

500х80, 50=40250

270х80=21600

Босатылған материалдардың құны 331075 теңге.

Қалдық құны 23200 теңге.

ЖШС «Плодоконсервный ЮГ» 2002 ж. ТМҚ орташа есептелген құн әдісі

1 - кесте.

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Алма шырыны, 1л: Алма шырыны, 1л
Алма шырыны, 2 л: Алма шырыны, 2 л
Қосалқы бөлшектер: Қосалқы бөлшектер
Бояу: Бояу
Көрсеткіштер: Саны, дана
Алма шырыны, 1л: Бағасы 1 данаға
Алма шырыны, 2 л: Саны, дана
Қосалқы бөлшектер: Бағасы 1 данаға
Бояу: Саны, бірлік
Бағасы, бірлік
Саны, кг
Бағасы, кг
Көрсеткіштер: 1. 01. 2002. қалдық
Алма шырыны, 1л: 210
Алма шырыны, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 190
Бояу: 120
26
95
Көрсеткіштер: 8. 01. келіп түсті
Алма шырыны, 1л:
Алма шырыны, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
Бояу:
14
220, 6
20
100
Көрсеткіштер: 14. 01.
Алма шырыны, 1л: 350
Алма шырыны, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 200
Бояу: 120, 50
Көрсеткіштер: 26. 02
Алма шырыны, 1л: 500
Алма шырыны, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 460
Бояу: 120, 50
8
120
Көрсеткіштер: 7. 04
Алма шырыны, 1л: 240
Алма шырыны, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 330
Бояу: 120, 60
20
235
Көрсеткіштер: 19. 05
Алма шырыны, 1л: 470
Алма шырыны, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 280
Бояу: 120
Көрсеткіштер: 1. 06
Алма шырыны, 1л:
Алма шырыны, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
Бояу:
5
220, 4
15
110
Көрсеткіштер: 29. 07
Алма шырыны, 1л: 530
Алма шырыны, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 440
Бояу: 120, 50
Көрсеткіштер: 24. 08
Алма шырыны, 1л:
Алма шырыны, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
Бояу:
6
140
Көрсеткіштер: 17. 09
Алма шырыны, 1л: 600
Алма шырыны, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 730
Бояу: 120, 50
Көрсеткіштер: 9. 10
Алма шырыны, 1л: 810
Алма шырыны, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 990
Бояу: 120, 70
12
240
Көрсеткіштер: 22. 12
Алма шырыны, 1л: 700
Алма шырыны, 2 л: 81
Қосалқы бөлшектер: 800
Бояу: 121
18
138, 80
Көрсеткіштер: Келіп түскен жиыны
Алма шырыны, 1л: 4200
Алма шырыны, 2 л: х
Қосалқы бөлшектер: 4230
Бояу:
51
х
67
х
Көрсеткіштер: Қалдығымен барлығы
Алма шырыны, 1л: 4410
Алма шырыны, 2 л: х
Қосалқы бөлшектер: 4420
Бояу:
51
х
93
х
Көрсеткіштер: 2002 жылы сатылды
Алма шырыны, 1л: 4120
Алма шырыны, 2 л: х
Қосалқы бөлшектер: 4200
Бояу:
43
х
75
х
Көрсеткіштер: 31. 12. 2002 ж қалдық
Алма шырыны, 1л: 290
Алма шырыны, 2 л: х
Қосалқы бөлшектер: 220
Бояу:
8
х
18
х

1. 2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар.

Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері - номенклатуралық нөмірі беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ - дың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп талады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланылады.

Тауарлы-материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу. Тауарлы-материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, теміржол станциясынан, айлақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан. Жабдықтаушылардың қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы - кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады. Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады. Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі (№1 қосымша) . Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім-шарт жасалады, ондай келісім-шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. Бір қоймаға жататын тауарлы-материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенім хатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі. Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық қорларды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ-ды ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, тауарлы-материалдық қорларды қоймаға өткізу керек, олардың сол қорларды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да. Егер де ТМҚ-ды алу құқығы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі. Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты пайдаланбаған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналында» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенмхаттар есеп беру кезеңінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңінің соңында жойылады.

Тауарлы-материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып табылады:

  • шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ды сатыпалушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы күәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т. б. ;
  • тауарлы-транспорттық накладной;
  • тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады (№2 қосымша) .

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың леспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Қорлар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

Тауарлы-материалдық қорлардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процессінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады. Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімшіде қалады. Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп тускен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия екі дана етіп жасап қол қойып, 1 - ші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар ол сол адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның 2-ші данасы қоймада қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін қолданылады. Ол екі дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

Тауарлы-материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық қорлар цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:

Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі туралы ақпарат
Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Өндірістік қорлар ретінде есептелетін материалдар
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдарды шығыстау құжаттары
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz